Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі


Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
6
7
8
Білім беру жүйесін қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мәні мен маңызы
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:
1 Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008. - Астана: 2008
2 Мемлекеттік стандарт 2. 105-95 Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) . Текстік құжаттарға жалпы талаптар
3 ГОСТ 7. 1-84 Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила описания
4 ГОСТ 7. 9-95 (ИСО 214-76) Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Реферат и аннотация. Общие требования
5 ГОСТ 8. 417-81 Государственная система обеспечения единства измерений. Единицы физических величин
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдар қолданылады.
Бюджет - ҚР заңымен бекітілген, мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін орындау үшін орталықтандырылған ақша қоры. Орталықтандырылған қорға салықтар, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсім мен ресми трансферттер құралады.
Білім беру қызметі - білім беру процесінің нәтижесі, ол осы қызметпен құрылған, ол білім алып жатқандардың қызметінің мақсатын ашады.
Білім беру қызметі - ҚР заңдарына сәйкес бекітілген өлшемдер арқылы кәсіби деңгейге жету.
Білім беру мазмұны - ҚР азамттарының деңгейін жан-жакты дамуын қалыптастыру үшін орта кәсіптік білім мен жоғарғы оқу орындар деңгейі бойынша білімдер алу жүйесі.
Білім беруді қаржыландыру көзі - әр түрлі бюджетаралық жеңгйлер арқылы ақша бөлетін кіріс көздерінің жиынтығы.
Дотация - бұл кәсіпорындар мен ұйымдар шығындарын жабуға және төменгі бюджет органдарына бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар құралдарынан қайтарымсыз берілетін ақша құралдары.
Субвенция - тұрғындарды әлеументтік қамту бойынша іс-шаралар және бағдарламаларға берілетін мақсатты мемлекеттік қаржылық көме, егер сол берілген мақсатқа субвенция жұмсалмаса қайтарымға жатады.
Субсидия - ақшалай және натуралды формада бюджеттік және бюджеттен тыс арнайы қорлардан қайтарымсыз үлестік негізде белгілі бір іс-шараларды қаржыландыру көмегі болып табылады.
Белгілеулер мен қысқартулар
Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:
ҚР - Қазақстан Республикасы
МБ - Мемлекеттік бюджет
РБ - Республикалық бюджет
ЖБ - Жергілікті бюджет
МБ- Мемлекеттік бағдарлама
ББЖ - Білім беру жүйесі
ҚЖ - Қаржы жүйесі
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
«Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі» тақырыбына жазылған ОПЭ-28-1 тобының білімгері Абдикеримова Әсел Дауленқызының дипломдық жұмысына
АННОТАЦИЯ
Бірінші бөлімде білім саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы және оны қаржыландыратын шығындардың экономикалық қажеттілігі, білім беру жүйесінің типтері мен түрлері және осы мекемені ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі қарастырылды.
Екінші бөлімде мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесін дамытуға бөлінген қаржылардың жұмсалуын талдағанда - Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржылардың үлесі есептелініп қарастырылды.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру және оны дамыту жолдары қарастырылады
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі сонымен қатар тіркемелерден тұрады.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, 6 кестеден, 5 суреттен 69 беттен тұрады.
Кіріспе
Қазаақстан Республикасының экономикасы нарықтық қарым-қатынастарға тайғақ кешулі қиын жолдармен, бұралаң белестерден өтіп барып көшкені мәлім. Бүгінгі күні мемлекеттің жаңа әлемдік деңгейге қадам басуы алдымен экономиканың өрлеуіне байланысты. Өндіріс көбейіп, экономика дамыса ғана әлеуметтік жағдай жақсарады. Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздік алып, жаңа мемлекеттің іргетасын қаладық және осы таңда орасан зор, экономикалық, саяси және әлеуметтік прогреске қол жеткіздік. Экономиканың өрлеп, әлеуметтік міндеттер дәйектілікпен шешіліп жатқанына, халықтаң нақты табысы деңгейінің өсіп, аймақтардың аяғына тұра бастағаны үшін аймақтардың, республика деңгейіндегі басқару органдарының жүргізген нәтижелері жеткілікті. Сонымен қатар, көптеген бағдарлы іс-әрекеттердің атқарылуы мемлекетттің, оның барлық аймақтарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын ары қарай жақсартуға айтарлықтай ықпал етті.
Нарықтық экономика қатынастардың құрылымында мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы негізінен нарықтық қатынастардың басты құрамдас құралы болып табылады. Еліміздің экономикасын дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды лайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Мемлекеттік бюджет кез-келген басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдалынылатын ақша қаржаттар ағымында өзінің көрінісін табады.
Бюджетті мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде қарастыруға болады. Қаржылық жүйенің орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық процестер бейнеленеді. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми, әлеуметтік және басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресуртарынның шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларның жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ, қоғамдық ұдайы өндірістің айрықша рөлін анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені, облыс, аудандардың және аймақтардың өзіне тән ерекшелігі, еғбек ету дәстүрі болады. Сонымен қатар, әр деңгейдегі бюджеттердің міндеттері де әртүрлі болады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Оны мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылықпен, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік - аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджет тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарды қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қарым-қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджеттік құқықтар жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Білім және ғылым министрлігі жасаған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асыруда.
ҚР азаматтарының білім алу құқығы - ҚР Конститутциясында кепілденген және «Білім беру туралы» Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлеке қарасты әлеуметті - экономикалық шарттар жасап, білім беру саласын дамыту арқылы қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.
Оқитын білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.
Қазақстанда азаматтары сапалы біліммен қамтамасыз етіліп, таңдаулы білім ресурстары мен жаңа инновациялық технологиялармен оқуға қол жеткізеді.
1 Білім беру жүйесін қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің алатын рөлі
1. 1 Білім беруге арналған бюджет шығыстарының қалыптасуының экономикалық мәні мен маңызы
Мемлекеттін функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен қамтамасьп етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығынлардың көлемін көрсетеді. Сондыктан, бюджеттердің барлық денгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттщ бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін кұру-құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принщштеріне негізделеді.
Мемлекепік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатан іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құралдардың кайтып оралмас принципі негізінде әлеуметгік саланы каржыландыруда пайдаланады. Ал, егерде экономиканың дамуын каржылындыру құралдары жөнінде айтсақ, онда нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бүл арада бөлінген бюджетгік құрадарды қайтару принципі әрекетте болады. Үнем режимін сактау принципі - ол өз алды бюджет шығыстарың төмендетудін формалары мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік ереді.
Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардын ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының кұрамы мен кұрылымы олардың экономикалык мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған максаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.
Мемлексттін барлық шығыстары негзінде мемлекеттік бюджетте шоғырлаған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдьық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа болуге болады:
өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процссін камтамасыз ету үшін; қоғам мүшелерінің әлеуметті - мәдениетіік мұқтаждыктарын қанағаттандыру үшін.
Бірінші топқа - мемлекетгік бюджеттін экономиканы каржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметті-мәдениеттік шараларды. білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетгі баскаруды қаржыландыру үшін арналған бюджеі шығыстары жатады.
Осы екі топ арасындагы арақатынас бюджетгің тиімділігін анықтайды. Экономиканық бәсеке кабілеттілігі дамута бағытталған шығындардың денгейі каншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет кұралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет кұралдарын пайдалану тиімділігі бүл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жаткан әлеуметгік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті-эконамикалық ахуалына байланысты.
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды калыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондыктан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу кажет:
- басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
- мекемелердің бағынушылығы;
- мекемелердің іс-әрекет шекарасы;
- шығыстарды тиісті бюджетке апару.
Республикалык бюджеттін шығыстары келесі бағыттар бойынша каржыландыру үшін қалыптасады:
- жалпы сипаттагы мемлекеттік қызметтер;
- қорғаныс, коғамдык тәртіп, кауіпсіздік;
- кұкықтық, соттық, құқык қоғау қызметтері;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек жоне әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
-ауыл, орман. су, балық шаруашылықтары мен қоршаған органы қорғау және жер қатынастары;
- өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану:
- көлік және коммуникация:
- басқа да бағыттар.
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарқа арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалаптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру Бюджет кодексінен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік - аумактардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметт экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік кұралдар мен жоғары тұрган бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден калыптасатын қаржылық
Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар кұрамы мен қалыптасуы әрекеттегі занамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекеттің қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.
Республикалық және жергілікті бюджетгер шығыстарының лимиті бюджеггік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері, бюджет кұралдарын пайдалануынын басымдылық бағыттар көрсеткіштері, операциялық қалдық мөлшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген керсеткіштер және республика мен аймақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған көрсеткіштер бюджет шығыстарының лимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік комиссияда қаралып бекітілгеннен кейін, бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік багдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.
Ұғымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимитін есептегенде келесілер колдалынылады:
- ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың жалпы сомасы (бюджеттік субвенциялар мен алымдарды қоса) ;
- бекітілген натуралды нормалар;
- тиісті қаржы жылдағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар
келемі;
- орташа мерзімді фискалды саясатта анықталган бюджет
шығыстарының өсуі немесе темендеуі;
- ағымдағы қаржы жылда аяқталатын ағымдағы бюджеттік
бағдарламалар (оларды алып тастау) .
Даму бюджетгік бағдарламалар үшін шығыстар лимиті бағдарламалар әкімшіліктері арасында болінбей анықталады және оның көлемі бюджеттің барлық шығыстарының жалпы болжамдық көлемі мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойы анықталған бюджет шығыстар лимитінің жалпы көлемі арасының айырмасы ретінде есептеледі.
Үкімет тағайындаған мерзімде бюджеттік багдарламалар әкімшіліктері бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтініш ұсынады. Бюджеттік өтініш - ол бюджетгік бағдарламаларды дәлелдеу мен оларды қаржыландыру сомасын анықтау үшін қажетті және бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі жыл сайын жасап ұсынатын құжаттар жиынтығы. Бюджеттік өтініштерді кұрудың негізгі мақсаты - ол бағдарламаны орындау нәтижесі мен қажетті ресурстар жөніндегі сандық және қаржылық ақпарат базасы арқылы болжамдық мерзімге бюджетгік бағдарламалар таңдау және оларғаа нәтижелігі мен тимділігін бағалау.
Бюджеттік өтініш аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары. тиісті мерзімдегі мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде кұрылады. Оның мәліметтері бағдарлама жөнінде нақты және толық ақпараттарды корсетуі тиіс. Бұл өтінішті бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін бекітілген шығыстар лимиті мөлшері мен тиісті бюджеттік комиссия анықтаған тиісті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялык жобалар тізімі мея көлемі негіздерінде құрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі тек кана бір бюджеттік өтініш құрады.
Бюджеттік өтініш келесі болімдерден түрады:
- бюджеттік бағдарламалар тізімі және шығындар сомасы;
- әрбір бюджеттік бағдарламаға түсіндірме хат;
- бюджеттік өтінішке кірген әрбір бюджеттік бағдарламаның
паспортының жобасы.
Бюджеттік өтініш багдарламаларды қаржыландыру жоспары мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру үшін негіз болып табылады.
Шығыстарды қайта кұрылымдау аумағындағы бюджеттік саясат экономиканың әр салаларына мемлекет катысуының салыстармалы тиімділігіне баға беру мен мемлекетке женді және қасиетіі емес бағыттарда катынасуын бюджет кұралдары арқылы қаржыландыруды азайтуға негізделеді. Бұл саясат бюджет құралдарын шоғырландырып, мемлекеттің ағымдағы міндеттемелерін атқарумен бірге экономика дамуының басымды бағьптарын шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бюджеттік бағдарламаларда қарастырылған шаралардың бюджет шығыстарымен байланысын айқын белгілеу мен бюджет кұралдарын пайдалану тиімділігін жоғарылатуға экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың әсершіл жүйесін жасау, бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру мен қалыптандыру жоне оларды бағалау әдісін дайындау себепші болады.
Бюджет шығыстарын жоспарлауының сапасын жоғарылатуға мүмкіншілік беретін жолдардын бірі - ол натуралдық нормаларды пайдалаиу, яғни бұрынғы мемлекетгік органдар топтары бойынша бір қызметкерге шаққандағы ағымдағы шығындардың орташаландырылған нормативін пайдалану орнына қажетті материалды және материалды емес байлықтарды тұтынудың минималды натуралдық көрсеткіштерін қолдану.
