Астрономияның қазақстанда даму жолы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы астрономия ... ... ... ...6
1.1. Алғашқы қадамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. В.Г.Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3. Экспедиция ұйымдастырудан алғашқы астрономиялық институтың ашылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.4. Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2. Қазақстан астрономияcының даму тарихындағы тұлғалар ... ... ... ... ..23
2.1. В.Г. Фесенков. алып астроном ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2. Г.А.Тихов Қазақстанда және оның астроботаникасы ... ... ... ... ... ... ...37

3. Қазіргі астрономия: Дәстүр мен болашаққа бағдар ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.1. Релятивисттік космология және гравитациялық жүйе динамикасы...41
3.1.1 Айнымалы масса тығыздығы бар ғарыштық жілік жүйелері ... ... ...41
3.1.2 Гравимагнетизм гипотезасына ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
3.1.3 Эфир құрылысының мәселесіне ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
3.1.4 Стационарлы екілік жұлдыз жүйелерінің динамикасына ... ... ... ... .43
3.2. Жұлдыздар физикасы және жұлдыздар ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2.1. Қазіргі астрофотометрия: мақсат, әдіс және проблемалар ... ... ... .44
3.2.2. Планеталық масса компаньоны бар жұлдыздардың эволюциялық статусы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
3.3. Күн физикасы және күн мен жер байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.3.1. Астрофизикалық иститутта алып планеталарды зерттеу ... ... ... ... ..46
3.3.2. Күн жүйесін зерттеудің кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Кіріспе
Астрономия – мыңжылдықтар өмір сүрген ежелгі ғылым. Бірінші астрономиялық бақылаулар туралы қолжазбалар б. э. д. VIII ғасырға қатысты. Ал Ежелгі Қытай астрономдары б. э. д. 2 мың жыл бұрын Ай мен Күн қозғалысын зерттеп толық Күн және Ай тұтылуларын жоғары дәлдікпен есептей білген. Азияның көшпенді тайпалары, оның ішінде қазақ халқы, күндіз Күннің, түнде Ай мен жұлдыздардың орналасуымен, өздерінің көшіп-қону бағытын дұрыс ұстап отырған. Уақыт пен жылдарды санақ жүргізу қажеттілігі астрономияның дамуына әкелді. Мысалы Ежелгі Грецияда астрономия біршама дамыған ғылымдар қатарында болды. Планеталардың көрінетін қозғалысын түсіндіру үшін, грек астрономдары геометриялық эпициклдердің теориясын құрды. Бұл теория кейіннен Птоломейдің әлемнің геоцентрлік жүйесінің негізі болады.
Азия мен Кавказда астрономияның дамуы әйгілі Аль-Баттани (850-929жж.), Бируни (973-1048 жж.), Ұлықбек (1394-1449 жж.) сияқты астрономдардың еңбектерімен байланысты.
Астрономия ХХ ғасырдың бірінші онжылдықтарында астрономиялық инструменттерінің дамуымен байланысты алға басты. Астрономияның күрт дамуы, ХХ ғасыр ортасында космостық техника жетістіктері, астрономиялық инструменттерді Жер атмосферасынан тыс жоғары көтеруге мүмкіндік беруімен сипатталады. Бұл кезде астрономия ғылым салаларының алдыңғы қатарында болды, ол жерде болмайтын ғаламдағы процесстерді зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Қазіргі кезде астрономиялық зерттеулер кең ауқымды, көптеген мекемелер қатысатын халықаралық бағдарламалар арқылы жүргізіледі.
Астрономияның қазіргі жағдайын бағалай отырып, оның әдістерінің бірнеше онжылдықтар бұрын ғана ашылғаны таңғаларлықтай. В.К. Цераский, А.П. Ганский, А.А. Белопольский, Г.А. Тихов, Х. А. Әбішев, С.Н. Блажко, А.Р. Орбинский жұмыстарымен астрономиялық зерттеулер басталды. Астрономияның бастапқы қадамдарында В.Г. Фесенков жұмыс істей бастады, ал ғылым тарихына ХХ ғ. бірінші жартысының алып астрофизигі ретінде енді.
Қазақстан өз алдына ғарыш саласында жан-жақты дамып, алып ғарыш державалар қатарына ену мақсатында атқарылып жатқан шаралар аясында Қазақстанда Астрономияның даму тарихын бір жүйеге келтіру – маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Біз осы бағытта жұмыстар қалай жүргізілгенін түсінбей, ары қарай ілгерілеу мүмкін емес екенін түсінеміз.
Осы орайда мен өз дипломдық жұмысымда Қазақстандағы алғаш ғылыми астрономиялық институттардың ашылуын, қазақ жерінде бірінші зерттеулердің қалай болғанын жаздым. Еліміздегі Астрономия саласын көтеруге бірден-бір себепкер, ірі тұлғалардың өмірі мен ғылыми зерттеулерін де көрсете кеттім. Ал 3 ші тарауда Қазақстанда қазір жасалып жатқан және жасалатын актуалды жұмыстар, зерттеулер мен мәселелер келтірілген. Көп ғалымдардың ізденістері мен ой түіндері де тыс қалмаған.
Жалпы бұл жұмыста Қазақстандағы Астрономияның кешегісі мен бүгінгісі, үлкен септігін тигізген ғалымдар мен осы саланың болашаққа бағдары көрсетілген.
Әдебиеттер:
1. Отчет Института астрономии и физики Казахского филиала АН КазССР, 1942 // Астроном. журнал. – Т. ХIХ. № 5. – С. 45-46.
2. Фесенков В.Г., 1947; Теория вертикальной видимости // Известия Академии наук Казахской ССР. Сер. астроном. и физ. – вып. 1. – С. 63-82.
3. Парийский Н.Н., 1943; К вопросу о происхождении Солнечной системы. Астроном. журнал. Т. 29. № 2. – С. 9-29.
4. Воронцов-Вельяминов Б.А., 1943; Астрофизические наблюдения кометы Тевзадзе II 1942 // Астроном. журн. – Т. 20, № 2. – С. 30-33.
5. Фесенков В.Г., 1947; Метеорная материя. В межпланетном пространстве. – М.; Л.: Изд-во АН КазССР.
6. Дарчия Ш. П. Флуоресценция растений при облучении светом разной длины волны. Изд. АН КазССР, Алма-Ата, 1956, 174 с.
7. Кучеров Н. И. Выбор места для постройки планетной обсерватории. В кн.: Труды сектора астроботаники АН КазССР. Алма-Ата, 1953, т.1, с.73-83.
8. Тихов Г. А. Основные труды. Изд. АН КазССР. Алма-Ата, 1955, т.2, с.61.
9. E. Verdaguer, P. Letelier Phys. Rev.D. 1987, V.36,P. 2981-2985.
10. P. Letelier CQGra. 1987, V.4, P. L75-L77.
11. D. Gal’tsov, P. Letelier Phys. Rev. D. 1993, V.47, P.4273-4276.
12. М. В. Сажин и др. Письма в АЖ, 2005, т.31, №2, стр.83
13. Abdildin M.M. Gravitations & Cosmology. 1999, V.5, No.3 (19), P.219-221.
14. Omarov T.B. (Editor). Non-Stationary Dynamical Problems in Astronomy, Nova Science Publishers Inc. New-York, 2002. 248 P.
15. Bekov A.A., Omarov T.B. Astronom. and Astroph. Transactions, 2003, V.22(2), P. 145-153.
16. Bekov A.A. Order and Chaos in Stellar and Planetary Systems, ASP Conference Series, 2004, V.316, P.366-370.
17. Омаров Т.Б. отв. ред. «Современная астрофизика: традиции и перспективы» (тезисы докладов). Алматы. 2005. С.10-75

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
АСТРОНОМИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ ЖОЛЫ

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы астрономия ... ... ... ...6
1.1. Алғашқы
қадамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .6
1.2. В.Г.Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.3. Экспедиция ұйымдастырудан алғашқы астрономиялық институтың
ашылуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.4. Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... 20
2. Қазақстан астрономияcының даму тарихындағы
тұлғалар ... ... ... ... ..23
2.1. В.Г. Фесенков- алып
астроном ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2. Г.А.Тихов Қазақстанда және оның
астроботаникасы ... ... ... ... ... ... ...37
3. Қазіргі астрономия: Дәстүр мен болашаққа
бағдар ... ... ... ... ... ... ... . ... 41
3.1. Релятивисттік космология және гравитациялық жүйе динамикасы...41
1. Айнымалы масса тығыздығы бар ғарыштық жілік жүйелері ... ... ...41
2. Гравимагнетизм
гипотезасына ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
. 42
3. Эфир құрылысының
мәселесіне ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .43
4. Стационарлы екілік жұлдыз жүйелерінің динамикасына ... ... ... ... .43
3.2. Жұлдыздар физикасы және жұлдыздар
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...44
3.2.1. Қазіргі астрофотометрия: мақсат, әдіс және проблемалар ... ... ... .44
2. Планеталық масса компаньоны бар жұлдыздардың эволюциялық
статусы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
3.3. Күн физикасы және күн мен жер
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..46
3.3.1. Астрофизикалық иститутта алып планеталарды
зерттеу ... ... ... ... ..46
3.3.2. Күн жүйесін зерттеудің кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .52

Кіріспе
Астрономия – мыңжылдықтар өмір сүрген ежелгі ғылым. Бірінші
астрономиялық бақылаулар туралы қолжазбалар б. э. д. VIII ғасырға қатысты.
Ал Ежелгі Қытай астрономдары б. э. д. 2 мың жыл бұрын Ай мен Күн қозғалысын
зерттеп толық Күн және Ай тұтылуларын жоғары дәлдікпен есептей білген.
Азияның көшпенді тайпалары, оның ішінде қазақ халқы, күндіз Күннің, түнде
Ай мен жұлдыздардың орналасуымен, өздерінің көшіп-қону бағытын дұрыс ұстап
отырған. Уақыт пен жылдарды санақ жүргізу қажеттілігі астрономияның дамуына
әкелді. Мысалы Ежелгі Грецияда астрономия біршама дамыған ғылымдар
қатарында болды. Планеталардың көрінетін қозғалысын түсіндіру үшін, грек
астрономдары геометриялық эпициклдердің теориясын құрды. Бұл теория
кейіннен Птоломейдің әлемнің геоцентрлік жүйесінің негізі болады.
Азия мен Кавказда астрономияның дамуы әйгілі Аль-Баттани (850-929жж.),
Бируни (973-1048 жж.), Ұлықбек (1394-1449 жж.) сияқты астрономдардың
еңбектерімен байланысты.
Астрономия ХХ ғасырдың бірінші онжылдықтарында астрономиялық
инструменттерінің дамуымен байланысты алға басты. Астрономияның күрт дамуы,
ХХ ғасыр ортасында космостық техника жетістіктері, астрономиялық
инструменттерді Жер атмосферасынан тыс жоғары көтеруге мүмкіндік беруімен
сипатталады. Бұл кезде астрономия ғылым салаларының алдыңғы қатарында
болды, ол жерде болмайтын ғаламдағы процесстерді зерттеуге мүмкіндік
туғызды.
Қазіргі кезде астрономиялық зерттеулер кең ауқымды, көптеген мекемелер
қатысатын халықаралық бағдарламалар арқылы жүргізіледі.
Астрономияның қазіргі жағдайын бағалай отырып, оның әдістерінің бірнеше
онжылдықтар бұрын ғана ашылғаны таңғаларлықтай. В.К. Цераский, А.П.
Ганский, А.А. Белопольский, Г.А. Тихов, Х. А. Әбішев, С.Н. Блажко, А.Р.
Орбинский жұмыстарымен астрономиялық зерттеулер басталды. Астрономияның
бастапқы қадамдарында В.Г. Фесенков жұмыс істей бастады, ал ғылым тарихына
ХХ ғ. бірінші жартысының алып астрофизигі ретінде енді.
Қазақстан өз алдына ғарыш саласында жан-жақты дамып, алып ғарыш
державалар қатарына ену мақсатында атқарылып жатқан шаралар аясында
Қазақстанда Астрономияның даму тарихын бір жүйеге келтіру – маңызды
мәселелердің бірі болып есептеледі. Біз осы бағытта жұмыстар қалай
жүргізілгенін түсінбей, ары қарай ілгерілеу мүмкін емес екенін түсінеміз.
Осы орайда мен өз дипломдық жұмысымда Қазақстандағы алғаш ғылыми
астрономиялық институттардың ашылуын, қазақ жерінде бірінші зерттеулердің
қалай болғанын жаздым. Еліміздегі Астрономия саласын көтеруге бірден-бір
себепкер, ірі тұлғалардың өмірі мен ғылыми зерттеулерін де көрсете кеттім.
Ал 3 ші тарауда Қазақстанда қазір жасалып жатқан және жасалатын актуалды
жұмыстар, зерттеулер мен мәселелер келтірілген. Көп ғалымдардың ізденістері
мен ой түіндері де тыс қалмаған.
Жалпы бұл жұмыста Қазақстандағы Астрономияның кешегісі мен бүгінгісі,
үлкен септігін тигізген ғалымдар мен осы саланың болашаққа бағдары
көрсетілген.

1.Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстан астрономиясы.
1.1. Алғашқы қадамдар.
1941ж. 21 қыркүйекте Қазақ ССР территориясында Күн тұтылу Каспий
теңізінен бастап, Қызылорда мен Алматыдан өтіп, Нарынқолғға дейін жерді
қамтыды. Оны бақылауға академик В.Г.Фесенков басқарған арнайы комиссия КСРО
ҒА президиумы қарамағында болған обсерваториялар дайындалды. Комиссия
келісімді бақылау тематикасын жүйелеу, құралдар дайындау мен бақылау
орындарында экспедицияларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Күннің
тұтылуын 28 жуық түрлі ұжымдар бақылайды делінген, бірақ әскери уақытқа
байланысты бақылауға 7 ғана экспедиция шықты, олар Алматы мен оның
төңірегінде орналасты. В.П.Эвельгард атындағы обсерваторияның экспедиция
басшысы Д.Я.Мартынов өз естеліктерінде сол кезді былай суреттейді: ”Ең
қызығы, 1941 жылы 21 қыркүйекте күн тұтылу бақылауына дайындық тоқтатылған
жоқ. 1940 жылы аяғында 1941 жылдың алғашқы жартысында бақылауға дайындық
комиссиясы пленумға екі рет жиналды, онда ғылыми сұрақтар, таспалар мен
құрылыс заттарын бөлу, қаражатпен қамтамасыздандыру мәселелері
қарастырылды. Соғыс басталғаннан кейін комиссиядан хабар келмеді, біз күн
тұтылуын бақылауды ойлайтын кез емес деп шештік. В.Г.Фесенковтың Қазанға
келуі менің ойымды терістеді. Оның айтуы бойынша, КСРО ҒА бастапқы
зерттеулерді тоқтатпасын деген бұйрық алды, соның ішінде Күн тұтылуын
бақылауға 20 шілдеде Техснаб КСРО ҒА Алматы қаласына бізге қажетті құрал (
жабдықтардың барлығын жеткізгенін де хабарлады”.
Күн тұтылудың бақылау жұмысы жақсы өтті, барлық бақылау орындарында
ауа райы тұрақты болды.
Тұтылудан кейін Алматыда эвакуация қызметін экспедицияның төрт
қатысушылары атқарды: Мәскеу Университеті, Пулков обсерваториясы, Ленинград
КСРО ҒА және Мәскеу планетарийінің астрономиялық институты.
Академик В.Г.Фесенков пен Қазақ мемлекеттік Университетінің профессоры
В.Ф.Литвинова ұсынысымен Алматы қаласында астрономия және

1941жылы 21 қыркүйектегі Күн тұтылуы

физика институтының ашылуы көзделді. Институт құруда Мәскеу университетінен
күн тұтылуды бақылау экспедиция мүшелері Н.Н.Парийский мен
Б.А.Воронцов(Вельяминов қатысты. Астрономдарды КазФан төрағасының
орынбасары К.И.Сатпаев қолдады. 1941 жылы қыркүйек айында Қазақ ССР
Совнаркомына институт ұйымының құрылыс мақсаты мен болашақтағы басты
ғылыми қызметінің бағыттары туралы хат жіберілді. 1941 жылы 10 қазандағы
ҚазССР Совнаркомы ҚазФан құрамында Астрономия және Физика институтын ашуға
шешім қабылдады. 1941 жылы 16 қазанда институттың ашылуын Қазандағы
директоры В.Г.Фесенков болған КСРО ҒА президиумы қолдады. Пулков
обсерваториясы мен КСРО ҒА астрономиялық институтын Күн тұтылуды бақылау
туралы қызметшілер комиссиямын институт штатына ауыстыруға рұқсат берілді.
ҚазФан құрамындағы Астрономия және Физика институты КСРО ҒА Президиумымен
1941 жылдың желтоқсанның басында бекітілді. Институттың ғылыми жұмыскерлер
құрамына В.Г. Фесенков, Г.А. Тихов, Б.А. Воронцов-Вельяминов, Н.Н.
Парийский, А.В. Марков, М.С. Зельцер, А.А. Калиняк, М.Д. Лаврова және ҚазМУ
профессорлары В.Ф. Литвинов пен А.А. Рухман кірді.
1941 жылдың аяғында Қазанға Парийский КСРО ҒА вице-президенті
О.Ю.Шмидпен кездесуге жіберілді. Ондағы қарастырылған мәселе Астрономия
және Физика институтын қаражатпен қамтамасыздандыру.
Алғашқы жылдар институт үшін ауырға түсті. Институт қызметкерлері үй-
жаймен қамтамасыздандырылмады, бірақ олар қиыншылықтарға қарамастан,
институтың жетілуіне бар күштерін салды. Әр аптада ғылыми отырыстар
жүргізілді, онда астрономиядағы жаңалықтар, шет елдер журналынан хабарлар
қарастырылды. Ал 1942 жылдан бастап мұндағы қаралған мәселелер
Астрономиялық журналында басылып шықты. Қазанда, кейіннен Алматыда
басылды. Көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілді. Энгельгард атындағы
обсерватория кітапханасының кітаптары түгелімен Институтқа сыйланды. 1942
жылдың басында академик Н.И.Лазаревтің оптикалық ғылыми құрылғылары алынды.
ҚазМУ қалалық обсерваториясында төртінші коронограф, М.П.Леонтовский
жүйесінің небулярлық спектографы үшін павильондар, траншеяда
фотолабораториялар соғылды. В.Г.Фесенков пен К.Н.Шистовский Луммердің
кубигі мен бейтарап клинді қолданып, қарапайым микрофотометрді құрастырып,
оны негативті фотометрлеуге пайдаланды. 1941 жылы қарашада Институттың
жақын уақытқа атқарылатын ғылыми бағыттары айқындалды. Олар:
1. Күн тұтылуды бақылайтын аппаратураны зерттеу.
2. Әуе күштері, шекара әскері, әуе күштеріне қарсы қорғаныс жұмыстары.
3. Соғыс алдында басталған теориялық жұмыстар.
1941-1942 жж. Институтта бар болғаны алты ғана адам жұмыс істеді.
Оның ғылыми жоспары бойынша Пулков обсерваториясы мен КСРО ҒА Астрономиялық
институтының қызметкерлері жұмыс істеді. 1942 ж. ортасында штатта 15
ғылыми және 7 техникалық жұмыс атқаратын адам болды. 1941ж. мен 1942-
1943жж. есебі бойынша институттың ғылыми жұмыстары 14 тақырып бойынша
жүргізілді, оның алтауы қорғаныс бағытында болды. 1941-1943 жж. жүргізілген
жұмыс нәтижелері:
1. Көптеген кестелер, графиктер құрастырылды. (Б.А.Воронцов-
Вельяминов, Н.Н.Дебронравин).
2. Схематикалық құрылғы модельдері жасалынды, олардың көмегімен
жұлдыз уақытын, сағат бұрышын, биіктігі мен жарық азимутын өлшеуге болады.
(Н.Н.Дебронравин).
3. Г.А.Тиховтың аэро суретке түсіру уақытында күннің биіктігі мен
бұлттану түрін ескере отырып, экспедицияны есептеу әдісін ұсынды. Бұл үшін
жер бетінің спектрлік жарықтандырылуы мен атмосфераның спектрлік түссіздігі
зерттелді.
4. Н.Н. Парийский басшылығымен жылжымалы прожектор көмегімен
қиыстырылған поляроидтармен көрінбейтін, тымшаланған байланыс әдісін жасап,
тексерді. Сигналдар Морзе әдісі арқылы берілді.
5. Байланыс Министрлігі тапсырысымен А.В.Марков пен М.С.Зельцов түрлі-
түсті целлюлоза ацетилі фильтрлерін алу әдісін үйренді.
6. В.Г.Фесенковтың зерттеулері көріністің теориялық және бақылау
мәселелеріне арналған. Атмосфера тұманының оптикалық қасиеттерін жаңа
әдіспен анықтау жасалынды. Зерттеулер әскери және астроклиматты тану
мақсатында жүргізілді. В.Г.Фесенковтың тігінен көрініс теориясын 1944-1945
жж. атмосфера оптикасы бойынша қолданды.
Жұмыс нәтижелері Қазақстан қорғанысы Наркоматына, ПВО штабына және
басқада мүдделі ұйымдарға берілді.
Алғашқы жылдары АФИ мүшелері қорғаныс тематикасымен қоса, басқада
бағыттарды жетілдірді. В.Г.Фесенков зодиакалдық жарықтың динамикалық
теориясын астероидтың жайменен бөліну өнімі ретінде қарастырып, жұмыс
істеді; Н.Н. Парийский бұл жылдары Астрономиялық журналында Дж.Джинстың
космогониялық теориясын сынап, мақала жазды. Б.А.Воронцов-Вельяминов жаңа
жұлдыздар спектрофотометриясы жұмыстарын жалғастырды. 1942 ж. мамырда
Институттың ғалымдар кеңесінде алғаш кандидаттық диссертацияны М.Н.
Гневышев қорғады, бір жылдан соң А.А. Калиняк пен К.Н. Шистовский
диссертацияларын қорғады.
Бақылау станциялары қалада мүлдем астрономиялық бақылау жүргізе
алмайтыны айқындалды, өйткені жарық шағылысы, қала шаңы, смок, әсіресе
қыста кедергі жасады. 1942 жылы жазда Мәскеу Институтының эксперименталдық
биология кафедрасының мүшелері Н.П. Дубинин мен Н.Л. Навашин Бутаковка
өзенінің бастауына, биік тауларға экспедицияға шыққанда, бақылау үшін жаңа
тұрақты орын ізделді; резинамен туған қиындықтарды ескере отырып, биологтар
онда каучук тасымалдаушыларды өсіруді қарастырды.
Бұл экспедиция кезінде АФИ мүшелері қорғаныс жұмыстарын жүргізді:
құпия сигнализацияның жаңа әдісі жасалынды, стандартты объектілердің ауа
тұманынан көрінісі мен контрастылығын зерттеді. Бұдан басқа астроклиматты
бағалау жұмыстары басталды: 3-дюймдік ұлғайтқыш рефрактор көмегімен
жұлдыздардың көрініс сапасы бақыланды, атмосфераның спектральдік мөлдірлігі
мен түнгі аспанның жарықтығы анықталды. (Бұл мақсатта В.Г.Фесенковтың
конструкциясының оригинал фотометрі қолданды). Бутаковкадағы бақылау
станциясы қаладан 30 км қашықтықта, 2000 м биіктікте орналасты. Онымен
байланыста болу қиынға соқты. Бақылаушылар көбіне жаяу жүрді, жүкті атпен
тасымалдады.
1943 жылдан бастап астрономиялық обсерватория ашу институттың ғылыми
жоспарына кірді. Ғалымдар кеңесінің отырыстарында обсерватория ашу мәселесі
бірінші рет қарастырылды. Б.А. Воронцов-Вельяминов Қазақстан аудандарында
метеорологиялық мінездемесін зерттеді: Алматы және оның маңы, Зайсан,
Қарқаралы, Бурабай, Жаркент, Ащысай, Қаратау. Соңғы екі ауданның анық
күндері көп; 1943 ж. жазында осы жерлерге Г.А.Тихов пен А.А.Калиняк
жүргізген экспедиция жіберілді, олардың астроклиматты зерттеулері сол
аймақтың атмосфера мөлдірлігі мен көрініс сапасының жоғары екендігін
айқындады. Бірақ ол ауылға алыс болғандықтан, ол жерде обсерватория соғуға
болмады.
1943 ж. көктем мен жазында Каменский платосына (8 км қаладан, 1400 м
биіктікте) экспедиция ұйымдастырылды. Б.А.Воронцов-Вельяминов, сол кезде
директор қызметінде, Қазақ шаруашылық институты территориясынан жер алды.
Сол жерде басшылық келісімімен үйшік салынды, кейіннен ол зертхана болды.
1943 ж. күзде Каменский платосында бақылау базасын ұйымдастыруға рұқсат
берілді; кейіннен ол Таулы станция атуына ие болды. Жылда жаз сайын осы
жерге экспедиция ұйымдастырылды. Бақылаушылар және директор палаткаларда
тұрды. Құралдар үшін өз қолдарымен столбтар мен фанерден павильондар
соғылды. 1943 ж. жазда астроклимат зерттеулері басталды: жұлдыздардың
көрініс сапасы бағаланды, түнгі аспан жарығы мен атмосфераның спектральді
мөлдірлігі анықталды, ал В.Г.Фесенков зодиакалды жарықты бақылады. Қазақ
астрофизикалық обсерваториясының алдында қойылатын астроклимат
зерттеулерінің нәтижелері мен ғылыми тапсырмалары 1947 ж. Қазақ ССР ғылыми
академиясының жаңалықтары, Астрономиялық және физикалық сериясында
басылып шықты. 1942 ж. жазында Г.А.Тиховтың басшылығымен ноносфералық
бұлттардың жарықтануына зерттеулер жүргізілді.
Фабри эталоны көмегімен 5577А сызығындағы 35-46n экспозициясы түнгі
аспан суреті алынды, ал М.Д. Лавровтың қатты жарықты спектрографымен түнгі
аспан спектрі 33-100n экспозициясымен алынды. Бұл түнгі аспан спектрін
зерттеудегі алғаш жұмыстар еді, институтағы бар қарапайым құралдармен,
экспедиция ұйымдастырудағы көлік қиыншылықтарымен Тұйықсу метеостанциясына
қаладан 40 км қашықтыққа жету оңай болған жоқ.
1943 ж. ақпан-сәуірінде Б.А. Воронцов-Вельяминов қатты жарықты камера
(объектив Гелиос 1:2) көмегімен Тевзадзе II 1942 каметасын бақылады,
камера ағаштан жасалған экваториалды штатифте бекітілген. Камера мен
штатифті Б.А. Воронцов-Вельяминов өз қолынан жасаған, штатифті жасауда тек
екі металл қолданылған - дөңгелек подшипник сағат осі үшін және теодолиттің
микрометрлік винті. Осы құраммен камета құйрығы суретке түсірілді, көрініс
кезеңі бойы бинокльмен визуалды фотометрлік бақылау жүргізілді. Жұмыс
нәтижесі сол жылы Астрономиялық журналында басылып шықты. В.Г. Фесенков
Ай атмосферасының тығыздығын анықтау жұмысын бастады. Теориялық өлшемдер
мен алғаш бақылау жұмыстары жасалынды. 1943 жылдың отчетінде осы жұмыстың
мазмұны жазылған: Тақырып А I-3. Поляризациялық мәліметтер бойынша ай
атмосера тығыздығын анықтау. Орындаушы В.Г.Фесенков.
Ай дискісінің жарық түспейтін бөлігінде, терминаторға жақын
орналасқан диффуздық жарықтың поляризация дәрежесімен байланыстыратын
теория жетілдірілді. Ай мен Жердің химиялық құрамы бірдей деген ұйғарымнан
Ай атмосфера тығыздығының Жердікіне қатынасы шығады...
Тақырып А II-3. Айдағы шағылысу әсерін тексеру. Орындаушы
В.Г.Фесенков.
Бақылаудың мақсаты терминаторға жақын орналасқан Айдың жарық түспеген
бөлігінің поляризация дәрежесін анықтау. Жұлдыз көрінісінің дірілдеуін
бақылаған телемикроскопқа Луммер кубигі бар фотометр және салыстыру үшін
жарық шамы орналастырылды. Бірнеше кештер бойы терминаторға жақын аспан
жарығын бақылау жұмыстары жүргізілді, ал көмекші объектив алдындағы
поляроидтың орналасуын өзгертіп отырды. Алынған нәтиже теріс болды –
терминатор жанынан диффузиялық жарықтың еш өзгерісі байқалмады.
Осыған ұқсас бақылаулар 3-дюймдік рефрактор көмегімен жүргізілді. Онда
поляроид көз бен окуляр арасына қойылды. Кешкілік аспан фонына приборды
орналастырғанда поляроидтың бұрылғандығы фон жарығының өзгерісі поляризация
әсерінен екенін байқауға болады. Бұл жағдайда Ай үшін ешқандай әсер
байқалмады. Осыдан қорытынды, Ай атмосферасының тығыздығы жердің миллионнан
бір атмосфера тығыздығынан аса алмайды .
Осындай реферактар 1941-1944 жж. отчеттарында барлық тақырыптарға
келтірілген. Олар дәлдігімен, туралығымен, әдістемесі және зерттеу
нетижесімен ерекшеленеді.
Соғыстың соңғы жылдарында АФИ ғылыми зерттеу бағыты біршама өзгерді,
олардың мазмұны жеңіспен аяқталатын соғыстың жақындағанын көрсетті.
Зерттеудің негізгі бағыттары мынадай болды:
1. Атмосфераның оптикалық қасиеттерін тану, аэрофотосуреттеу мен
қашықтан көруді бағалаумен байланысты светомаскировканың жаңа әдісін
жетілдіру;
2. Зерттеудің фотосуреттеу әдістерін жетілдіру;
3. 1945 ж. 9 тамызда күн тұтылуды бақылауға дайындық;
4. Қазақ астрофизикалық обсерваториясының құрылыс проектісін
жетілдіру;
5. Зодиакалды жарық пен түнгі аспанның жарықтығын бақылау.
Осы бағыттардың ішінен светомаскировканың жеткілікті әсерлі және
қарапайым әдісі ұсынылып, тексерілді.
Көптеген бақылаулардың нәтижелі болғанынан, таулы станцияны жетілдіру
жүзеге асты. Қызметкерлер мен аспиранттар көмегімен жол жөнделді, электр
желісі жүргізілді, аккумулятор зарядтау құрылғылары жиналды т.с.с.
1945 ж. болатын күн тұтылуды бақылауға дайындық жүргізілді. Мұнда
1941 ж. қолданылған құралдарды пайдаланды, олар: үлкен күн спектрографы,
төртінші коронограф, Леонтовский жүйесінің небулярлық спектрографы, Сафир-
Бойе камерасы. Бұл құралдар столбтар мен павильондар соғылған Таулы
станцияда тексерілді. Әсіресе А.А.Калиняк небулярлық спектрографын
юстировка жасағанда көп күш жұмсады.
Күн тұтылуды бақылаудың ғылыми бағдарламалары ғылыми кеңесте
талқыланды, бір отырысында экспедицияның шаруашылық жабдықтармен қамтылуы
жайлы айтылды. Г.А. Тихов оптиканы қымтап ұстау керектігін айтты, ол бос
сөз болмады.
Күн тұтылуды бақылау үшін 2 экспедиция ұйымдастырылды : біріншісі-
В.Г.Фесенков пен Г.А. Тихов басқарған, 10 адам құрамындағы Иваново
қаласында, екіншісі - В.С. Соколов пен М.М. Маркович құрамындағы Қызылорда
қаласында. Біріншісі ауа райының құбылмалығына байланысты еш нәтижеге жете
алмады, ал екіншісі стандартты коронографпен күн коронасының суретін алды.
Экспедиция құрал - жабдықтары Иваново қаласына және кері қарай
поездің тауар тасымалдайтын вагонымен тасымалданды, ол А.А. Калиняк пен
аспиранттар бақылауында болды. Олар жоқта балалар вагонға кіріп, ондағы
спектрограф призмаларын алып, майда бөліктерге сындырған. Мұны білген
В.Г. Фесенков қатты ашуланды. Бұл оқиғадан кейін А.А. Калиняк Ленинградқа
ауысты. Институт үшін бұл шығын болды, өйткені 1943-1944 жж. Б.А. Воронцов-
Вельяминов пен Н.Н. Парийский Мәскеуге кеткен болатын.
Планета аралық зат пен зодиакалды жарықтың В.Г. Фесенков жүргізген
зерттеу жұмыстарын бақылаулармен салыстыру қажет болды. 1943 ж. басталған
бірнеше жылдың бақылаулары Таулы станциясында және басқа экспедиция кезінде
жүргізілген. Бұл тапсырманың басты мақсаты зодиакалды жарықтың нағыз
жарықтығын анықтау, бақылаудағы атмосфера жарықтығы мен галактика
құрамаларынан басқа, атмосфера құрамаларын есептеу үшін түнгі аспан
жарығының ерекшелігін анықтау қажет болды. Бұл үшін арнайы фотометрлер
көмегімен бақылау жүргізілді және көптеген материал жиналды. Фотометрлік
бақылаулар жайлы туған дискуссиялар В.Г. Фесенков үшін түнгі аспан
жарқылдауының қайталанбас теориясын жасауына мүмкіндік туғызды. Теория
бойынша аспанның әр нүктесіндегі атмосфера құрамаларының жарықтығын
бағалауға болады, егер Леонтов жүйесінің спектрографымен анықталған
атмосфера мөлдірлігі, жарық эффектісінің жоғарылығы, полюсте бақыланған
аспан жарықтығы белгілі болу керек. Зерттеулер нәтижесі В.Г. Фесенков
монографиясында жазылған.
Соңғы әскери жылдары Е.В. Пясковская-Фесенкованың жер атмосферасының
оптикалық қасиеттерін зерттеу бойынша жұмысы жанданды. Таулы станцияда да,
экспедицияларда да көптеген фотометрлер көмегімен жүргізілді. Күн маңы
ореалдары мен аспан жарықтығы бойынша атмосфера мөлдірлігі коэффициентін
анықтау тікелей және жанама әдістері жетілдірілді. Әр жерден түрлі
метеорологиялық жағдайларда алынған бақылау материладары жер атмосферасының
оптикалық құбылыс заңдылықтарын айқындауға, оның оптикалық қасиеттерінің
тұрақтылық ұранын табуғу, күндізгі аспанның жарықтық кестесін құрастыруға
көмек болды.
1943 ж. қыркүйекте Алматы маңынан Астрофизикалық обсерватория
ұйымдастыру үшін Каменко плато ауданынан жер бөлуге шешілді. Сондықтан 1944-
1945 жж. АФИ тапсырмаларының бірі - обсерватория құрылысының проектісі
болды. 1944 ж. сәуірдің соңында В.Г. Фесенков Мәскеудегі КСРО ҒА
Астрокеңесінде келешек құрылыс пен Қазақстанда астрономия дамуы туралы
айтты. Кеңес Институт жоспарын қолдап, зерттеулер актуалдығын байқады,
Таулы астрофизикалық обсерватория құрылыс проектісі 1944-1945 жж.
Архитектура академиясымен жасалынып, КСРО Министрлер Кеңесімен бекітілді.
Осы жылдың жазында құрылыс басталды.
АФИ қажетті тапсырмаларының ішінде аспирантура арқылы ғылыми
жұмыскерлер дайындығы да бар екенін көрсетуіміз қажет. Бұған Ғалымдар
Кеңесінің әсері болды, кейіннен институт кандидаттық диссертациялар
қорғауға құқық алды.
1942 жылдан бастап Алматыда Астрономиялық журнал басылымы
жалғастырылды, онда зерттеулер нәтижесімен қоса, шетелдік журналдарынан
рефераттар да басылып шығарылды; осыған орай біздің астрономдар шет
мемлекеттердегі астрономиялық жаңалықтармен таныс болды. АФИ қарапайым
құралдармен жабдықталғанына қарамастан, соғыстан кейін жалғасын тапқан
ғылыми тапсырмалар зерттелді (В.Г. Фесенков пен Г.А. Тихов басшылығымен):
зодиакалды жарық зерттеуі, түнгі аспан жарықтығы, Ай атмосферасы мен Жер
атмосферасының оптикалық қасиеті.

1.2. Академик В.Г. Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына
қосқан үлесі.
1940 ж. ШМАИ (ГАИШ) Алматыдағы 1941ж. 21 қыркүйектегі күн тұтылуын
бақылауға дайындалды. Сол уақыттағы институт директоры Н.Д. Моисеев А.А.
Михайлованы экспедиция басшысы етіп тағайындады. 22 маусымда соғыс
басталды, дегенмен экспедиция Алматыға эвакуацияланды. Б.А. Воронцов-
Вельяминов 3 маусымда ауруханадан жазылып шығып, бірденнен халық ұжымына
жазылды, бірақ көз ауруы болғандықтан медициналық комиссиядан өте алмай,
Алматыға экспедицияға қатысты.
Қаладан 10 км қашықтықта балалар санаториясынан орын берілді, алыс
емес жерден құрал-жабдықтарды орналастырылды. Дайындық уақытысында
В.Г. Фесенков бәрімен қатар жұмыс істеді. Ол бақылау орнында палатка
орнатып, темір төсекте жатып жүрді. Тұтылуды аспан ашық кезде бақылады, көп
ғылыми материалдар алынды. В.Г. Фесенков Сафир-Бойе камерасымен күн
коронасын керемет суреттерге түсірді және хромосфера спектрінің суреттерін
алды.
Бақылау жұмыстары біткеннен кейін В.Г. Фесенков Қазаннан өз жанұясын
алып келді. В.Г. Фесенков көп ғалымдарға көмек берді, өзінің басынан қайғы
өтті, оның бір баласы соғыста қаза болды, екінші баласы аурып қайтыс болды.

1941 жылдың аяғында В.Г. Фесенков КСРО ҒА Қазақ филиалының төрағасы
Қ.И. Сатпаев пен Н.Н. Парийский көмегімен алғаш Қазақстанда Астрономия және
Физика Институтын ұйымдастырды.
В.Г. Фесенков институт штатына жергілікті аспиранттар мен
лаборанттарды алды. Н.Н. Парийскийді өзінің орынбасары етіп, Б.А. Воронцов-
Вельяминовты шаруашылық бөлімшесінің директор орынбасары етіп, кейіннен
астрофизикалық сектор басшысы етіп тағайындады. В.Г. Фесенков Алматыда 1924
жылдан бастап шығатын Астрономиялық журнал басылымын жалғастырды. Б.А.
Воронцов-Вельяминовты журнал өмірінің басындағыдай редколлегия хатшысы етіп
сайлады. АФИ жұмысында ғылыми отырыстардың мағынасы көп болды, онда
қызметкерлер өз жұмыстарының нәтижесін хабарлады, шет елдер журналын
қолданып, астрономиялық жаңалықтарға тоқталды. Бұл жиналыстар сұраныста
болды, кейде отырыстағы жаңалықтар жергілікті газеттерде жарияланды.
Ташкенттен А.А. Михайлов пен М.Н. Гневышев (соңғысы АФИ-да кандидаттық
диссертациясын қорғаған), Қызылордадан Харьков астрономы Н.П. Барабашов
келген.
Отырыстардың бірінде Н.Н. Парийский Джинс космогоникалық гипотезасының
дұрыс еместігін көрсеткен есептемелерін баяндады. В.Г.
Фесенковтың жылдам айналатын жас Күннің айналыс күшімен туған
планеталардың жаңа космогониялық ротациондық гипотеза жайлы баяндады. 50
жылдары ол осы гипотезаны О.Ю. Шмидтің метеориттік гипотезасына қарсы
шығарды. Қызығы, ол Шмидтің гипотезасын соғыс жылдарында өзі де қолданған.
Әдетте Фесенков қызметкерлердің жеке идеяларын жетілдірумен
айналысқанды қолдамайды. Оған қарамастан, ол Б.А. Воронцов-Вельяминовтың
1943 ж. басындағы Грузияда ашқан жаңа жарық каметасын суретке түсіріп
алғанын бағалады. Қолынан ағаштан параллактикалық штатив жасап, оған қатты
жарықты камерасын орнатты, каметаны суретке түсіріп, оның құйрығының
суретін алды. Бұл жұмысты В.Г. Фесенков кезекті жиналыста мақтап, атап
өтті.
1942-1944 жж. АФИ Алматының таулы аймақтарына көп экспедициялар
жүргізілді. Экспедициялар әр жазда ұйымдастырылды. Жұмыс бағдарламасына
күндізгі және түнгі аспан жарықтығын бақылау, атмосфера мөлдірлігін,
аспероклиматтық зерттеулер және әскери органдардың сұранысымен жүргізілген
жұмыстар – тұман мен бұлттағы заттар көрінісін бағалау, құпиялы оптикалық
сигнализацияны жетілдіру және т.б. кірді, экспедиция кезінде әдетте
палаткаларда тұрды, құрал-жабдықтарды ат арқылы тасылмандады. Сол жылдары
Алматыда қиын кездер болып еді – тауарлар жиі болмады, сондықтан ең
ыңғайлысы тұрақты экспедиция кезінде егілген бау-бақша болды. Фесенковтың
Мәскеуге сапарларының бірінде, АФИ-ң директор болғанда, Б.А. Воронцов-
Вельяминов Камен платосында қыштан 3 бөлмелі үй салуды ұйымдастырды,
кейіннен ол көп жылдар бойы АФИ-ң таулы станциясындағы алғашқы зертханасы
болды (соңынан онда жаңа үлгіде астрофизикалық обсерватория құрылды).
В.Г. Фесенковтың артта қалған көпжақты қайнаған ғылыми және
ұйымдастырушылық қызметінің көп бөлігі, амалсыз таңдандырады. Аштық кезеңде
Мәскеудің жалаңаш жерінде ол Кучинский астрофизикалық обсерваториясын
ашады, эвакуация кезінде сасқалақтамай қызметкерлері жеткіліксіз ғылыми
институтын ұйымдастырып, ол қазақ халқының астрономиясына берік бастау
салады. Осындай таусылмас қуатты адамды ғалымдар астрономдардың арасында
кезіктірген емес. В.Г. Фесенковтың ғылыми жұмыстары мен өмір жолы екінші
тарауда толығымен көрсетіліп кеткен.

1.3. Экспедиция ұйымдастырудан алғашқы астрономиялық ғылыми
институттың ашылуы.
Б.А. Воронцов-Вельяминов ғылым академиясы президиумының 1941 ж. 21
қыркүйектегі тұтылу бақылауының арнайы комиссиясының ғылыми хатшысы болды.
Комиссия төрағасы Василий Григорьевич жүргізген қызу дайындығында жұмыс
істеді. 1939 ж. Қазақстанның оңтүстігінде өткен толық фаза трассасын
зерттеу үшін арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Бұл экспедиция Алматы,
Талғар, Ыссық, Шілік, Жалаңаш, Кеген, Сарыжаз, Нарынқол, кері Пржевальск,
Фрунзе, Қаскелен, Алматы маршрутын жүк машинасымен өтті. Бақылауларға
сүйене, осы территорияда экспедициялар жүргізілді.
В.Г. Фесенков басқарған комиссия аппаратура дайындауда көмек көрсетті,
импортты фототаспаларын экспедиция мүшелеріне таратуды ұйымдастырды. Күн
тұтылуға үш жыл бұрын бақылау жоспарлары талқыланды. Василий Григорьевич
фотометрлік бақылауларды ұнатқанымен, спектроскопиялық бақылаулар жүргізілу
керектігін айтты. 1939 ж. мамырында комиссия 1941 ж. 21 қыркүйектегі күн
тұтылуды бақылау тематикалық жоспары құрастырылды.
22 маусымда басталған соғыс ғылыми академия комиссиясының кең ауқымды
жоспарларын орындауға кедергі жасады. Дегенмен Үкімет пен Академия
зерттеулерді тоқтатпау бұйрығына сүйене отырып, В.Г. бақылау жұмыстары өту
үшін қолдап келгенін жасады. Өзі профессор А.А. Михайлов басқарған ГАИШ
экспедициясына қатысты.
Экспедиция жабдықтары Мәскеуден Алматыға соғыс басында жіберілді, ал
қызметкерлері Мәскеуден тамыз айында эвакуация қатарында арнайы Ғылым
Академиясының вагонында келді. Мәскеуден Алматыға Экспедиция жабдықтарын
жіберген шілде түнінде неміс ұшақтары Мәскеуді алғаш бомбамен атқылау кезі
еді.
Басында Мәскеу экспедициясынан барлық мүшелерін Камен платосындағы
Алматы мединститутының балалар демалыс орнында орналастырды. Осыған жақын
жердегі төбешікте күн тұтылуды бақылау жүргізілді. В.Г. Фесенков Күннің 8
радиус қашықтықтағы ең сыртқы корона суретін алды. Бұл суреттер күн
коронасындағы жарық таралуын анықтауға көмектесті. ГАИШ экспедициясы
Фесенковтың астрономия ісін Қазақстанда дамытуына бастау болды.

Қазақстандағы алғаш обсерваториялар
В.Г. Фесенков КСРО ҒА президиумында Қазақ филиалында жаңа институттың
ашылуына келісті. 1941 ж. желтоқсанда ол Б.А. Воронцов-Вельяминовті Қазанға
жаңа институттың статусын заңды және финансты бекітуге қажетті құжаттарды
алуға жіберді.
1942 ж. АФИ-ң астрономиялық секторы Бутаковка өзеніне экспедиция
ұйымдастырды, онда атмосфераның оптикалық әсерлерін (В.Г. Фесенков,
Е.В. Пясковская-Фесенкова), атмосфераның спектрлі мөлдірлігін
(Б.А. Воронцов-Вельяминов) зерттеу, құпиялы бағытталған
сигнализацияның поляризациялық әдістерін жетілдіру (Н.Н. Парийский)
жұмыстары жүргізілді.
1946 ж. Обсерватория құрылысы қызметкерлер үшін 3 финдік үйшіктер мен
құралдар үшін соғылған павильондардан басталды. Кейіннен территотиясы
бекітілген, администрация орны, складтар, астрономиялық бөлмелер мен
жұмысшылар үйлері соғылды.

1.4. Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы.
Жаңа астрономияның Қазақстанда пайда болуы мен даму тарихы В.Г.
Фесенков атындағы Астрофизикалық институтпен байланысты. (1989 ж.
институттың 100 жылдығына орай В.Г. Фесенков аты берілген).

В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт
Академик В.Г. Фесенков басынан институтқа комплексті көзқарас бергісі
келді, жер атмосферасының оптикалық әсерлерін, зодиакалды жарықтың феномен,
күн активтілігін, планеталар физикасын, күн жүйесі динамикасын, космогония
мен космология басты мәселелерін тәжірибе барысында көрсетті.
В.Г. Фесенков тек бақылау мағлұматтарына көңіл бөлмей, оларға қажетті
жан-жақты теориялық талдауын да жасады. Оның шығармашылық активтілігі
таңғаларлықтай болды. Өзінің шығармашылық өмірінде ол 700-ден артық ғылыми
мақалалар, бірқатар монографиялар жазды. Ол жұмыстарды ешкімнің көмегінсіз
жүргізді.
В.Г. Фесенковтың ғылыми шығармашылығын жауапты ғылыми ұйымдастыру
жұмысымен қатар жүргізді.
Алматы Астрофизикалық институт Фесенковтың бірінші емес, бірақ соңғы
ғылыми жаңалығы болды. Оның арқасында Институтқа Д.Д. Мақсұтов жүйесінің
телескопына бірінші үлкен сұраным алды, фотоэлектрлі көбейткіштерді
сезімталдықты жоғарлату және астрономиялық бақылауларды автоматизациялау
үшін игерді. Ол аспанның ең жаңа атластарын иеленіп, өзінің диффузиялық газ
тұманының арнайы атласын жасауға ұмтылды. Фесенков бастауымен ғылыми
семинарлар жүргізілді, онда әлемдік әдебиеттер қарастырылды, институт
қызметкерлерінің ғылыми жетістіктері талқыланды. Астрофизикалық институт
жаңалықтары, Астрофизикалық институт еңбектері периодты түрде басылуын,
институт кітапханасын қажетті әдебиеттермен толтыру, басқа да әлемдік
кітапханалармен айырбас орнату орнықтырылды. Институт кеңестік және
халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты. Оның өзінде де салмақты ғылыми
конференциялар жүргізілді. Бұның бәрі В.Г. Фесенковтың еңбегінің жемісі,
барлық қызметкерлер оны үлгі тұтты.
АФИ-ң бірінші нәтижелері КСРО ҒА Астрономиялық кеңестің Алматыдағы
сессиясында шығарылды. Сессия астрономияның Қазақстанда дамуына арналған
(1955). Сессия қатысушылары В.Г. Фесенковтың астрофизикалық институттың
басты жетістіктері туралы баяндаманы талқылады.
Институттың жан-жақты жұмыстарын баяндама атауларынан байқауға болады.
Жұлдыздардың пайда болуы туралы (В.Г. Фесенков); Жанған гиганттардың
пайда болу мәселесі және эволюциясы (Г.М. Идлис); Тұманда
жарықтың поляризациялануы туралы және Тұманның жарықтануы мен құрылысы
(Д.А. Рожковский); екі баяндамамен Е.В. Пясковская-Фесенкова шықты:
Атмосфера мөлдірлігінің түрлі әдістермен коэффициентін анықтау және
Жоғарғы қатардағы жарықтың таралу есептемесі.
Ғаламдағы қажетті талаптар мен принципиалдық шекаралар мәселесі, АН
ҚазССР-де арнайы астроботаника секторын ұйымдастырған В.Г. Фесенков пен
Г.А. Тихов арасында пікірталас тудырды. Бұл пікірталаста олардың оқушылары
мен шәкірттері де қатысты. Соңғы шегі Астроботаника сектор еңбектері атты
мақала автор рецензиясы болып табылды.
В.Г. Фесенковтың бірінші жасанды серіктерді жіберуден бұрын, болашақ
космостық зерттеулер туралы баяндамасын тыңдауға соншалықты үлкен аудитория
жиналды. Сондықтан баяндаманы оқуды ҚазССР ҒА аудиториясынан Алматының
Офицерлер үйіне көшірілді. Бұл адамзаттың космостық кезеңіне жетуінің тек
басы ғана еді.

2. Қазақстан астрономиясының даму тарихындағы тұлғалар.
2.1. В.Г. Фесенков – алып астроном.
В.Г. Фесенков 1889 ж. 13 қаңтарда Новочеркасск қаласында математика
және физика пәндер мұғалімі жанұясында дүниеге келді. Оның балалық шағы
Ростов-на-Дону қасындағы қалашықта, дон казактары жанында өтті. В.Г.
Фесенков бала кезінде далада көп уақыт өткізген, дені сау, мықты бала болып
өскен. Көп ауырмайтын, әке-шешесінің мақтанышы болды.
Новочеркасск училищесінде оқығанда, оны ғылыми сабақтар қызықтырды,
онымен қоса ол барлық сабақтарды жақсы оқыды. Астрономияны ол мектеп
кезінен қызығушылықпен оқыды. Өзі телескоп жасап, үйінің шатырынан
бақылаулар жүргізді. Ол 1906 ж. осы телескоптың көмегімен Финлея кометасын
анықтады. Ол Нижегородскийдегі астрономиялық күнтізбе жасайтын астрономия
үйірмесі мүшелерімен байланыс ұстады.
1907 ж. В.Г. Фесенков училищені бітіріп, Харьков университетінің
физика-математикалық факультетіне оқуға түсіп, Харьков астрономиялық
обсерваториясына жұмысқа кірді. Өзінің бірінші Күннің параллаксын анықтау
әдісі жұмысын 1908 ж. II курста жасады.
Университеттің II курсында В.Г. Фесенков Морхауз кометасының орбитасын
анықтаумен айналысты, ол әлемнің обсерваторияларында жүргізілген
бақылауларды қолданды. Бұл жұмыс 8 айдан соң бітті, сөйтіп университеттің
алтын медаліне ие болды. Теориялық жұмыстармен қоса, Эртель мен Мерц
бақылауларын Харьков обсерваториясында жүргізді. Оның теориялық жұмыстар
мен бақылаулар жүргізуі оның өмір бойындағы ғылыми ерекшелігі болды.
Сол кезде Харьков обсерваториясын ашқан В.Я. Струвенің немересі
Л.О. Струве болды. Обсерваторияда Н.Н. Евдокимов, И.И. Сикора,
Б.И. Кудревич жұмыс істеді, олар астрономиялық зерттеулер жүргізді. Ол
кезде Харьков обсерваториясында астрофизикалық жұмыстар жүргізілмеді.
1911 ж. В.Г. Фесенков Харьков университетін Алтын медальмен бітірді,
сөйтіп онда профессор атағына дайындыққа қалдырылды. Бір жылдан соң ол
Парижге Ғылыми квалификациясын жоғарылатуға жіберілді. Ол екі
жыл Сорбоннада дәрістер тыңдады, стажер ретінде Париж бен Мон Гро
обсерваторияларында жұмыс істеді. Ол атақты ғалымдардың дәрістерін тыңдады:
А. Андуай, П. Аппель, Э. Борель, П. Пьеза.
В.Г. Фесенков Парижде классикалық астрометрия мен аспан механикасының
жақсы мектебін өтті, дегенмен астрономияның бұл салалары оны қызықтырмады.
Оның ұстанған бағыты астрономияның әлі жетілмеген саласы – астрофизика.
В.Г. Фесенков шет елде болғанда, зодиакалды жарықты зерттеуде үлкен
жұмыс атқарды. Ол бұл мәселеге фотометрлік жағынан келді, ол жақсы
көрінбейтін объектілерді анықтайтын фотометр құрастырды. Ол бұл фотометрді
Медон обсерваториясындағы зодиакалды жарық бақылауында қолданды. Алынған
нәтижелерді 1914 ж. Париж университетінде қорғаған
Зодиакалды жарық докторлық диссертациясында қолданды. Оның бұл жұмысы
осы күнге дейінгі зодиакалды жарықтың фотометрлік бақылауларына бастау
болып келеді.
1914 ж. Франциядан Ресейге оралып, 1915 ж. магистрлік емтихан
тапсырып, осы жылы Харьков университетіне приват-доцент болып қабылданды.
1915-1920 жж. В.Г. Фесенков мұғалімдікпен қоса Харьков
обсерваториясының астроном-бақылаушысы болды. 1914 ж. тамызында Геническіде
күн тұтылуды бақылау экспедициясына қатысты. Ол Жер шарының альбедосын
анықтаумен айналысты, ауыспалы жұлдыздардың өзгермелі жылтырын зерттеді,
космогонияның кей сұрақтарын қарастырды, планета табиғаты мен Айға
байланысты міселелерді қорытындылады. 1916-1919 жж. Цельнер фотометрінің 4-
дюймдік комета іздеушімен қосылысының көмегімен бақылаулар жүргізді,
кейіннен 90 мен 79,5 градус солтүстік бөлікте 1155 жұлдыздар каталогін
құрастырды. Осылай В.Г. Фесенков жұмысының бастапқы жылдарында Харьков
обсерваториясындағы астрофизикалық жұмыстар ұйымдастырушысы болды.
1917 ж. В.Г. Фесенков Харьков университетінде Юпитер табиғаты туралы
атты магистрлік диссертациясын қорғады, онда осы планетаның физикалық
мінездемесі толық суреттелген, экваторлық жылдамдық теориясы игерілген. Осы
жылы ол астрофизика курсын оқыды, оған дейін курс Харьков университетінде
оқылмаған еді.
1920 ж. В.Г. Фесенков конкурс бойынша Дон политехникалық институтына
механика профессоры мен Новочеркасск педагогикалық институтының астрономия
профессоры қызметіне өтті. 1920 ж. Харьков университетінде Күн жүйесінің
эволюциясы атты докторлық диссертациясын ұсынды, бірақ оны қорғай алмады,
өйткені ол кезде ғылыми дәрежелер алынып тасталды.
1922 ж. В.Г. Фесенков Мәскеуге көшті. Бұл жақта оның ғылыми және
ғылыми ұйымдастырушылық қызметі жанданды. Ол астрофизикалық орталық жасауға
кіріседі. Ол 1921 ж. ашылған Астрофизикалық институт болып табылады. 1923
ж. бұл институтқа мемлекеттік астрофизикалық институт атағы беріледі.
Алғашқы жылдары институт қарамағында Ташкент обсерваториясы Кучино
астрономиялық станциясы. В.Г. Фесенков институттың бірінші басшысы болды.
Онымен бірге болашақ атақты астрономдар С.В. Орлов, В.А. Костицын, А.А.
Михайлов жұмыс істеді. Келесі жылдары институт қызметкерлері қатарына С.К.
Всехсвятский, Г.Н. Дубошин, Р.В. Куницкий, Н.Д. Моисеев, Н.Н. Парийский,
Е.В. Пясковская, К.Ф. Огородников, К.Н. Шистовский, Б.М. Щиголев кірді.
В.Г. Фесенков ғылыми зерттеулермен айналыса отырып, мұғалім қызметін
тоқтатпады. 1933-1948 жж. ол Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік
Университетінде профессор және астрофизика кафедрасының жетекшісі болды.
Кафедрада ғылыми жұмыстар ұйымдастырып, оған студенттерді қызықтырды. Ол
ешқашан оқушы инициативасын баспай, олардың индивидуалдық қасиеттерін ашуға
тырысты. Ол ешқашан студенттер мен қызметкерлер жұмыстарын өз атына
жаздырмайтын. Ол өзінің еңбектерін ғана атынан жариялайтын. Оның
басшылығымен жүргізілген бақылауларды, ол жұмыстың нәтижелерін қызметкерлер
мен студенттердің өздеріне қолданып, жетілдіруін ұсынып, дайын жұмысты
кідіріссіз басылымға жіберетін. Бұл нәтижелерді ол өз жұмыстарында да
қолданды.
Астрономияның КСРО-да дамуына 1923-1964 жж. В. Г. Фесенков редакторы
болған Астрономия ғылымының жетістіктері басылып шығуын ұйымдастырды.
В. Г. Фесенков КСРО Ғылым Академиясындағы жұмысқа көп көңіл бөлді.
1927 ж. ол КСРО ҒА корреспондент-мүшесі болып таңдалды, 1935 ж.
А. А. Белопольский мен В. И. Вернадский академиктер ұсынысымен оның
толық мүшесі болды. 1936-1937 жж. ол КСРО ҒА Астрокеңесінің төрағасы,
келесі жылдары мүшесі болды. 1939-1941 жж. КСРО ҒА физика- математикалық
ғылым бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары болды.
1941-1945 жж. КСРО ҒА Президиумын Қазақ ССР-іне эвакуацияланған
академиялық мекемелерінде жолдаушысы болды.
ҰОС басында В. Г. Фесенков КСРО ҒА ғылыми мекемелерімен бірге Қазанға
эвакуацияланды, кейіннен Алматыға көшті. Бұл жерде ол эвакуацияланған
жұмыскерлер мен академия мекемелерін тасымалдау мен орнықтыру жұмыстарын
атқарды.
1941 ж. В. Г. Фесенковпен ұйымдастырған Астрономия және Физика
Институтының Қазақстан үшін үлкен ролін бағалау өте қиын. Ауыр әскери
уақытқа қарамастан институт В. Г. Фесенков басшылығымен үлкен
жетістіктерге жетті. Онда әр түрлі зерттеулер жүргізілді, Қазақстанға
қажетті ғылыми кадрлар дайындалды. 1950 ж. Институт екі тәуелсіз бөлікке
бөлінді: Физикалық және Астрофизикалық ҒА ҚазССР Институттары.
В. Г. Фесенков Астрофизикалық Институтының құрылысына көп күш пен
уақыт жұмсады. Құрылысты өзі бақылап, жұмыстың дұрыс жүруін қадағалады.
Кешірек ол Үлкен Алматы өзенінің жағалауында Күн коронасын бақылау үшін
станция ұйымдастырды. Кавказда обсерватория үшін орын табудағы мақсатпен
астрономиялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізді. Экспедиция Крестов
тауында кең ауқымды бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Осы экспедицияға
қажетті құрал-жабдықтарды Лениннің жеке өзінің бұйрығымен берілді.
Келесі жылдары В. Г. Фесенков экспедицияны Одессаға жақын жерде
өткізді (Сухой Лиман, 1927), Китаб экспедициясы (1934 ж.), Қарадақ және
Алматы маңында Бутаковка аулына (1943-1944 жж.), Лапот тауына, Талғарға
жақын жерде (1946 ж.) экспедицияларға шықты. 1947 ж. В. Г. Фесенков Сихотэ-
Алинский метеоритінің құлау орнын зерттеу экспедициясын басқарды. 1948 ж.
Сары-Ишик-Отрау құмына экспедиция ұйымдастырылды. 1957 ж. жазда Аксенгір
ауданына (Алматы обл.) зодиакалды жарықты зерттеу үшін экспедиция жүргізді,
ал күзде В. Г. Фесенков Ливия құмында зодиакалды жарықты бақылау үшін
Египетке аттанды. Бұл экспедиция 1957 ж. 26 мамырда КСРО Үкіметінің
шешімімен, Халықаралық Геофизикалық Комитетінің төрағасы академик И. П.
Бардин ұсынысымен ұйымдастырылды.
Египетте бола тұра, В. Г. Фесенков бақылау жұмысынан басқа, Египет
ғалымдарымен тығыз байланыс орнатты. Ол Каир Университеті мен Хелуан
обсерваториясында бірнеше дәріс оқыды. Онда ол Египет ғалымдарын
экспедицияның мақсаты жайлы, КСРО-да планета аралық кеңістіктк зерттеу
жұмыстары туралы баяндады. Тыңдаушыларды бірінші жасанды жер серігі туралы
мәліметтер қызықтырды. В. Г. Жергілікті ғалымдар жұмыстарымен,
астрономиялық бақылаулар жүргізілетін жерлермен танысты. Оларға зодиакалды
жарықты бақылауды кейінде жалғастыруға ұсыныс жасады. Ол үшін Хелуан
обсерваториясына экспедицияның электрофотометрі берілді.
В.Г. Фесенков Сихотэ-Алин метеоритінің құлаған жеріне экспедициясына
үлкен жұмыс атқарды. Өте ауыр жағдайларда Е. Л. Криновпен бірге Уссурий
тайгасында метеориттерді жинау, кратерлерді қазу, орынның теодолиттік
суретке түсіру жұмыстарын ұйымдастырды. Осыдан алған мәліметтер нәтижесінде
В. Г. Сихотэ-Алиский метеоритінің орбитасы планета аралық кеңістікте екенін
анықтады және жерге дейін ол астероид болғанын көрсетті.
В. Г. Фесенков 1914, 1927, 1936, 1941, 1945 жылдары толық күн тұтылуды
бақылған 5 экспедицияға қатысты. Барлық жағдайларда ол нәтижеге жете
бермеді. Ауа райы құбылмалы болғандықтан екі рет күн коронасын дұрыс
бақылай алмады. Мысалы, 1936 ж. Күн тұтылу кезінде Қостанай аспанын бұлт
қаптады, дегенмен В. Г. Фесенков аспанда фотометрлеу арқылы тұтылудың толық
фазасының ортасын 1 с дейін дәлдікпен анықтады.
Экспедиция кезінде В. Г. Фесенков жұмыскерлігін, талаптылығын
көрсетті. Қандай да болмасын жағдайларда жұмысты дұрыс орындай білді. Ол өз
бақылауларының нәтижелерін тез өңдеп, баспаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик В.Г. Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан үлесі
Астрономияның даму тарихы
Қазіргі астрономия Дәстүр мен болашаққа бағдар
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ
Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік
Астрофизика институты
Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер
Астрономия
Оқыту құралдарының кешені – физика курсын экологияландыруының алғышарты
Бал арасын өсіру
Пәндер