Менеджердің базалық сапасы



Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Менеджерлер (ағ. басқарушы) қазіргі өндіріс шарттарында
-басқару бойынша мамандар (фирманың, ұйымның, кәсіпорын басқарушылары, әр
түрлі басқарушылар). Өзіндік профессионалды қызмет ретінде менеджмент,
менеджер өзі істейтін фирма капиталы меншігінен тәуелсіз. Менеджер ретінде
жұмыс істей отырып, оның қолында фирма акциясы болуы да болмауы да мүмкін.
Менеджер еңбегі - барлық өндіріс процесінің байланысы мен бірлігін
қамтамасыз ететін қызметкерлердің жоғары маманданған деңгейі бар өндірістің
жоғары техникалық комбинациялау шарттарында пайда болатын өндіріс еңбегі.
Сондықтан менеджмент менеджер жетекшілігінде істейтін жалпы кәсіпорында
өндіріс бөлімін немесе фирманы басқаратын маркетологтар, экономист, қаржы
қызметкерлері, логистік, жобалаушы, инженерлер сияқты әр түрлі мамандық
қызметкерлерінің басын қосады.
Менеджер түсінігі - бұл тұрақты қызметте отыратын және
фирма қызметінің нақты бір түрлері бойынша шешім қабылдау саласында
өкілеттіліктерді жүктейтін жетекші немесе басқарушы. Менеджердің
қабылдайтын шешімдері негізделген деп есептеледі.
Менеджер термині кеңінен таралған және ол мыналарға
қолданылады:
- иелік бөлімшелер немесе мақсатты-бағдарлама топтарының нақты жұмысын
ұйымдастырушысына;
- жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелерінің (басқарма, бөлім, бөлімше)
жетекшісіне;
- қол астындағыларға кеңіл бөлу жөнінде, жетекшіге;
- қазіргі әдіс-тәсілдерге сәйкес жүмыс ұйымдастыратын бақарудың кез келген
деңгейінің әкімшілігіне.
Тәуекел нарығына сипаттас және жағдайдың белгісіздігі ме-
неджерлерден қабылданатын шешімдерге жауапкершілік пен сезімдік жұмыс
істеуін талап етеді. Жаңалық енгізуге қатысты оптималды ұйымдық және ғылыми-
техникалық шешімдерді іздеуге мүмкіндік жасайды.
АҚШ-да 10 миллионға жуық кәсіби менеджерлер бар. Олардың
көпшілігі фиксирленген еңбек ақы алады. Жалпы жұмысшы санындағы менеджерлер
үлесі орташа есептегенде 10%. Менеджерлері көп болып сақтандыру және қаржы
компаниялары саналады. Бұл жердегі менеджерлер саны орташадан екі есе көп.
Ауыл шаруашылығында менеджерлердің саны ең аз. Өндіріс спецификасында
негізделгендіктен 50 қызметкер-ге 1 менеджерден келеді.
Кез келген деңгейдегі менеджерге мынандай талаптар қойылады:
- кәсіпорынды басқару саласында жалпы бөлімнің болуы;
- фирма қызметінің түрі мен сипаты қай салаға қатысты болса, сол саладағы
өндіріс технологиясындағы компетенттілік;
- кәсіпкерлікпен қатар, әкімшілік саласындағы тәжірибенің болуы, нарықтағы
жағдайды білу, бастама ұсыну шеберлігі, қолданудың табысты саласына
фирманың ресурстарын қайта бөлу;
- теменде тұрған жетекші мен қызметкерлердің келісімі негізінде компетентті
және негізделген шешімдерді қабылдау, оны орындауда әр қызметкерді жұмысы
бойынша бөлу;
- жұмыс істеп жатқан не істейін деп жатқан негізі нарық немесе оның
сегменттеріндегі экономикалық жағдайдың талдау саласында практикалық
тәжірибе мен білімінің болуы;
- бәсекелес фирмалардың қызметін және іс-әрекетін талдай білу.
Кез келген менеджерге қойылатын негізгі талап адамдарды басқара
білу шеберлігі. Оларға жататындар:
- өзінің қоластындағыларының жақсы қабілеттерін және оларға берілетін
нақты жүмысты орындау мүмкіндігін білу.
- кәсіпорын мен қызметкерлерді байланыстыратын шарттарды білу, олардың
құқығын әділ турде қорғау.
- бірлікті сақтау және фирманың дұрыс қалыптасуы мақсатымен қабілетсіз
қызметкерлерді жұмыстан щығару.
Нарықтық экономика іске творчестволық жағынан келетін жақсы
ақпараттандырылған, жақсы түрде ресурсты қолдану мен фирманың қалыптасу
тиімділігін қамтамасыз ететін басқарушыларды қажет етеді.
Ең маңыздысы американдық менеджерлердің қызмет көрсетуі, келісім негізінде
профессионалды және квалификациясы әкімшілікке қызыққан фирмалар мен
ұйымдарға ұсынылады.
Дамыған мемлекеттерде қолданылатын саяси, әлеуметгік экономикалық,
психологиялық күштерді және басқару орындарында отырған адамдарға осы
күштің әсерін зерттей отырып, басқарушының жұмысының мазмұны өзгеруі туралы
маңызды қорытындыға келуге болады. Бұл қорытынды қазіргі уақыт пен
болашақта шебер менеджерден талап ететін қабі-леттіліктерді болжайды. М.
Вудкок пен Д. Френсистің зерттеуі соңғы он жылдықта басқарушылық қызметке
әсер ететін 11 факторды бөліп керсетуге көмектесті.
1 .Стресс, қысым керсету және белгісіздік көп жағдайда ұйым өмірі
формасында кездеседі.
2. Дәстүрлі құндылықтар жеке пайымдау мен құндылықтардың өзгеруіне әкеп
соқты.
3. Таңдау мүмкіндігі кеңінен таралуда. Сондықтан менеджерлерден
орындалатын жұмыс мақсаты мен ез мақсатын нақты белгілеу талап етіледі.
4. ¥йым жүйесі қазіргі талапқа сай басқарушыға оқуға қажетті барлық
мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге шамасы қалмайды. Әр менеджер түрақты өз
өсуін, дамуын өзі қолдап отыруы қажет.
5. Мәселелерді шешу құралдары шектелгендіктен мәселе көбеюде және
күрделенуде, сондықтан мәселені тез әрі тиімді шешу қабілеттілігі басқару
тәжірибесінің ең маңызды бөлігі.
6. Әр уақыттағы тауар сатып алу нарығына энергетикалық ресурстар үшін
күрес және пайда табу, жаңа идеялардың қажеттілігі. Басқарушылар өнертапқыш
және жағдайдың өзгеруіне икемді жауап қайтара білу керек.
7. Дәстүрлі иерархиялық қатынастар күрделене түсуде. Сондықтан тиімді
басқару тура бұйрыққа бармай, айналасындағыларға әсер етуді қолдануға
шақырады.
8. Көп дәстүрлі мектептер мен басқару әдістері өз мүмкіндіктерін жояды
және қазіргі уақыт пен болашаққа жауап бере апмайды. Сондықтан жаңа,
қазіргі талапқа сай басқару-шыльщ әдістері талап етіледі және көп
менеджерлер өзінің қоластындағылармен қатынасына жаңа ыңғайды игеруі керек.
9. Қызметкерлерді қолданумен байланысты көп шығындармен, қиындықтар болады.
Нәтижесінде әр басқарушыдан адам ресурстарын жақсы қолдануды талап етеді.
10. Өзгерулердің масштабының өсуі жаңа дағдыны игеру жаңа ыңғайларды
дамыту және ескі болудың мүмкіндіктерімен күресті талап етеді.
Менеджерлерден жаңа тәсілдерді тез оқып-білу, сондай-ақ практикалық дағдыны
меңгерудің басқаларға көмектесу шеберлігі.
11. Күрделі мәселелер шешімді бірігіп іске асыратын бірнеше адамдардың күш
салуын тапап етеді. Сондықтан менеджер тез өнертапқыш болатын және
жұмысында нәтижелі болатын топтарды білуі қажет.
Өздерінің күшіне сай келмейтін мәселелерге келгенде көп
менеджерлер қандай да бір жетекшілікті іздейді. Өкінішке орай, өткен
уақытта жасалған көп басқарушылық әдістер қазіргі күнге жарамайды. М.
Вудкок пен Д. Френсис болашақга менеджерлерден мынандай қабілеттіліктер
болу керек деп есептейді:
- өзін басқара білу;
- парасатты жеке құндылықтар;
- нақты жеке мақсаттар;
- тұрақты жеке өсуде табандылық таныту;
- мәселелерді шешу дағдысы;
- өнертапқыштық және инновациялық қабілеттілікгің болуы;
- айналадағыларға әсер ету қабілеттілігінің жоғары болуы;
- қазіргі уақыттағы басқарушылық ыңғайларды білу;
- жетекшілік ету қабілеттілігі;
- қоластындағыларды дамыту мен үйрету қабілеттілігі;
- тиімді жұмыс топтарын құру және дамыту қабілеттілігі.
Менеджмент пен бизнес - бұл творчество, ал творчествоның
бастапқы нүктесі - күтпеген ассоциацияның оңай жасалынуы. Творчестволық
ыңғайдың мәні мынада: бар тәжірибенің реорганизациясы мен оның негізінде
жаңа комбинациялардың қалыптасуы. Творчество шабланды стереотипті қызметтің
антиподы болғандықтан және алдыңғыны қайталамайтыдықтан қандай да бір жаңа
нәрсенің құрылуына әкеледі. Менеджмент белгілі принципте негізделген
творчество. З.Б. Старобинскимен ұсынылған және А. Файольдің принциперімен
сәйкес келетін бул принциптердің мәні мынада.
1. Бір басшылық болу принципі. Бір басшы басқарса, адамдар оған жақсы жауап
береді.
2. Мотивация принципі. Менеджерлер қаншалықты марапаттау мен жазалау
құрылымын іске асырса, кездейсоқ жағдайлар есебімен қарастырса, барлық
басқару жүйесімен интеграциаланады, мотивацияның да бағдарламасы тиімді
жұмыс істейді.
3. Көшбасшы болу принципі. Адамдар өзі қажеттіліктерінің қанағаттану
құралын кімнен көрсе, соның артынан жүреді және мотивациялық факторлар
қалай жүмыс істейтінін білсе, басқарушылық функцияларды орындауда қалау
көрінсе, солай олар тиімді түрде көшбасшы бола алады.
4. Ғылыми принципі. Бүл принциптің мәні мынада. Басқарудьщ барлық
жүйесінің құрылымы менеджмент ғылымының жаңалығында.
5. Жаупкершілік принципі. Жауапкершіліксіздікті жеңу белгіленген
нұсқаулардың материалды жүйе мен т.б. жауапкершіліктің болуына негіз
болады. Әр қызметкердің міндетіне сапалы орындауға жүктелген талапты
жоғарылатуға бағытталған және нақты уақытында орындалатын бұйрық пен
өкімдерді дұрыс жаза білу.
6. Дұрыс таңдау мен кадрларды бәлу принципі. Егер сіз адал бизнес
жүргізсеңіз, профессионалды таңдау мен кадрлар бойынша кеңесшілердің
сипаттамасы негізінде кадрларды таңдау іскерлік қасиет бойынша таңдалады.
7. Тиімді қолдану принципі. Пайда - бұл тек табыс емес, сонымен қатар
адамдық және материалды ресурстарды қолдануға кеткен шығындар.
8. Кері байланыспен қамтамасыз ету принципі. Бұл жұмыс нәтижелері туралы
бұрынғы жағдайы мен бірінші жоспарды салыстыруға көмектесетін ақпаратты
алу.
Басқарушының стилі, типі және әдістері
Жетекшінің жүмыс стилі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджердің жұмыс істеу стилі
Қазіргі заманғы менеджмент
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджмен ұғымының мәні, түсінігі
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТУРАЛЫ
Көкшетау қаласында орналасқан РИСК-Бизнес ЖШС
Қонақ үй мен мейрамхананың функционалды – қосалқы бөлімін басқару
Кәсіпорындардағы менеджмент
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Пәндер