Республиканың әлеуметті-экономикалық дамуының орташа - мерзімді жоспарының негінде және мемлекеттк пен салалық бағдарламаларға сәйкес басымды бюджеттік шығыстар ретінде алдымыздағы жылдарына келесі бағьптар анықталған:
- денсаулық сақтауды реформалау мен оның дамуы;
- білім берудің дамуы;
- әлеуметтік реформалардың әрі қарай тереңдеуі;
- индустриалды-инновациялық дамытуды;
- аграрлық секторды дамытуды;
- жаңа тұргын-үй саясатын іске-асыруды;
- Астана каласынын дамуы.
Бюджет кірісін ең алдымен әлеуметтік топтар мен қызмет түрінің табыстылық деңгейіне араласу арқылы жиынтық тұтынуға әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге бюджет кірісінін алу шарттық қызмет барысында құрылатын жинақтауды пайдалану бағытын таңдауға әсер етуге аяққы тұтыну құрылымы мен сұранысты реттеуге мүмкіндік береді. Кірістер шаруашылық белсенділікке, шығарылатын өнім көлемі мен өндірісінің техникалық жабдықталуына, бағаның теңдігі мен икемділігінің жағдайына, инвестицияның салалық және аймақтық орналастырылуына әсер етеді. Нәтижесінде олар экономикалық дамудағы циклдық ауытқулары жеңілдету мүмкіндігін, құндық макроэкономикалық проаорционалды реттеу, әлеуметтік даму қарқынын жөңдеу жөңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Бюджет кірісінің реттеушілік мүмкіндіктерінің белгілі бір шегі бар. Кәсіпорындар мен тұрғындардан ақша қаражаттарын алудың үлкен деңгейі шаруашылық белсенділіктің құлдырауына, тұтыну нарықтарының тарылуына, нарықтағы жиынтық сұраныстың төмендеуіне, сәйкесінше шығарылатын өнім көлемнің азаюына, бағаның жоғарлауына, ЖҰӨ азаюына, нәтижесінде мемлекеттердің өздерінің кірістерінің азаюына әкеледі, ал төмен деңгейдегі бекіту бюджет кірістерін азайтады, нәтижесінде мемлекеттік реттеу мүмкіндіктерінің көлемін қысқартады (тарылтады) .
Бюджеттердің қызмет етуінің екінші нысаны - бюджет шығыстары арқылы жұмысқа қабілетсіздіктердің кірістері құрылады және басқа да әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға қолдау көрсетіледі. Көрсетілген төлемдер көлеміне әсер етуінің өзі қоғамның экономикалық мүмкіндігіне сәйкес тұрғындардың осы топтарының тұтыну шегін реттейді. Бюджеттік шығыстар экономикалық өсуінің жаңа сапасын қалыптастыруға белсенді әсер етеді. Ғылыми зерттеуді басымырақ қаржыландыру, прогрессивті салаларды дамыту, материалдық өндіріс құрылым оптимизациялау - мұнда да бюджет шығысының реттеушілік ролі өз көрінісін табады. Олар жалпы мақсаттағы нарықтық инфрақұрылымның өмір сүрудің негізі болып табылады. Жалпы, бюджеттік араласуда мемлекеттердің өзінің қаржы базасы мен ұдайы өндірісінің басқа да субъектілерінің иелігінде қалатын ақша ресурсын реттеу процессі мүмкін болады. Әлеуметтік экономикалық процестерге бюджеттік қаражаттарда жинау мен жұмсау нақты нысанасы, принципі мен әдістері әсер етеді.
Бюджет кірістері мемлекеттік кіріспен салыстырғанда тар мағына, себебі мемлекеттік кірістерге бюджеттен тыс қорлардың кірістері мен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың кірісткрі де кіреді.
Өздерінің материалдық заттай белгісі бойынша бюджет кірісі мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару органдарының иелігін елдегі бюджет және салық заңдарына сәйкес қайтарылмайтын негізге түсетін ақша қаражаттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz