Мемлекет. Мемлекет функциясы және белгілері



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет

1. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету
салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын
ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік
деңгейіне дейін "өсуі" керек. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық
қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып,
ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы
теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс — бұрыс деуге болмайды.
Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі,
иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл
теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан
азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін
біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы
бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы — монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер,
Михайловский т.б.).
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. I V -
III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері:
Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория — адам
қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен
мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі — адамның басымы сияқты қоғамды
басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды
деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория - XVII — ХVII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері:
Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Радищев т.б.
Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық,
тендік, еңбек жасау т.б.)- Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре
алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында
кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті,
тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың
мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И.
Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович,
К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен
шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне
бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері
бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми
тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік теория. Бұл теория
мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің
нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
Кемшілігі — мемлекет пен құқықгы тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы
теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі)
және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер

2. Мемлекет функциясы және белгілері
Мемлекет функциялары дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы болып
бөлінеді. Ішкі функцияларға арналған ел көлемінде мемлекет құрметінің
басты бағыттары. Сыртқы функциялар шешуінің сыртқы саяси қызметтерінде
және оның басқа елдермен қарым-қатынастарға көрініс табады.
Мемлекеттің төмендегідей ішкі функцияларын атап өтуге болады.
Экономикалық реттеу, әлеуметтік қорғау, құқық тәртібін адам және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қоршауды қамтамасыз ету
функциялары экономикалық және мәдени функциялар. Өткен тақырыптарда
мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын, типологиясын, нысанын, әкімшілік-
аймақтар құрылысын, саяси, әкімшілік басқаруын жан-жақты қарастырып өттік.
Бұның бәрі мемлекеттің статистикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық
процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық,
әлеуметтік міндетгерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар
аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы
мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.
Функция — заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсатгарды, міндеттерді орындау кызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция
мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады.
Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бүрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас.
Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықгырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, занды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар,
техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік —
билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топка бөлінеді: категория
а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б.
Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б бірінші топтағы
лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория
в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқа-рудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің кебінде функция деген занды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып,
білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз - функциянын өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны
мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау
дұрысқа жатпайды. Себебі, бүл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың
мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсіддері де түгелімен басқа. Дамыған
елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді.Өйткені
олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады.
Біздіңше, белген дұрыс, функцияның басым көшшлігінің шекарасы белгілі.
3. Конституциялық құрылыс деп мемлекеттің құқығы бағынуын
қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын
мемлекетті ұйымдастыру әдісі ұғынылады. Конституцияға Қазақстан
Республикасы конституциялық құрылысына негіз қалаған қағидалар
бекітілген, бұқаралық билік, өмірдің барынша шақырды мәслелерін
демократиялық жолмен шешу, біртұтастық мемлекет егемендік, биліктерді
бөлу қағидаты, құқықтық үстемдігі. Конституцияның 1-бабында Қазақстан
Республикасының демократиялық мемлекеттік деп белгіленген. Бұл ҚР
Конституциясында мемлекеттік биліктің бірде-бір бастауы ретінде халықтың
айқындалғанын білдіреді. Халықтың билік республикалық референдум және
еркін сөйлеу жолымен, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға беру жолымен жүргізіледі. РҚ Конституциялық
құрылыстың 1 негізі ретінде атап өтіледі. Егемендік –мемлекеттердің
өзіндік басты ережелік жерінің бірі. ҚР Конституциялық құрлыстың
негізгі қалаушы қоғамдардың бірі қоғамдық және саяси тұрақтылық болып
табылады. Саяси жүйенің кез-келген институтының қызметі қоғамда саяси
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. ҚР көп ұлтты, сондықтан да
қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің нысандары мен бағыттарын
айқындалған кезде осы мән-жайды есепке алып, қауымдық келісімді
орнатуға ұмтылу қажет. Кноституция сонымен қатар бағдарламалық құжат
болуына белгі, құқықтық мемлекет құру барынша созылмалы процесс болып
есептейді. Әлеуметтік мемлекет деп басты міндеттерінің бірі әлеуметтік
теңдікке, жалпы ортақ ынтымақ және өзара жауапкершілікке негізделген
қоғамдық процесске қоя жеткізу болып табылытын мемлекет ұғымдары.
Бұл-саясатты адамның салуатты өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекет. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға
алмайды деп жариялаңды. Барлық ұлттардың азаматтары енді біртұтас Қазақ-
стан халқы болып табылады. Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркіне
негізделеді. Заң, барлық азаматтардың ұлтына, шыққан тегіне, қызмет түріне,
тұрғылықты мекеніне қарамастан, тең құқықтар мен бостандықтарға ие
болатынын жариялады. Заңда Қазақстан мемлекетінің құрылысы туралы айтылды.
Мемлекеттік өкімет билігінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөліну принципі тұңғыш рет танылды. 1993 жылы 28-ақпанда
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің
тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін
нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді құқықтары мен
бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтын еркін білдіретін мемлекеттік жаңа
органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. Сонымен бірге
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы жаңа мемлекетте пайда
болған проблемаларды білдіре алмады. Ондайлар қатарына мемлекеттік,
экономикалық өмірдің, адам құқығы мен бостандықтарының мәселелері т.б.
жататын еді. Басқару жүйесі туралы мәселе де тиянақты шешілген жоқ. Жоғарғы
Кеңестің өкілдігіне шек қойылмады. Ал мұның өзі оны Президенттің, Үкіметтің
істеріне араласуына әкеліп соқты. Президеңттің құқықтары шектеулі болып,
соның салдарынан ол реформаны жүзеге асыру жөнінде өз бетінше дербес саясат
жүргізе алмады. Конституция экономикалық реформаны жүргізу жөніндегі т.б.
жұмыстарда кідіріс туғызды. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны
кайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н.Ә. Назарбаевтың
басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға
салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген
ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын
шешу үшін халыққа ұсынылды. Бүкілхалықтық дауыс берудін (референдум)
нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы қабылданды.
4. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы
күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады.
Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған.
Конституцияның басқа құқықтык нормативтік келсімдерден мыңадай
ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас
республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп
аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер
қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға
жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін
жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған
Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың
қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,
жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды. Бұл
мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады:
"Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына
берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің
егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз", -
делінген. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен
қалыптасушы жүйелердің норма-тивті базасы болып табылады.
Өйткені, Қазақстан Республикасында соттардан басқа құқық қорғау
органдары жүйесінен мемлекеттік прокуратура ғана конституциялық органдары
жатады. Оның мәртебесі Конституциялық 83,84-баптарда бөліммен
прокуратура аумағында заңдардың ҚР президенттік жарияларының және әрі
де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданулуын
қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура органдарының жүйесін ҚР-ның
бас прокуроры басқарады. Прокуратура органдары тәуелсіз және тек Р
президентіне ғана есеп береді. Бас Прокуратура бас жыл мерзімге
Праламент Сенатының келісімімен Президент тағайындалды.

5. Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматтық зандар өз реттеуіндегі қатынастар қатысушыла-рының теңдігін,
меншік қол сұғылмаушылықты, шарт еркіндігін қорғайды, азаматтық құқықтардың
кедергісіз іске асуын, катысушыларының бұзылған құкықтарының қалпына
келтірілуін, олардың сотта қорғалуын қамтамасыз етеді.
Азаматгық зандармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың
пәнін құрайды. Атап айтқанда, олар — республиканың материалдық-техникалық
базасын құру және азаматтардың материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында қолданылатын тауар-ақша нысандарындағы мүліктік
және олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастар. Азаматтық зандар
сондайақ, тиісті Құқық салала-рымен реттелмеген жағдайда отбасылық, еңбек,
табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі
қатынастарға да қолданылады.
Мүліктік қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарын, тұтыну заттарын және
өзге де материалдық игіліктерді иеленуге, пайдалануға және оларға билік
етуге байланысты қалыптасады. Бұл кең ұғым. Азаматтық құқық азаматтық
айналымдағы мүліктік катынастар қатысушылары тең негізде әрекет ететін
тауар-ақша нысандарын пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды ғана
қамтиды. Мүліктік қатынастарды баламалы-ақылы және ақысыз деп бөледі.
Баламалы-ақылы қатынастар айналымдағы заттың құнын етеуге байланысты
туындайды. Бұлар — сауда-саттық, айыр-бас, тауар жеткізілімі, мүлікті
жалдау түріндегі және т.б. тауар-ақша қатынастары. Ақысыз қатынастар ақысыз
(өтеусіз) негізде құрылады, бұлар — сыйға тарту, өтеусіз пайдалану, мұраға
алу, процентсіз заем және т.б қатынастар. Мүліктік қатынастардан жеке
мүліктік емес қатынастардың айырмашылығы, оларда құндылық сипат болмай
тікелей экономикалық мазмұннан алыс тұратындығында. Азаматтық құқықтың пәні
ретінде азаматтар мен ұйымдардың жеке-даралығын білдіретін мүліктік емес
жеке қатынастар да танылады. Мүліктік емес жеке қатынастарға, бір жағынан,
тікелей мүліктік қатынастарға, екінші жағынан, оларға мүлде байланысы жоқ
қатынастар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар
немесе өнертапқыш өзінің авторлығын тану туралы мәселе қойғанда, өзінің
жеке игілігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша дербес қоғамдық қатынасқа
түседі. Мұндай авторлықты танумен бірге санаткерлік шығармашылық
нәтижелерін пайдаланғандық үшін сыйақы телеуді талап етуге байланысты
мүліктік қатынастар туындауы мүмкін. Мүліктік емес жеке қатынастар —
азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау
жөніндегі қатынастар. "Азамат немесе занды тұлға, — делінеді Азаматтық
кодекстің 143-бабында, — өзінің ар-намысына, кадір-қасиетіне немесе
іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматгарды, егер ондай мағлұматтарды
таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы
теріске шығаруды талап етуге құқылы".
Азаматтық кодексте, мәселен, автордың және оның келісімінсіз
жариялауға болмайтын хат адресатының мүдделерін қорғайтын ережелер
кезделген. Олардың қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар кайтыс
болған адамның артында калған жұбайының және балаларының келісімімен
жариялануы мүмкін (АК-тің 144-бабының 2-тармағы).
Азаматтық құқықпен мына қатынастар реттеледі: тауар-ақша катынастары;
мүліктік қатынастар;
мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар;
мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар;
отбасылық, еңбек қатынастары, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы
ортаны қорғау жөніндегі қатынастар (тиісті құқық салаларымен реттелмеген
жағдайларда.)
Жалпы алғанда азаматтық құқық қатынастары мүліктік және мүліктік емес,
абсолюттік және салыстырмалы, заттық және міндеттемелік сипатында керініс
табады.
Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар,
заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып
табылады.
Азаматтар — ҚР азаматтары, басқа мемлекет азаматтары, сондай-ақ азаматтығы
жоқ адамдар — жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Заңды тұлғалар өз қызметінің негізгі мақсатына қарай коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдардан тұрады. Азаматтық кодекс бойынша заңды
тұлғаларды—шаруашылық серіктестіктер (толық серіктестік, сенім
(коммандиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік); акционерлік қоғамдар; еншілес ұйымдар мен
тәуелді акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер; мемлекеттік
кәсіпорындар (шаруашылық жүргізу құқығына, оралымды жедел басқару құқығына
негізделген кәсіпорындар, яғни қазыналық кәсіпорындар); коммерциялық емес
ұйымдар (мекеме, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі,
діни бірлестіктер, зандық тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы
бірлестіктері) құрайды.
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық белініске қатысты олардың азаматтық-
құқықтық қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігін айта
кетуге болады. Осы секілді жәйттер қазіргі азаматтық заңдардың бұрынғыдан
түбегейлі өзгешелігін айғақтайды.
Осылайша, азаматтық құқық — тараптардың арасындағы дербес және заңды теңдік
жағдайында реттелетін, олардың бір-біріне бағынбауына негізделетін тауар-
ақша қатынастарымен шарттас мүліктік қатынастары, сондай-ақ олармен
байланысты және байланысты емес мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

6. Азаматтық құқық қатынастарыныц объектілері
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтьщ
құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға
(мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс,
қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады.
Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.
Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер
және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай
емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге
жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық
объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша
козғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін. Жылжымайтын
заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын
мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде
қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын
заттарға меншік құқығы мен баска құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың
пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның
өмірі, денсаулығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекет туралы ұғым
Мемлекет түсігіні және мәні
Мемлекеттің функциясы
Мемлекет функция түрлері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Мемлекет функциялары туралы
Мемлекет функциясы туралы
Мемлекет функциялары
Пәндер