МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ: 343.3.7

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС -
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

Оңғарбаева А.К., Бейнеуов А.Ә.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

Сыбайлас-жемқорлық деген не “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына
этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio"
деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ
"corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру,
бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де,
құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып
алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде
сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-
жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді
орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе
делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты
мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу
үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты
оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу” [1].
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық
көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық
бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың
зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк
органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да
адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн
қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң
негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық
бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын
белгiлейдi.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін
төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған
тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және
әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық
мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті.
Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім
қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп
беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын
бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның
құлдырауына ықпал етеді.Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі
жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне
ықпал жасайды.
Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресті мынадай мемлекеттік органдар жүзеге
асырады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу
және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту
прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара
қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.Аталмыш
органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал,
хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды
қарағанның нәтижелеу туралы хабарлауға тиіс. Заңға сәйкес бұл органдар
олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік
лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған
әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу
мәліметтер жіберуге міндетті [5].
Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және
алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң
белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу
мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15
қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге
асырылуға тиіс.Пара алу негізінен бүкіл мемлекеттік органдарда кеңінен
таралған жағдай болып қалуда. Сыбайлас-жемқорлыққа жақын тұратын
мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету саласы,инвестициялық және
жекешелендіру үдерістері, рұқсат беру және лицензиялау жүйелері, бюджеттік
қаражат пен жерді бөлу, салық жинау, басшылық орындарға тағайындау және
мемлекеттік қызметке орналасу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – нақты міндет!
Ежелден, сыбайлас жемқорлықтың тамыры көңілден шығу үшін жай ғана шағын
сыйлық жасауда жатса керек. Қымбат сыйлықтар адамдарды бір-бірімен
салыстыруға немесе бірінен-бірін бөлектеп тұратын жайға соқтырып, қалай да
әркім өз дегеніне жетіп отырған.Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы алғашқы
деректемелерді еске түсіргенде, ойға оралатын алғашқы правител, б.э.д. ХІV
ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Урукагина – Лагаша мемлекет-
қаласының шумер патшасы болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жариялы түрдегі
жиі-жиі болатын қатаң жазалауларға қарамастан, онымен шайқас айтарлықтай
нәтиже бермеді. Оған қарағанда, әлдеқайда ауыр қылмыстардың жолын кесу
жеңіл түсетін сияқты, алайда ұсақ-түйек шығынданулар мен пара алулар
деңгейінде сыбайлас жемқорлық бұқаралық сипат алып кетті.
ХVІІІ ғасырдың аяғынан бастап Батыста қоғамның сыбайлас жемқорлыққа
қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары
Парақорлықты тергеу әдістемесі
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Парақорлық қылмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Пәндер