Меркантилистік теорияның негізгі қағидалары


2. 2. Меркантилистік теорияның негізгі қағидалары
МЕРКАНТИЛИЗМ ЖӘНЕ «САУДА ЕРІКТІГІ» ТЕОРИЯСЫ (ФРИТРЕДЕРЛІК)
Халықаралық экономикалық қатынастың непзгі түршщ бірі әлемдегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиын-тығын көрсететін халықаралық сауда болып табылады.
Халықаралық сауданы зерттеудегі маңызды мәселелер мыңалар:
1. Халықаралық сауда қалай қалыптасқан?
2. Оның қалай қалыптасып, орныққаны дұрыс?
Бастапқыда халықаралық сауда анық қалай қалыптасқан? - деген сұраққа жауап беру айдан анық сияқты көрінуі мүмкін: сауда қандай жолмен жүрсе де, пайдалы болса бол-ды. Бірақ ақыр соңында сыртқы саудадан түсетін пайданы немесе ұтысты кім алады? Барлығы ма? Ал егер барлығы болмаса және бұл сауда біреуге зиян әкелсе, онда, біреудің ұтысы басқалардың шығынынан басым түскенін қалай анықтауға болады? Егер әлдебір ел ұтыс тапса, онда онымен саудаласушы елдер бұдан шығын шеге ме? Осы аталған се-бептердің қайсыбіріне байланысты сауда шектерін кіргізу керек пе? Осы сұрақтардың өзі ғана біздің екі мәселенің бір-бірімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Бұл мәселелерді нақты бір жерде қарастырайық - аме-рикан-жапон саудасындағы сақталып қалған сәтсіздіктер. Бұл жерде екі жетекші ел арасындағы сауданың қысқаруы сал-дарынан кім ұтады, кім шығынданады деген сұраққа жауап беру үшін неліктен Жапония АҚШ-қа ұшақ, астық және тағы басқаларға айырбас ретінде болат, автомобильдер жәңе басқа да тауарлар сататынын талдап түсіну қажет. Тек сонда ғана сыртқы сауда неліктен пайдалы және кімдердің кірістері оған тәуелді екендігін түсінеміз және сауда шек-терін кіргізу кімңің мүддесіне қайшы келетіңін анықтай ала-мыз.
Сыртқы сауда себептері мен оның елдің шаруашылық өміріндегі орнын түсіндіретін жүйелі экономикалық коңцеп-цияны құрастыру әрекеттері Еуропа елдерінің феодальдық ұсақталуын жою кезінде басталған. Жеке феодалдардың жершілдігіне қарсьі щыға отырып, Еуропалық мемлекет басшылары күшті аскер мен флоттың көмегімен орталықтандырылған мемлекет құруды қамтамасыз етті; екеуі де (әсқер де, флот та) сол кезеңде алтын мен күміспен ассо-циацияланатын толыққанды ақшаны қажет етті.
Металл ақшаға - алтын мен күміске деген қажеттілік сол кездегі үстем экономикалық ілім - меркантилизмнің тео-ретикалық қалыптасу бағытын анықтады.
Меркантилизм - феодализмнің ыдырауы мен капита-лизмнің қалыптасуы кезеңіндегі (15-18 ғғ. ) сауда буржуазия-сының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтын-ның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жет-кізуге тырысты.
Бұл ілімді қолдаушылар ұлттың өркендеуінің негізі ал-тын қорларының болуында деп бекітті. Ақша құралдары (ал-тын, күміс түрінде) әскерді ұстауға мүмкіндік береді, мемле-кет басшысының басқарушы ретіндегі дәрежесін күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабри-калар (мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады.
Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда ал-тынды қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тау-ар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа айырба-стағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз.
Ең жоғары (максимальды) пайда алу үшш мемлекеттің араласуы мен сыртқы сауданың үстінен бақылау ұсынылды. Ғалымдар тарапыңан шет елдік тауарларға кедендік жарна-ларды енгізу және өз тауарлары үшін алтын мен күміс алу арқылы экспортты арттыруға және импортты шектеуге бағытталған сауда саясатына қатысты ұсыныстар жасалды. Осылайша, қатаң протекционистік шаралар қолданылды және сыртқы саудадан түсетін пайда протекционистік саясат жүргізетін елдің басқа мемлекеттер есебінен алынатын ар-тықшылықтарға ие болуымен байланысты болды.
Протекционизм - елге әкелінетін тауарларға жоғары ке-дендік жарналарды енгізу, сол тауарлардың көлемін шектеу немесе мүлдем тыйым салу арқылы отандық экономиканы шет ел бәсекесінен қорғауға және оның дамуын ынталанды-руға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты.
Белгілі бір мерзімде металдың нақты көлемі сақталын-ғандықтан, алтынның көп мөлшеріне ие болу үшін басқа елдердің немесе ұлттардың экспортын шектеу керек болды. Бұл жағдай ұлтшылдықтың дамуына, басқа елдер есебінен пайдаға ұмтылуға және де қайшылықтардың өршіп кетуіне жағдай жасайды.
Біржақты тәртіппен енгізілген импорттық шектеулер ха-лықаралық сауданы қиындатып жіберді. Басып алынған ор-талық аймақтарға тауарлар тек қана метрополиялардан ғана әкелінді; басқа тауар жеткізушілер қатаң тосқауылдарға тап келіп қалды.
Халықаралық сауда метрополиялардың және Олармен байланысты колониялық елдердің мүдделерін қанағаттанды-ратын «аймақтарға» бөлінді (Англия, Франция, Испания) .
Людовик XIV заманындағы Франция мемлекетінің, орыс патшасы Петр І-нің саясаттары меркантилистік саясаттың айқын мысалдары болып табылады.
Алайда мұндай іс-әрекеттер әлемдік нарықты белсенді түрде бөлісуге бағытталған капиталистік өндірістің дамуына, халықаралық сауданың кеңеюіне қайшы болды, сөйтіп жаңа концепциялар қажет болды.
Өндірістік төңкерістің және ірі машиналық өндіріске көшу жағдайындағы сыртқы экономикалық қызметтің қар-қынды дамуы XVIII ғасырдың аяғында ғылыми теорияның, ал XIX ғасырда Англияның ресми экономикалық саясатының бейнесіндегі «еркін сауда» принципінің пайда болуына әсер етті, яғни меркантилизм фритредерлікке орын берді. Ал фритредерлік көзқарас бойынша, жекеленген ұлттың және жалпы барлық елдердің мүдделерін қанағаттандыратын -сауда еркіндігі.
Фритредерлік - сауда еркіндігін және жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласпауын талап ететін өндірістік буржуазия саясаты мен экономикалық теорияның бағыт алуы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz