Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты жайлы


Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
(Монополияға қарсы реттеудің мақсаты мен әдістері)
Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Рыноктың процестердің дайындықсыз жүруі шаруашылық өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. “Өзімен өзі болған” жетілген бәсеке, жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия, жоғарыда атап өткендей, бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін басып алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы мен орталықтануы) рынокты және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т. б. құпия және ашық келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Америка Құрама Штаттың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептеледі, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол "үш кесте", үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
- Шармен заңы (1890 ж. ) . Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
- Клейтон заңы (1914 ж. ) - өткізу саласындағы шектеу іс-әрекеттеріне, баға алаушылығына (барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
- Робинсон - Пэтмэн заңы (1936 ж. ) - баға алалаушылығы "баға қайшысы" т. б. сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салды.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер - Кефовер түзетуі қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активтерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көлбеу бірігуіне кедергі қойылса, Селлер - Кефовер түзетуі тікелей бірігуді шектейді.
Трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік ұйымдардың алдында тұрған аса қиын міндет мынаған салды: монополиялану фактін қандай экономикалық белгілердің негізінде анықтауға болады? Бұл мәселені мемлекеттік тұрақты шешіп отыруға тиісті сұрақпен түсіндірейік. Қандай баға деңгейін төмен (не жоғары) деп есептеуге болады? Салалық өндірістің қандай үлесі монополистік басым алуды көрсетеді? Өнім шығаруды шектеудің қандай деңгейін жасанды тапшылық деп есептеуге болады? Бұл оңай сұрақтар емес, оларға барлық жағдайларда бірдей мағыналы жауап беруге болмайды. Ал ірі фирма сату бағасының деңгейін, жоғары деңгейдегі технология мен шаруашылық тиімділігінің арқасында шығындарды азайту арқылы жетсе ше? "Демпинг" бағаларын жоғары тиімділік жағдайында қалыптасқан төмен бағалардан қалай айыруға болады? Жалпы, "төтенше бағалармен" сатуға тыйым сала отырып, трестерге қарсы заңдар кімді қорғайды, бәсекені ме, әлде бәсекелестер тобын ба?
Мұның бәрі жәй академиялық сұрақтар емес, таза теориялық сұрақтар. Мысалы Робинсон - Пэтмэн заңы, баға алаушылығына тыйым салады, сатып алушылардың белгілі бір тобын, бағаны төмендететін ірі бөлшек сауда дүкендері мен супермаркеттерге қарсы бағытталған. Бірақ майда сауда фирмаларына қарсы мұны істей алмайды. Сонда бұл заң кімге қарсы бағытталған және кімнің мүддесін қорғайды? П. Самуэльсонның пікірінше, бұл заң бәсекені шешуге көмектесті, тұтынушының пайдасына бағаны төмендетудің орнына, ол тиімділігі төмен көптеген кәсіпорындарды сақтауға бағытталған. Трестерге қарсы заңдар өз тауарларын ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары бағамен сататын майда фирмаларды қорғағаннан қоғам не ұтты? Өйткені тұтынушылар супермаркеттерге баға алалаушылығына тыйым салғаннан кейін, жоғары баға төлеуге мәжбүр болды ғой. Трестерге қарсы саясаттың өзгермейтін жоғары тиімділігі туралы күдік ойларға көптеген батыстың оқулықтары мен монографиялардың беттері толы. Мысалы, П. Хейне трестерге қарсы реттеу еркін бәсекені емес, бәсекелестердің бір тобын қорғайды деген пікірді табанды түрде жақтайды.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден, "парасаттылық принципін" ұстау. Өйткені көп жағдайларда трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федералдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан "парасаттылық принципі бойынша тек жөнсіз, ауылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Бірақ ауылға сыйымсыз шектеулер деп нені есептеуге болады? Бұл мәселелердің бәрі трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді. Мемлекет қиратушы монополиум қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін-өзі тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz