МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЛЫ


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

ІІІ. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Президент Н. Назарбаев жа­риялаған «Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жаңа сын-қатерлерге жауап қана емес, республиканың таяу жарты ғасырларға саяси және экономикалық дамуының пішіндері мен стратегиялық мақсаттары анықталған құжат та болды. Мемлекет басшысы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыт қажеттілігін негіздеді, себебі өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында қабылданған «2030 - Стратегиясының» негізгі ережелері іске асырылды.

Халыққа жаңа үндеуінде Президент дамудың 7 басым бағытын анықтады. Олар әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты міндетін шешуге - экономика өсімі мен қоғамдық игіліктердің ұлғаюы ара­сындағы оңтайлы балансқа қол жеткізуге бағытталған.

Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бағыттардың бірі - мемлекет­тілікті одан әрі нығайту және мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қа­­лыптастыру үшін қазақстандық демократияны дамыту болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ

Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.

Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек.

Қойылатын мақсат - жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін тапсырмам:

Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжаттарды қайта қарау.

Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет.

Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет дағдарыстық жағдайларды күні бұрын тиімді түрде біліп, оларға қарсы шара қолдануы тиіс. Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы әрекет етудің көпдеңгейлі жүйесін құру қажет.

Бізде ықтимал дағдарыстық жағдайларға арналған стандартты іс-әрекеттер жиынтығы болуы керек. Бұл, әсіресе, өңірлер үшін маңызды. Ол жүйені әзірлеу барысында мен айтқан барлық қатерлерді ескеру қажет.

Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек.

Орталықсыздандыру идеясының мәні - шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру.

Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет.

Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады.

Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.

Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.

Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз.

Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.

Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады.

Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91, 7%-ы!

Осылайша, біз азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайланбалылықпен қамтитын боламыз.

Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды.

Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, қажетті заңнамалық актілер әзірлеуді тездетуді, ал Парламентке олардың басымдық тәртібімен қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Біз бүкіл әлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге және қоғамның одан әрі демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз.

Парламенттің өкілеттіктерін күшейту жөніндегі саясатымызды жалғастыру керек.

Сонымен бірге, орталықсыздандыруға тек жергілікті деңгейде белгілі бір өкілеттіктер беруге болатын жаңа билік органдарын құру процесі ретінде қараудың керегі жоқ.

Орталықсыздандыру - ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту.

Бұл орайда орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп мен реттіліктің төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс. Оған жол беруге болмайды. Жергілікті жерлерде әкімдер, Үкімет мұны ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Үшінші. Алдымызда, мен бүгін жариялаған қағидаларға сәйкес, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр.

Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек.

Басқарушылық шешімдер мемлекет деңгейінде төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

Тек қысқамерзімді ғана емес, ұзақмерзімді нәтижелерді де есепке алу.

Басқарушылық шешімнің мультипликативті әсерін есепке алу.

адал бәсекелестік және кәсіпкерліктің еркіндігі ережелерін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерінің екі түрлі түсіндірілуін болдырмау. Олардың қызметінің заңнамалық тұрғыдан дәл регламенттелуі.

Жаңа талаптарды ескере отырып, біз әкімшілік реформасының екінші кезеңін бастап кеттік.

Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Біз Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия құратын боламыз. Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты - «А» корпусы құрылады.

«А» корпусына бірінші кезекте жауапты хатшылар мен облыс әкімдерінің аппарат басшылары, комитет төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдері кіреді. Өзімнің Әкімшілігіме «А» корпусына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы Жарлық жобасын дайындауды тапсырамын.

Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады. Белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағандар мен өзінің тиімділігін көрсеткендерге және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерге ғана ерекшелік жасалуы керек.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке 2013 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуінің осындай мүлде жаңа тетігін енгізуді тапсырамын.

Ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет. Міндет - мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу.

Қазір Парламентке «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы енгізілді. Оны 2013 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін қабылдау керек.

Біз мемлекеттік органдарды оларға тән емес функцияларды орындаудан босатып, мемлекеттік институттардың дербестігін сапалық тұрғыдан кеңейтуге тиіспіз. Үкімет оның орындалуын 2014 жылдан бастап жергілікті бюджет қалыптастырудың жаңа тетігін енгізумен ұштастыруы керек.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ:

ЕРКІН ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР ОДАҒЫ

Азаматтық қоғам белсенділігінің арта түсуі, оның маңызы мен рөлі, сондай-ақ оның институттарының нығаюы Қазақстанның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, өмір сапасының жоғары әлеуметтік стандарттары мен тұлғаның өзін-өзі толыққанды көрсете алу жағдайларын қамтамасыз етуге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының басты шарты болып табылады.

Азаматтық қоғамды үкіметтік емес ұйымдардың жиынтығы ретінде қабылдайтын үйреншікті көзқарастан арылу керек. Азаматтық қоғам - бұл ең алдымен, әділетті бәсекеге қабілетті нарықтық қатынастар және демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет жағдайында өмір сүретін еркін әрі жауапты азаматтардың әр алуан, мемлекеттен тыс қарым-қатынастары.

БАҚ, кәсіподақтар, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ этномәдени орталықтар, кәсіпкерлер қауымдастықтары және отбасы мен пәтер иелері бірлестіктерін қоса алғанда, басқа да институттар - азаматтық қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруының тетіктері мен нысандары. Дәл осы институттардың көмегімен азаматтық қоғам институттарының және азаматтардың бір-бірінің алдындағы ортақ жауапкершілігі қалыптасады.

Оған еліміздегі саяси және қоғамдық күштердің диалогы негізінде ғана қол жеткізуге болады, ол саяси әріптестік механизмдерін одан әрі дамыту арқылы іске асырылады.

Азаматтық қоғамның толыққанды дамуының шарттары мыналар болмақ:

дамудың ұлттық стратегиясын іске асыру аясында мемлекет пен қоғам аса маңызды жалпы мемлекеттік мәселелер бойынша бірлескен шешім қабылдайтын жалпыұлттық диалогты одан әрі дамыту;

азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша тетіктерді, осы саладағы азаматтық бақылауды жетілдіру; тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік билік және азаматтық қоғам институттарының толыққанды жұмыс істеуі;

азаматтық қоғамның басты элементі және оны қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту: барлық деңгейдегі билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынастарын жетілдіру;

үкіметтік емес сектордың институционалдық дамуын одан әрі мемлекеттік қолдау;

ақпараттық кеңістікті жүйелі дамыту, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын, сонымен қатар интернет-ресурстар мен цифрлық технологияларды ынталандыру және қолдау;

еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақтардың ұстанымын күшейту;

көлбеу байланыстарды қамтамасыз етудің және мемлекеттік органдардың қызметін азаматтық қоғам институттары тарапынан қоғамдық бақылау жүйесінің тиімді әрі пәрменді тетіктерінің жұмыс істеуі.

Азаматтық қоғамның мемлекетпен әріптестік негізінде дамуы әлеуметтік прогреске және тиімді реформалар жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызуға жәрдемдеседі. Бұл - елді жаңғыртудың, демократиялық дамудың және экономикалық өсудің, мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың маңызды шарты.

КҮШТІ ӘРІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ

Үдемелі жаңғыртудың ауқымы мен күрделілігі мемлекеттік басқару тиімділігінің жоғары дәрежелі болуын талап етеді. Мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларындағы жаңғырту процесін басқаруды өз қолына алып, оған қажетті жағдайлар жасауына тура келеді: отандық бизнестің өсуін ынталандыру, экономикалық және саяси институттарды қалыптастыру, құқықтық нормаларды жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін дамыту, қауіпсіздік пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды қамтамасыз ету.

Бұл мақсаттарға жету үшін:

саяси жүйені жоспарлы түрде жаңғырту: Парламент, оған есеп беруші Үкіметтің өкілеттігін кеңейту, саяси партиялар мен жергілікті билік органдардың, сот жүйесінің рөлін нығайту

қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қарулы күштерді одан әрі нығайту, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, әскери қызметшілердің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру, конституциялық құрылыс пен қоғамдық тәртіпті тиімді қорғау, қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

мемлекеттің реттеуші функцияларын нығайту, атап айтқанда, қаржы жүйесін қадағалауды күшейту;

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік жоспарлау тетігін жетілдіру, қалың жұртшылықты, ең алдымен кәсіпкерлік пен ғылыми қауымдастық өкілдерін осы процеске тарту;

тиімді әлеуметтік саясатты іске асыру, этносаралық және конфессияаралық келісімге қолдау көрсету, теңгерімді көші-қон саясатын дамыту;

мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудың орталық, өңірлік және жергілікті деңгейлерінде өкілеттіктер мен жауапкершіліктің нақты шеңберін айқындау;

стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге мүмкіндік беретін процестерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, электрондық үкіметті одан әрі дамыту;

мемлекеттік қызметті реформалау, әкімшілік реформаларды басқаруды жетілдіру, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейі мен мемлекеттік беделін жоғарылату, кадрлық жұмысты жетілдіру қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесі экономикалық даму қажеттіліктеріне сай келіп, 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында баяндалған міндеттердің дәл және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет жаңғырту процесінің басты жүйелік үйлестірушісі болуға тиіс.

ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ҚАЗАҚСТАН
ҒАЛАМДЫҚ ӘЛЕМДЕ

Теңгерімді сыртқы саясат Қазақстанның халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар көптеген өңірлік және ғаламдық диалог процестерінің бастамашысы әрі ықпалды қатысушысына айналуына мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда, сыртқы саяси бағдардың «көпвекторлылығы» жаңа мазмұнмен толыға түсуге тиіс. Қазақстанның жаңа экономикалық және саяси мүмкіндіктері оның Орталық Азиядағы, ТМД-дағы және тұтас алғанда Еуразиядағы стратегиялық жағдайға елеулі әсер ететін процестерге қатысуын барынша салмақты ете түсетінін негізге алу қажет . Бұл орайда Қазақстан ядролық қаруды таратпауға, халықаралық терроризмге, экстремизмге, есірткі саудасына және басқа да қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күреске бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы болып қала беруге тиіс.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, эпидемияларға қарсы күрес және экологиялық апаттардың салдарын бейтараптандыруға дейінгі өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде басқа елдермен ынтымақтаса отырып, Қазақстанның өңірдегі барлық мемлекеттер мен мүдделі елдердің іс-қимылдары мен белсенділігін үйлестірудің сапалық жаңа деңгейіне көшуін Партия қолдайды.

Қазақстанның халықаралық аренадағы мінез-құлқының өзгеруі жаңа, түбегейлі өзгеретін жағдайға бейімделуден өзі өмір сүріп отырған ортаны қалыптастыруға белсенді ықпал ету саясатына көшу болуға тиіс. Қазақстанның өз ұлттық мүдделерін серпінді және барынша сенімді қорғау бағытын жүргізуге мүмкіндігі бар және де солай жасауға тиіс.

Бұл үшін:

қазіргі заманғы әлем сипатының өзекті мәселелері бойынша Шығыс пен Батыстың ұстанымдарын өзара жақындатуға бағытталған мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтың маңызды халықаралық орталықтарының бірі ретіндегі Қазақстанның рөлін жаңа деңгейге көтеру;

барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынас пен тең құқылы ынтымақтастықты қолдау, оның ішінде мәңгілік достық келісімшарты негізінде Ресеймен стратегиялық қатынастарды барынша дамыту, Қытай және Орта Азия мемлекеттерімен сенімділік пен ынтымақтастықты нығайту, АҚШ пен Еуразиялық Одақпен сындарлы қарым-қатынасты кеңейту;

Қазақстанның түрлі халықаралық және өңірлік ұйымдардағы ұстанымын ілгерілету және күшейту;

өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін одан әрі қалыптастыру процесіне белсенді қатысу;

Батыс пен Ислам әлемінің диалогын нығайтуға ықпал жасау;

Орталық Азия мен Еуразияның ықпалдасу процестеріне қатысу;

Ресей, Қазақстан және Беларусь Кедендік Одағын тиімді дамыту.

«Нұр Отан» басқа елдердің жетекші партияларымен партияаралық қарым-қатынастарды кеңейтуге, олармен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымдары мен бастамаларын түсіндіру жөнінде қарқынды диалог жүргізуге, халықаралық қатынастардың қолайлы ахуалын қалыптастыруға жағдай жасауға ниетті.

Қазақстан ірі еуразиялық ел бола отырып, әлемде қауіпсіздік пен өзара сенімді күшейтуге бағытталған шараларды іске асыруға алдағы уақытта да елеулі үлес қоса береді және ұлттық мүдделерді іске асыруды қамтамасыз етеді.

Нұр Отан - жалпыхалықтық партия

ПАРТИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2020 жылға дейінгі стратегияны тиімді іске асыру мақсатында партия еліміздің саяси өміріндегі үстем рөлін сақтап қалмақ ниетте. Бұл үшін партия идеологиялық және саяси бәсекеге қабілеттілік деңгейін одан әрі көтеру мүддесін көздеп, өз қызметін жаңғыртуды қажет деп санайды.

Біз бұл мақсатқа мынадай іс-қимыл арқылы қол жеткізбекпіз:

қоғамның саяси жүйесін дамытуға және ел алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге белсенді қатысу;

партия саясатын әзірлеу және іске асыру процесіне партия мүшелерін тартудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, кадр саясатында сабақтастықты қамтамасыз ету, жастар мен әйелдерді кеңінен тарту және «Нұр Отанның» партия органдарындағы басшылық жұмыстарға белсенді ұсыну;

билік органдарының барлық деңгейлеріндегі сайлауына қатысу және бәсекелес күресте халықтың сөзсіз қолдауына ие болу;

партияның саяси бағытын іске асыру үшін өкілді органдарда партияның депутаттық фракцияларының қызметтерін үйлестіруді күшейту, олардың ықпалын барынша пайдалану;

азаматтардың мүдделеріне тиімді өкілдік ету және оларды қорғау, партияның қоғамдық қабылдау қызметінде заманауи әдістер мен нысандарды қолдану;

партияның ішкі ұйымдастыру қызметін жетілдіру: партияның құрылымын және ұйымдастырушылық қызметін, әсіресе өңірлік және аумақтық филиалдары деңгейінде жаңарту, қоғам өміріне партияның ықпалын күшейтетін негізгі құрал ретінде бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру;

жаңа партиялық институттарды қалыптастыру: қызмет ету бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін партия үйлестірушілерін құру; бастауыш партия ұйымдарының өзара іс-қимылын және бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін олардың салалық клубтарын ұйымдастыру;

партияның «Жас Отан» жастар қанатын ұйымдастыру-саяси тұрғыда нығайту, оның қызметінің дербестік сипатын дамыту және оған жастардың барлық топтарын тарту;

партия мен қоғам өмірінің ең өзекті мәселелері бойынша ішкі партиялық пікірсайысты дамыту;

барлық әлеуметтік және демографиялық топтардың мүдделерін жүйелі түрде қорғау арқылы партияның әлеуметтік базасын кеңейту.

ЕЛДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ
ПАРТИЯНЫҢ ЖҰМЫЛДЫРУШЫЛЫҚ РӨЛІ

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын тиімді іске асыру барлық қоғамдық-саяси күштердің бірлігін сақтау мен нығайту және азаматтарды біріктіру жағдайында ғана мүмкін болады. Бүкіл қоғамды, оның экономикалық және зияткерлік әлеуетін топтастырып, жұмылдыру ғана елді табысты жаңғыртудың, адами капиталды дамытудың, экономиканы әртараптандырудың және саяси жүйені жетілдірудің шешуші факторына айналады. Партияның алдағы онжылдықтағы негізгі миссиясы да осы. Осы миссияны ойдағыдай іске асыру елді жаңарту процесіне партияның әр мүшесінің және бүкіл қоғамның қатысуын білдіреді.

Елді серпінді жаңғырту идеясын маңызды жалпыұлттық міндет ретінде қарастыра отырып, партия оны жүзеге асыру үшін қоғамды топтастырып, жұмылдыруда мынадай басым қағидаттар мен көзқарастарды айқындайды:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыты аясына жалпыұлттық топтасудың идеялық және ұйымдастырушылық негізін нығайту;

қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын одан әрі дамыту;

партия жақтастары бірлестіктерінің кең ауқымды желісін құру, Президенттің стратегиялық бастамаларына тиімді қолдау көрсету мақсатында елдегі басқа саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен сындарлы өзара іс-қимыл жасау;

2020 Стратегиясының іске асырылуын тиімді бақылау жөнінде мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-қимылын үйлестіру;

тиісті мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық институттармен кері байланыс және өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру арқылы халықтың мұң-мұқтажына ден қоюдың біртұтас және пәрменді жүйесін қалыптастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақстандық демократия үлгісі
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
2025 жылға негізгі мақсат
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау
Бағдарламаның негізгі міндеттері
Қазақстан - 2050 стратегиясы туралы
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz