Мектептерде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу. Мектептерде еңбекке оқытудың гигиеналық негіздері


● Тақырыбы: Мектептерде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу. Мектептерде еңбекке оқытудың гигиеналық негіздері.
● Мақсаты: студенттерде балалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулудың гигиеналық негіздерін жүргізуді қалыптастыру.
● Дәріс жоспары
- Оқу тәрбиелік процестерді гигиеналық нормалаудың негізгі принциптері.
- Еңбек және өндірістік политехникалық оқыту гигиенасы
- Мектептерде еңбекке оқытудың және тәрбиелеудің физиологиялық-гигиеналық негізі
● Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
● Әдебиеттер
- Кучма В. Р. . Гигиена детей и подростков. //Учебник для студентов мед. институтов. -М. Медицна, 2001. -стр. 382.
- "Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков" под. ред. В. Н. Кардашенко, - М: Медицина, 1983.
- А. Г. Швецова. Избранные лекции по гигиене детей и подростков. - Караганда, 1997г. с. 150
- Актуальные вопросы формирования здорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья. МЗ РК, НЦПФЗОЖ, Алматы, 2002, 134 с.
● Бақылау сұрақтары:
- Мектептерде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу дегеніміз не?
- Мектептерде еңбекке оқытудың қандай гигиеналық негіздері бар?
1. Оқу тәрбиелік процестерді гигиеналық нормалаудың негізгі принциптері.
Балаларды оқыту-тәрбиелеу принциптерінің негізінде сипаты, құрамы және ұзақтығы жағынан алуан түрлі болып келетін олардың іс-қимыл әрекеттері алынды. Іс-қимылдар өзінің энергетикалық шығыны дәрежесіне және қимыл құрамының сипатына байланысты ой (энергия шығыны 100 ккал/сағ. ) және дене (энергия шығыны 100 ккал/сағ. Аспайды) іскерлігі болып шартты түрде екіге бөлінеді. Балалардың әліне, мүмкіншіліктеріне сай дене және ой-іскерлігі, нерв жүйесінің, тілдің анализаторлардың қызметі: ынталандырады, және де қалыпты өсіп дамуына мүмкіндік жасайтын органидзімнің энергетикалық процесстерін жылдамдатады. Бірақ та балалардың белсенділігі шексіз уақытқа созылмайды, бұл жағдай организмнің функционалдық шаршауының салдарынан, әсіресе мидың қыртыс клеткарарының қажуына байланысты, физиологиялық шалдығу жағдайымен алмасады.
Шалдығу әрқилы мерзімдегі жұмыстан соң пайда болады. Бұл жағдай қысқа мержімдегі арнаулық демалыстан қалпына келетін, жүктелген органдар функциясы немесе бүкіл организмнің қабілетін уақытша төмендетеді. Егер де арқилы себептердің артық, жүктеме, толық демалмау, сырқаттың салдарынан қалыптағы функция өз қалпына келмесе, онда организмді патологиялық сипаттағы болдыруға әкеп соқтырады. Жалпы жағдайда шалдығу өздік сезім болып табылатын шаршаумен сипатталады, бұл екі жағдай уақыт шеңберінде арқашанда бір мезгілде келмейді. Егер жұмыс көтеріңкі көңіл-күй зеңінде, қызғалықты жағдайда өтсе, балалар өздерінің шаршағанын өлемейді, ал бірақ боъективті тұрғыдан шалдығудың белгілері біліне бастайды. Ал керісінше қызықсыз, бірсарынды жұмыста әлі физиологиялық функцияның қарқыны төмендемегеніне қарамастан, олар тез шаршайды.
Шалдығуды, жергілікті теория тұрғысынан қолдайтындар, оны оқшауланған, организмдегі өзгерістерге қатыссыз және органдарда болатын процесс деп мәлімдейді.
И. П. Сеченов, Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский, И. П. Павловтар шалдығудың себебін орталық нерв жүйесіндегі өзгерістермен байланыстыра отыра дәлелдеп берді.
Орталық нерв жүйесі - оның жоғарғы бөлігі болып табылатын ми қыртысы адамдар мен жоғарғы сатыдағы жануарлардың бар органдарымен жүйелері жұмысын келістіріп, оларды қоршаған ортамен байланыстырады.
Организмнің жауап реакциясы, қоршаған ортадан және организмнің өзінен келіп түсетін сигналдарды біріктіріп, күрделі талдау процестермен өткізу барысында тығыз байланысты. Ми қыртысының клеткаларына жоғарғы сезім талды, ауқымды функционалдық өзгеріс және тез шалдығу тән қасиеттер, Шалдығу жағдайындағы ми қыртысында орын алатын қорғаныс тежегіші, нерв клеткасының функционалдық жағдайы қатерлі шамадан қорғайтын, қорғаныс реакциясы болып табылады, сонымен қоса баланың жұмыс қабілетін көтеретін зең болып есептелінеді.
Міне, сондықтан да балалар мен жасәспірімдердің оқу-еңбек іскерлігін ұйымдатыруға қойылатын басты гигиеналық талап, олардың шалдығуына жол бермеумен шектелмей, оның бастамасынан алшақтатып, организмді қатерлі шалдығудан қорғап, оның қажу процесіне етуіне кедергі жасау.
Балалардың шалдығуының бастамасы мына белгілермен сипатталады:
- Жұмыстың сапасы төмендейді (қателер саны, тапсырманы орындау уақыты ұхарады) ;
- Ішкі тежеу бәсендейді (тиянақсыздық, жиі елеңдеу, ой тұрақтылығының азаюы байқалады) ;
- Физиологиялық функциялардың реттелуі нашарлайды (жүрек соғысы және қимыл тәртібі) ;
- Шаршау сезімінің пайда болуы.
Осы көрсетілген белгілер тұрақсыз, демалғаннан соң тез арада қалпына келіп, ми қыртысы функциясының жұмысын бастапқы қалпына келтіреді.
Бірақ демалу дегенімізді таза қимылсыздық, іссіздік деп түсіну дұрыс емес. И. М. Сеченов өзінің жүргізген тәжірибе жұмыстарына сүйене отырып «Белсенді демалыс» ұғымын кіргізген болатын. Осы ұғым бойынша, шалдыққан органдардың демалысын реттеуші орталық нерв жүйесі арқылы басқа органдар жұмысы зеңінде өткізген тиімді әсер береді. Мұндай демалыстың тиімділігі ми қыртысының басқа беліктерін әсерге алумен және жұмыс істеген бөліктердегі қорғаныс тежеуін тереңдете түсуімен құнды болып табылады. Функциялардың қалыптасуы толық қимылс ыздыққа қарағанда, бұлшық ет жұмысы арқасында тез қалыпқа түседі. Сонымен қоса, организмге келіп түсетін оттегінің мөлшері де үлкен орын алады, себебі ми қыртысы клеткаларна арқашанда оттегі қажеттілігінде болады.
Сондықтан да демалуды таза ауада немесе жақсы желдетілген бөлмеде белсенді қимыл режимінде өткізген дұрыс. Организімнің толық демалуы ұйқы уақытында жүрдеі - Ұйқы ми қыртысының шадыққан бөлімдерінде пайда болып, қыртыстың басқа бөлімдеріне және қыртыс астына тарайтын-терең ішкі тежелу процессі.
Осы кезеңде ми қыртысы сыртқы ортадан келіп түскен тітіркенддіргіштерді қабылдамайды, осының салдарынан, жаңа тежеу процессі артпайды, ал бастапқы тежеуі біртіндеп баяулайды, орталық нерв жүйесінің функционалдық жұмыс қабілеті қалпына келеді.
3 кесте.
Әр жастағы балалардың ұйықтау уақытының ұзақтығы .
Баланың жасы кіші болған сайын, сыртқы әсерінен олардың орталық нерв жүйесі тез шаршайды, сол себептен ұйқы қажеттілігі арта түседі. (3 кесте)
Қажудың алғашқы белгілері баланың мінез - құлқының өзгеруімен білінеді. Олардың қаблеттілігі төмендейді, тәбеті жойылады, кейбір функционалдық тұрғыдан нервтік - психикалық өзгерістер байқалады.
Қажу кезінде білінетін басты белгілер мыналар:
- Ой мен дене жұмысы қаблеттілігінің ұзақ мезгілге күрт төмендеуі.
- Нервтік- психикалық ауытқу (ұйқының бұзылуы, қорқыныш сезімнің пайда болуы) .
- Организмнің вегетативтік қызметінің реттелуінің тұрақты өзгеруі (аритмия, гипертониялық және гипотониялық тұрғыдағы вегетативтік - тамырлық дистония) .
- Организмнің қолайсыз факторлар мен патогендік микробтарға организмге қарсы тұру дәрежесінің төмендеуі.
Осы аталған өзгерістер қысқа мезгілдегі демалыстан кейін жойылмайды, тіпті ұзақ түнгі ұйқының өзінен соң қалпына келмейді. Бұл жағдайда дәрі-дермектерді және физиотерапевтік амалдарды қолдану арқылы кешенді түрде емдеу қажет. Г. Н. Сперанский, балалар мен жасәспірімдерде болатын патологиялық жағдайлардың басты себебі- «қажу» деп саналады.
Адам организміне физиологиялық процестердің ырғақтық қасиеті тән. Мысалы: сергектік пен ұйқы, жүрек бұлшығының ауыспалы түрдегі жиырылу және босау ырғағы т. б. тамақтану, ұйқы, жұмысқа кірісу мезгілдерінде түзілген күрделі шартты рефлекстер-динакалық, стереотип сипатында қалыптасады. Оның түзілуі уақытты үнемдеп, дұрыс қолдануды, жұмысқа тез кірісіп, нәтижелі орындауды және парасатты тиімді деп алуды қамтамасыз етеді.
Стереотип - дегеніміз организм мен орта арасында түзілген тепе-теңдік шартты және шартсыз рефлекстердің уақыт бойынша арнаулы тәртіппен орындалуы қалыптасқан рефлекстердің арқасында, балалардың организмі әр сәтте болатын іске дайыдн болып, сәтті қабылдайды, уақытты іскерлікттің барлық түрлеріне, демалысына белу-күн тәртібі деп аталады, бұл балалардың - өмірдіндегі міндетті заң болып табылады.
Еңбек және өндірістік политехникалық оқыту гигиенасы
Біздің мектептер- жалпы білімдік, еңбектік және көп салалы политехникалық мектеп. Бұл дегеніміз мектеп, балаларға тек жалпы білімдік негіздерін беріп қоймай, оларды еңбек сүйгіштікке және әр қилы еңбек іскерлігіне дайындайды. Политехникалық білім беру тек физикалық-техникалық ғылымның негізін зерделеумен шектелмей, оқушыларға еңбектің, өздік қызметтің негіздерін, темір және ағаш өңдеу өнерін үйретуді көздейді. Қазіргі мектеп бағдарламасы бойынша 1-4 сынып оқушылары, әр қилы материалдармен жұмыс істеудің қарапайым түрлерін меңгеруі қажет: ауылшарушылық дақылдарын өсіру, оқулық-көрнекі құралдарды өңдеу, ойыншықтар, басқа да пайдалы заттарды жасау т. б.
Орта мектептердің 5-9 сынып оқушылары толық негіздегі жалпы еңбекті үйренеді және ағаш, металл өңдейді меңгеріп, электротехника, металқұрастыру, автоіс, киім пішу, тігу, ас дайындау негіздерімен танысады.
Ал 10-11 сыныптарда еңбекке оқытудың ұйымдастырылуы нақты аймаққа байланысты, қажетті мамандықтар сұранысын ескере отыра жүргізіледі. Және де оқу бағдарламасын жақсы меңгерген оқушыларға, сәйкес мамандық квалификациясы беріледі.
Қоғамдық-пайдалы өнімді еңбекпен 1 сыныптан басқа, оқу жылы бойы оқушылардың барлығы қамтылады. Ол оқушыларға өздік қызмет көрсетуге байланысты, шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды береді. Жазғы демалыс уақыттарындағы қоағмдыөқ пайдалы еңбек денсаулықты білектендірудің бірден -бір әдісі болып табылады.
Жасөсіпірімдерге кәсіптік білім беру- кәсіптік-техникалық білім жүйесі оқу орындарында және арнаулы жоғарғы және орта білім ордаларында жүргізіледі.
Орта КТМА -жылдық және орта білім беру базаларында орта білімді жоғары білікті жұмыскерлерді дайындайды. Ағарту, денсаулық сақтау, мәдени қызмет көрсету сферасының-мамандары арнаулы орта оқу орындарында дайындалады (техникумдар және училищелер) .
Мамандық дайындаудың жоғарғы сатысы, жоғарғы оқу орындары болып саналады (университеттер, институттар) .
Қазіргі кезде басшалық және қызмет көрсету сфералары бойынша мамандық білімдер, жаңа типті мектептер негізінде беріледі (гимназиялар, лицейлер, колледждер т. б. ) .
Мектептерде еңбекке оқытудың және тәрбиелеудің физиологиялық-гигиеналық негізі
1-4 сынып оқышыларына арналған еңбек сабағы аптасына 2- мәрте 45 минуттан жүргізіледі. 1-2 сынып оқушыларының тәжірибелік жұмыстарының жалпы ұзақтығы 20-25 минут аспауы қажет, ал 3-4 сынып оқушыларына 30-35 мин.
Еңбек сабағының негізіне, дене еңбегін біртіндеп ауырлатып, жұмыс операцияларын біртіндеп күрделендіру принципі қойылған. Өңдеуге оңай (қағаз, дәке, картон, ермексаз, сым) материалдармен жұмыс істеу қарапайым операциялары, төменгі сынып оқушыларының саусақ икемділіктерін дамытуға және алақанның ұсақ боршаларын біліктендіруге арналған (кесу, желімдеу, ермексазбен жұмыс жасау т. б. ) . Бұл еңбектің негізгі мақсаты, осы жастағы балаларға қиындықпен меңгерілетін жазк дағдысын үйрету.
Сонымен қоса балаларға таза ауада болудың сауықтандырушы маңызын ескеріп мектеп учаскесінде өсімдіктерді өсіру, күту жұмыстары қарастырылған.
5-7 сыныптарда еңбек сабақтары мектеп шеберханаларында жұпталған екі сабақ түрінде аптасына 1-мәрте өткізіледі. Бұл сабақтарда балалар ағаш өңдеу, металл өңдеу т. б. дағдыларды меңгереді. Сабақ құрылымында 1) теориялық бөлім, 2) тәжірибелік жұмыс, жұмыс уақытындағы ұйымдастырылған үзілістер және 3) қорытынды бөлім ажыратылады. Осы жастағы оқушыларға арналған тәжірибелік жұмсытардың сипатын оқыту түрлерін негіздей отырсақ динамикалық тұрғыдағы жұмыстар қолайлы орын алады, себебі статикалық жұмыстарға қарағанда, бұл жұмыстар аз жалықтырып шаршатады. Осы әртүрлі ағаш өңдей жұмыстары аз жалықтырады. Ал слесарлық жұмыстар бір сарынды және статикалық ауырлығы басым болғандықтан тез қалжыратады. Станоктарда жұмыс істеуде, статикалық жүктеме жоғарғы шегіне жетеді, сондықтан да бұл жұмыстар тек жоғарғы сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасына кіреді.
Темір және ағаш шеберханаларында жүргізілетін еңбек сабақтарына қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:
- - оқушыларға берілетін тәжірибелік тапсырмалар 3-5 операциядан кем болмауы қажет;
- - операциялар аралығында қосымша түсіндірме беру үшін, құралдарды ауыстыру және ұйымдастыру сәттері үшін бір жағынан жұмыс уақытындағы демалу болып табылады (1-3 мин) үзілістер жасалады;
- - жұпталған сабақтарда физкуль үзіліс минутын әрбір сабақтың ортасында өткізбей, динамикалық стереотипті бұзбау үшін 1-ші сабақтың соңында немесе 2-ші сабақтың басында өткізген қолайлы.
- - жұпталған еңбек сабағында сыртқа шығуына және бөлмені желдетуіне міндетті түрде 10мин. үзіліс ұйымдастырылуы қажет;
- - оқытушының түсіндіруі, сабақ уақытында 25%-нен артық болмау керек;
- - сабақ тығыздығы (сабақ ұзықтығындағы жұмыс операциясының проценттік үлесі) 60-85% шегінде болуы қажет. Сабақ тығыздығы 60% -тен аз болған жағдайда оқушылардың жұмысқа деген ынтасы азайып, жиі алаңдап жұмыс стеореотипі қалыптаспайды.
- - сабақтың оңтайлы тығыздығын қамтамасыз ету үшін, жұмыс орнын ұйымдастыру уақытын, бөлмені тазалау және т. б. сәттерді төменгі шегіне дейін азайту қажет;
- - денсаулық жағдайында ауытқулары бар оқушыларға ауру органдарына немесе функционалдық жүйелеріне ауыртпалық түсірмейтіндей етіп жеке тапсырмалар берілуі керек. Қыз балаларды еңбекке баулу, пішу, тігу, тағам дайындау дағдыларын үйрету мақсатында 5 сыныптан бастап жүргізіледі. Жалпы алғанда маталарды өңдеу, кулинарлық жұмыстар-жеңіл жұмыстар қатарына жатады, бірақта бұл жұмыстарда да шалдығуға жеткізетін арнаулы сәттер кездеседі. Мысалы: маталарды өңдеу барысында ауырлық көбіне иық бұлшық еттеріне түсіп, бірсарынды операцияларды орындаумен жүреді. Сондықтан да, бұлшық еттердің статикалық жүктемесі азаймай одан сайын арта түседі. Ал маталарды машинада өңдеу жоғарғы дәлдікпен, қимыл координациясының үйлесімділігін талап етеді.
Киімдерді пішу, материалдарды қию т. б. оқушыларға қиындық туғызады. Сондықтан да осы операцияларға гигиеналық талап қойылып, нормаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz