Қазақстан Республикасындағы қызметшілердің конститутциялық құқықтық мәртебесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . … . . . …7
1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі және негізгі ұғымдары
1. 1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі…… . . . …… . . . 10
1. 2 Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары…… . . . … . . . ……13
2 Қазақстан Республикасындағы қызметшілердің конститутциялық
құқықтық мәртебесі
2. 1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшеліктері. …. . …… . . . 18
2. 2 Мемлекеттік қызметшілердің конституциялық
құқықтық жағдайлары. …. . …27
2. 3 Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері…. 37
2. 4 Мемлекеттік қызметті тоқтатудың классификациялық негіздері………. 49
2. 5 ҚР мемлекеттік қызметтің концептуальды реформасы және
кадрлар саясатының негіздері. ……. 53
3 Мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру
3. 1 Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу . . . 57
3. 2 Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы және оларды
көтермелеу . . . 57
Қорытынды . . . … . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі… . . . . . . 64
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінің бір түрі болып келетіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік кызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті кажет және басқарылу персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.
Мемлекетті басқару органдарында басқару мамандарын жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердін лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұжырым мемлекеттік қызмет еңбек кұқығының жалпы нормаларына негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек кызметінің көп саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқаруы үшін өзінін бұл сала бойынша алған терең, жан-жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды. Біліктілік-біліктілік сыныптарымен анықталады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі мемлекеттік қызметкердің басқару органы кызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз - азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне енгізілуін айтамыз. Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы - мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің ажырамас белгісі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органынын ішкі еңбек тәртібіне бағыну-әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары саяси және әкімшілік болып екіге бөлінеді [1, 5б. ]
Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметке тағайындалуы (сайлау), қызметтен босатылуы және қызметі саяси сипатта болатын лауазымдар жатады.
Әкімшілік лауазымдарға мемлекеттік қызметте тұрақты қызмет атқаратын лауазымдар жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекетімізде қабылданған арнайы лауазымдар Реестрінде топтар категориясымен жүйелендірілген. «А» категориясы тобына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің лауазымдары жатады. Ал «В» категориясы тобына республикалық деңгейдегі аппарат органдарының саласы лауазымдары (Парламент палатасы аппараты, Премьер-Министр Кеңсесі Конституциялық Кеңес аппараты, Жоғарғы Сот аппараты, Президент Істері Басқармасы), «С» категориясы тобына, Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкіметке, Орталық атқарушы органдар Ведомстваларына кірмейтін Орталық атқарушы органдары, Облыстық және аудандық территориялық бөлімдері кіреді. «Д» категориялары тобына облыс, аудан, ауыл әкімдерінің аппараттары, облыстық, аудандық мәслихат аппараттары, облыстық, аудандық сот аппараттары жатады. Ал, «Е» категориялар тобына, жергілікті атқару органдары жатады. Осы жоғарыда аталған категориялар өз іштерінде мемлекеттік орган құрылымында алатын орнына, әкімшілік лауазымдарына сай тағы бірнеше топтарға бөлінеді. 1999 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жаңа «мемлекетік қызмет туралы» заңға қол қойды. Заңмен және заңға тәуелді актілермен мемлекеттік қызметтің жаңа моделі анықталды. Бұл заң мемлекеттік қызметшілердің анықтамасын нақты анықтады.
Практикалық маңыздылығы. Мемлекеттік қызметші - ол заңмен белгіленген қызметті атқаратын, ақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не болмаса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен төленетін мемлекеттік органдағы лауазым иесі және өзінің лауазымына сәйкес мемлекеттік қызметі міндетін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы. Тек, мемлекеттік қызметшілерге техникалық қызметшілер, «қызмет етуді қамтамасыз» ететін персоналдар кірмейді. Саяси мемлекеттік қызметшілерге министрлер мен олардың орынбасарлары, облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, ауыл әкімдері жатса, қалған лауазымдар әкімшілік лауазымдарға жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер ауыстырылғанда қызметінен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметкер үшін азаматтың біліміне, дайындығына және тәжірибесіне сай қабылдану, тағайындалу, конкурс және сайлау арқылы алынады:
Қабылдану-бұл мемлекеттік қызметке алынғанда ең көп қолданылатын тәсіл;
Тағайындау-бұл мемлекеттік қызметке алу тәсілі 3 түрлі жолмен жүреді:
1) сәйкес органның немесе лауазымның тағайындалуы. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекет хатшысын тағайындауы.
2) ұсыныс-сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір сәйкес органға немесе лауазымға жасаған ұсынысы арқылы мемлекеттік қызметке алынады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Сенаты Жоғарғы Сот төрағасын тағайындайды.
3) келісім - сәйкес орган немесе лауазым басқа бір сәйкес органмен немесе лауазыммен келісім арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалуы. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентімен келісіп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін тағайындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. ҚР мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық жағдайларын, мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері қазіргі таңда маңызды роль атқарады, сондықтан бұл тақырып актуальды болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылады: Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктерін, мемлекеттік басқару қағидаларын, мемлкеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттарын, басқарушылық процесс және оның сатыларын, мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшеліктерін, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық жағдайларын, мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздерін, мемлекеттік қызметті тоқтатудың классификациялық негіздерін, ҚР мемлекеттік қызметтің концептуальды реформасы және кадрлар саясатының негіздерін қарастыру болып табылады. [2, 3б. ]
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыс зерттеу барысында Сүлейменов М. К., Басин Н. Г., Иоффе О. С., Сергеев А. Ф., Толстой Ю. К., Вишневскии А. А., Диденко А. Г., Осипов Е. В., Лившиц Б., Карнозов Л. М., Шершеневич Г. Ф., Брагинский М. И., Ивакина Н. У., ТыныбековС. А., ТолканчиновА. А., Витрянский В. В. және т. б. авторлардың еңбектері пайдаланылады. Сонымен қатар, осы саладағы Қазақстан Республикасының заңдарына анализ берілген.
Қолданылған әдістер. Осы жұмыста ғылыми танымның талдау, синтез, индукция, дедукция сияқты әдістер қолданылған. Сонымен қатар тарихи, нақтылық және т. б. теориялық қағидалар басшылыққа алынған.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі және негізгі ұғымдары
1. 1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі
Кез-келген қызметтiң өзiндiк ерекшелiктерi бар сондай ерекшелiк мемлекеттiк қызметке де тән. Менiңше оның басты ерекшелiгi мемлекеттiк қызметтiң мәнi мен алға қойған мақсатынан байланысты туындайды. Өйткенi мемлекеттiк қызмет мемлекет басқарумен тiклей байланысты сондықтанда мемлекеттiк қызметкерлеге жоғары талап қойылады және кез-келге тұлға мемлекеттiк қызметкер бола алмайды, себебi Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабының 4 тармағына сәйкес заңда арнайы шектеулер белгiленген.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардаң кәсіби қызметі. Жалпы менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған мемлекеттiк қызметкерлердiң әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiне қатысты, соның iшнде мемлекеттiк қызметтерлердiң құқықтары мен мiндеттерiне қатысты мәселелер туралы Қазақстан Республикасы мен өзге де шетелдерлiң әдебиеттерде аз айтылып жүрген жоқ, соған қарамастан бұл тақырып әлi күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтқан жоқ. Мен өзiмнiң курстық жұмысымда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет ұғымы мен мемлекеттiк қызметтiң қағидаларына сүйене отырып мемлекеттiк қызметтеерлердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне қатысты мәселелер бойынша өз бетiмше құқықтық теориялық сараптау жасап кеткiм келедi.
Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазакстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33-бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің кұқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды. Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінің бір түрі болып келетіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқарылу персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.
Мемлекетті басқару органдарында басқару кадрларын жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек кұқығының жалпы нормаларына негізделеді.
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек кызметінің кен саласы. Бұнда мемлекет кызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқаруы үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан-жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды. Біліктілік-біліктілік класстарымен анықталады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз - азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне енгізілуін айтамыз.
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы - мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының неігізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады. Мемлекеттік қызметкерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдын-ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал қосымшасы - мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларға (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметтте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с. ) байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минимальды мөлшерден төмен болмауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардаң кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша айқындаймыз:
1) мемлекекттік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асырумен байланысты;
2) мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы экономика, әлеуметтік-саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару функцияларының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен (масштабтылығымен) ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғамның және мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;
3) мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы ақпарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс істеу мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осындай аппаратты қажет етеді. Экономика, әлеуметтік сала мен әкімшілік - саяси құрылыс дамуындағы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер функциясын анықтайды;
4) мемлекеттік қызметтің ерекше басқару функциясын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет функцияларынын басқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік қызметкерлердің нақты функцияларының құралуы арқылы жүзеге асады. Соның өзінде басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты мен функцияларына сәйкес болуы керек;
5) мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да мемлекеттік билік құзіреттеріне ие;
6) мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа заңды актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметкерлердің басқару қызметі мемлекеттік баскарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сай болуы керек. Бұл жерде Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру;
7) мемлекеттік қызмет - атқарушы сипаттағы ұйымдасқан қызмет. Бұл жерде Конституция нормалдарын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен басқа заң актілерінің мемлекеттік басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске асыру айтылады. Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік процестердің мемлекеттік басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;
8) мемлекеттік қызмет - жарлықшы сипаттағы қызмет. Бұл дегеніміз мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асыру барысында заңды-актілі ұйғарымды қолдануға құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару актілерін шығарумен ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен ведомстваларға қарасты объектілер мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшеленеді. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдерімен еш байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялар ұйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің басқару әрекетін жүзеге асыруға құқығы бар. Заңдарда бекітілген бірыңғай мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс.
1. 2 Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары
Қоғамда басқару функцияларын орындаумен қатар арнайы адамдар тобы мемлекеттік қызметтің ерекше кәсіптік қызметі ретінде айқын, белгілі қағидаларға негізделеді. Ал қағидалар орындалуын өз кезегінде жалпылай мемлекеттік қызмет институтының қызметімен кепілденген талаптар түрінде түсіндіріледі. Бұның өзінде мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мемлекеттік басқарудың ерекше қағидаларына сонымен қатар лауазымды тұлғалардың кәсіптік қызметінің мағынасын көрсететін мемлекеттік басқарудың ерекше қағидаларына да негізделеді. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік мәдениет және әкімшілік - саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайтц және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады.
Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттігі пайда болды.
Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегісаяси және экономикалық жағдайларды жұмыс істей алатын қабілетті жаңңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзіретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік - құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекетттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б) қызметшілердің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылады. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналады.
Мұндай жағдай 1995 ж. дейін сақталып келді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаларға негізделеді:
1. Заңдылық. Бұл қағида барлық мемлекет қызметкерлерінің алатын орны, лауазымы, рангісінен тәуелсіз Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының талаптарын, міндетті ережелерін мүлтіксіз сақтау, бұзбаумен анықталады. Мемлекеттік басқару процесінде заңдылық қағидасының талаптары, басқару актілерінің шығарылуы, басылуы кезінен бастап жүзеге асырылады. Мемлекетті басқару аппараты жүйесінде басқару актісінің заңды күші сол актіні қабылдаған органның орны мен өкілеттілігінің көлемімен анықталады.
2. Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуіне қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі біртұтас. Мемлекеттік билік өзінің мәні, құрылысы жэне қоғамда әрекет етуінің біртұтастығымен түсіндіріледі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы мемлекет аппаратындағы еңбек бөлінісіне қарамастан барлық мемлекеттік органдар өз қызметтері мен өкілеттіктерін мемлекет атынан жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясы мемлекеттік билік тармақтарының, заң шығару, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидасын бекітіп, сонымен қатар тепе-теңдік және тежемелік қағидасын да берік ұстанады. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидасы барлық мемлекеттік билік тармақтарын біртұтас мемлекет механизміне біріктіретін берік негіз ретінде түсіндіреді.
3. Заңды құқықтарының, еркіндігінің және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында приоритеті бар. Бұл қағида азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас аумағындағы маңызды ресми бағыт болып келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандығын басты орынға қояды. Адамға құқық пен бостандық туғанынан беріледі. Олар абсолютті және ажыратылмайтын болып танылады, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолдануын анықтайды.
4. Қол жетерлік кағидасы, яғни азаматтар қабілетіне, кәсіптік дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке түсуге бірдей құқылы. Бұл туралы Конституцияның 33-бабында нақты жазылған. Осы қағида бойынша жалғыз ғана шек қоятын - ол кандидатқа қойылатын жас мөлшері, яғни мемлекет қызметкерінің жасы 63 жастан аспауы керектігі бекітілген.
5. Азаматтардың мемлекеттік қызметкер қызметіне кандидатураларды жинау, іріктеу қатаң ерікті негізде жүзеге асырылуға міндетті. Ешкім де мәжбүрлеу тәртібінде мемлекеттік қызметке азаматты тағайындай алмайды. Басқаша айтқанда мемлекетік қызметке тұру күрделі заң құрылысының болуын, яғни бр мезгілде екі фактінің болуын талап етеді: қызметке тағайындау актісінің болуы және азаматтың бұл қызметке тұруға байланысты алдын ала келісімі.
6. Шешімдерді орындау міндеттілігі. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының өз өкілеттілігі аясындағы қабылданған шешімдерін төменгі сатыда тұрған мемлекет органдары қызметкерлері үшін орындау - міндет. Бұл қағида мемлекеттік органдардың «вертикальды» бағыну жүйесін, экономика әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс салаларында қажетті басқаруды орталықтандыруды айқындайды. Мемлекеттік басқару, органдарының жалпы жүйесін біріктіреді, сөйтіп мемлекет аппаратының қызметінде жалпы мемлекеттік мүдделер есебін жргізу қамтамасыз етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz