Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына бейімдеудің педагогикалық шарттары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 371. 84: 001. 891 Қолжазба құқығында

ЕСБОЛОВА АСЕЛЬ АЙДАРХАНОВНА

Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды ғылыми – зерттеу
жұмысына бейімдеудің педагогикалық шарттары

6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертациясының
рефераты

Қызылорда, 2012

Дисертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: Филология
ғылымдарының кандидаты
Г.Ш.
Ерназарова

Ресми оппонент: педагогика
ғылымдарының кандидаты

Р.А.Набуова

Қорғау өткізіледі:
Диссертация 2012 жылдың ____ маусымында сағат ___ Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014,
Қызылорда қаласы, Төле би 36 А, 7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық
факультет, дәрісхана №__ ) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі
нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың
бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды
пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір
сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып
отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім
беру мен кәсіптік қайта даярлауды, парасатты экономиканың негіздерін
қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды
пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік
алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке
жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты
мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді
қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге
қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты,
жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында
шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман
талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін
арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12
жылдық білім берудің басты мақсатының бірі –
құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі –
мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет
жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен
жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін,
этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық
ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін
түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми зерттеу жұмысына
даярлау үрдісі
Зерттеу пәні: Оқушылардың ғылыми зерттеушілік біліктерін қалыптасыру
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін жеке тұлғаны дамыту
теориясы, ақыл-ой әрекетін кезеңге бөліп қалыптастыру теориясы, іс-әрекет
теориясы, проблемалық оқыту теориясы, педагогикалық технологияның теориясы
құрайды.
Зерттеу әдістері:
– зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.

3
– ғылыми, танымдық, зерттеу бағдарламалары, тұжырымдамалары,
әдістемелік құралдарды талдап, қорыту.
– бақылау, әңгімелесу, озат тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
– Зерттеудің теориялық базасы ретінде ізденушілік, зерттеушілік,
құзырлы, құзыреттілік ұғымдарының мәні ашылды.
– бастауыш сыныпта оқытылатын гуманитарлық жаратылыстану пәндерінің
негізінде интерактивті әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми
зерттеушілік, ізденушілк біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері
айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері бойынша
құрастырылған ғылыми-жоба сайысының үлгілерін, оқушылардың ғылыми жоба
жұмыстарын бастауыш сынып мұғалімдері мен БОПӘ мамандығының студенттері
пайдалана алады.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеуді жүргізу мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
1) Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;
2) Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;
3) Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің
көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылту;
4) Оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына жағдай
жасау;
5) Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;
6) Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу.
Оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында секция
отырысы әр түрлі формада жүргізіледі:
1. Зерттеу сабақтары
2. Шығармашылық сабақтар
3. Практикалық сабақтар
4. Теориялық-қортындылау жұмысы: ғылыми жобалар қорғау.

4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу – танымдық әрекеттің мамандандырылған формасы ретінде
ғылым үшін тән жаңа білімді өндіру тәсілі. Тікелей қабылдау, ұғыну, ойлану
және т.б. зерттеу танымның мақсаты мен құралын анық бекітуді болжайды,
нәтижелерді қайта өндірудің, олардың дәлелділігі мен шынайылығының
әдістемелік формаларымен бағыт алады [8].
Зерттеудің өзара эмпиристикалық және теориялық деңгейін бөліп
ажыратады [9]. Эмпиристикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталған және
бақылаулар мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымның
ұғымдық аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты. Оның маңызды
байланыстары мен заңдылықтарындағы шынайы нақтылықты жан – жақты тануға
бағытталған. Зерттеудің бұл екі түрі де тығыз өзара байланыста және ғылыми
танымның тұтас құрылымында бірін – бірі шамалайды. Эмпиристикалық зерттеу,
бақылаулар мен тәжірибенің жаңа мәліметтерін анықтай отырып, теориялық
дамуды ынталандырады, олардың алдына жаңа міндеттер қояды. Теориялық
зерттеулер, ғылымының теориялық мазмұнын дамыта және нақтылай отырып
фактілерді түсіндіру мен алдын болжаудың жаңа перспективларын ашады,
эмпиристикалыққа бағдар береді және бағыттайды.
Ғылым дамуының эмпиристикалық сатысында (мысалы, тәжірибелік
жаратылыстану ХVІІ, XVІІІ, ішінара ХІХ ғ.)ғылыми білімді қалыптастыру мен
дамытудың негізгі құралы эмпиристикалық зерттеу және оның нәтижелерін
логикалық өңдеп қорытындылау. Алайда осы сатыда өзінде танымның
эмпиристикалық материалдарын ретке келтіру мен жіктеу негіз ғылыми
абстракциялардың жетілдірілуі мен дамуы жүзеге асырылады. Ғылымның ұғымдық
аппаратын одан әрі қарай дамыту мазмұны эмпиристикалық мәліметтерді жалпы
қорытындылау мен салыстыру шеңберінен шығатын логикалық формалардың
(мысалы, типология, алғашқы түсіндірме сызбалар, үлгілер және т.б.) пайда
болуына әкеледі. Іштей дифференциальданған тұтас теориялық жүйелердің
қалыптасуы, шынайылықтың ерекше теориялық үлгісінің пайда болуына әкеліп
соқтырады. (мысалы, көздің молекулярлы – кинетикалық үлгісі) (Обухов А.С.)
[10]. Танымның мұндай құралдары зерттеудің эмпирикалық деңгейіне
салыстырмалы түрде ойдың қозғалуына себепші болады, оның эвристикалық
мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Ғылымының теориялық мазмұнын кеңейту және көп
қабатты теориялық жүйелерді құру ғылыми танымның теориялық аппаратының оның
эмпиристикалық базисінен нақты оқшаулануына әкеледі, бұл сөз кезегінде
теорияның эмпиристикалық түсіндіру қажеттілігін, сондай – ақ эмпирикалық
мәліметтердің теориялық түсіндіруін туғызады [10].
Зерттеудің жобалау мен ұйымдастырудан айырмасы, нысанға қатынасы
бойынша өте, сыпайы қызмет түрі екенін ескереміз, оның басты мақсаты –

5
бар нәрсені ақиқатты анықтау, мүмкіндігінше оның ішкі өміріне
араласпай нысанды бақылау. Адамдағы қоршаған шынайылықты түрлендіру
дағдыларын дамыту (бәрінен бұрын жобалау дағдыларын) қажеттілігін ешқандай
жолмен теріске шығармай зерттеушілік орынды алу қабілетін дамыту өз
қызметін, оның мүмкін болатын зерттеулерін бағалау құралы ретінде білім
берудің маңызды міндеті деп қарастырамыз (Леонтович А.В) [11] ).
Әрекет түрі ретінде зерттеу көзі – адам табиғатына тән танымға
ұмтылыс. Ғылым қоршаған дүниені зерттеу сезімінен туады. (Голицын Г.С.
[12.15-19]). А. Энгельгард үздіксіз ізденіс инстинкты, белгісізді
кішірейту инстинкты әрбір адамның санасына салынған деп атап көрсетті.
Зерттеу әрекет түрі ретінде, жануарларда рефлекстенбеген түрінде де пайда
болады. Сонымен, П.Тейлер де Шарден көптеген жануарлар қоршаған ортаға
деген қызығушылықты, оны ләззат ала зерттеумен білдіреді деп көрсетеді
[11.107-111].
Сыртқы әсермен болмаған, саналы емес зерттеу адамға тән, ол ақиқатты
игерудің қуатты құралы бола отырып, оның қабілеті мен әлеуметтік
мәртебесіне қарамастан онымен әрқашан қатар жүреді. Бірақ спародикалық,
түйсіктелмеген болып қалады. Тек ғылымның пайда болуымен және ғылым арқылы
зерттеу мәдениеттің құбылысы болады, өз тарихын, әдістемесін институтын
алады. Ғылымның пайда болуымен, қызметінің негізгі түрі зерттеу болып
табылатын адамдардың жеке әлеуметтік тобы – ғалымдар бөлініп шығады.
• Зерттеудің жетекші құндылығы – ақиқатқа жылжу үдерісінің құндылығы
болып табылады. Сондықтанда зерттеу – әлемнің мейлінше шынайы
бейнесін құруға ұмтылатын ғалымды дамытудың басты құралы. Орыс және
әлемдік ғылымның классигі В.И.Вернадский: Ғылым әдебиет пен өнерге
қарағанда үлкен, бірегей, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын адамзаттың
күрделі әлеуметтік туындысы, ол бүкіләлемдік сипат алып тұр
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің формаларымен әлсіз байланыста. Бұл
әлеуметтік жалпы адами білім, өйткені оның негізінде барлығы үшін тең
міндетті ғылыми фактілер мен жалпы қорытындысы жатыр [13.65-73].
Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқу үдерісі барысында жекелеген
пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық
зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі
негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп
талап етеді.
Б.С.Гершунский қазіргі заманғы білім берудің дағдысының мәнін талдай
келе, білім беру саласының тиімді жұмыс істеуі өте жалпы түрде екі біріккен
міндетті шешумен байланысты:
- осы саламен қамтылған әрбір тұлғаны, оның жеке дүниеге көзқарасы мен
ментальдығын қалыптастыру, осы құндылықтарды білім беру (педагогикалық)
мақсатын қою, мазмұны мен білім беру (оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және

6
дамыту) үдерісі жүйесіне тікелей немесе жанамалып қосу жолымен оны қоршаған
социум мен адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарына тарту;
• Алынған білім есебінен осындай себептер келтірілген және онда өмірлік
өзін – өзі іске асырудағы жоғары басымдылықтарын көретіп жеке
шығармашылық, белсенді түрлендіргіш, жасампаз қызметі есебінен адами
қауымдастықтың ментальды кеңістігін, рухани өрісін қалыптастырып,
үздіксіз байытқан [14].
. ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек
ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды
зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын
бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн
байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi
зерттеу тәртiбiнiң ролiн, жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен
оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру
практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту – қоршаған әлемдi тануға
мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi [89,90].
Балалық зертеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет
екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай .Қайсыда
бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады.. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық
алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, упалайды,
умаждайды, жапырады, тiстейдi, сәл ересектеуi – бөлшектерге бөлiп
тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған
бала, ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?” секiлдi сұрақтарын
жаудырады. Өкiнiшке орай, көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген
ересектер, тынышсыз “ негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-
талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге,
бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның
барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате
болмас..Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала
бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк
бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге
құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңыздың мәселелелердiң бiрi,
ал оның шешу жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ
позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес,
ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-
психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және
теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi [91]. Кез келген зерттеуде
проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу,
мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау, оны саралау, анализдеу
және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiстiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-
жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен
дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте

7
әр түрлi әлеуметтiк – саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне,
өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.
Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде
көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса,
ғылым деректерден құралады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған
үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы да
ғылыми бiлiм бола алмайды [92,44-48]. Сондықтан “ғылым” деген сөзiң
мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек
байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi,
болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары – ғылым
материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде
ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан
бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.
Бүгінгі күні мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол
жетiмдi түрi – оқушылардың ғылыми қоғамы болып отыр. Оқушылардың ғылыми
қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, жоғары интеллектуалды, шығармашыл
оқушылардан құралады. ОҒҚ-ның атқаратын негiзгi қызметi - оқушылардың
ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зертеулiк оқыту бiлiктерi мен
дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т.б.
бағытталады. ОҒҚ-на мұғалiм жетекшiлiк етеді. Жетекшi мұғалiм оқыту
сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық
жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды,
жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi. Осындаай іс-
әркеттердің нәтижесінде дарынды балаларды анықтауға және ғылымға жетелеу
арқылы шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкіндік туылады. Дегенмен,
мұндай әрекеттер мектеп оқушыларының 10 ғана құрайды, ал қалғаны
ізденістен тыс, пассивті оқу жағдайында білім алады.
12 жылдық білім беру жағдайында жалпы орта мектеп бағдарламасында
Зерттеу негіздері курсы қарастырылған. Курстың мақсаты оқушыларды зерттеу
әрекетіне ендіру арқылы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру. “Негiзгi
материалдарды өздiгiнен iзденуге мүмкiнiдiк берген жағдайда ғана
оқушылардың бiлiмi жоғары болады.”(Питер Клайн) [93,21-28]. Баланың ойлау
тәсiлдерiн үйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін
зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек. Себебi, бастауыш
мектеп баланың санасы қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең.
Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму,
сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды
обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу
мәдениетiне үйренедi. Зерттеушілік оқытуда дәстүрлi сабақтан дербес арнайы
тренингтер, ойындар ұйымдастырылады. Бұл оқушыларға зерттеу біліктері
мен дағдыларын меңгертудің тиімді жолы болып табылады.
Зерттеу iзденiсi баланың қызығушылығын арттыратын, өзiне тартып

8
құмартатын iс. Қазiргi педагогикалық әдебиеттерде зерттеу әдiсi, жобалау
әдiсi деген ұғымдар жиi кездесуде [94]. Зерттеулiк оқыту барысында осы екi
түрлi түсiнiктiң ұқсастығы мен айырмашылы неде? Зерттеу әлемiне алғашқы
қадамын басқан кез келген балаға бұл әдiстердi ажырата бiлудiң маңызы зор.
Сонымен зерттеу жұмысы және жоба ұғымдарының айырмашылығын талдап
көрсетелiк. Зерттеу – риясыз шындықты iздену, ал жобалау туындаған мәселенi
саналы түрде шешу. Сондықтан да зерттеу және жобалау жұмыстарының бағыты,
мәнi, мазмұны да әр түрлi. Зерттеу үнемi iзденiс пен шығармашылықты қажет
етедi. Себебi ол - белгiсiз, тың жол. Зерттеу барысында өзектi мәселенi
шешу әрекеттерiмен қатар, көптеген кедергiлер кездеседi. Тiптi iзденiс
барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсiз немесе қауiптi, зиян болуы
мүмкiн. Кейбiр зерттеулер өкiнiштi әсер де қалдырады. Зерттеушi
белгiсiздiктiң шешiмiне жету немесе құпияның сырын ашу үшiн толығымен
шығармашылықты қажет етедi. Олай болса, зерттеу - шексiз түбiрге жету
қозғалысы. Ал жобалау, керiсiнше, жасалған жұмыстың нақты , қатаң
атқарылуына, iс-шараларды жоспарлай бiлуге, көздеген нәтижеге жету секiлдi
өмiрдегi маңызды талаптарды қалыптастырады. Жобалау әдетте шығармашылық iс,
бiрақ ол шектеулi мәселенiң өзектiлiгiн шешу. Теориялық жобаны дайын
алгоритмдер бойынша, репродуктивтi әдiспен орындауға болады. Яғни белгiлi
графиктер, сызбалар, жобалар арқылы зерттеу жүргiзу, көрсетiлген межеге
жету. Осы аталған айырмашылықты терең түсiнбеу себептерiнен кейбiр
мұғалiмдер зерттеумен айналыса бастаған балаға, алдын ала жоспар құруын
талап етедi, зерттемес бұрын мақсат қой, мәнiн бiлiп ал, қандай нәтижеге
жетуiң керек, – деген сияқты талаптар қояды [94]. Бұл, әрине, үнемi
бақылап әдеттенген мұғалiмнiң құзыреттiлiгi жеткiлiксiздігін көрсетедi.
Егер оқушыға зерттеу жұмысының нәтижесi белгiлi болса, онда оны iздеудiң
қажеттiлiгi қанша? Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жобалау әдiсiмен де,
зерттеу әдiсiмен де жүзеге асыра алады. Қазiргi бiлiм беру практикасында
осы екi ұғымды жете түсiнудiң маңыздылығы зор. Баламен зерттеп оқуды
ұйымдастыра отырып, оған үлкен үмiт артудың қажетi жоқ. Егер баланың әрбiр
зерттеу жұмыстары, әр жобасы көпшiлiкке неғұрлым белгiлi болса, оның
зерттеп оқу iс-әрекетiнiң мотивациясы соғұрлым жоғары болады. Оқушылардың
зерттеп оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн анықтау проблемасы сырт көзбен
қарағанда жеңiл көрiнедi. Шын мәнiнде - бұл күрделi iс. Алдымен ненi нәтиже
деп санауға болады, соны қарастырған жөн. Зерттеп оқу жұмыстарының барлық
кезеңдерiнде негiзгi күтiлетiн нәтиже – баланың танымдық қажеттiлiктерi мен
қабiлеттерiнiң дамуы екенiн анық ұғыну керек. Бұл баланың интеллектуалды
және шығармашылық дамуы емес, психоәлеуметтiк өрiсiн дамыту. Педагог үшiн
зерттеулiк оқытудың басты нәтижесi – баланың дайындаған көрнектi, детальды
жасалған мәтiні немесе қағаздан жасалған макеті, техникалық суретi емес, ең
бастысы өзiндiк шығармашылығы, зерттеу жұмысындағы құнсыз тәжiрибесi, жай
орындаушыдан ерекшеленетiн шығармашыл баланың жаңа бiлiмдерi, ептiлiктерi
және дағдылары.

9
Балалардың зерттеу нәтижелерiн табысты қорытындылауға семинарлар,
конференциялар көп ықпал етедi. Семинарда барлығы жеке проблема бойынша
жасалған зерттеулердi талқыласа, конференцияда бiр мәтiнмен бiрiктiрiлген,
проблемасы әр түрлi зерттеулер талқыланады. Яғни, әр зерттеушiнiң өз
алдына дайындаған баяндамаларының нәтижесiнде үлкен материал жинақталып,
талқыланады. Зерттеу жұмыстарын қорғау немесе шығармашылық жобаны ұсыну –
зерттеп-оқудың негiзгi кезеңдерiнiң бiрi. Оқушылардың жүзеге асырған
жобасын қорғау кезеңiн елеусiз қалдыруға болмайды. Онсыз зерттеу
жұмыстарының аяқталуы мүмкiн емес. Қорғау баланың зерттеулiк iзденiсiнiң
мотивациясын қалыптастыратын фактор болып табылады.
Жеке шығармашылық iзденiсiнiң қорытындысын хабарлау басқаны оқыту
әрекетi болып саналады. Басқаны оқыта отырып, өзiң де оқисың деген
Я.А.Коменскийдiң нақты ойы ғасырлар бойы айтылуда [95.98-100]. Бала осы
заңдылықты түсiне отырып, өзiнiң жеке зерттеу лерiнiң нәтижесiнде алған
бiлiмiн әдетте, басқаға жеткiзуге тырысады. Сондықтан да, меңгерген нәрсенi
хабарлаудың, өзгеден гөрi, баланың өзiне қажеттiгi мол. Шығармашылық жобаны
дайындау және оны қорғау көптiң алдында өткiзiлуі керек. Мұнда басқа да
жұмыс авторлары, оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналар, мектеп қонақтары
қатысқаны дұрыс.
Өз жұмысын қорғау – қазiргi өмiрде маңызды дағдыларды игеруге
мүмкiндiк туғызады. Қорғау барысында оқушы табылған ақпараттарды баяндауға,
проблемаға басқаша қарауға, өзiнiң көзқарасын дәлелдеуге, басқаны сендiруге
жаттығады.
Қорғауды жоспарлау нақты мерзiмдi қажет етпейдi. Зерттеулiк iзденiспен
айналысатын балалар да, олардың шығармашылықтары да әр түрлi болатындығын
ескеру керек. Жұмысты даярлау мерзiмi баланың мiнез-құлық ерекшелiгiне,
дайындық деңгейiне және зерттелетiн пәнiне байланысты болады. Сондықтан
мерзiмдi баланың жұмыстың аяқтау мүмкіндігіне байланысты, жуықтап
белгiлеген жөн.
Қорғау мерекелi және ғажайып өту үшiн, бiр күнде 5-6 зерттеу жұмыстары
немесе шығармашылық жобалары қорғалғаны дұрыс.
Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты
шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы
болатынын көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі
жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып
табылады [96,97].
Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен,
зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен
түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден
өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық
қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік,
ізденушілік- бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке
дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

10
Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен
мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін
айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен
байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана
емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық
ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі
кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі
топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру
тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес
қызмет болып табылады.
Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп
тұрады, екіншісі- көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал
шуласа да ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді деп көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді,- деген ой-тұжырымы растайды.
[98.6-8].
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту
бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол
оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: ІЗДЕНІС ПЕН НӘТИЖЕ
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері
Пәндер