МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектептің жылдық жұмысын жоспарлау

(Авторлық жоба)

МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ

Тоқмұханбетов Қуаныш

Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы №142 орта мектептің директоры

Жоба

Кiрiспе

Қоғам дамуы мен әлемдiк педагогикадағы парадигмалардың өзгеруi мектеп
өмiрiне де елеулi өзгерiстер енгiзуде. Өйткенi, мектеп қоғам өмiрiнiң
айнасы бола отырып, қоғамдағы құбылыстарға тiкелей араласады және олардың
маңыздыларын өз өмiрiне қабылдайды. Соның дәлелi ретiнде қазiргi мектептегi
инновациялық үрдiстердi айтуға болады.

Мектеп жұмысы және оны оңтайлы жоспарлау

Менеджментте “басқару – басқаларды табысқа жеткiзу” деген сөз бар. Ал
табыс деген алға қойған мақсатқа жету деген сөз. Өз кезегiнде мақсаттың
келешекте қол жеткiзiлетiн, алдын ала жоспарланған күтiлетiн нәтиже екенi
белгiлi. Ендеше өз қызметiнде менеджер мақсат қою, мақсатты жүзеге асыру
және мақсатқа бағытталу және мақсатты бағалау сияқты үрдiстермен тығыз
байланыста жұмыс iстейдi.

Екiншi жағынан алғанда, жоспарлау деген мақсатқа жету жолдарын
зерттеу мен анықтау болса, ұйымдастыру деген адамдардың мақсатқа жету
бағытындағы жұмыстарын байланыстыру, басқару (мотивация) деген адамдардың
мақсатқа ұмтылысын ынталандыру, ал бақылау деген адамдардың мақсатқа қарай
қозғалысының дұрыстығын тексеру деген мағынаны бiлдiредi.

Жалпы жоспарлау қағидалары:

➢ Мақсатты бағыттылық – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру;

➢ Ғылымилық – жоспарлауда ғылыми негізге сүйену;

➢ Жүйелілік - өзара байланысты бөліктерге жіктеу;

➢ Кешенділік – негізгі мәселелерді толық қамту;

➢ Жариялылық – іс-шаралардың қажеттілігін көрсету;

➢ Жетекші буын – басым бағыттарды айқындау;

➢ Нақтылық – жүзеге асырылатын әрекеттерді жасау;

➢ Перспективалық – келешектегі мүмкіндіктерді ескеру;

➢ Ұжымдық жоспарлау – шешімдi бірлесе қабылдау.

Өткен оқу жылын талдау

Тiзбеден көрiнiп тұрғандай, жаңа оқу жылына алынған мақсат-мiндеттер
нақты емес, ең бастысы өткен оқу жылына жасалған талдаумен
байланыстырылмаған.

Ал талдау жұмыстары атқарылған iс-әрекеттерге жалпы сипаттама
жасаудан аспаған, яғни көпшiлiгiнде үрдiске талдау бар да, нәтижеге талдау
жоқ. Жақсы жасалған талдаудың басты белгiсi себеп-салдарлық байланыстарды
ашу болып табылады. Алайда, жоспарлардың кейбiрiнде жiберiлген негiзгi
кемшiлiктер көрсетiлгенiмен, олардың себептерi айқындалмаған. Жалпы
алғанда, талдау жұмысының мәнiн түсiнбегендiктен, оның мазмұны ашылмаған.
Бұл талдау жұмысына қойылатын талаптар ескерiлмегендiктен, талдау жұмысының
негiзгi бағыттары толық қамтылмаған деген сөз.

Талдау қызметiне қойылатын талаптар

Талдау жүйесiнiң нақтылығы талдау мақсаттарының айқындығына, талдау
мазмұнының толықтығына, талдау әдiстерiнiң тиiмдiлiгiне, талдау
құралдарының маңыздылығына қарай анықталады.

Баяндаудың логикалық бiрiздiлiгi жасалған талдаудың тиiстi құрылымға сәйкес
ретiмен берiлуiне байланысты.

Деректердiң айқындығы мен сенiмдiлiгi келтiрiлген мәлiметтердiң қаншалықты
мәндi де, маңызды болуы мен қалай алынғанына тәуелдi.

Бағалаудың объективтiлiгi мен дәлдiгi.

Қорытындылардың дәлелдiлiгi .

Себеп-салдарлық байланыстарды тағайындау.

Алдағы оқу жылының мiндеттерiн айқындау

Басшылардың сезе бiлу мен көре бiлу қасиеттерiн нақты көрсететiн
талдау мен болжау қашан да қатар жүретiн басқару функциялары екенi белгiлi.
Солай бола тұрса да, жоспарлардың басым көпшiлiгiнде болашаққа болжау
жасалмаған.

Қазiр көптеген мекемелерде, соның iшiнде мектептер де бар,
стратегиялық жоспарлау жиi қолданылуда. Ал мектептiң жылдық жоспары сол
стратегияны сатылап жүзеге асырудың бiр кезеңi ретiнде, яғни тактикалық
жоспар ретiнде пайдаланылуда. Қазiр мектеп жұмысын жоспарлауда 3-5 жылдық
мақсатты бағдарламалар жиi қолданылуда.

Мектептiң жылдық жұмысын жоспарлаудың негiзгi кезеңдерi

Жоспарлаудың аз уақыт iшiнде және жыл бойы жоспарлау сияқты түрлері
бар екенін ескере отырып, алдымен жоспарлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар
Мектепішілік бақылау жүйесі
Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
Мектеп директорының қызметтік міндеттері
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Жоғары сыныптармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Жоспарлаудың бiрiншi кезеңдері
Пәндер