МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ӘДІСІ. ҚҰҚЫҚ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 184 бет
Таңдаулыға:   
Ағдарбеков Т.А.
Ағдарбекова З.Т.
Данишбаева М.С.

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ

оқу құралы

УДК 340(075.8)
ББК 67.0973
А22

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Редакция алқасы:
Ташимов Л., Айнурал С., Ергөбек Қ.,
Раимбердиев Т., Тұртабаев С., Айменов Ж.

Пікір жазғандар:
Бусурманов Ж.Д. – заң ғылымдарының докторы, профессор
Өсеров Н. – заң ғылымдарының докторы, профессор

А22 Т.А. Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева Мемлекет және құқық
теориясы: оқу құралы. Түркістан: Тұран баспаханасы, 2012 ж. 208 бет.

ISBN 978-601-243-432-3

Кітап мазмұнында маңызды мемлекеттік құқықтық институттар қаралып,
оқырмандарға жеңіл және тез арада өткен материалдарды тауып қайталауға
және емтиханды не сынақты мемлекет пен құқық теориясынан тапсыруға
мүмкіндік береді.
Оқу құралы заң институттары мен факультеттерінің студенттеріне,
құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.

УДК 340(075.8)
ББК 67.0973

© Ағдарбеков Т.А.,
Ағдарбекова З.Т.,
Данишбаева М.С., 2012
КІРІСПЕ

Мемлекет және құқық теориясы – жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық
шындықтың ең маңызды теориялық-әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның
негізгі категория-лары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың
тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік
жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сон-дықтан, қандай болмасын заңгерлік
жоғары оқу орындарында юриспруденцияны игеру мемлекет және құқық теориясын
зерттеуден басталады және міндетті түрде мемлекеттік емтиханды осы берілген
пәннен тапсырумен аяқталады.
Бұл оқу құралы Валерий Петрович Малаховтың Мемлекет және құқық
теориясы (Москва, 2010 ж.) оқу құралы негізінде дайындалды.
Бұл курстың материалдары қайнар көздерге және ғылыми жұмыстарға, бағалы
зерттеулерге сүйенеді, сондықтан да оны жалпытеориялық ойлардың шоғыры,
нақтылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көрінісі ретінде қарауға болады.
Осыған орай, мұндағы материалдардың мазмұны мемлекет және құқық теориясының
курсын қайталау мақсатында және емтиханға дайындық кезінде пайдалануға
көбірек тиімді. Сондықтан да материал қойылатын сұрақтарға қарай, оларға
жауаптар алгоритмінде жазылған. Бірақ ескеретін нәрсе сол, бұл оқу құралы
емтихан тапсыруға жеткілікті барлық минимум ақпаратты өзінде ұстаса да, сол
не басқа сұраққа жауап бергенде оқытушы әр уақытта студенттен кең көлемдегі
және ойлы жауапты күтеді.
Яғни студентке міндетті түрде материалды түсінетіндігін және оны
талқылаудағы өзінің қабілеттілігін көрсете білу қажет. Сондықтан осы
басылымдағы негізгі блоктағы мәліметтер мемлекет және құқық теориясының
курсынан нақты сұраққа жауап ретінде ұсынылғанмен, емтиханда өз жауабын
қажетті түрде тірі мазмұнмен толықтыруы қажет. Мұнда жауапты жаттап алып,
автоматты түрде қайталау емес, оның мазмұнын түсіндіріп, әрекеттегі
заңдардың көзқарасын тәжірибеге сүйеніп, негіздеп күнделікті өмірлік
мысалдар арқылы көрсете білу қажет.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеуде маңызды құқықтық түсініктердің
анықтамаларына ерекше көңіл аударылады.
Өз маңыздылығына байланысты бұл түсініктер басқадай мемлекеттік-
құқықтық институттардың негізін ашып көрсететін, өзіндік ерекшелігі бар
кілті болып есептеледі. Сондықтан оларды байымдау міндетті түрде жаттауды
керек етеді, себебі оларды білу тек мемлекет және құқық теориясын толық
игеру емес, оларға кепілдік береді және өз маңызды-лығын, келесі салалық
заң пәндерін зерттегенде де жоғалт-пайды және олардың меншікті
институттарының түсіндіру негізіне жатады. Ондай жалпы теориялық
түсініктердің және анықтамалардың маңыздылығы, қандай болмасын заң
ғылымдарының оқулық пәндерімен байланысты олардың универсалдылығында. Сол
үшін сол не басқа тақырыптардың керек категориялары бұл басылымда ерекше
бөлінген.
Есепке алатын жағдай – бұл басылым дербес және негізінен біреу ғана,
мемлекет және құқық туралы теорияның қайнар көзіне жатпайды. Негізгі
оқулықтар осы басылымның соңында ұсынылған. Библиографиялық тізімдегі кең
көлемдегі оқу құралдарынан қосымша ретінде пайдаланылады.
Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы, басқа қоғамдық және салалық
заң ғылымдарымен салыстырғанда өзінің салыстырмалы тұрақтылығына қарамай,
қатып қалған мәліметтердің жиынтығы емес. Олардың тәжірибелерін және
жетістіктерін пайдаланып, тұрақты дамиды және қиындай түседі. Осыған
байланысты монографиялық әдебиеттерде арнайы жарияланған, ең алдымен, заң
журналдарындағы ғылыми мақалалардың маңызы зор.
Мемлекет және құқық теориясын игерудің нәтижесінде міндетті түрде
студенттер мемлекет және құқық теория-сының түсініктемесі мен категориялдық
аппаратты игеру, дағдылану және оқи алуы, талқылау және басқа нормативті
актілердің заңдарын қолдана білуі, заңды фактілерді дұрыс топтаудағы
жағдайлар, қазіргі кездегі мемлекет және құқық теориясының мәселелеріне
қарай өзін-өзі басқара білуі қажет.
Студенттер міндетті түрде құқықтық сезімнің және мәдениеттің жоғарғы
деңгейін, құқыққа, заңға деген құрметтің тұрақты стереотипін жасап, оларды
бұзуға жол бермеуі керек. Міне осындай, универсалды (әмбебап) және іргелі
мемлекет пен құқық теориясының сипаты, ғылым және оқулық пән ретінде оның
бізді қоршаған дүниені танитын құралы мен әдісі екендігін көрсетеді.

МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ӘДІСІ

1. МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ПӘНІ

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәніне мемлекет пен құқықтың
пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі даму заңдылықтарын әлеуметтік
құрылым ретінде, олардың негізін және құрылымын, негізгі элементтерін,
принциптерін, институттарын, олардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін
зерттеу бірінші орында.
Мемлекет және құқық теориясының пәніне, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың
маңызды функционалды (негізгі) ерекшеліктері кіреді. Оған жататындарға:
мемлекет пен құқықтың түсінігі және олардың жіктелуі, белгілері, негізгі
принциптері және мемлекет пен құқықтың функциясы, мемле-кеттің механизмі
(тетігі) мен құқықтық реттеу ерекшеліктері, заңды факторлар, құқықтық
қатынастар, құқық жүйесі, заңдар мен мемлекеттік органдар жүйесі, сонымен
бірге басқа да көптеген, юриспруденцияның неден қалыптасатыны туралы
алғашқы элементтерінің бәрі жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқық туралы
негізгі заңдылықтардағы белгілердің жалпы жүйесі, оған оның пайда болуы,
негізі, қызмет етуі, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың дамуының салалық және
қосымша заң ғылымдарының әдістемелік негізі болатын жағдайлар кіреді.
Мемлекет пен құқық теориясын игеру кезінде үлкен маңыздылыққа ие болатын
категория – түсіндіруші аппарат екендігі байқалады, себебі жалпы ғылыми
жүйелер (филосо-фиялық, социологиялық, психологиялық, саясаттанулық,
мәдениеттанулық) және жекелеген ғылыми (арнайы заңды-лықтағы) категориялар
және түсініктер, мемлекет пен құқық теориясының ең маңызды танымдық
инструментариясының қайнар көзінің бөлігі болып табылады.
1. Мемлекет пен құқық теориясы, бай эмпирикалық материалдарды салалық
заң ғылымдарынан алады және маңызды деңгейде сол ғылымдардың жалпылама
методологиялық проблемаларын кеңейтеді, функционалды негізгі пән ретінде
болады, жекелеген пәндердің білімдерін қорыта келіп, негізгі түсініктер мен
категорияларды шығарады, сол білімдерді жүйелейді. Оның категориялары мен
түсініктері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесін біріктіріп, сайып
келгенде, заңгердің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Мемлекет пен құқық теориясының функциялары
Білім жүйесінде қоғамдық даму заңдылықтарында негіздемеде мемлекет пен
құқық теориясының өзінің қатаң түрде белгіленген орны бар және ол заң
ғылымдары үшін жол сілтемесі болып табылады, себебі ол оның магистралды
бағытын және іске асыру жолын қалыптастырады. Сол рөлі оның мынадай
функцияларында көрініс табады:
Онтологиялық функция – бұл функция мемлекеттік құ-қықтық құбылыстың
негізін түсіндіреді, яғни юриспруденция-ның пәнін тануға мүмкіндік береді.
Бұл функцияның мазмұ-нына мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы ақпаратты
зерттеу жатады және оларды талдау мен (топтастыру) жүйелеу кіреді;
гносеологиялық функция – (теориялық таным) теория-лық-танымдық функция
мемлекеттік-құқықтық құбылыстар-дың мәнін, мазмұнын, нысанын, тәртібін
тоқтаусыз зерттеуге бағытталған;
прогностикалық функция – мемлекет пен құқық теориясының әрі қарай ғылыми
дамуы туралы болжамдар мен гипотезалар жасап олардың болашақ проблемаларына
көңіл аударады;
идеологиялық функциясы бойынша мемлекет пен құқық теориясы өзінің
көбірек өзекті және маңызды, қазіргі кездегі қоғамның құқықтық дамуындағы
жаңа жағдайларды бекіте отырып, оның дамуының барлық маңызды парагдигмасын
көрсетеді, өмірде гуманистікке бастап, құқықтық таным мен құқықтық
мәдениетті негіздейді;
аксиологиялық функцияның қажеттігі сонда, ол мемлекет пен құқықты
зерттеуде, ондағы мемлекет пен құқықтық құбылыстардағы құндылық бағалылық
және маңыздылыққа көңіл аударылып, олардың қоғам өміріндегі қажеттілігін
және маңыздылығын негіздеу мақсатында көрінеді;
тәжірибелік функция модельдік көзқарас бойынша стандарт идеалынан
тұрады, өзіне юриспруденцияның барлық бастамасын шоғырландырып негізінен
оның әлемін аша отырып, өміртанымының заңдылық негізін қалыптастырады;
методологиялық функция мемлекет пен құқық теориясының негізі болып
табылады, яғни басқадай заң ғылымдарының негізі: мемлекеттік құқықтық
құбылыстардың методалогиясын, құқықтың негізгі түсініктері мен
категорияларын қалыптастырады (құрайды). Оны салалық және арнайы (қосымша)
заң ғылымдары пайдаланады және оларды зерттейтін сара жолдың бағытын
белгілеп береді.
қосымша функция мемлекеттік-құқықтық аядағы әр түрлі субъектілердің
қызметін жетілдіру мақсатындағы тәжірибелік жағдайды ұсыну жатады. Ондай
ұсыныстар диссертацияларда және мемлекеттік зерттеушілер мен
құқықтанушылардың мақалаларында бекітіледі.
эвристикалық функция – мемлекет пен құқықтың дамуындағы жаңа
заңдылықтарды, олардың қоғамға ықпал жасайтын нысандары мен әдістерін және
ондағы қалыптасатын қатынастарды ашады.
3. Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі
Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі – қоршаған ортаның шындығын
зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей
(әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнайы әдістемелерге бөліп
көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістеме барлық ғылымдардың білім саласына және
оқулық пәндерге тән, себебі олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және
ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана
ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады.
Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады:
идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика);
Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс
ретінде қаралады, адам еркінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін
құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен
байланысты.
Диалектика – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы
ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз
басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс
өмірді қоршаған ортада, өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық
факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста
зерттеледі.
Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістеме-лердің біріне –
синергетика – өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процестер туралы
ғылым жатады.
Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін жекеле-ген ғылыми әдістерге
жататыны мыналар:
• Формалды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін
пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар феномен ретінде
басқа құбы-лыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен
бірдейлестірілмейді және салыс-тырылмайды (экономикамен, саясатпен,
моральмен және этикамен). Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың
құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше таза конструкцияны
жасау үшін зерттеледі.
• Терминологиялық зерттеу әдісі – мемлекеттік-құқықтық проблемалардың
негізгі және шеттегі түсініктемелерімен пайдалану, мемлекеттік-
құқықтық құбылыстарды ғылымда бекіген түсініктер мен дефиницилерге
талдау жасау арқылы зерттеу.
• Салыстырмалы-құқықтық әдіс дегеніміз – белгілі мемлекеттік-құқықтық
институттарды, құқықтық құбылыстарды және процестерді басқа елдердің
құқықтық жүйесімен салыстырып, олардың арасындағы ұқсастығы мен
айырмашылығын ескере отырып, олардың көбірек тиімді жолдарын табу
мақсатында пайдаланылады.
• Нақты социологиялық әдіс – мемлекет пен құқықты зерттеу кезіндегі
мемлекет пен құқық туралы фактор-ларды еске алу, ол туралы қоғамдық
пікірді, статистикалық мәліметті, тұрғындардың пікірін жинау және
құқықтық эксперименттер жүргізу, т.б. байқау (құқық социологиясы).
• Құқықтық модельдер – таза (теориялық), заңды нормаларға қажетті
идеяларды жасауға қажет (не үшін және ол қалай көрінетін болады, басқа
нормалармен қандай қарым-қатынаста болады), бұл мол идеалдарын
көрсету;
• Мемлекет пен құқық теориясының, тарихи-салыстырмалы әдісі дегеніміз
зерттеудегі пайда болу мен даму заңдылығы, сонымен қатар, мемлекеттік
және құқықтық институттарды, әр түрлі тарихи даму кезеңдерімен
салыстыру.
• Логикалық әдіс – құқықты түсіндіруге логикалық жолдар мен құралдарды
пайдаланады. Формалды логика заңдарына негізделген құқық – формалды
белгіленген дұрыс жүйе, ол қандай құқық нормасы болмасын – біткен
келісім нәтижесі.
Логикалық әдістердің түрлеріне: анализ, синтез, индукция және дедукция
жатады.
Анализ – тұтастықты оның элементтеріне бөлу (мем-лекеттік аппараттың
құрамын бөлу, құқық жүйесін салаларға бөлу, қарым-қатынастары мен
ерекшеліктерін белгілеу, заңды құжаттарға талдау жасау (контент – анализ,
яғни бөліп алып олардың негізгі элементерін зерттеу);
Синтез – алынған деректерді біріктіріп, тұтас көрініс жасау;
Индукция – жекешеден бастап жалпыға қарай зерттеу; мемлекет пен құқықтың
жекелеген қасиеттері арқылы көріністі қалыптастыру. Мысалы,
белгілі құқық нормаларының негізінде, заңды нормалардың құрылымын және
барлық заңдардың құрылуындағы тұтастықты түсіндіруге болады. Нақтылы
мемлекеттік органдардың белгілерін анықтау арқылы мемлекеттің механизмін
түсінуге болады – бұл белгілі мемлекеттік функцияларды орындайтын
мемлекеттік органдардың жиынтығы.
Дедукция – жалпыдан жекешеге қарай әңгімелеу (мыса-лы, нақтылы құқық
саласынан оның құқықтық нормаларының ерекшелігі жөнінде).
Арнайы әдістерге әлеуметтік психологиялық, киберне-тикалық,
статистикалық, т.б. жатқызуға болады. Мысалы, кибернетикалық әдіс, құқықтық
информацияларды автоматты түрде тексеруге, сақтауға және құқықтық
информацияны іздеуге пайдаланылады.
2. Мемлекет пен құқық теориясының басқадай заң ғылымдарының арасындағы
орны
Заң ғылымдарын үш үлкен топқа бөлу дағдыға айналған, олардың өзіндік
жиынтығы құқықты жүргізуді құрайды. Бұл:
1) Теориялық-тарихи ғылымдар (мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен
құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы);
2) Салалық заң ғылымдары (конституциялық құқық, қылмыстық құқық,
әкімшілік құқық, азаматтық құқық, кедендік құқық, отбасы құқығы, жер
құқығы, халықаралық құқық, салық құқығы, қаржы құқығы, азаматтық іс
жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, т.б.);
3) Қосымша (арнайы) заң ғылымдары, әр түрлі басқа ғылымдардың теориялық
білімдерін тікелей пайдалануды іс жүзіне асырушы (математиканы,
химияны, психологияны), яғни тәжірибедегі құқықтық мәселелерді шешуге
қажетті (криминалистиканы, сот медицинасын, сот психиатриясын, сот
бухгал-териясын, құқықтық статистикасын және заң психологиясын, т.б.)
пайдаланады.
Халықаралық құқықтық бағытты зерттейтін ғылымдар бар – халықаралық
жекеше және көпшілік құқық, теңіз құқығы, ғарыш құқығы, шетелдердің
мемлекеттік құқығы, т.б. Кейінгі кезде, жаңа құқық салалары пайда болды.
Себебі ол қоғамдық дамудың нәтижесі. Оларға: банктік, биржалық, спорттық,
медициналық, информациялық құқықтары жатады.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының рөлі мен орнын заң ғылымдарының
жүйесінен бөліп көрсетуге болады:
• Мемлекет пен құқық теориясы – барлық заң ғылымдарының жиынтығын
біріктіруші білім жүйесі;
• Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жалпы
заңдылықтарын зерттесе, салалық заң ғылымдары тек жекелеген жақтарын
зерттейді (мысалы, қылмыстық құқық – қылмыс пен қылмыстық
жауапкершілікті, ал мемлекет пен құқық теориясы – құқық бұзушылық пен
жалпы заңды жауапкершілікті зерттейді);
• Салалық заң ғылымдары үшін мемлекет пен құқық теориясы олардың негізі
(базасы) ретінде, мықты қалыптағы пән ретінде – негізгі
түсініктемелер мен категорияларды, жекелеген пәндердің білімдерін
жинақтап қорытындылау арқылы шығарады, сол білімдерді жүйелейді;
• Мемлекет пен құқық теориясы эмпирикалық материалдарды салалық заң
ғылымдарынан алады және көп деңгейде жалпылама методологиялық
проблемаларды шешумен шұғылданады.
• Мемлекет пен құқық теориясы заңгерлік оқу пәндерінің жүйесінде ерекше
орын ала отырып, студенттерге мемлекеттік-құқықтық қоғам өмірі туралы
білім береді, жалпы заңды мәдениеттің, заңды ойлаудың негізін
қалыптастырады және мемлекет пен құқық туралы алғашқы түсініктер мен
категорияларды үйретеді, себебі онсыз басқа заң пәндерін зерттеу
мүмкін емес.

* * *

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАР

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен
байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай
әр түрлі төрт кезеңнен өтті.
Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды
(отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір-бірімен адамдардың сөйлесу
қабілеттілігінің дамуы). Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мыңыншы жылдары неолит
кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге
және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келе еңбектің бөліну процесі айқындала
түседі. Біртіндеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп
шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған).
Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін бір топ адамдар пайда болып
(сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен
шұғылданған.
Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіп бір атаның ұрпағы
ретінде туыстасып біріккен шаруашылық-пен шұғылданады. Онда рудың ішінде
бір-біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық
ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі
мойындалады.
Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркектің (патриархат) рөлі өсе
бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталады.
Бұл кезеңде, еркектердің жалпы жиналыстарында басқару, руластырудың
теріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқты мәселелер шешілген. Сонымен
қатар онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру
басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер
кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын
сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген
ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай
келген, одан бөлінбеген.
Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында әдет-ғұрып нормалары болған.
Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен.
Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады,
басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп,
светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау
үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару
органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери,
діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік,
топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік
элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі – әскери демократия режимі
(Л.Г.Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық
басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.
Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті
бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік
биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі ол ұйым арнайы адамдардан құралған
және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау
мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға – протомемлекеттер жатады. Осы көне
қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән
болады. Бұл ұйымдар алғашқы рет Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада
пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы кеңістікте
орналасты. Тигр, Евфрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Үндістан,
Ассирия, Персия, Қытай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы
біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады (Шумер, Египет, Вавилон).
Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей
қажеттілікті айтуға болады:
• өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды
басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі,
тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес
топтарға бөлінуі (таптарға);
• қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын
қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен
заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.
• қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде
пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;
• мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында
соғыстар жүргізу;
• үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы
адамдарды біріктіру.

3. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӘР ТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы әр түрлі халықтарда әр
түрлі жолдармен жүреді, себебі олар географиялық, мәденилогикалық,
экономикалық, саяси және басқа да факторлармен қамтамасыз етілгені белгілі.
Қандай болмасын қоғамда мемлекеттіліктің пайда болу негізіне тән, маңызды
сипатына қарай мемлекеттің пайда болу тәсілін батыстық (европалық),
шығыстық (азиялық), германдықтар ретінде айырып зерттейді.
Шығыстық жолмен (тәсілмен) мемлекеттің пайда болуы, басынан бастап
Вавилонның, Египеттің, Қытайдың, Үндістанның құрылумен байланысты. Бұл көне
мемлекеттер, біздің эрамызға дейінгі үш мың жылдар бұрын, рулық құрылымның
біртіндеп, қоғамның мемлекеттік ұйымға өту процесінде пайда болған. Бұл
мемлекеттердің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататыны, тұрақты
ирригациялық (суармалы өңдеу) жұмысты жүргізу қажеттілігіне байланысты
болды. Тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету, әсіресе құрғақшылық не тұрақсыз
климат жағдайында қажеттілігі арта түсті. Мұндай жағдай, тармақтарға
бөлінген басқару аппаратын көпшілік жұмыс басқару, қаржы және әскер
қалыптастыртып өте көлемді аумақтармен және көпшілік адамдармен жұмыс
жүргізуді мәжбүр етеді.
Батыстық жолдың ерекшелігі сонда, мемлекеттік институттардың құрылуы
жеке меншіктің пайда болып, қоғамда антогонистік рухтағы топтардың болуымен
байланысты. Көне елдердің тарихында ол германдық мемлекетте варварлық
корольдіктердің пайда болуынан көрінді.
Афиндік республика – шын мәніндегі классикалық мемлекеттердің
құрылуындағы үлгі болды. Себебі мемлекеттіліктің пайда болуы мұндағы рулық
құрылымның ішіндегі қарама-қайшылықты тежеу процесінің нәтижесі болды.
Біздің эрамызға дейінгі VII ғ. – Драконта реформалары (жеке адамдар
арасындағы қарама-қайшылықты, басқарушы элиталардың басынушылығын тежеді,
көріне бастаған жеке меншікті қорғады); б.э.д. 594 жылғы – Солон реформасы
бойынша (қандас-рулық қатынастар жойылып, барлық тұрғандарды өздерінің
тұрмыстық жағдайларына байланысты разрядтарға бөлді); б.э.д. 509 ж. –
Клистфен реформаларына байланысты (аумақтарды бөлу кіргізіліп, Аттикада
рулық-тайпалықтың орнына, саяси қайта құру жүргізілді).
Римдік мемлекеттің пайда болу нысаны – мемлекеттің пайда болу
концепциясы, рулық қоғамды тұйық аристократияға айналдыруға негізделген
және оны көптеген құқығы жоқ плебейлер тобынан айырып, партиялық
(құлдықтағы) патрисциямен саяси қатынастарды орнату, оның қирағанының
орнына сайып келгенде мемлекеттің пайда болуы көзделген.
Германдық мемлекеттердің құрылуы великое переселения народов
процесімен байланысты алынған ат, яғни IV-VII ғғ. Европадағы көптеген
этникалық топтардың бір жерден басқа жерлерге ауысуы, яғни Рим империясының
сырт жағынан сол аумақтың ішіндегі белгілі жеріне көшуі. Мұндай жағдайдың
басталуы ғұндардың шабуыл жасауынан басталады. Басты сипаттамаға
варварлармен Рим империясының көп жерлерін жаулап алуы және бағындырып өз
биліктерін жүргізуі жатады. Басып алынған жергілікті жерлерінде Римдік
мемлекеттіліктің аппараты қызметте болған. Жаулап алған жерлерді басқару
мақсатында, арнайы мемлекеттік органдар құрылған. Мысалы, әскери басшының
орнына король сайланған, көпшілік халық билігі және қыстау (қинау)
мемлекеттілік органдары құрылған.
Шығыс славяндарының мемлекеттігінің пайда болуындағы ерекшеліктерге
жататын факторларға ерекше географиялық орнын айтуға болады. Батыс
(европалық) жағына және шығыс (азиялық) жерлердің (мәдениетімен,
өркениетімен) арасындағы үлкен аймақта V-Х ғғ. бір-бірінен бөлек тайпалар
өмір сүрген. Сондықтан шығыс славян мемлекеттігі тұрақты түрде көшпелілер
мен варягтар жағынан шабуыл жасап басып кіру қауіптілігін күткен. Климат
жағдайының тұрақсыздығына байланысты ауылшаруашылық-пен шұғылдануға
мүмкіндік болмаған және қарсыластардың кезекті шабуылына байланысты жұмыс
істеу тоқтатылған. Алғашқыда кәсіби (жалдамалы) әскери дружиналар жаудан
қорғану үшін құрылып, кейіннен бір орталықтағы салық жинау қажеттілігіне
байланысты және басқа міндетті төлемдерді жинайтын міндеттілікті қоса
атқарған.

4. ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маңызды әлеуметтік реттеушіге әдет-
ғұрып (көптеген жылдар бойы қайталанудың нәтижесінде адамдардың үйреншікті
әдетіне айналған тәртіп жолдары) және діни (культтік) нормалар болды. Әдет
нормалары табиғи райға қажеттіліктен қауымның өмірінің барлық жағына
маңызды болған – рудың, тайпаның шаруашылық өміріне және отбасылық, тағы
басқа рудың арасындағы қарым-қатынасқа, моральға, діни салт-дәстүрге.
Тыйым салу (табу) – бірдеңе істеуге діни тыйым салу белгіленген. Ондай
тыйым салу нақтылы затқа не әрекетке арнайы белгіленген және оларды бұзу
рух пен құдайлар жағынан жазалауға жатқан. Мұнда тек тәртіпті бұзушы ғана
жауапқа тартылмай, ру не қауымдастық тұтасымен жазалануға тиіс болған.
Мысалы, қандас адамдардың отбасын құруы; Злобной магиисі бар адаммен
араласпау; тұрған үйден, жермен жақындасу үшін, басқарушыға тіке қарау (көз
тигізбеу); жай адамдармен араласпау (Жапония және Қытай империялары,
Африкандық корольдерге) тиісті болған, тамақтың қалдықтарына табу қойылған
(қалдық тамақтарға зиян келтіру оны жейтін адамға зиянын тигізгендіктен,
оларды жағып не жерге көму көзделген); соғыстан қайтып келген әскери
адамдармен араласуға тыйым салынған (себебі оларды әлі күнге өлтірілген
жаулардың рухы соңдарында жүр), сонымен қатар, кісі өлтіргендермен және
кісі өлтіруді іс жүзіне асырушы жендеттермен араласуға да тыйым салынған.
Тыйым салудан басқа, мынадай реттеу жолдары: рұқсат беру (дозволения)
және міндеттеу (обязывание) пайда болды, яғни нақтылы әрекет істеуге рұқсат
беру (не әр түрлі жағдайлардағы әрекетсіздікке). Ондай жағдайлар, аңға
шыққан адамдардың қандай аңды атуға болатындығын анықтаған және
өсімдіктердің түрлері мен олардың жемісін жинау уақытын анықтайтын
кезеңдерде және әр түрлі аймақтардағы су көздерін пайдалануда туындаған.
Позитивті (оңды) міндеттеу – белгілі әрекетті жасауға арналған алдын-ала
міндеттеу, мысалы, тамақты дайындау процесіндегі қажетті тәртіпті
ұйымдастыруда, тұрғын үй салғанда, далада, от жаққанда, құралдар
дайындағанда туындайды.
Бар тәртіп жолдары, солай айтылатын мононормалар түрінде қалыптасты.
Мононормалар, әлеуметтік нормалар ретінде қоғамда қалыптасып жатқан
қатынастарды реттейді және өзінің әмбебаптылығымен және бөлінбейтіндігімен,
құқықтық моральды-этикалық, діни және басқа талаптарға сай сипатталады.
Былайша айтқанда, мононормаларда барлық әлеуметтік нормалар бір-бірімен
араласып барлық қоғам мүшелері үшін, нағыз шындық негізінде көрінді.
Адамдардың тәртібін реттеуде ерекше орынды мифтер алады. Миф дегеніміз
ертегілердегі болған (құдайлардың, батырлардың, рухтардың), ертегі
әңгімелердің жиынтығы, олар өмір туралы адам ойларының табиғаттағы
күнделікті болмыстағы мистикалық жағдайын көрсетеді. Жекелеген аймақтарды
(Месопотамия, Египет, Үндістан (ІV-ІІІ мың жыл б.э.д.) осы құқықтың қайнар
көздеріне агрокалендарлар, жазылған қатаң түрдегі нормативтік жинақ түрінде
қосылады. Онда көне жер өңдейтін қауымдастық күнделікті өмір жолдары (жерді
жырту, дән себу, егінді жинау), ол тәртіпті қадағалау, соған жауап беретін
аппаратқа тапсырылған. Ол тәртіпті бұзғандарға арнайы санкция белгілеген.
Кей кездерде, құқықтық нормалар шенеуніктерге ерекше нұсқау ретінде
кіргізілген (Мысалы, көне Египетте солай айтылатын Сорок кожаных свитков
(қырық былғары ораулар).

5. МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ
ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАР

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теория-лардың ішіндегі
маңыздыларына – патриархалдық, теология-лық, келісім, материалистік және
қыстау теорияларын жатқызуға болады.
Патриархалдық теория – (Аристотель, Р.Фильмер, Н.К.Михайловский,
М.Н.Покровский). Бұл теория бойынша патриархалдық отбасының, оның өсіп
кеңею нәтижесінде, отбасы – отбасы жиынтығы (ауыл) – село – (ауылдардың
жиынтығы (мемлекет). Аристотель адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасқа
өмір сүру үшін түсетін, саяси жәндік деп атаған. Отбасының құрылуы, дамуы
көбеюі нәтижесінде село (ауыл) пайда болады, олардың бірігуі мемлекетті
құрады. Сонымен, мемлекет отбасылық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде, ал
монархтық билігі, әке билігін (патриархаттың) отбасында жалғаушысы ретінде
көрініп, әкелік сипатта алып жүреді.
Теологиялық теория – (Аврелий, Августин, Фома Аквинский, Жак Маритен)
мемлекеттің құдаймен құрылғандығы идеясына негізделеді, мақсаты жалпыға
бірдей жақсылықты іс жүзіне асыру. Ол рухани биліктің светтік биліктен
үстемдігін негіздейді. Әрбір адамға құдай алдында бас июін алдын-ала
белгілейді және шіркеумен рұқсат берілген билікке бағынуды уағыздайды.
Теологиялық теория мемлекеттің мәңгілік идеясымен қаруланған, оның
өзгермейтіндігіне сенеді. Осыған байланысты барлық қоғамдағы мемлекеттік-
құқықтық институттарды өзгеріссіз сақтау қажеттігі туралы қорытындылар
пайда болды.
Келісім теориясы – (табиғи-құқықтық теория) (Г.Гроций, Б.Спиноза,
Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, Я.Козельский, А.Радищев, И.Кант). Бұл теория
бойынша мемлекет келісім нәтижесінде пайда болды деген, идеяны қолдайды,
яғни саналы түрдегі адамдардың келісімі негізіндегі акт. Адамдардың
біртұтас мемлекеттік одаққа бірігуі, адам баласын сақтауға арналған табиғи
талап және адалдықты, бостандықты және тәртіпті қамтамасыз етеді.
Органикалық теория алғашқы рет Платонмен (428-348 б.э.д.) және
Аристотельмен (384-322 б.э.д.) тұжырымдалып мемлекеттің пайда болуы мен
қызметін биологиялық организмге теңейді. Г.Спенсер (1820-1903) ол идеяны
дамытып, мемлекет – бұл қоғамдық организм, жеке адамдардан тұрады, тірі
организм сияқты клеткалардан құралады дегенді айтқан. Мемлекеттегі бар
институттар адам баласының организмдерінің бөлшектерімен бірдейлестірілген.
Басқару органдары – бастағы миға, коммуникациялар және қаржылар – қан
жүретін жүйеге, заңдар – адамның жүйкесіне теңестірілген, т.б. Адамның
организмі сияқты, мемлекет те уақыт ықпалына тәуелді екенін айта келіп,
мемлекет туады, дамиды, қартаяды және өледі деген идеяны уағыздаған.
Қыстау теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) түсіндіруімен
мемлекеттің пайда болуы, соғыстың нәтижесі ретінде, бір адамдармен
басқаларды күш арқылы бағындыру (Е.Дюринг бойынша – қоғамның бір бөлігі
екінші бөлігімен, Л.Гумплович және К.Каутский бойынша – бір тайпаның
екіншісін бағындыруы). Жаулап алу, ерекше басқару органдарын құрып,
тәртіпті қолдаудың қажет екендігіне алып келеді деген.
Материалистік (таптық, маркстік) теория (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин,
Г.В.Плеханов) мемлекеттің пайда болуы таптардың пайда болып, олардың
арасындағы келісімге келмейтін (антогонистік мүдделеріне қарай туындаған)
қайшылықтардың нәтижесіндегі мемлекеттің пайда болуы негізделеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардан басқа,
әдебиетте солай айтылатын ирригациялық теория бар. Онда мемлекеттің пайда
болуын өндірістік төмен деңгейіндегі жағдайына байланысты үлкен
ирригациялық жұмысты ұйымдастырушыға қажеттілікпен түсіндіреді
(К.А.Виттфогель). Нәсілдік (теория) – мемлекеттің пайда болуы мен даму
туралы айтылған көзқарастардың жиынтығы ол адам баласы нәсілдерінің
физикалық және психикалық бір бағалылықта емес деген пікірлерге
негізделген, олардың жоғарғы және төменгі бөлінуі, олардың ойынша – олардың
біріншісі жоғарғысы өркениетті құрушылар, сондықтан қоғам мен мемлекетте
үстемдік етуі үшін қажет, ал екіншісі (төменгісі), тек қарсылықсыз
біріншісіне бағынышты болуы көрсетілген (Ж.Гобино, Ф.Ницше).
Патримониалдық (теория) бойынша мемлекет жерге (патримониум) мұрагерлік
меншіктен шыққан және сол жерде тұратын адамдарға оның билігі автоматтық
түрде таралғандығы айтылған (А.Галлер).
Психологиялық – онда мемлекеттік-құқықтық құбылыс-тардың пайда болуы,
адамдардың ұйымдастырған қоғамдас-тықтың қалпында өмір сүруге психологиялық
қажеттілік екендігі негізделген. Яғни, адамдардың ерекше психология-лық
қажеттілігіне сай, ұжымдық қарым-қатынас сезімінің болуы: билік ету,
бағыну, тыңдау, белгілі (лидермен) бастыларға және идеяларға бағыну
(Л.Петражицкий, Э.Фромм, Г.Тард, Н.М.Коркунов).
Солидаристік (Э.Дюркгейм, Л.Дюги), инцестік (жыныс-тық) теория (Леви-
Строс), спорттық (Ортега Х Гассет), диффузиондық (Гребнер) және басқадай
концепциялар.
Ресейге қатысты айтылған нормандық теория, мемлекет пен құқықтың пайда
болуы туралы ХVІІІ ғасырдың ортасындағы концепцияларда көрсетілген.
Концепцияның жақтастарының пікірлері бойынша, Киев Русінің негізін
салушылар алдымен оның мемлекеттік басқару құрамын ұйымдастыру нормандарға
(варягтарға) жататындығын қолдайды.
Құқықтың пайда болу теориясы, көп деңгейде мемле-кеттің пайда болуымен
бірдейлес, себебі олардың бірдей табиғатымен және бөлінбейтін тарих қарым-
қатынасымен қамтамасыз етілген. Сондықтан, сол сияқты теологиялық, табиғи,
нормативтік, психологиялық, материалистік концеп-циялардағы құқықтың пайда
болуы туралы айтуға болады. Сонымен қатар, көзқарастар қатарындағы оның
генезисін ерекше бөлу қажеттігі туындайды:
Тарихи теорияның өкілдері құқықты мемлекет қызметінің нәтижесі емес
Ұлттық рухтың нәтижесі ретінде қарайды – әдет-ғұрып, дәстүрлердің ұзақ
уақыттар бойы қалыптасуына байланысты, мемлекет солардың ішінен көбірек
қажеттілігі барларын бәріне бірдей тәртіп жолы ретінде бекітуі қажет
(Г.Гуго, Ф.Савиньи, Г.Пухта, т.б.);
Татуластыру теориясы бойынша, құқық жауласқан рулардың арасындағы
қатынасты тәртіпке келтіруге (татулас-тыруға) арналған құрал ретінде пайда
болған (Г.Берман, Э.Аннерс);
Реттеу теориясы – құқықтың пайда болуын, қоғамдағы бірдей тәртіпті
белгілеуге арналған байланыстырушы, универ-салды құрал ретінде қаралған.

* * *

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

6. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

Мемлекет – бұл қоғамдағы бірдей саяси биліктің жү-йесі, елдің барлық
аумағына таралады және оның тұрғын-дарының арнайы басқару аппараты және
қинауы бар, бар-лығына міндетті ұйғарым шығарады және егемендікке ие.
Мемлекеттік биліктің басқа әлеуметтік биліктен айырмашылығын мынадан
көруге болады:
• Оның саяси табиғаты бар, сондықтан алып жүретін таптық сипаты бар;
• Салыстырмалы тәуелсіз және басқадай қоғамдық әрекет түрлерінен
тәуелсіз, қоғамнан бөлінеді және қоғамнан жоғары тұрады, яғни
әруақытта көпшілік қалыпта;
• Тежелмейтін заңды сипатта болады;
• Көп жағдайда сендіру әдісімен іс жүзіне асырылады, бірақ, қажетті
сәтте мәжбүрлеу құралының бай арсеналын мүмкіндігінше пайдалануға
дайын;
• Барлық билікке қарағанда, қоғамның барлық мүшелері жағынан талап ету,
бағындыруға құқығы бар (құқықтық шығармашылық әрекеттері);
• Басқадай әлеуметтік биліктің түрлерінен айырмашылығы, саяси
(мемлекеттік) билік белгілі аумақтағы қалыпта қатаң әрекет жасайды.
• Сол үшін арнайы құрылған мемлекеттік аппарат (механизм) арқылы іс
жүзіне асырылады.

7. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ, НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРНЫ

Батыстың (доминирующий) мемлекет концепциясы, ерте-дегі көне кезден
басталады, аристократиялық түсініктемеге сай, мемлекет бостандықтағы және
тең азаматтардың саяси ассоциациясы (қосылым) ретінде танылды. Мұндай
түсініктеме мен мемлекет қоғамнан бөлініп көрінбеді. Аристотельдің
концепциясы кейіннен Цицеронмен, Ф.Аквинскимен, М.Падуанскимен, Г.Гроцимен,
Дж.Локкпен, И.Кантпен, т.б. қолданылды. ХVІ-ХVІІ ғғ. мемлекетті түсіну жаңа
бағыт алды. Ол көп деңгейде, көпшілік биліктің арнайы аппаратымен (Ж.Бодэн,
Т.Гоббс, В.Гумбольт, К.Маркс, В.И.Ленин).
ХVІІ ғ. анық түрде адамның табиғи құқығы мен мемлекеттің келісім
теориясының негізгі концепциясы тұжырымдалды. ХVІІІ ғ. бұл екі элементті
либералдық мемлекеттің бір жүйесіне біріктіріп, жеке адамды жәбірлеуден
қорғауды көздеді (Руссо, Монтескье, Гумбольт). ХІХ ғасырдағы ғылыми
зерттеулер құқықтық мемлекеттің негізін теориялық жағынан мойындауға әкелді
(Р.Моль). Сол ХІХ ғасырда социалистік (пролетарлық, жалпыхалықтық) мемлекет
идеясы пайда болып, тәжірибеде барлық ХХ ғ. бойы өмірге кірді. Өткен
ғасырда, сонымен қатар, фашистік кейіптегі мемлекет өмір сүрді.
Мемлекеттіліктің түрлері:
• Тоталитарлық мемлекет, жеткілікті түрде азаматтардың және олардың
өміріне араласып, саяси ұйым мен экономика жөнінде бір пікір мен
бағалауды қондырушы. Ондай мемлекет барлық қоғамды өзіне сіңіреді.
Тоталитарлық мемлекет – бұл мемлекеттің диктатурасы.
• Авторитарлық мемлекет қоғам мен жекелеген азаматтарды артықтау
қолдануымен, олардың барлық ішкі ісіне араласып, қоғамдық
қатынастардың ұсақталған қатынастарын регламентациялаумен сипатталады;
• Құқықтық мемлекет – адам мен азаматтың бостандығы мен құқығын
қорғайтын экономикалық және әлеуметтік конституциялық кепілдігі бар
мемлекет (әсіресе әлеуметтік қорғалмаған тұрғындардың бөлігін), ал
оларды өз мәнінде орындау, мемлекеттің маңызды міндеттілігі; бұл
мемлекет заңмен бекітілген принциптермен негізделген әлеуметтік
теңдіктегі, жалпыға бірдей қолдау тапқан және бір-біріне деген
жауапкершілік.
• Светтік мемлекет – бұл мемлекет әр түрлі қандай болмасын діннен оның
догмасынан және дәстүрле-рінен, әр түрлі діни ұйымдардан олардың саяси
және мемлекеттік білім беру жүйесімен басқадай мемлекет-тік өмір
аясынан бос; светтік мемлекет діни қатынастардан бейтараптықта, онда
дін мен атеизмнен аулақ екендігі мойындалады.
Сонымен, қазіргі кездегі мемлекеттің негізі сонда, ол қоғамның
ұйымдастырушы күші, өз мүшелерінің жекелеген және жалпылама мүдделерін
көрсетеді және қорғайды.

8. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯЛАРЫ

Қазіргі мемлекет теориялары – бұл мемлекеттің негізі және оның қоғамдағы
орны, әрі қарай даму заңдылықта-рындағы болашағы, жетістіктері туралы
көзқарастардан құралады. Солардың ішіндегі маңыздыларына төмендегілер
жатады:
• Элиталардың теориясы (ХХ ғ. басы, Г.Моски, В.Парето, Х.Лассуэл,
Д.Сартори) – халық тобыры мемлекетті басқара алмайды, сондықтан
мемлекеттік билік тек тұрғындардың элитарлық қабатымен басқарылуы
мүмкін. Яғни, қоғамның жоғарғыларымен – деген идеяларды қолдайды.
Мұнда ондай элиталар әр түрлі қажетті, мынадай талаптарға сай екендігі
ескеріліп, қалыптастырылуы қажет – қабілеттілігі, білімі, тәжірибесі.
Халық элиталардың арасында болғандықтан соны не басқаны мемлекетті
және өздерін басқаратын адамдарды сайлауы қажет;
• Технократиялық теория (грек tehne – кәсіп, kratos – билік) ХХ ғасырдың
60-70 жылдары тарады, ондағы билік құратын бастамаға информация
(ақпараттық) болды, мамандардың менеджерлер мен технократтардың
басқаруы міндетті болды. Тек солар ғана, қоғамның прогрессивтік дамуын
қамтамасыз етуге қабілетті ретінде танылды (Т.Веблен, Д.Бернхейм,
Г.Саймон, Д.Белл, т.б.);
• Плюралистік демократия теориясы (Г.Ласки, М.Дюверже, Р.Дарендорф,
Р.Аллен, Р.Даль, т.б.) ХХ ғ. ортасында қалыптасып, қазіргі қоғамның
таптық құрылым емес, адамдардың әлеуметтік қосы-лымдарының жиынтығы
ретінде танылды – сторт. Әр түрлі негіздерге байланысты қалыптасады
(жасы, өмір сүретін орны, мамандығы, мүдделері, т.б.);
• Мемлекеттің жалпыға бірдей теориясы (50 ж. ХХ ғ. Д.Кейнси) ХVІІ ғ.
бастап өмір сүрген мемлекет теориясы түнгі күзетшіге (ночной
сторож) қарама-қарсы пайда болды, қоғамдық процестерге ешқандай
араласпады. ХХ ғ. отызыншы жылдарындағы кризистік жағдай мемлекеттің
рөлі мен орнын қайта қарауға мәжбүр етіп, оны барлық социумның
мүддесін көрсетуші ретінде танылды және соның негізінде барлық
қоғамдық тұрмыс аясына, әсіресе экономикалық процестерге араласу
міндеттілігі көрсетілді.
• Құқықтық мемлекет теориясы (ХVІІІ ғ. қалыптасты) – мемлекет өзін
құқықпен тығыз байланыстырып, өзі ғана қоғамның барлық берекесін
жасайды;
• Конвергенция теориясы (ХХ ғ. 50-60 ж.) – уақыт өткен сайын деңгейлері
ұқсас әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік жүйенің саяси дамуында
жақындасушылық процесі жүріп жатыр. Дами отырып, олар бір-бірінен
барлық жақсылықты қабылдайды. Келе-келе олардың арасындағы айырмашылық
тіптен жойылып, (постиндустриалды мемлекет) бір кейіпте пайда болды.
• Маркстік-Лениндік теория (тарихи-материалистік) – мемлекет тікелей
қоғамның экономикалық дамуына тәуелділігіне негізделеді және
экономикалық үстемдік ететін топтың билігінің құралы ретінде көрінеді.
Капиталистік формацияға дейін ол негізінен алғанда езілген еңбекшіл
тапты қанау мен езудің басты құралы болды. Ол коммунистік қоғам
құрылғаннан кейін қоғамның өзін-өзі билеу кезінде мүлдем құрып кетеді
(К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.Плеханов).

9. ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

Мемлекет өзі үшін жай өмір сүре алмайды. Ол қоғам өмірі үшін қажет. Ол
адамдарды бір билік астына біріктіріп, бірлестіреді және мүдделерін
қанағаттандырады. Қоғамда мемлекеттен басқа әр түрлі мүдделерге байланысты
адамдарды біріктіретін ұйымдар мен бірлестіктер бар: қоғамдық одақтар
(саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық, жастардың, әйелдердің
бірлестіктері), коммерциялық ұйымдар.
Саяси жүйе – бұл мемлекеттік, партиялық және қоғамдық органдар мен
ұйымдардың жиынтығы, елдің саяси өміріне қатынасушы, сонымен қатар оның
қатынастардағы жанамасы.
Саяси институттар:
• Мемлекет өз органдарымен (президент, парламент, үкімет, тексеру-
бақылау, сот және құқыққорғау органдары);
• Саяси және басқа қоғамдық құрылымдар, оған көптеген коммерциялық емес
және коммерциялық ұйымдар кіреді.
Саяси тәжірибе, саяси және құқықтық нормаларда көрсетілген (өзін-өзі
басқаратын жергілікті басқару органдары, сайлау құқығы), жүйенің жекелеген
бөліктерінің арасындағы саяси қатынастар, ерекше процедуралар, т.б.
Саяси идеология (саяси сезім және саяси тәртіптің мәдени стереотиптері,
саяси білім, қағидалар, бағалылықтар мен идеялдар).
Барлық жоғарыдағы аталғандар саяси жүйенің элемент-тері қоғамдық
әрекетте белсенді түрде көрінеді, бірақ олардың саясатқа ықпал ету деңгейі
тежеледі. Мемлекет саяси жүйенің маңызды бөлігі ретінде ондағы ерекше
орынды алады:
• Ол қоғам дамуының негізгі жолын белгілейді;
• Қоғамды басқаруды іс жүзіне асырады, ол үшін өзіндегі көпшілік, яғни,
арнайы заң шығаратын, атқарушы, сот және тексеру-бақылау органдарынан
тұратын билік аппаратын пайдаланады;
• Барлық саяси жүйенің тұтастығына кепілдік пен тұрақтылық береді;
• Бұл нағыз тұрақты элемент (бөлік);
• Бұл нағыз саяси институт;
• Оның егемендігі бар;
• Ол қоғамдағы ең жаппай көпшілік ұйым, қандай болмасын тәуелділіксіз
және қандай болмасын ерекшеліксіз барлық адамдарды жынысына, жасына,
мамандығына, сеніміне, т.б. қарамай бөлмей біріктіруші.
• Қоғамдағы толық билігі бар бірден-бір ұйым, оның ең үлкен күштілік
мүмкіндігі бар (армия, полиция, қауіпсіздік қызметі);
• Күш қолдануға монополиясы бар;
• Өз қолына өте үлкен көлемдегі материалдық және қаржылай құралдарды
топтастырған;
• Ол қоғамдағы барлығы үшін тәртіп жолдарын заңды нормаларды белгілейтін
бірден-бір ұйым.

* * *

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ (КЕЙІПТЕРІ)

10. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ
(КЕЙІПТЕРІНІҢ) ТҮСІНІГІ

Белгілі тарихи кезеңдегі мемлекеттің нақтылы ерекшеліктері қоғамның
дамуының деңгейлеріне байланысты белгіленеді. Формалды белгілердің
өзгеруімен (аумағының, көпшілік биліктің, егемендіктің) қоғамның дамуына
сай мемлекет шын мәніндегі, үлкен өзгерістерге ұшырайды. Оның басқару
әдістерінің мазмұны, әлеуметтік бағыттағы мақсаттары өзгереді. Мемлекеттік
сипатқа және мемлекеттік құрылымға тұрғындардың ұлттық құрамы,
мәдениетіндегі өзіндік өзгешелік, аумағының мөлшері, географиялық жағдайы,
халықтың бекіп қалған әдеттері мен дәстүрлері, діни көзқарастары мен басқа
да факторлар ықпал етеді.
Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) – бұл белгілі, тарихи ерекшеленген
топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.
Кейіптеу қалпындағы негізгі компонентке тарихи мемлекет типі (кейпі)
жатады – мемлекет бір қоғамдық-экономикалық формацияға байланыстыратын
көбірек маңызды белгілердің жиынтығы, белгіленген мемлекеттердің жиынтығы,
олардың әлеуметтік орнының негізгі бірлігімен қатамасыз етілген. Сонымен
бірге, мемлекеттік-құқықтық институттардың тығыз қарым-қатынасын
ұмытпауымыз керек. Сондықтан кейіптеу қалпында, тарихи құқық типі (кейпі)
солай бөлініп шықты, ол өз жағынан, қоғамның барлық жан-жақты өмір аясының
ерекшеліктерімен, құқықтық қағидалардың мазмұнымен және белгіленген,
қорғалатын соған сай тарихи кейіптегі мемлекеттің заң нормаларының құқықтық
саясат жүйесімен сипатталады.
Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория – формациялық және
өркениеттік.

11. МЕМЛЕКЕТТЕРДІ КЕЙІПТЕУДЕГІ (ТИПОЛОГИЯ) ФОРМАЦИЯЛЫҚ ӘДІС

Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс – бұл қоғамның
дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның
экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен
таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу.
Өндірістік күштің даму деңгейі, қоғамның материалдық-техникалық негізін
белгілейді, ал өндірістік қатынастар қалыптасып жатқан бір типті формадағы
(нысандағы) меншіктегі өндіріс құралдары қоғамның экономикалық негізін
(базасын) құрайды, оған белгілі саяси, мемлекеттік-құқықтық және басқадай
қондырғы құбылыстар сай келеді. Бір қоғамдық-экономикалық формациядан
екіншісіне ауысу, ескірген өндірістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Жалпы теорияның пәні және әдісі
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Пәндер