ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I. ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Ойынның психологиялық және педагогикалық рөлі мен
мәні ... ... ... ... ... ..6
1.2. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II. ОЙЫНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУШЫЛЫҚ ҚАСИЕТІНІҢ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
2.1. Ұлттық ойындармен оқушылардың танымдық әрекетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2. Пән сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ойын арқылы
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
К І Р І С
П Е
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Абай Құнанбаев Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? - деп
айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Педагогика ғылымында ойын
әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып, зерттеліп
жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен
И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп
түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен
П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы
В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік,
дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына
ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның
дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал
кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін
білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін
қызықты ойынның түрлері өте көп. Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың
формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап
және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек.
А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай
келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: Мен де педагог ретінде
олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп,
айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ
бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен
өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім.
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен,
бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста
болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және
айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да
жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: Күш жұмсалмаған ойын,
белсенді іс-әрекетсіз ойын — қашан да жаман ойын. Ойынның жұмыстан
айырмашылығы тек қана мынада: ...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске...
материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы
деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның
тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін
қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді.
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін
кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен
қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды оқыта отырып ойындардың
педагогикалық құндылығы мен тәрбиелігін, оларды сабақтарда қолданудың
жаңаша жолдарын қарастыру
Зерттеу міндеттері:
-Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралының ерекшеліктерінің мәнін
ашу.
- Ойыншықтармен және ойын құралдарымен өтілетін сабақтардың маңызын,
мазмұнын ашу
- Қазақтың ұлттық ойындарын балаларды тәрбиелеуге пайдалану;
- Ойын- балалар өмірінің нәрі, рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті
алғы шарттары.
Зерттеу нысаны: Оқушылар ойынының басты ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Оқушыларды ойын арқылы оқыту.
Зерттеу болжамы: Егер оқушыларды ойын арқылы қарастыратын болсақ сабақта
ойынның тәрбиелік мәнін зор,оқушының ойынды меңгеруі,олардың дағдысы, ойы,
сана-сезімін дамыту.
Зерттеудің объектісі: Ойындардың түрлері, білімділік, тәрбиелік және ой-
өрісінің дамытудың өрісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, жаңа педагогикалық технологиялар,
баспасөз материалдары, озат тәжірибені қолдану
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу мәселесі анықталды, тақырып таңдалды,зерттеудің
нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдісі және болжамы өңделді. Материалдар
жинақтауға байланысты зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу базасы: №30 орта мектеп
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1.Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-
физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың
даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамутышылық мәнге ие бола
отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір
адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза,
жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына,
қалыптасуына әртүрлі әсер берді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе,
кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға
араласуына әсер ететін факторлар өте көп.
Ойын – күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын
арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Философиялық еңбектерде ойын
әртүрлі көзқараста, пікірде түсіндіріледі. Мысалы, сонау ерте заманғы грек
ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Біздің эрамызға дейін IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит
ойынды ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінші, ойын Мәңгілік – шахмат
ойнап отырған бала [1]. Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын
қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын – әрі жоғары
ақыл, рахаттану, қызық және тендесі жоқ жоғары құбылыс. Ф.Шиллер адамның
ойлауына ешқандай сыртқы дүние етпейді, ол өзіндегі артық күштен арылу үшін
ойнайды деп есептейді. Ф.Шиллер адамадар арасындағы ойынды жануарлар
ойынымен тең қояды. Мұндай пікірге ағылшын ғалымы Г.Спенсерде қосылады.
Ойын теориясын жеке зертеген Н.Хейзенге ойын іс-әрекетін адамның рухани
энергия алуы үшін керек дейді. Осы энергия негізінде адам мәдени тұрғыдан
дамиды және өседі деген пікірде кеңес одағы философтары М.В.Делин,
Д.И.Узнадзе т.б. ойын адамның өзіндік іс-әрекет дей келе, оны еңбекпен
байланыстырады.
Осының негізінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан
ұғындыруда мынандай теориялар қалыптасқан:
1. Ойын мәңгілікке ұштасатын құбылыс – (Платон, Демокрит).
2. Ойын – артық күтен арылу жолы – (Ф.Шиллер, Г.Спенсер).
3. Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды – (К.Гросс, К.Бюллер).
4. Функционалды тенденция теориясы – (Д.Н. Узнадзе т.б).
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубенштейін,
Д.Б.Эльконин, Б.Г. Ананьев, А.Н.Леонтьен секілді ғалымадар ат салысты
С.Л.Рубенштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық
қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала
қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды [7].
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе
отырып, мынандай пікір айтады. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың
активті түрі деп қарастырса. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Н.Н.Скатова,
Р.И.Половникова, В.К.Роман оқутудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар
оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Себебі, әдіс секілді ойын
кезінде оқушымен оқытушы арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде
тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның
мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз
келеді.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко балай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек
адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай
маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан
сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойында
басталады [8].
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық
ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт
күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың
айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ
өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай
бейімдеу деп түсіндірген. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге
адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілетінің
дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі.
Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай,
олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
1.2. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың
қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-
қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус
аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол
ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз
береді. Атақты педагог А.П. Усова былай деп атап көрсетті: Балалардың
өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз.
Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары
формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді
үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді [1].
Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз
тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін
эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем,
үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің
жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі.
Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның
түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп
отыруы жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік
рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музикалық, дидактикалық, құрастыру,
ұлттық спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік
мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ,
сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Сюжетті – ролдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып,
сезімін оятып, рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара
сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып,
мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір күнде
қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір
баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген
табысты істері, қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен
мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі
сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға
бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге,
сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет,
ықылас таныта білуге үйретеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен
қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау
дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді. Сонымен
қатар, балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-
рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының
тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде
көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді. Ал, орыс жазушысы
Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа
көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның
өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны
байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге
дайындалады [2].
Балалар ойнының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен
сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес,
шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен
тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін
әдеттегідей шақырғанға жауапта қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнаймайды. Тіпті бала жалғыз өзі болған өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі,
өзі мен мамасы үшін сөйлеседі және т.б. сөз нақ бір ойын әрекетін
сүйемелдеуші болып табылады., бейнені, оған баланың өзі қатынасын толығырақ
ашады. Сондай-ақ, ойын прцесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.
Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойының түпкі ниеті мен
мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет
атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің
қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және
дамуына көмектеседі.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті,
сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және
балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер
өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде
көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы
анықтамасы, мәселен: дүкен, арухана, әскер , қызы мен шешесі,
мектеп және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің
өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып
табылады.
Ойының сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын
және өзара байланысын анықтайды ... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады [5].

2.1. Ұлттық ойындармен оқушылардың танымдық әрекетін дамыту
Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие
беру-қазіргі міндеттің бірі.Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен
адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани
мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге
асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік,
қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-
қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының
мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың
ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.Бірақ оны жүргізуге арналған нақты
әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған
әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың
өзектілігі туындап отыр.Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас
ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін,
ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері
өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.Ол тарихи даму
барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің
халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден
келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен
еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын
жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-
әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай, Қыз қуу, Тоғызқұмалақ
т.б балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ал,
оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта
түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл
ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек
деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына
деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы
сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал
етеді.Оқушының сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің
бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана
емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған, - деп тегіннен тегін
айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық
материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы
туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков,
Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин,
Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров,
Е.Букин,О.Әлжанов,т.б.болды делінген. Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың
ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт
ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев Игры
киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық
ойындарын үш топқа бөліп қарастырды.Қазақ балаларының ұлттық ойынына
тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и
воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей (Орынбор, 1891)
атты еңбегіңн атауға болады.М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау
алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру
тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды
зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев,
Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
(Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын
шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық
ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға бейімдеген.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың
дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-
қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене
мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын
ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы
түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән
берілуі – халық данышпандығының белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарын былайша жіктейді.
1. Жалпы ойындар
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар.
3. Ашық алаңқайдағы ойындар
4. Қыс мезгіліндегі ойындар
5. Демалыс ойындары
6. Ат үстіндегі ойындар
7. Аттракциондық көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет
бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай
отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл
жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып,
өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек,
қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер
жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның
ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-
губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс
ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында Ферғана және
Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше
түрлерін ажыратып,топқа бөліп,нақты зерттеген.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір
сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани
жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын
үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін
балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық
дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың
бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік
қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге
әзірленеді. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасады: а) ойын -
тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді
танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді. ә) ерік және мінез қасиеттерін
бекітеді,адамгершілік сапаны жетілдіреді. б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе
түседі. в) эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру
құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесән беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі- ойын баланы жан-жақты жарасымды
тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне
тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра
беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен
бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-
жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен
білімділік, тәрбиелік маңызы бар. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.
Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы
ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала
кетейік: Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған
алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың
көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары
болған. Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге
келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге
жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен
үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді
үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады.
Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, нәтижесінде,көбі
ұмыт болып,мүлде жоғалуға жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік
шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы,
көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша
тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық
мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы
педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің
ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.
Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде
адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен бастап жеті
жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен
жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz