Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары.
Қазақстанда Республикалық басқару нысаны бекітілді. Парламенттік
құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі,
мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық, сот
билігіне бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары
заңдық күші басқарудың осындай таңдаудың заңдық негізі болып табылады.
Парламенттік құрылыс монархиялық та, сондай-ақ, республикалық та
басқару нысаны ретінде кызмет ете алады. Алайда, республикалық басқару
нысаны көзінде Парламентке, әдетте, тыйым салудың өлшеусіз билігі берілген
монархтың өзі күш көрсете алмайды. Парламентті тікелей (Мәжіліс) және өз
өкілдері (Сенат) арқылы Қазақстан халқы сайлайды. Қазақстан Парламенті
халық атынан өкілетті орган ретінде заң шығару процесін жүзеге асырады.
Республикалық басқару нысаны азаматтарға максимум немесе минимум бостандық
береді.
Қажетті саяси, материалдық, рухани қажетін қанағаттандыру үшін
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан
Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Сайлау
жөніндегі заңдар халықтардың едәуір бөлігінің өкілетті органдарға депутат
болып сайлануы үшін қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы халықты мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы деп жариялап
қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін
қалайды. Ең жоғары заңдық күші бар актілер қабылдауға халықтың құқығы бар.
Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу құқығы Қазақстан
Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген. Мұның астарында
терең демократиялық идея жатыр. Парламент, Президент сияқты халық атынан
билік жүргізе отырып, өзінің субъектілік еркін емес, халық еркі мен
мүддесін білдіреді. Тек осындай жағдайда ғана халық атынан билік жүргізудің
конституциялық заң күші болады. Мемлекеттік биліктің өз өкілеттігі
шеңберінде өзінің үш тармағы арқылы жүргізуі қандай да болсын бір органның
зорлық-зомбылық жасауына жол бермейді, сөйтіп, мемлекеттік органдардың
демократиялық негізде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Айталық, заң
шығарумен тек Парламент кана айналысады. Тек Конституцияда көзделген
жағдайларда заң шығару өкілеттігін Президент қана пайдалана алады. Атқарушы
билік ешбір жағдайда заң шығару өкілеттігін жүзеге асырмайды. Бұл сот
органдарына да қатысты. Осы арқылы жинақталып халық еркін білдіретін
заңдардың беделі мен заңдық күші сақталады.
Республикалық басқару нысаны биліктің мұрагерлігін немесе
мемлекеттік билікті ұзақ уақыт бойы иеленуді танымайлы. Айталық, Президент
жеті жылға сайланады. Бір адам Президенттікке қатарынан екі реттен артық
сайлана алмайды. Мәжіліс депутаттары төрт жылға сайламады. Сенат
депутаттарының бір бөлігі екі жылға, екінші бөлігі — төрт жылға сайланады.
Мәслихат депутаттары төрт жылға сайланады. Мемлекеттік қызмет жасының шегі
Конституцияда белгіленген. Мұндай тәртіп мемлекеттік аппарат кадрларын
заңдық тұрғыдан жаңартып отырады, белгілі бір мөлшерде бюрократтық пен
тоқыраушылықтан сақтайды. Өкілетті органдарды мезгіл-мезгіл жаңартып отыру,
кадрлардың орнын ауыстыру мемлекеттік аппаратты идеялық жаңаруға, алғы
лектегі әріптестерінің тәжірибесіне сын көзбен қарауға, қоғам өміріне ғылым
мен практиканың үздік жетістіктерін енгізуге бағыттайды.
Республикалық басқару нысаны халықтың еркіне негізделіп қана
қоймайды. Ол мемлекеттік органдарды азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауды, оларды мемлекет мүддесімен
сәйкестендіруді көздейді. Сөйтіп, адамдардың құқықтары мен бостандықтары
мемлекет мүддесімен жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Мемлекет Конституцияда
тікелей көрсетілгеннен өзге жағдайларда адамдардың, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын шектей алмайды.
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен
бостандығын, халықтын денсаулығы мен адамгершілігім сақтау мақсатында
қажетті деңгейде ғана адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының
шектелуіне жол берілетіндігі Қазақстан Республикасының Конституциясында
тура көрсетілген. Бұл арада мынадай екі маңызды жәйтке назар аударған жөн.
Бірінші — ол Парламент қабылдаған заңдардың, яғни, нормативтік
құқықтық актілердің негізінде және соған сәйкес ерекше жағдайларда құқықтар
мен бостандықтар шектелуі мүмкін, ал белгілі бір жағдайларда Президент
шектеуі мүмкін. Басқа ешбір, тіпті ең жоғары деңгейдегі заңға сәйкес
актілердің өзімен коиституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау
және тағы басқа әр түрлі себептермен адам мен азаматтың құқығы мен
бостандығын шектеуге болмайды;
Екіншісі — ол қоғамдық ізеттілікті қорғау. Ізеттілік нормалары
құқықтық нормалар сияқты айқын және белгілі бір деңгейде белгіленбеген.
Дегенмен, ол құқықтық нормаларды қалыптастырудың негізі болып табылады және
қоғамдық өмірдің гүлденуіне қызмет етеді. Қоғамдық ізеттілікті
конституциялық тұрғыдан қорғау Қазақстанда республикалық басқару нысанының
ең жоғары гуманистік көрінісі болып табылады.
Қазақстанда Президенттік институты КСРО ыдырар алдында бірер ай
бұрын құрыла бастады. Қазақ. КСР-ының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде
Қазақстан КСР-ы Президенті кызметі орнын белгілеу және тиісінше Қазақ КСР
Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Заң қабылдады. Заң Президенттің
мемлекеттік биліктің ең жоғары органдары жүйесінде алатын орның, сондай-ак
оның өкілеттігін белгіледі. Конституциялық мәні бар осы Заңда мемлекеттік
билікті бөлу туралы сөз болғам жоқ. Кеңестердің қолында бүкіл билік
сакталды. Сонымен бірге, Президентке "халық депутаттары кеңестерінің бүкіл
билігін жүзеге асыруыма ыкпал ету" (Қазақ КСР Комституциясының 114-бабы
міндеті жүктелді. Жоғарғы Кеңес қоғам өміріндегі барлық мәселелерді шешуге
құқығы бар мемлекеттік жоғарғы орган күйінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе жайлы
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрлымы, қызметтіндегі принциптері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Мемлекеттік басқару экологиялық мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде
Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары
Орталық атқарушы органдар
Пәндер