Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар

1. Жоспарлаудың басты қағидалары

2. Мектептің жұмыс жоспарын құрастыру алгоритмі және құрылымы.

3. Жаңа оқу жылына мектептің мақсаты мен міндеттері

4. Жаңа оқу жылына арналған мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудағы іс-шаралар.

5. Қорытынды нәтижеге жету үшін жағдай жасау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар

Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспары - жергілікті мектептің маңызды нормативтік актісі болып табылады.

Жергілікті мектептің нормативтік актісі - ҚР «Білім туралы Заңына», мемлекеттік стандартқа және қазіргі уақыттағы педагогикалық мененджмент, педагогика, дидактика, психология және басқа да ғылымдардың жетістігіне сай келуі керек. Жоспарлау - басқарудың маңызды функциясы болып табылады.

Жоспарлау - болашақта қандай нәтиже алу көзделеді (мақсат қойылады), ол үшін қандай іс- әрекет, қай жүйелілік пен мерзімде орындалуы керек, яғни, істің қашан және қалай істелуі керектігінің орындалуы нәтижесінде анықталатын қызмет.

Мекеменің даму жоспары - бес жылға жоспарланады және мекеменің ұйымдастыру моделінің даму бағдарламасы ретінде, яғни ұйымның мақсатына жету үшін бір құрылымды құру және оның әр бөлшегінің міндеттері мен рөлін анықтау.

Ағымдағы жоспар бір айға немесе басқа кезеңге құрылады.

Ол мекеменің жылдық жоспарының логикалық жалғасы мен нақтылығы болып табылады. Оны келесі кестедегідей пайдаланған жөн:

Айы

Күні
Іс-шаралар
Бөлімше
Жауапты
Керекті ресурстар
Орындалуын бақылау
Күні:
Іс-шаралар:
Бөлімше:
Жауапты:
Керекті ресурстар:
Орындалуын бақылау:

Жоспар - басқарудың төмендегідей негізгі құралы:

А) оқушылар ұжымы мен педагогтардың қызметі;

Б) мектептегі барлық объектілердің қызметі;

В) жоспарланған нәтижеге жетудегі жағдайдың жасалуы.

Жоспарланған жоспар соңғы қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында нақты мүмкіндіктері мен қажетті қаржы қоры мен қамтамасыз етіліп, ғылыми негізге негізделген болуы керек.

Мекеменің 1 жылғы жоспарының түрлі нұсқаларын жалпылаған уақытта, біз сол ұсынылған нұсқалардың ішінен мүмкін варианттарымен жылдық жоспардың құрастыру бөлімдерін қарастырамыз.

Жылдық жоспар 3-5 жылға есептелген болашақтағы даму жоспарымен қатар (апта, ай, тоқсанға) есептелген шұғыл жоспарды тығыз байланыстыратын басты бөлім болып саналып, әлеуметтік объектілер және мектептің қоғамдық ұжымдарында педагогикалық үрдіске қатысатын қатысушылардың қызметін үйлестіріп, біртұтас білім кеңістігін құруға мүмкіндік береді.

Жылдық жоспарды әзірлеу ұжымдағы барлық мұғалімдердің, оқушылардың және ата - аналардың ортақ ісі болып табылады. Жоспарды әзірлеу барысында басқарудағы демократиялық пен ізгілік қағидалары және мектептің қызметі есепке алынады.

Жоспарлаудың басты қағидалары

1. Ізгілік.

2. Демократия - мектепішілік жоспарлауды әзірлегенде білім үрдісіндегі барлық субъектілердің белсенді ат салысуы.

3. Ғылымилығы, аналитикалық сараптамалығы.

4. Жүйелілік тәсілі ( мектептің барлық жоспарларының тепе - теңдігі,

болашақтағы даму және шұғыл жоспарларының бір - бірімен

өзара сәйкес келуі)

5. Болашақтағы даму мен соңғы нәтижеге жетудегі бағыттылық.

6. Сабақтастығы. (болашақтағы даму жоспарынан сабақ жоспарына дейінгі

барлық жоспарлардың -«тығыз байланыстылығы » ) .

7. Ырғақтылығы ( бір жылға жоспарланған іс-шараларды ұжымдағы

әріптестер арасында )

8. Нақтылық.

9. Шынайлылық (қол жеткізушілік, қызметке жеткшілік) .

10. Динамикалық (сыртқы және ішкі талаптардың әсерінен өзгеруі) .

11. Басты бөлім қағидасы (оқу жылына басты міндеттерді таңдау) .

Жоспарды әзірлеуде үш шартты орындау қажет:

1. Жоспарлаудың басында мектептің деңгейін есепке алу.

2. Мектеп нақты жоспарлау тапсырмаларын, жоспарлау кезеңінің

соңына дейін шешу керек.

3. Қызметтің тиімді тәсілдері мен жолдарын ірікетеу.

Мектептің жұмыс жоспарын құрастыру алгоритмі.

Мектептің жылдық жоспарын дайындау үрдісі ағымдағы оқу жылы бойында жүзеге асырылып, 8 негізгі кезеңнен тұрады:

1 . Мектеп жұмысын жоспарлауға дайындық:

  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
  • Басқа мектептердегі жоспарлау тәжірибелелерін зерделеу,
  • Жоспардың құрылымын әзірлеу (нақтылау)

Мерзімі: қаңтар-наурыз

2 . Жоспар жобасының бөлімдерін даярлауда шығармашыл (жұмыс) тобын

кешендеу. Топтарды директордың орынбасарлары басқарады.

Топтың саны мектептегі жетекші және педагог қызметкерлерінің санына

байланысты.

Мерзімі : наурыз

3 . Шығармашылық топтарға нұсқау беру.

  • Жұмыс қорытындысы мен негізгі бағыттарын сараптау үшін жадынамалар әзірлеу;
  • Барлық шығармашыл топтардың мүшелерімен әдістемелік -нұсқау кеңесін өткізу.

Мерзімі: көктемгі демалыс.

4. Шығармашылқ топтардағы жұмысты жоспарлау анализі.

  • Мектеп қызметінің негізігі бағыттары мен оның алдын ала нәтижелерін сараптау;
  • Жаңа оқу жылындағы қызметтің негізгі міндеттерін анықтау;
  • Жоспардың әр бөлігі бойынша негізгі мақсатты іс-шаралардың тізімдемесін құрастыру.

Мерзімі: 10 мамырға дейін.

5. Директордың қатысуымен болған кеңесте шығармашыл топ ұсынған жобамен жасалған жұмыс жоспарының бөліктерін талқылау:

  • Топ жетекшісінің жобамен жасалған жұмыс жоспарының бөлігін ұсынуы және оны қорғауы;
  • Жоба бойынша одан әрі жұмыс істеуге ұсыныстар беру.

Мерзімі: 20 мамырға дейін.

6. Мектеп жетекшісінің жобадағы жұмыс жоспарын аяқтауы: барлық іс-шараларды мерзіммен, орындаушыларымен үйлестіру, шығармашыл топ ұсынған мәліметтегі жоспардың бөліктерін бір жоспар жобасына біріктіруі.

Мерзімі: 30 мамырға дейін.

7. Педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылына арналған мектеп жобасымен жасалған жұмыс жоспарын талқылау. Жазғы демалысты пен еңбекті ұйымдастыру, оқушыларды әлеуметтендіру, оқу жылының нәтижесін есепке ала отырып, оны қайта өңдеу бойынша ұсыныстарды шығару.

Мерзімі: маусым.

8. Педагогикалық кеңес отырысында жаңа оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспарын талқылау және қабылдау.

Мерзімі: тамыз.

Мектептің жұмыс жоспарының құрылымы.

1. Мектеп туралы қысқаша ақпараттық анықтама

  • Мектептің толық атауы, мекен-жайы, ұйымдастырушылық -құқықтық нысаны, құрылтайшысы.
  • Оқушылар туралы мәлімет. Жалпы саны, білім сатысы, жынысы, ұлты бойынша саны.
  • Білім сатысы мен мектеп бойынша орташа тығыздығы.
  • Білім сатысы мен мектеп бойынша сынып-комплектілері.
  • Педагогиклық кадрлардың білімі, біліктілігі, жынысы, жасы туралы мәліметтер. Бос қызметтік орын. Біріктірілген қызмет.
  • Оқу-материалдық негізі.
  • Ұзартылған күн тобы
  • Ауысымы.
  • Балаларды мектепке жеткізу.
  • Эксперименттік жұмыстардағы шығармашылық- зерттеу жұмыстарына қатысу.
  • Бәсекелестік қабілеті. Аймақтағы / шағын аудандағы/ мектептің беделі.

2. Өткен оқу жылындағы мектеп жұмысын талдау

  • Нақты құрылым мен логикалық біріздлік.
  • Өткен оқы жылымен салыстыру.
  • Бағалаудағы дәлдік пен нақтылық.
  • Қорытынды дәлелдер мен себеп-салдар байланысын анықтау.
  • Сызба, кесте, диаграммаларды қолдану.
  • Ұсыныстардың педагогикалық негізділігі мен дәлдігі - талдауға қойылатын жалпы талаптарболып табылады.

Талдауға алынатын ақпарат көздеріне:

1) Педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік зерттеулердің матераилдары.

2) Диагностика мен мониторинг мәліметтері.

3) Мектепішілік бақылаудың нәтижелері.

4) Статистикалық материалдар.

5) Мектеп құжаттары жатады.

Мектеп жұмысын талдаудағы басты бағыттар:

2. 1. Салауатты өмір салты мен денсаулық деңгейін талдау

Аталған талдау келесі жауаптарды қамтиды:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен оқушылардың денсаулығын нығайту жұмыстары қалай ұйымдастырылды? Бағыттары.
  • Оқушылардың дене күш-қуатының дайындығы мен тұлғасының даму деңгейі қандай? Бағыттары.
  • Дене күш-қуатының көрсеткіштері қандай? Бағыттары.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен тән саулығының жоғарғы даму деңгейіне қалай әсер еттіңіз? :

- денсаулық сақтау, денсаулықты қалыптастыру технологияларын қолдану;

- мектептегі моральдік-психологиялық жай-күй;

- тамақтануды ұйымдастыру;

- дене шынықтыру -сауықтыру жұмыстарының жүйесі,

- демалыс пен еңбек тәртібі;

- балалардың әлеуметтік қорғалуы;

- медициналық қызмет көрсету;

Қорытындылар: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулығын нығайту және сақтауға оң және теріс әсер етуші факторлар? Жаңа оқу жылын жоспарлаудағы қорлар.

2. 2. Тәрбие деңгейін талдау.

  • Мектепте құрылған тәрбие жүйесінің тиімділігі қандай?
  • Тәрбие жұмысының деңгейіне өзін-өзі басқару жүйесінің әсері қандай?
  • Әр түрлі топтағы оқушылардың тәрбие деңгейі қандай ? Бағыттары
  • Мектепте және мектептен тыс жерлерде оқушылардың құқық бұзушылығы мен қылмысқа барып, тәртіп бұзушылығы кездесті ме ?
  • Мектептен шығарып жіберу жағдайлары кездесті ме?
  • Тәрбие жұмысы жүйесінде ұлттық мәдени дәстүрлерді қолдану қалай жүзеге асады ?
  • Қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының жағдайы бойынша қандай нәтиже береді ?
  • Аудандық / қалалық, облыстық спорттық -сауықтыру көркем-эстетикалық және т. б. іс-шаралардағы оқушылардың жетістігі қандай
  • Оқушылардың тәртібі мен сенімділігіне, адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына қосатын сабақтың тәрбиелік үлесі қандай ?
  • Қоғамның, отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктері қалай пайданылады
  • Балаларды тәрбиелеуде мектептер өзіндік қандай жоғары оң нәтижелі дәстүрлерді қолданады ?
  • Оқушылардың өзіндік басқару органдарына педаготің жетекшілік жасау қалай жүзеге асады ?

Қорытындылар: Оқушылардың тәрбие деңгейінің өзгерісінде қандай бетбұрыс бар? Оқушылардың тәрбиесіне қандай факторлар оң әсер етеді ? Жаңа оқу жылында жағымсыз әсер ететін қандай факторларды болдырмау керек ?

2. 3 Негізгі және қосымша білім деңгейін талдау:

  • Мектеп алды, мектептегі, арнаулы орта және жоғарғы білімнің сабақтастығын қамтамасыз етеме ? Қандай нәтиже береді ?
  • Негізгі қосымша білім берудің байланысын қамтамасыз етеме ?
  • Мектепте қандай оқу жоспарлары, білім бағдарламалары қолданылады ? Қандай жаңа оқу пәндері ендірілген және ол қандай нәтиже береді ?
  • Педагогикалық ұжымда қандай жаңа педагогикалық технологиялар меңгеріледі ?
  • Оқу бағдарламалары қалай орындалды ?
  • Сабақ берілу сапасының динамикасы қаншалықты ?
  • Оқушылардың білім, білік, дағдылары мемлекеттік стандартқа сай келеме ?
  • Сабақтан тыс оқу жұмыстары қалай жүзеге асады ?

Нәтижесі қандай ?

  • Оқушылардың үлгірімін арттыру жұмыстарының нәтижесі, Мектептің, мектептің даму сатысының, білім саласының бағыттары бойынша, жеке пәндермен қатар, мұғалімдердің үлгіру динамикасы қандай ? Оқушылардың оқу деңгейі оларды оқыту деңгейіне қаншалықты сай келеді ? Олимпиадаларда, байқауларда оқушылардың қол жеткізген жетістігі қандай ?
  • Алтын және күміс медальдарды оқушылардың қаншасы алды ?

Өсу бағыттары қандай ?

Екінші жылға оқушылардың қаншасы қалды және орта білім аттестатын қаншасы

алмады ? Себептері.

Қорытындылары: Білім кеңістігінде қол жеткізген жетістіктер оқушыларды, ата -аналарды педагогикалық ұжымды қанағаттандырама ? Алға қойылған мақсатқа сайма ?

Алдағы уақытта қандай мәселелерді шешу керек ?

2. 4 Мектеп түлектерінің әлеуметтендіру деңгейін талдау

  • 9 - сынып түлектері орта білімді қалай алады ? Қанша оқушы жұмысқа орналастырылды ? Бағыттары қандай ?
  • 11 сынып түлектерінің қаншасы қандай оқу мекемелерінде оқуды жалғастырды ? Оқу мекемелерімен жыл бойындағы қарым - қатынас қандай әсерін тигізді ?
  • Мектеп түлектерінің қаншасы жұмысқа орналастырылды ? Өз - еркі бойынша жұмысты таңдауға қандай факторлар әсерін тигізді ?
  • Мектеп түлектерінің өзіндік таңдаудағы себептері қандай ?
  • Жалпы оқудағы білім мен біліктілікті және еңбекті ғылыми тұрғыдан қалыптастыруды ұйымдастырудың 9 -11 сынып түлектерінің өзіндік таңдауына әсері қандай ?
  • Түлектерді әлеуметтендіруге экономикалық тәрбиенің және еңбекке баулу мен тәрбиенің әсері қандай?
  • Мектеп түлектерінің өзінің азамматтық парызын орындауға дайындығы қандай? Бұған мектептің қоғамдық қызметіндегі оқушылардың белсенділігі қандай?
  • Ата-аналар мен түлектер мектептегі қоғам және отбасындағы өмірге деген дайындық деңгейін қалай бағалайды?
  • 9-11 сыныптардан соң жұмыс істемейтін, оқымайтын оқушылар саны қанша?

Қорытындылар: Түлектерді әлеуметтендіру мәселелерін мектеп

қандай жетістікпен шешуде?

Жаңа оқу жылын жоспарлауға арналған қорлар

2. 5. Міндетті негізгі жалпы білім берудің жүзеге асырылуы.

  • Мектеп жасындағы балалардың барлығы да оқумен қамтылған ба?
  • Мектептен шығарып жіберуге рұқсат етілмей ме?
  • Барлық балаларды оқумен қамту мен санын сақтау жағдайы

(аз қамтылған отбасыларына көмек, мектепке балаларды тасымалдау, науқастарды оқыту, ұзартылған күн тобын ұйымдастыру, оқытудың түрлі нысандарын қолдану, саралап оқыту және . т. б. ) жасалған ба?

  • Мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балаларды мектепке дайындау қалай жүзеге асуда?
  • Балаларды қорғаншылыққа алу жұмысы қалай ұйымдастырылған?
  • Балалар құқығын қорғау жұмыстары қалай ұйымдастырылған?

Қорытындылар: балалардың жалпы білім алуын сәтті жүзеге асыру

үшін мектепке қандай мәселелерді шешу керек?

Жаңа оқу жылының қызметін жоспарлаудағы қорлар.

2. 6. Педагог кадрларымен жұмысты талдау.

  • Педагогикалық кадрлармен атқарылатын жұмыстарда әдістемелік жүйе (ғылыми-әдістемелік) неден тұрады? Біліктілікті арттыру және қайта даярлау жұмыстары мектеп жұмыстарының нәтижесіне қалай әсерін тигізеді?
  • Басшы кадрлары мен педагог кадрларының біліктілік деңгейі қандай?
  • Олардың өзгеру қозғалысы қандай?
  • Кімнің тәжірибесі, қандай тақырып бойынша мектепте, ауданда жалпыланды? Оның қолданылу көлемі қандай?
  • Кадрларды аттестаттау қалай ұйымдастырылған? Білім үрдісі нәтижесінің жақсаруына жоғарыда аталғандардың қандай септігі тиді?
  • Шығармашылық зерттеу жұмыстарына қанша мұғалім қатысады? Олардың бұл жұмысқа қатысуы мектептің қызмет нәтижесіне қандай әсерін тигізеді ?
  • Практикаға педагогикалық ғылым жетістіктерін енгізу қалай ұйымдастырылған ?
  • Ұжымдағы шығармашылық жағдай, мектепішілік мәдениет, педагогикалық ұжымдағы бір мақсаттыларды қалыптастыру жұмысы қалай жүргізілуде ?
  • Мектеп қызметкерлері еңбегінің нәтижелігі мен тиімділігі қалай ынталандырылады?
  • Педагогтарды ( жас мамандарды, баласы бар әйелдерді және т. б. жағдайларда) қорғау қалай жүзеге асырылады?
  • Мектептегі техниканың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қалай ұйымдастырылған?

Қорытындылар: Ұстаздардың еңбек шығармашылығына деген құлшынысын қандай факторлар ынталандырады? Педагогтардың тиімді, шығармашылық еңбектенуіне не кедергі келтіреді?

2. 7. Ата-аналар, қоғам, өнеркәсіптердегі еңбек ұжымдары, демушілермен жұмысты талдау.

  • Мектепті басқару жұмысына қоғамның тартылуы ?
  • Ортаны оқыту қалай жүзеге асады?
  • Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық мәселелелрмен таныстыру қалай ұйымпдастырылған?
  • Мектепте және мөлтек аудандарда оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың және қоғамның бірлескен іс-шараларын өткізу қандай нәтиже береді?
  • Мектеп әлеуметтік-мәдени орталық болып қалыптасты ма?

Қорытындылар: Өзара бірлескен жұмыс нәтижесінде қандай оң өзгерістер өтті ? Осы жұмысты атқару барысында қандай қиындықтар кездеседі ? Қоршаған ортаның жақсаруына өзара бірлескен жұмыстардың қандай нәтижелі мүмкіншілктері бар?

2. 8. Мектеп қызметін қаржымен материалдық-техникалық қамтамысыз етілуін талдау.

  • Мектеп ғимараты мен жайын жабдықтауда және ғимараттың сақталуына қандай жұмыстар атқарылған?
  • Кітапханалар мен оқу кәбинеттерінің толығуы үшін қандай жұмыстар атқарылған?
  • Қандай оқу құралдары сатып алынды?
  • Қандай қаржыландыру көздері пайдаланылды?
  • Оқу -материалдық негізін дамытуда демеушілер, ата-аналар, заңды және жеке тұлғалардың қаржылары пайдаланылады?
  • Санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы нормаларының негіздері қалай сақталуда

Қорытындылар: білім үрдісінің жалпы материалдық-техникалық қамтамысыз етілуінің жалпы бағалану жағдайы ? Мектептің нормативтік жағынан қамтамасыз етілуі үшін қандай басты қадамдарға баруы керек.

2. 9. Мектепішілік басқарудың мектептің жұмыс нәтижесіне әсер етуін талдау.

  • Өткен оқу жылына белгіленген мақсат пен міндеттердің орындалу деңгейі қандай?
  • Жекелеген міндеттердің орындалмау себептері қандай? Мақсатқа жетуге әсер еткен оң және теріс факторлар?
  • Мектепте толық басқарудың ақпараттық -аналитикалық қамтамасыз ету жүйесі құрылған ба? Егер ол құрылған болса, шұғыл және стратегиялық басқаруда маңызы қандай?
  • Білім үрдісіне қатысушыларды ынталандыру жүйесі құрылған ба?
  • Оңтайланған соңғы нәтижеге жетуде ол қандай рөл атқарады?
  • Мониторинг пен диагностика қалай жүзеге асырылады?
  • Мектептің жылдық жоспары мектепішілік жоспар жүйесінің ең маңызды элементі болып табыла ма?
  • Мектептегі жоспарлау жүйесі қандай?
  • Әкімшілік және басқару органы ұжымы жұмысына сәйкес ұйымдастырушылық-педагогикалық қызмет жүйесі құрылды ма?
  • Мектеп кеңесі, қорғаншылық кеңесі, ата-аналар комитеті мен басқа да басқару органдары қаншалықты тиімді жұмыс атқарады?
  • Мектеп ішілік бақылау жұмысының тиімділігі қандай?
  • Қандай кешенді және тақырыптық тексерулер ең жақсы нәтижелерді көрсетті?

Қорытындылар: Мектепішілік басқару жүйесі жоспарланған нәтижеге жеткізуді қамтамасыз етті ме?

Қандай шешілмеген мәселелер қалды?

3. Жаңа оқу жылына мектептің мақсаты мен міндеттері

Жаңа оқу жылына арналған мектептің мақсаты жұмыстары:

1. Мектеп Жарғысында, даму бағдарламасында, болашақтағы даму жоспарында белгіленген жұмыстардың болашақ (ұзақ мерзімді) мақсаттарынан;

2. Осы не басқа да мәселелерді шешу деңгейіндегі мектеп жұмысының жай-күйін талдау.

3. (мемлекет, қоғам, ата-аналар, оқушылар мен т. б. ) әлеуметтік тапсырыс талаптары.

4. Ғылыми ұсыныстар.

5. Мектептің шынай мүмкіншілктері ( кадр мәселесі, материалдық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру және нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі және т. б. ) Олар 2-3 -ден аспау керек. Бұл мақсаттарға жету үшін білім мекемелеріндегі барлық педагогикалық кадрлар соның ішінде педагогтар және білім үрдісін жетілдіріп отыратын әр түрлі қызмет орындары жұмыс істеу керек.

Мектеп жұмысы мақсаттарының шамамен алынған тұжырымдамасы:

-қоршаған ортада өзін шығармашылық жағынан қайта құруды анықтап,

өзін-өзі дамытуға дайын тұлғаны қалыптастыру;

- әрбір оқушының өзінің қажеттіліг мен мүмкіндігіне сай білім алу

құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

- мектеп оқушылыраның тұрақты таным қызығушылықтарын

қалыптастыру;

- әр оқушыны білім үрдісі жұмысына ұйымдастырушы және сабаққа

қатысушы есебінде енгізу;

- әр оқушының өзіндік жұмысының жетістігін қамтамасыз ететін,

технологияларды меңгеру есебінен оқушылардың оқу сапасын арттыру;

- оқушының тұлғасын әлеуметтендіру арқылы, оны жаңа экономикалық

жағдайға бейімдеу, өзін - өзі болашақ маман ретінде танып білуіне

мектептің тигізер әсерін күшейту

4. Жаңа оқу жылына арналған мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудағы іс-шаралар.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық

сақтау қызметі

Міндеттері:

  1. Оқушылардың мектепте болу кезеңі аралығында денсаулықтарының төмендемеуін қадағалау.
  2. Мүмкін денсаулық деңгейіне жету.
  3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Міндеттерді шешудегі негізгі іс-шаралар:

  1. медициналық қызмет сапасын арттыру; жыл сайынғы медициналық тексерістен өту; лонгютивті тексеріс, диспансерлік емдеу,
  2. оқушылардың дене дайындығы мен тұлғалық жетілу деңгейін анықтау;
  3. тәрбие мен оқытуда, басқаруда денсаулық сақтау және денсаулықты қалыптастыру технологияларын қолдану;
  4. диагностикалық зерттеу; үй тапсырмасының мөлшері; мектеп оқушыларының күн тәртібіндегі ден саулығы, оқу жүктемесінің нормалануы мен т. б.
  5. гигиеналық-санитарлық тәртіптің қамтамсыз етіліп, насихатталуы;
  6. денсаулық сақтау іс-шараларының жүйесі; дене мәдениетімен айналысатын топтарды комплектілеу, спорттық секциялар, денсаулық күні және т. б.
  7. рационалды тамақтану жүйесі: қамтылуы, витамин үстелі, дәрігер ұсынысы бойынша диеталық тамақтану, сапасын төмендетпей, тамақтың арзандатылуы;
  8. күн, апта, жыл бойы еңбек пен демалысты рационалды ұйымдастыру;
  9. ӨҚН жүйесі, жол тәртібі ережесін оқу, жарақаттың алдын алу, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері;

10) спирттік ішімдік, нашақорлық және психотропиялық заттарды,

темекі шегудің алдын алу;

11) жайлы психологиялық ортаны құру;

12) білім үрдісіне қатысушыларды әлеуметтік қорғау;

Педагогикалық ұжымның тәрбие жұмысының жүйесін құрастыруы мен оқушылардың тәрбиесін қамтамасыз етуі

Міндеттері:

  1. мектептегі тәрбие жұмысының жүйесін құру;
  2. оқушылардың ұтымды тәрбие деңгейіне қол жеткізу;
  3. оқушы тұлғасының жас, қызығушылық пен ой-өрісін есепке ала отырып, үйлесімді дамыту; әр оқушының табиғи қабілеттерін анықтау және ашу.

Тапсырмаларды шешу бойынша негізгі іс-шаралар:

  1. Құқықтық және адамгершілік тәрбиесі.
  2. Азаматтық және патриоттық тәрбие.
  3. Эстетикалық және экологиялық тәрбие.
  4. Мәдени-ағарту жұмысы.
  5. Ұлттық-мәдени дәстүрлерді дамыту.
  6. Экскурсиялық-туристік жұмыс.
  7. Жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу.
  8. «Қатерлі топ » балаларымен жұмыс.
  9. Оқушылардың өзіндік басқару органының қызметіне педагогикалық көмек
  10. Мектеп дәстүрлері. Жалпы мектептік мерекелер. Ұжымдық, шығармашылық істер
  11. Қосымша білім және мәдениет мекемелерімен мектептің өзара іс әрекеті. Педагогикалық консилиум жұмысы.
  12. Жазғы еңбек пен демалысты ұйымдастыру.
  13. Мектеп клубтары мен бірлестіктердің жұмысы.
  14. Мектеп пен мөлтек аудандарда тәрбие қызметінің жүйесін құрастыру.
  15. Оқушылардың тәрбие мәселесіндегі психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулер, олардың тәрбиелену деңгейін анықтау, оқушылардың құндылығы мен қызығушылығын анықтау, тәрбие деңгейін және т. б. бағалау.

Негізігі және қосымша білім беруді қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  1. әр оқушының мүмкіншілігіне, қабілетіне, қызығушылығына сай оқыту жүйесін құрастыру;
  2. қосымша және негізгі білімнің оңтайланған деңгейіне жету;

Тапсырмаларды шешу бойынша негізгі іс-шаралар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Жалпы орта білім беретін мектептердегі басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz