Мемлекеттік нышандар – Ту, Ел таңба, Әнұран


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік нышандар - Ту, Ел таңба, Ән ұран - бұл кез келген мемлекеттің ажыратылмайтын бөлігі. Қазақстанның мемлекеттік нышандарын бекіткеніне 16 жыл өтті - 1992 жылдың 4 маусымында біздің еліміздің тарихына мемлекеттік нышандар күні ретінде енді. Аудандық кітапханада күнделікті балалардың және жастардың жұмысында мемлекеттік нышандарын насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ту, Ән ұран және Ел таңбаның айтылуы туралы ақпараты әр түрлі тартылады: көрмелер, сұхбаттар, шолулар және танымдық ойындар арқылы. Мысалы, №5 қазақ орта мектебінде «Мемлекеттік нышандар - менің мақтанышым» атты мемлекеттік тілде викторина жүргізілді.

Кез келген жаңа мемлекеттің алғашқы қадамы өз туын, ел таңбасын және ән ұранын тауып алу болып табылады. Олар еліміздің егемендігі және саяси тәуелсіздіктін нышандары болып табылады, осыған байланысты - деді кітапханашы, өз іс-шарасының ашылуында. Балалар викторина сұрақтарына жауап берді, өз білімдерін көрсетті, мемлекеттік нышандарына өз құрметтерін білдірді.

«Мемлекеттік нышандар - бұл біздің тарихымыздың бөлігі, ұлттық мақтанышымыздың бұйымы, Отан, Отаншылдық, ұлтжандылық мағыналарына байланысты» - деген Н. Назарбаевтың сөздерімен іс-шара аяқталды. 5 сынып оқушысы Нургапьянов Мирас ең беделді қатысушы және жеңімпазы болды.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары - Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Гимн - бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.

Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.

Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай әнұраны болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды (3-қосымша) .
Жаңа әнұранның негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән - «Менің Қазақстаным». Бұл ән - жалынды жастықтың әнұраны, халық жанының нағыз поэмасы болып танылған.

2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа әнұраны болып атақты ән - «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан әнұранының сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор - еліміздің Президенті.

Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа әнұран 2006 жылғы 7 қаңтардағы "Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Елбасы қол қойған № 112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары - ресми жариялау күні - тарихқа еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде жазылып отыр.

Музыкалық-поэзиялық нышанның алғашқы ресми орындалуы «Ақ Орда» Президент сарайында Астанада еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми инаугурациясы кезінде болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторлары болып Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау
Мемлекеттік символдардың жасалуы:тарихы, мазмұны, мәні
Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Туған елім, тірегім ( әдістемелік құрал )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz