Мемлекет және азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекет және азаматтық қоғам

1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

2. Азаматтық қоғам ұғымы.

3. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері.

4. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

Мемлекет - адамдардың, қоғамдық топтардың, таптардың, және қауымдастықтардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастыратын, бағыттайтын әрі бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекет қоғамдағы биліктің орталық институты ретінде көрінеді, ол осы билігімен саясатты жүзеге асырады.

Саясат ғылымында мемлекет оны түсінудің үш көзқарасының арақатынасы арқылы қарастырылады:

а) саяси-философиялық көзқарас. Мемлекет "жалпы істерді" шешудің және билік пен қоғамның қатынастарын реттеу құралы, сондай-ақ халық пен адамның өзінің саяси өмірін қамтамасыз ету құралы ретінде түсіндіріледі;

б) таптық көзқарас. Мемлекет дегеніміз қоғамды тапқа бөлудің нәтижесі маркстік көзқарас) . Классикалық (В. Ленин бойынша) анықтама мемлекетті бір таптың екінші тапты езуге арналған машинасы, басқа да бағынышты таптарды бір тапқа бой ұсындырып ұстау машинасы" ретінде түсіндірледі;

в) құқықтық және ұйымдық-құрылымдық көзқарас - "заңды мемлекет", құқық пен заңның қайнар көзі, қоғам өмірі мен мемлекеттің өзінің, оның құрылымының саяси және қоғамдық қатынастары жүйесіндегі қызметін ұйымдастыратын мемлекет.

Мемлекеттің мәнін анықтау кезінде ең алдымен мемлекеттің белгілерін қарастыру керек. Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:

а) қоғамнан бөлшектелген және басқару мен мәжбүрлеу мекемелерінде пайда табатын (шенеуніктер, армия, полиция және т. т. ) жария биліктің болуы;

б) мемлекеттік саясатты материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті салықтар, алымдар, займдар жүйесі, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қайта құруларды жүргізу, мемлекеттік аппаратты ұстау;

в) аумағы. Мемлекет өзінің билігімен және қорғанысымен оның аумағында тұратын бүкіл халықты біріктіреді;

г) егемендік - өзінің аумағындағы үстемдік және халықарарлық қатынастадағы тәуелсіздік;

д) құқық. Құқық заң жүзінде мемлекеттік билікті ресімдейді, сөйтіп оған жариялылық сипат береді, мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың заңдық ауқымдары мен нысандарын белгілейді;

е) күштерді жария қолдануға, күштеп мәжбүрлеу монополиясы (азаматтардың аса құндылығы болып табылатын өмірін қою, бостандығынан айыру мүмкіндігі) .

Мемлекеттің мәні іргелі проблемаларды - мемлекеттің, саяси жүйе мен қоғамның арақатынасын жинақтап шешу болып табылады.

Бір шешімі - мемлекет пен қоғам біртұтас болады және мемлекет қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Бұл жағдайда мемлекет біртұтас, яғни ол қоғамды біріктіріп, бірізге салған кезде біртектес болады. Осы орайда "Ресей (американ, француз және басқалары) мемлекеті", яғни билік, ел мен халық, олардың иеліктері, аумақтары, шекаралары деп айтуға болады.

Екінші шешімі - мемлекетті саяси жүйенің орталығы, қоғамға кеңінен тараған және оған ерекше әлеуметтік институт жататын, бірақ қоғамды өшіре аламайтын билік институты деп тану. Қоғам өзінің дамуында мемлекеттен біршама еркін болады.

Белгілі бір шешімді қазіргі заманда түсіндіру мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің аса маңызды институты деген пайымға саяды. Мемлекеттің маңыздылығы оған әлеуметтік процестерге тиімді түрде ықпал етуге мүмкіндік беретін билік пен ресурстарды оның қолына барынша шоғырландырумен белгіленеді.

Мемлекеттің қызметі: ұйымдық (басқарушылық), үстемдік және басып-жаншу, құқықтық жүйені құру қызметі.

Ұйымдық, басқарушылық қызметтің мәні қоғамның тіршілік қызметін сақтауда, "ортақ игілікке, бірлікке, қол жеткізуде, тәртіп орнатуда, мемлекеттің және халықтың, ұлттың, этностың өзара қатынастарын реттеуде болып табылады.

Үстемдік пен басып-жаншудың ерекше қызметі күрес пен жуасыту құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге таптар мен мемлекеттер, сондай-ақ таптар арасындағы қатынастардағы жан-жалдардың көзі ретінде де көрінеді.

"Заңды мемлекеттің" ерекше қызметі жасалған нормалар мен заңдардың негізінде қоғамдық қатынастардың бүкіл саналуандығы ауқымында мемлекеттік аппараттың, мемлекет пен қоғамның жұмысын реттеу ретінде қолданылады.

Кейбір әдебиеттерде принципінде жоғарыда аталған қызметтерді бейнелейтін мемлекеттің қызметтеріне неғұрлым нақты сипаттама беріледі.

1) Қызметтер сыртқы және ішкі қызметтерге бөлінеді. Мемлекеттің ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

а) экономикалық - салық және несие саясатының, экономикалық өсуді көтермелеу немесе жазалау шараларын жүзеге асыру көмегімен экономикалық процестерді ұйымдастыруды, үйлестіру мен реттеуді білдіреді;

б) әлеуметтік - адамдардың жұмысу тұрғын үй, денсаулығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер беру сақтандыру және т. т. жөніндегі қажеттерін қанағаттандыруды білдіреді;

в) құқықтық - құқық тәртібін қамтамасыз етуге, құқықтық нормаларды орнықтыруға бағытгалған, олар азаматтардың қоғамдық қатынастары мен мінез-құлқын реттейді;

г) мәдени-тәрбие - халықтың мәдени қажеттерін қанағаттандыру үшін жағдайлар туғызуға бағытталған;

д) саяси - саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, билік өкілеттіктерін жүзеге асыруды, саяси бағытты талдап жасауды білдіреді;

е) экологиялық ішкі қызмет - табиғатты ұтымды пайдаланудың құқықтық режимін белгілеуді, өмір сүру ортасын қалыпты, салауатты қамтамасыз етуді білдіреді.

Сыртқы қызметтер ең алдымен басқа мемлекеттермен экономикалық әлеуметтік, технологиялық, ақпараттық мәдени, сауда салаларында өзара тиімді ынтымақтастық принциптеріне бағынады. Әсіресе қорғаныс және сыртқы жаулардан қорғау қызметі ерекше болады.

Сөйтіп мемлекетті саяси институт ретінде зерттеу саяси жүйедегі мемлекеттің белгілі бір рөлді атқаратынын көрсетеді, өйткені саяси жүйенің өзінің тиімділігі біршама дәрежеде соған байланысты болады. Сондықтан мемлекеттің нақ осы әлеуметтік-саяси болмысы, мемлекеттің органдардың құрылымы мен қызметтеріндегі саяси жүйенің айрықша ерекшеліктерін неғұрлым толық жүзеге асыру мемлекетті саяси жүйенің басым элементіне айналдырады.

Мемлекеттердің жіктелуі

Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:

а) таптық қарсыласу принципі. Мемлекеттердің - құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;

б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі; Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;

в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери-полициялық мемлекет болып бөлінеді.

Басқару нысанына негізделген мемлекеттерді жіктеу мынадай мемлекеттерге: монархия (абсолютті, конституциялық) ; республика (президенттік, парламенттік) болып бөлінеді.

Монархияда биліктің ресми көзі бір (жеке) тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің қызметін, сайлаушыларына және биліктің өкілдік органдарына қарамастан, мұрагерлік бойынша алады. Осы заманғы әлемде басқарудың монархиялық нысанының бірнеше түрлері бар. Мәселен, абсолютті монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Оман) - мемлекет басшысының шексіз билігі. Осы нысанмен бірге, конституциялық монархия (Ұлыбритания, Швеция, Дания, Испания) бар - мұнда монархтың окілеттігі конституциямен шектелген.

Республика - басқарудың екінші негізгі нысаны. Әлемде республиканың үш негізгі түрі: парламенттік, президенттік және аралас түрі бар.

Парламенттік республиканың басты өзгешелік белгісі үкіметті парламенттік негізде құруы (әдетте парламенттік көпшілікпен) және оның парламент алдындағы ресми жауапкершілігі болып табылады. Ол үкіметке қатысты бірқатар міндеттерді жүзеге асырады: оны құрып, оған қолдау жасайды; заңдар шығарады; мемлекеттік бюджетті дауысқа салады (бекітеді) ; үкіметке бақылау жасауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оған сенімсіздік білдіре алады және т. т.

Республикалық басқарудың екінші мейлінше кең тараған нысаны президенттік республика болып табылады. Президентті парламентке қарамастан, не таңдаушылар алқасы, не халық сайлайды және сонымен бір мезгілде мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да болып табылады. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алмайды, ал президенттің парламентті таратып жіберуге құқығы жоқ.

Республиканың үшінші түрі - аралас республика. Ол Аустрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Францияда бар. Басқарудың бұл нысаны жағдайында күшті президент билігі парламенттің үкімет қызметіне тиімді бақылау жасауына ұштасады. Оның басты сипатты белгісі - үкіметтің екі ұдай: президент алдындағы және парламент алдындағы жауапкершілігі. Аралас (жартылай президенттік) республиканың классикалық үлгісі Франция болып табылады. Онда президент пен парламент бір-біріне тәуелсіз сайланады. Парламент президентті орнынан кетіре алмайды, соңғысы өз кезегінде кезектен тыс парламент сайлауын жариялаудың міндетті шартымен парламентті таратып жіберуге құқылы болады. Президент мемлекет басшысы және жоғарғы басқолбасшы болып табылады, халықаралық аренада елдің өкілі болады, парламенттің шешімін кейінге қалдыруға тыйым салу құқығына ие болады.

Әкімшілік-аумақтық ұйым бойынша мемлекеттерді жіктеу: біртұтас мемлекет, федерация, конфедерация болып бөлінеді.

Біртұтас мемлекет аумағы бірыңғай, бөлінбейтін болады, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұрады, өзінің дербес билік құрылымдары бар, бірақ жеке өзіндік мемлекеттілігіне ие болмайды. Біртұтас мемлекет үшін жергілікті билік органдарының орталық органдарға қатаң түрде бағыныстылығы, күшті орталықпен тіке байланыс жасауы сипатты келеді, оның-бытыраңқылығы ең төменгі деңгейде болады. Барлық мемлекеттік, оның ішінде сот органдары бірыңғай құқықтық нормалар негізінде іс-қимыл жасайды.

Федеративтік мемлекет мемлекеттер мен орталық арасындағы бөлінген шектегі дербес құзыреттері бар, өздерінің заң шығарушылық, атқарушысының және сот органдары, әдеттегісіндей, конституциясы бар мемлекеттердің тұрақты одағы болып табылады.

Федерация ауқымында мемлекеттік: егемендіктің субъектілері ірі аумақтық құрылымдар (штаттар, жерлер, кантондар), сондай-ақ тең құқықты азаматтардан тұратын бүкіл халық болады.

Федеративтік мемлекеттік құрылыс үшін өзінің билік құрылымдары бар жергілікгі аумақтық құрылымдар дербестігінің белгілі бір деңгейі тән болады. Мемлекеттік құрылыстың федералдық принципі едәуір этикалық, тарихи-мәдени, діни, лингвистикалық және басқа да ерекшеліктері бар қауымдардың, еркін бірігуі мен тең құқықтық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі тиіс.

Конфедеративтік мемлекет үшін жергілікті мемлекеттік-аумақтық құрылымдар мен олардың билік органдары еркіндігінің жоғары деңгейі тән болады. Конфедерация мүшелері мемлекеттік егемендігін толық сақтайды және одақтың қүзыретіне ең алдымен қорғанысқа, сыртқы саясатқа, ақша жүйесі саласына қатысты мәселелердің шектеулі санын ғана береді. Ғалымдардың пікірі бойынша, мемлекеттік құрылыстың бұл нысаны тиянақты емес және әдетте не федерацияға тарап кетеді, не ыдырап кетеді.

Қазіргі кезде бұрынғы КСРО аумағында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) - өзінің қызметін әралуан салаларда үйлестіретін егемен мемлекеттер одағы құрылды. Бұл жаңа құрылымның қаншалықты тұрақты әрі тиімді болатынын уақыт көрсете жатар. Мұңдай одақтардың (Еуропа Кеңесі) тарихи тәжірибесі ұзақ мерзімдік бірігу мен жақындасу, экономикалық ықпалдасу және әлеуметтік-саяси саладағы тиісті өзгерістер, атап айтқанда, федеративтік принциптерді біртіндеп іске асыру негізінде мүмкін екенін дәлелдеп отыр.

Мемлекеттердің даму үрдісі. Мемлекеттер дамуының осы заманғы үлгісі белгілі бір үрдістерге бағынады, мұның өзі қазіргі заманның ғаламдық проблемасының көрінісі болып табылады. Ең алдымен, кейбір саясаттанушылардың пікірі бойынша, осы заманғы демократиялық мемлекеттер экологиялық кезеңге аяқ басып отыр. Ол үшін бірінші кезекке экологиялық қауіпсіздікті және жеке адамның өмір сүру құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл адамзаттың тірлігі проблемаларын алға қою сипатты болады. Жаңа жағдайда мемлекет азаматтық қоғаммен одақтаса отырып, ядролық және экологиялық апаттың алдын алуға, аштықтан, індеттен зардап шеккен дүниежүзілік аймақтарға материалдық-экономикалық, қаржы, мәдени көмекпен және т. т. қамтамасыз етуге тиіс.

2. Азаматтық қоғам ұғымы.

Саясаттануда азаматтық қоғамның проблемаларын зерттеген кезде дәстүрлі түрде "мемлекет - азаматтық қоғам" деген дуалистік формуланы қолданады және мұның өзі обден орынды, кез келген көзқарас жағдайында, азаматтық қоғам атқаратвн қызметтерінің нысаны жағынан да, сондай-ақ мазмұны жағынан да біршама дербес қоғамдық құрылып ретінде көрінеді. Бұл тұрғысында мына жәйт басым болады: азаматтық қоғам кезегінде қоғамның қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ететін мемлекетті бақылауға тиіс.

Жалпы алғанда азаматтық қоғамның түсінігі - бұл жеке-дара адамдардың дербестігіне негізделген қоғамның мемлекеттік емес бөлігі. Бұл отбасы, мектеп, ерікті ұйымдар мен одақтар, олардың мүдделері қоғамдық ой-пікір арқылы беріледі.

Азаматтық қоғам саяси құрылымдардан тысқары қалыптасатын, алайда оларды қамтитын әлеуметтік-ұйымдық құрылым ретінде сипатталады, өйткені оларды азаматтар құрады.

Демократиялық заңнамалар, билікті бөлу, жария қарсыластардың, пікір саналуандығы мен саяси ұйымдардың және т. с. с. болуы азаматтық қоғамның саяси өмірге ықпалының азды-көпті елеулі нысандары болып табылады. Демократиялық мемлекет жекелеген азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға кепілдік бере тұрса да, сонымен бірге ол өзінің (билік жүргізу) қызметінде ресми құқықтық нормаларға сүйенеді, оларда белгілі бір адами өлшемнен айрылады. Осыған орай адамзат өркениетін өрістету процесінің өзі саяси мәдениеттің елеулі элементі ретінде азаматтық қоғамның құрылымын туғызып, дамытады.

Азаматтық қоғамның рухани негізі жалпы адамзаттық имандылық нормалары - ізгілік, адалдық, парасаттылық және т. т. болып табылады. Мұның өзі қоғамның барлық азаматтарының мүдделерін ескере отырып туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Мынаны ескеру керек: азаматтық қоғам өзінің әлеуметтік-саяси қызметінде заң жүзінде ресімделген пікір алуандығы болуынан ажырағысыз болады. Бұл орайда жеке өмір саласы кез келген саяси биліктің араласуына тыйым салу ретінде көрінеді. Бұл мінез-құлық бұйрығын жария өмірдің шындығында іске асыру деңгейі дегеніміз азаматтық қоғам мен оның маңыздылығы болуының бірінші көрсеткіші.

Азаматтық қоғам үшін билік демократизмінің қызмет атқаруында мыналар елеулі болып табылады:

а) оның заңдылығы, яғни билікке халықтан, сайлаушылардан мандат алуының шынайылығы, олардың еркін білдіруі шын мәнінде еркін болады (азаматтық-заңдық, саяси тұрғыда) ;

б) демократизмнің жалпыға бірдейлігі, толықтығы, яғни биліктің барлық нысандарындағы оның шынайылығы, әсіресе тиімді іс-қимыл үстіндегі биліктің заңға тәуелдігі мен оның бақылауында болуы;

в) тиімділігі, яғни билеп-төстеуші өкіметтің сайланғандар үшін халық өмірінің проблемаларын шешуді пұрсаттылықтар беру нысандарында емес, керісінше әрбір адам үшін өзінің шынайы күшін іске асыру мүмкіндігін әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету нысандарында қаншалықты нақты шешуі болып табылады.

Қазіргі жағдайларда азаматтық қоғамның орнығуы процесінде мемлекетке қатысты жеке адамның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік аймағының пәрменділігін қалыптастыру мен қамтамасыз ету бірінші кезекке қойылады.

Азаматтық қоғам - бұл мемлекетке тәуелсіз, дамыған экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары мен оның мүшелері арасындағы қоғам, сонымен бірге олармен өзара әрекет ететін қоғам, жоғары әлеуметтік, экономикалық саяси, мәдени және жоғары ақлихаттық мәртебесі бар азаматтық қоғам, бұлар дамығын құқықтық қатынастарды туғызады.

3. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері.

Құқықтық мемлекет - бұл мемлекеттің өзі барлық әлеуметтік қауымдар, жеке-дара адам құқықты құрметтейтін және ол жөнінде бірдей қатынаста болатын мемлекет түрі. Құқық - мемлекеттің, қоғам мен жеке-дара адамның өзара байланысы әдісі.

Құқықтық мемлекеттің жалпы белгілері:

а) дамыған азаматтық қоғамның болуы. Құқықтық мемлекеттің пайда болуының өзі қоғамның қойнауында азаматтық қоғамның пісіп-жетілуіне байланысты болады;

б) жеке адам құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті қорғауымен, шаруашылық қызметі үшін қолайлы жағдайлар туғызумен құқықтық мемлекет қызметінің саласының шектелуі;

в) дүниетанымдық жеке дарашылдық;

г) басқа адамның бостандығының бірден-бір шектеушісі ретінде әрбір адамның бостандығы мен құқығы. Құқықтық мемлекет жеке адамның бүтіндей бостандығын жасамайды, әрбір адамның бостандығы басқа адамдардың бостандықтары бұзылған жерде аяқталады.

Әлеуметтік мемлекет теориясы. "Әлеуметтік мемлекет" ұғымының өзі біршама тұрақты және дамыған экономика жағдайында осы заманғы демократиялық үлгідегі мемлекетті белгілеуге арналған саяси теорияда соғыстан кейінгі кезеңде туындады. Әлеуметтік мемлекет мемлекет қолданатын мақсаттар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы арқылы, қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүруіне лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету үшін бір мағынада түсіндіріледі.

Жоғарыда аталғандармен қатар, осы заманғы мемлекеттерді дамытуда дәстүрлі түрде екі негізгі үрдісті ажыратады. Біріншісі - де этатистік үрдіс. Бұл үрдістің мәні азаматтық қоғамды жандандыру, мемлекетке бақылау жасау, өзін-өзі басқару бастауларын ұлғайту болып табылады. Екінші үрдіс - статистік үрдіс. Оның көрінісінің негізгі бағыттары - мемлекет рөлін арттыру. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық, әлеуметтік, ақпаратгық процестерге белсенді түрде араласады, салықтардың, инвестициялық, несие саясатының көмегімен өндірісті дамытуды көтермелейді, тұтастай алғанда, шаруашылық қызметіндегі үйлесімсіздікті жояды, қоғамдық дамудың стратегиясын жасау проблемаларымен айналысады.

4. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағ-дайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңце қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе кұйрегеннен кейін аза-маттык қоғамға отуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы бо-лып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай дең-гейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның авто-номиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті кұқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қоргалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құкықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы бас-ка да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданган заң устемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның қщыгы жан-жақ-ты қамтамасыз етілетін мемлекеттік қүрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа зандар мен ережелік актілерге таралады. Зандар халық-тың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты езара жауаптылықта болады. Билік шын мөнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құкығы биік дәрежеде сақта-лады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғам-дық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауын-да болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.

Құкықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Мемлекеттердің жіктелуі

Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:

а) таптық қарсыласу принципі. Мемлекеттердің - құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;

б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі; Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;

в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери-полициялық мемлекет болып бөлінеді.

Басқару нысанына негізделген мемлекеттерді жіктеу мынадай мемлекеттерге: монархия (абсолютті, конституциялық) ; республика (президенттік, парламенттік) болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі ғылыми мәселе
Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Азаматтық әңгіме мен үкіметті, саяси партияларды біріктіретін қажетті байланыс
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекет және азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz