Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрлымы, қызметтіндегі принциптері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары . . . 5
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері,
құрылымы, қызметіндегі принциптері
2. 1 Өкілетті органдар . . . 16
2. 2 Атқарушы органдар . . . 18
2. 3 Сот билігі . . . 31
2. 4 Мемлекеттік органдардың түрлері және жіктелуі . . . 34
2. 5 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының
принциптері . . . ……… . . . 37
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
3. 1 Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері . . . 41
3. 2 Мемлекеттік басқару қағидалары . . . 45
3. 2 Мемлкеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы…. …. …… . . . …. …49
3. 4 Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары . . . 56
3. 5 Басқарушылық процесс және оның сатылары. . . . ……. 65
Қорытынды . . . 74
Пайдаланылған адебиеттер тізімі . . . 75
Нормативтік сілтемелер.
Анықтамалар . . .
Қысқартулар мен белгілеулер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрлымы, қызметтіндегі принциптері» деп аталады.
Тақырыптың өзектілігі: Заң ғылымы жүйесінде «мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрлымы, қызметтіндегі принциптері» зерттеу тақырыбы-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұны қоғамдық өмірдің барлық салаларың тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайда.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жургізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Дипломық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Дипломдық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік. Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Атқарушы билік органдары» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Мемлекеттік аппарат органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Мемлекеттік аппарат органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді .
Мемлекеттік аппарат органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді /олардың ішінде өздерінің актілерін де орындау үшін құрылады.
Мемлекеттік аппарат өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
1 Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы
1. 1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
Мемлекеттік аппарат - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады [1, 48б. ] . Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген [2, 3б. ] .
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын-патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады.
Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі [1, 48б] . Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат - бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі [3, 5б] .
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
- тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
- құқықтық нысандар - бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет [3, 22б] .
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды) .
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі [4, 69б] .
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады. Сонымен мемлекеттің аппараты дегеніміз- билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніз-мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.
1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.
7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стартегиялық Жолдауында мемлекеттік аппаратты жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принциптері белгіленген:
1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнің негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгiленген тәртiп пен азаматтардың ітiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға; іздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды мiндеттерiне сәйкес өкілеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға; іздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерiн, шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; із өкілеттiгiнің шегiнде мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек. Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Қазақстан Республикасының Призиденті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс жасауын және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті -мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Қазақстан Республикасының Парламенті-заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілетті мерзімі-төрт жыл. Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, Республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутаттарды Президент тағайындайды.
Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі өсіріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын көп партиялы 97-депутаттардан тұрады оның 11 Қазақстан Республикасының Халықтар Ассамблеясынан шақырылыды. Негізінде заң шығару тек Парламенттік құзіреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Қазақстан Республикасының Парламенті кейбір заңдарды қабылдауға құқығын береді, оны делекаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының, сапасын көтеруге, парламентті біршама түрақты және орнықты орынға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстан сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екіншісі жартысы төрт жылға сайланады.
Қазақстан Республикасының Сенатына 30-жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Қазақстан Республикасының Парламенті негізгі заң шығарушы орган. Қазақстан Республикасының Парламенттінің сесиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары-бюро, жұмыс органдары-тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғарғы қызметтерін тағайындалғанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне қатысатын болса, Мәжіліс заң қозғау және қаржы мәселелерін шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын президентінің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары бір жылға заң шығару билігін президенке 2/3 дауыспен рұқсат берсе қолына береді (Конституцияның 53-бабы) . Қазақстан Республикасының Президенті заң жобалардың қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық түрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзіретті алқалы шешуші органы Кабинет мүщелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъетивтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі-атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы түрғысынан- Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заң Қазақстан республикасының Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекөтілген болып саналады. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64-бабының 1-ші тармағы бойынша президент парламенттік келісім алуға тиіс.
Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың бүкіл жүесіне басшылық жасайды. Қазақстан республикасының Үкіметін пример-министр оның орынбасарлары Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемслекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет жеке нормативтік қаулылар қабылдайды.
Орталық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссиясы және комитттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы наурыздың 4-дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-министр оның орынбасарлары, Үкімет аппаратынң басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және Республика Президенттің алдында жауапты. Примьер-министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқасының құрамына кіреді. Примьер- Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқада мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шетте-сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға сәйкес салааралық үйлестіруді жузеге асырстын Республика орталық атқарушыорганны болып табылады. Республикалық комитеті, басбасқармасы, комиссиясы, огенттігі жәнә Үкімет құрамына кірмейтін өзгеде республикалық мемлекеттік басқару органы Үкімет құрамына кірмейтін республика орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемсликеттік комитеттің жанындағы комитет, департамент, огенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзгеде мемлекеттік басқару органы Республика ведомствасы болып табылады. Ол министірлігінің, мемлекеттік комитетінің құзреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау -сызықша қадағалау функциаларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi жиырма шақты министрлiктен (өнеркәсiп, денсаулық сақтау, бiлiм, iшкi iстер, қорғаныс т. б. ), он шақты мемлекеттiк комитеттен (мемлекеттiк мүлiк, жастар iстерi жөнiндегi, монополияға қарсы саясат т. б. ), 4 комитеттен (тiл, статистика жөнiндегi т. б. ) және 4 бас басқармадан (атом энергиясы т. б. ) тұрады.
Министiрлiк атқарушы өкіметтің орталық органы болып табылады, ол өзіне жүктелген қызмет саласына басшылық жасайды. Министрлiк басшысы министр, ол лауазымы бойынша Министрлер Кабинетiнің құрамына кiредi, өзіне жүктелген қызмет саласын дара басшылық негiзiнде басқарады және министiрлiктің жұмысына жеке жауап бередi. Мемлекеттiк комитет те атқарушы Үкiметтің орталық органы болып табылады. Ол саларалық мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттiк комитеттің төрағасы да Министрлер Кабинетiнің құрамына кiредi. Ал, бас басқарма, инспекциялар Ұкiметтің орталық органдары ретiнде іздерiнің құзырына жататын мәселелердi басқарады.
Мемлекеттiк басқару iсiн жүзеге асыру үшiн Республиканың аумағы әкiмшiлiк-аумақтық білшектерге білiнедi. Әкiмшiлiк аумақтарда жергiлiктi өкілдi және атқарушы органдар құрылады. Жергiлiктi өкілдi органдар - аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттар. Кеңестердi азаматтар бес жыл мерзiмге сайлайды. Жергiлiктi маслихаттар - халықтың жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарына жатады. Олардың негiзгi атқаратын қызметi:
-заңдардың сақталуын, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың хұқыларын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғау;
-жергiлiктi шаруашылықты, халыққа тұрғын үй, транспорт, сауда және ізге шаруашылық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
-халыққа мемлекет тарапынан мәдени қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
-ұлтаралық қатынастарды реттеуге көмектесу;
-заңға сәйкес салық саясатын жүргiзу;
-табиғатты қорғау, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану;
-меншiктің барлық түрлерiн дамытуға мүмкiндiк берiп, кәсiпкерлiк қызметтi қолдау, басқа да жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге ат салысу.
Өзiне жүктелген мiндеттердi қалай атқаратынын жергiлiктi мәслихаттардың қызметiнен байқауға болады. Жергiлiктi басқарушы орган әкiмшiлiк деп аталады. әкiмшiлiктің басшысы - әкiм Президенттің тiкелей өкілi болып есептеледi.
Облыстық әкiмдi президент тағайындайды, ал аудандық әкiмдi Президенттің келiсiмi бойынша облыстық әкiм тағайындайды.
Жергiлiктi әкiм: заңдардың орындалуын, қоғамдық тәртiптi сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, нарықтық қатынастарды дамытуды, меншiктi мемлекет иелiгiнен елмен жекешелендiрудi жүзеге асырып отыруға мiндеттi. Осындай аса маңызды мiндеттердi жергiлiктi әкiм, әкiмшiлiк тиiмдi орындай алса, халық алдында із борышын ақтаған болады. Орындай алмаса, халық із пiкiрiн айтып, әкiмшiлiктің қызметiн жінге салуы хақылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz