Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам жайлы


3. Мемлекеттің түрлері
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар:
Басқару түрі.
Саяси тәртібі.
Мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп - мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.
Республика деп - мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т. с. с.
Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:
АҚШ, Филиппинде - конгресс;
Польша, Финляндияда - Сейлі; Иран, Түркияда - Мәжіліс; Израильде - Кнессет; Швейцарияда - Ригстаг; Францияда - Ұлттық жиналыс дейді.
Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді.
Унитарлық - құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т. с. с.
Федерация - деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т. с. с.
Конфедерация - деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.
5. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам туралы елеулі еңбек қалдырып, үлес қосқандар: Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Гоббс, Т. Пейн.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Азаматтық қоғамға отбасы, кооперациялар, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т. с. с. бірлестіктер жатады. Мұнда әрбір адамға саяси, экономикалық, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына кепілдік береді. Адамның құқықтары қорғалады.
Азаматтық қоғамда әр адамның өз еркімен әр түрлі меншік түрі таңдауына, белсенді еңбек етуіне жол ашылады.
Саяси салада да төмендегідей құқықтар негізге алынады:
Ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
Жеке-тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін таңдау, телефон-хаттағы сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз, т. с. с. заң жүзінде сенімді қорғалады;
Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан толық қорғалады.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады.
Құқықтық мемлекет деп - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Заңдар халықтың еркіндігін білдіреді. Мұнда мемлекет те халық та екі жақты өзара жауаптылықта болады. Мұнда қысым мүлде болмайды, оларға жол берілмейді. Адам құқығы билік дәрежеде сақталады.
Құқықтық мемлекет белгілері:
Үкіметті заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі арқылы жіктеу;
Мемлекеттің өзі және органдары заңға байланысты;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметтері мен өкіметтігін шектеу;
Заңның қоғам өмірінің барлық саласында жоғары тұруы;
Заңдылықты сақтауды қадағалау мен бақылаудың тиімді формаларының болуы;
Мемлекет пен жеке адамның өзара қатар жауапкершілігінің болуы.
6. Қазақстан Республикасы - егеменді унитарлы мемлекет
1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды.
Азаматтық қоғамның мәні
Адамзат қауымдасуының ең жоғары баспалдағы және формасы. Мұнда ерікті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани салаларындағы мемлекеттік және саяси емес құрылымдар: отбасы, ұйымдар, кооперативтер, одақтар мен басқа да бірлестіктер қамтылады;
Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке және т. б. мемлекеттік және саяси емес қатынастардың жиынтығы. Бұл адамдардың әдет-ғұрыптары, дәстүрі, адамгершілігі болып саналады.
Жеке тұлғалардың еркімен құрылған ұйымдардың және азаматтардың ассоциацияларының салалары. Мұның бәрі мемлекеттік өкімет органдарының тікелей араласуын немесе өзіндік шектеуіне жол бермейтін заңдармен қамқорлыққа алынады.
Азаматтық қоғамның белгілері
Экономика саласында:
Ассоциациялар;
Отбасы;
Мемлекеттік емес кәсіпорындар;
Арендалық кооперативтер;
Жалгерлік ұйымдар;
Акционерлік қоғамдар.
Рухани өмірде:
Ой, ар, сөз бостандығы;
Жамағат алдында өз пікірін айту мүмкіндігінің ақиқаты;
Шығармашылық, ғылым және басқа да бірлестіктердің дербестігі мен тәуелсіздігі.
Әлеуметтік салада:
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар;
Қызмет орны мен тұрғын үй орны бойынша құрылған өзін-өзі басқаратын органдар;
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары;
Қоғамдық пікірлердің қалыптасуын, байқалуын анықтап отыратын әлемдік мәдениетке сай келетін тетіктерін орнықтыру;
Әлеуметтік қақтығыстарды, дау-дамайларды іс жүзінде күштеусіз, заң шеңберінде реттеу тәжірибесі.
Азаматтық қоғамның даму кезеңдері.
Ертедегі қарапайым адамдардың шағын топтары өмір сүру мақсатында ішіп-жем мен баспана табу, табиғат апатынан, аң-құстардан қорғану үшін тұрақсыз қауымдасуды қалыптастырды.
Жылдар өткен сайын бірлестіктер саны өсіп, қызметі күрделіленіп тұрақты қалыпқа түсіп, орнықты ұйымдарға айнала бастады.
Азаматтық қоғам өз мүдделерін қорғау үшін мемлекет құрады, оған мүмкіндігінше қамқорлық пен бақылау жасайды.
Әлеуметтік прогрестің дамуы саяси өмірдегі ірі жаңалықтарға жол ашты. Бірақ азаматтық қоғам әлі де бұғанасы қатпаған жас сәби сияқты мемлекет оны ығыстырып, адамдар тағдырын өз заңдары бойынша шешуге ұмтылды.
Уақыт озған сайын азаматтық қоғамның іргетасы көтеріліп нығая түседі, оның негізгі құрылымдары қалыптасады, оның ішінде қорғау қабілеті жетіледі. Қоғамның мемлекетпен арақатынасы заңмен реттеледі.
Жекеленген және өмірлік маңызы бар қоғамдық салалардың мемлекет ықпалынан қорғану деңгейі арта түседі. Саяси режимдер тұрақты қалыпқа
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz