Менің Отаным – Қазақстан. Отан


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Менің Отаным - Қазақстан

Отан деген не? "Отан" деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезіміздн білеміз. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отанын сүйе білген адамда бәрі де: үй-жай да, құрмет те, атақ та, жұмыс та, арман да болады. Отан адамның отбасынан, туып-өскен жерінен басталады. Әркімнің туып-өскен жерінен ауылы, қыстағы, қаласы - оның кіші Отаны. Өйткені әрбір ауыл, қала бүкіл Республикамен тығыз байланысты. Сол секілді менің отаным - Қазақстан. Сондай-ақ мен осы Тәуелсіз елеміздің азаматымын.

Тәуелсіздігіміздің он бес жылдығы тойланған өткен жылы үлкен де айтулы оқу орнының студенті атанғаным мен үшін зор қуаныш. өте білімді де білікті оқытушыларымның мазмұнды да мәнді дәрістерін тыңдап, өзімнің жан жүрегіммен қалап түскен мамандығымды иеңгеру үстіндемін. Қазір мен сабақты алғышқы күннен үздік оқуға барлық күш-жігерімді жұмсасам, ертең білікті маман болып шығатыным анық.

Анам айтатын: "Әлдекімдер сияқты сендерді орыс мектебіне беруді ойлаған да жоқпын. Шымкентте де бір жарым жастан қазақ бала бақшасына апардым. Ана тілін ардақтап, оның қадыр-қасиетін білсін деп қазақ мектебіне оқыттым. Тәуелсіздік алған қазағымыз тек қазақша сөйлесін деп ойладым", - деп. Шынында да "шүлдірлеп" жүретін. Жоқ, мен оларды бөлектеп отырғаным жоқ. Тек өз ана тілімді өте жақсы көремін. Отанымды қалай сүйсем, ана тілімді де солай сүйемін. Мұның өзі көкірегіме қуаныш сыйлап, марқайтатындай. Патриоттық сезім де осы Анаға, туған тіліме, туып өскен қасиетті де киелі Түркістан қаласына, одан бергі де Ақ бас Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыға, жалпы еліме, отаныма деген сүйіспеншіліктен бастау алып жатқан жоқ па?! Үлкен өмірге енді қадам басып, жалындаған жастық шағымызды - студенттік жылдарымызды бастап кеткен тұста университетіміздің күнделікті қоғамдық тыныс-тірішілігіне етене араласқым келеді. Өткен жылы елмен бірге Тәуелсіздіктің он бес жылдығын және желтоқсан оқиғасының 20 жылыдығын атап өттік. Әрине біз, яғни менің құрдастарым тәуелсіздің жолында жаумен шайқасып немесе желтоқсан қасіретін көзбен көрген жоқ (оның бетін аулақ қылсын!) . Десек те тарих парақтарын ақтарып отырып, ата-бабаларымыздың қаншалықты қан төгіп, қасірет шеккенін жақсы білеміз. Кешегі желтоқсанда үлкен алаңды қанға бояған да өзіміз секілді өрімдей жас қыз-жігіттер екенін оқып, біліп жүрміз. Қайрат Рысқұловтың: "Ерке тоқты - құрбандық!", - деген жалынды сөздерін жатқа білеміз. Ләззат Асанованың да жап-жас болып, өлімне бас тіккенін кім білмейді! Осындай аға-әпкелеріміздің ерлік істері бүгінгі жастарға әрқашан үлгі-өнеге! Олардың рухы үшін үнемі тағзым етіп, басымызды егеміз!

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің Қазақстаным" әнін өайта жаңғартып, әнұран еткені қандай ғажап! Әнұран шырқалса, тұра қалып, оң қолымды кеудеме қоямын. Бо йымды әлдебір мақтаныш сезімі кернейді. Ұлы Отанымда бейбіт күн кешіп жатқанымызға қуанамын. Елбасының алқалы жиындарда сөйлеген сөздерін теледидардан көріп, жас мемлекетіміздің аяғынан тік тұрып келе жатқанына, халқымыздың әл-ауқаты күн өткен сайын жақсарып келе жатқанына марқаямын.

Мен патриотпын! өйткені сүйікті Отанымды туған халқым - қазағымды өте жақсы көремін. Отанға деген сүйіспеншілік мейірімі мені алға қарай ұмтылдырады, жігенрлендіреді. Сонымен бірге жауапкершілік те жүктеледі.

Себебі біз - еліміздің болашағын көркейтуге өз үлесімізді қосуымыз керек.

Қазақтың халық әндерін өте жақсы көремін. Аздап домбыра шертетінім бар. Ән айта алмасам да, күй тартқанды өте жақсы көремін. Бүбірлеген аттың шабысын салатын Құрманғазының күйлерін, сезім пернелерін шертіп жатқандай әсер беретін Сүгірдің шертпе күйлерін тыңдағанды ұнатамын. Қазағымның барлық қайғы-мұңы, қуанышы мен шаттығы осы күйлерге, қара домбыраға сыйып жатқанына тәнтті боламын.

Мен осы шығармамды белгілі ақын С. Жиенбаевтың "Елім менің" деген өлеңімен аяқтағым келіп отыр:

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің . . .

Айырып күндіз - күлкі,

Түнде - ұйқыдан,

Күткенің осы еді ғой,

Қайран елім! . . .

Өр едің өліссең де беріспегенғ

Ел едің еншісін де бөліспеген.

Зар-мұңның әні бар ма сен айтпаған,

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?!

Бізге де кез келді ғой көктем шығар,

Зілзала, құйын заман өткен шығар.

Күндіз-түн шырылдаған құлын даусың,

Құдайдың құлағына жеткен шығар . . .

Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,

Дәулеттің тілемеймін көл-көсірін . . .

Көз тимей,

Кірбің түспей қабағыңа,

Жалғыз-ақ -

Құтты болғай енді осы күн! . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Біз рәміздерді құрметтейміз
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Тәуелсіздік мерекесі
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1991 жыл
Балалардың дауыстарын қорғау
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz