Мемлекеттің бюджетті құрылуы



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің бюджетті құрылуы
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын пайдалануда
көбірек дербестік беру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Қоғам үшін ашық есеп беру жүйесі енгізіледі, сондай-ақ ішкі және
сырттан бақылау жүйесі жолға қойылады.
Бюджет қаражатын жұмсау бағыттары елдің стратегиялық (бағдарламалық)
құжаттарымен өзара байланыста болады және экономиканы эртараптандыру әрі
оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша айқын басымдықтарға ие болады.
Тиімсіз шығыстар қысқартылады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды
бағалау және мониторингтеу әдістемесі енгізіледі, оларды дайындауға
қойылатын талаптар күшейтіледі.
Салмақты фискалдық және ақша-кредит саясатын жүргізу үшін мемлекеттік
бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу қарқынымен өзара
байланыста болады.
Экономиканың шикізат секторына тәуелділігін төмендету және бюджеттің
мұнайға қатысты емес тапшылығын қысқарту мақсатында Ұлттық қор қаражатын
қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру алда түр.
Жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемін айқындау
кезінде белгіленген индикаторларға қол жеткізу деңгейі және бюджеттік
бағдарламаларды орындау тиімділігі ескерілетін болады.
Сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге де көңіл бөлінеді.
Орта мерзімді кезендегі жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесі жобасының
негізгі ережелері бүкіл ел бойынша бірдей қызметтер көлемін көрсетуді және
олардың сапасын ескере отырып, өңірлердің қаржыландыруға объективті
қажеттіліктерін есептеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айқындау болады.
Фискалдық саясат ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
жағдайында салық-бюджет құралдарын, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық
дамудың басым міндеттерін шешу үшін тиімді қолдануды көздейді.
Үкімет салықтық әкімшілік етуді жетілдіру жөніңдегі жұмысты
жалғастырады.
Салық саясаты елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруға,
бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, көлеңкелі экономика ұлесін қысқартуға
және экономикадағы салықтық жүктеменің үтымды теңгерімін құруға
бағытталатын болады. Салықтық жеңілдіктер бойынша терең талдау жүргізу,
олардың экономиканың тиімділігіне эсер ету дэрежесін бағалау міндеті алда
түр.
Салықтық ауыртпалықтарды занды тұлғалардың кірістерінен жеке
тұлғалардың кірістеріне қайта бөлу міндеті кезең-кезеңмен шешілетін болады,
соңдай-ақ халықтың кірісі мен шығысын жалпы декларапиялауды енгізу мәселесі
зерделенеді.
Тұтастай алғанда, жүргізіліп отырған салмақты фискалдық саясат бюджет
тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін тиімді
орындауға және шығыстарды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына
бағдарлауға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекет пен бизнестің мүдделерін
ескеретін және мемлекеттік қаражатты жүмсаудың тиімділігі
мен
икемділігіне ықпал ететін жүйе қалыптастырылатын болады.
Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің,
Ұлттық Банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігінің негізгі күш-жігері инфляциялық үдерістерді реттеудің
тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз
етуге бағытталатын болады.
Ақша-кредит саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап тұру үшін ақша-
кредит саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық реттеу мен
бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық деңгейде
жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған.
Қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне әсер етуін одан әрі
күшейту, ақша-кредит саясатының әр түрлі күралдары бойынша ставкаларды
келісу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл ретте қаржы нарығындағы сыйақы
ставкаларын реттеудің, соңдай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін
стерильдеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық
Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қалады.
Ағымдағы және күрделі операциялар бойынша теңгенің толық
айырбасталымдылығы жағдайында валюталық және қаржы нарықтарындағы ахуалдың
мониторингі едәуір кеңейтілетін болады, сондай-ақ сыртқы экономикалық
операциялар бойынша ақпараттық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс
жалғастырылады.
Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем
карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік
орталық қүруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011
жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Бұл ретте Үкімет Қазақстанның ТМД мен Орталық Азияда қаржы ағындарын
тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты
Мемлкееттік бюджет
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Мемлекеттік бюджеттік жоспарлау
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау
Пәндер