Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал осы түсініктемеге сәйкес «менеджер» дегеніміз- өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестегі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжей білетін мамандырылған басшы. Кең мағынада алғанда, басқару дегеніміз-қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлінісінің қажеттілігіне байланысты. Екінші жағы - басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік-экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.

Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы мейілінше алуан түрлі, бірақ кез келген жүйенің негізіне сызықтық және функционалдық қағидалар алынған. Осының негізінде әртүрлі икемделген құрылымдар пайда болады.

Сызықтық құрылым. Басқарудың сызықтық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір бөлімше (немесе жеке орындаушы) жоғары органдағы басқарманың (басшының) бірігуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады. Соның нәтижесінде ол өзіне бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады (схема 1) . Басқару функцияларының дамуы мен күрделене түсуіне байланысты линиялық құрылым тиімділігі және қарапайымдылығына қарамастан, кемшілікке ие болып отыр. Бұл проблема мынада: басшы өзіне бағынышты буындардың жұмысының барлық мәселерін білетін болуға тиіс, ол мұның өзін жүзеге асыру қазіргі уақытта іс жүзінде мүмкін емес.

Функционалдық құрылым. Басқарудың функционалдық құрылымы ілгері қарай жасалған зор қадам болды. Ол өндіріс ауқымының ұлғаюының, оның техникалық негізінің күрделілене түсуінің болмай қоймайтын нәтижесі еді. Фабриканы басқару үшін басшылық қағидасы ретінде бірінші рет Ф. Тейлор ұсынған функционалдық ұйымдастыру басшылардың мамандандырылуын енгізді. Функционалдық құрылым бойынша басқару саласында негізгі өндірістік бөлімдермен қатар, функционалдық қызмет көрсететін жоспарлау, жабдықтау, қаржы, еңбек ақы, кадрлар т. б. бөлімдер құрылып жұмыс жасайды (схема 2) .

Функционалдық құрылымның артықшылығы:

  1. Саланы жақсы білетін, сондықтан да неғұрлым білікті шешім қабылдайтын маманның пайда болуы есебінен басқару тиімділігі арта түседі. Басқарудың оралымдылығы дамиды.
  2. Бұл құрылым ұйым мақсатын орындауға қажетті басқарушылық және өндірістік еңбек бөлінісін қамтамасыз етеді.
  3. Сызықтық басшылардың жұмысын жеңілдетіп, олардың тұтас алғанда бүкіл жүйеге қатысты жалпы мәселелерге көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Фукционалдық құрылымның кемшіліктері:

  1. Басқару құрт қиындайды- бағынышты бірінші кезекте кімнің үімін орындауды, нұсқауларды бір-бірімен қалай үйлестіруді білмейді.
  2. Функционалдық басқару жағдайында дара басшылық қағидасы сақталмайды.
  3. Функционалдық қызметтердің көптігіне көптігіне қарай шешім неғұрлым ұсақ және сипат алады. . Мұның өзі басқаруды тым ұсақ қарапайым маңызсыз әрекетке душар етеді.

Сызықтық - штабтық басқару. Басқару құрылымының бұл түрі сызықтық және функционалдық басқару ұйымдарында пайда болған қиындықтардың әсерінен туындайды. Аталған құрылымды А. Файоль кеңінен насихаттады. Кейде бұл жүйе шоғырланған басшылық жүйесі деп атады. Сызықтық құрылым негізге алына отырып, маңызды проблемалар бойынша мамандар шоғырланған штабтар құрылады (схема 3) . Штабтар білікті шешімдер әзірлейді, дегенмен бұл шешімдерді сызықтық басшы бекітіп, оларды орындау үшін төменгі қабаттарға береді. Бұл құрылымның басты

артықшылығы - шешімдер әзірленген кезде дара басшылық білікті (компонентті) мамандар қызметімен ұштастырылады.

кемшілігі: проблемалар көп болған жағдайда штаб ұлғая бастайды, сызықтың басшыға түсетін салмақ орасан зор артып кетеді.

Басқаруды мамандандыру процесінің тереңдеуі басқару жүйесін қиындатып, күрделі жүйелердің икемділігін талап етеді. Осы тұста аталған құрылымдарға жаңа элементтер енгізіледі, олар мыналар:

  • жоба бойынша басқару;
  • өнім бойынша басқару;
  • жаңалықтар енгізу қызметі;
  • матрицалық құрылымдар;

Бағдарламалық-мақсаттық әдістемелерінің дамуына байланысты күрделі техникалық жүйелерді тиімді басқаруға бағытталған жобалық құрылым орын алады (схема 4) . Бұл құрылымда ғылым-өндірістік қызметтің барлық саласындағы бүкіл бөлімшелер тікелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылар әкеледі.

Кемшілігі: бағдарламалар арасындағы қажетті жағдайда мамандарды қайта бөлісудің қиындығы, осыдан туындайтын тиімді еңбек бөлісінің күрделілігі. Жобалау қызметі-уақытша құрылым, дегенмен барлық қажетті ресурстарымен қамтамасыз етіледі. Құрылым өзіне жүктелген міндеттерді орындалғаннан кейін не таратылып жіберіледі, не жаңа жоба алады. Жоба бойынша басқару сызықты басшылықты нақтылап, дәлдей түседі және толықтырады.

Өнім бойынша басқару. Ұйымдағы өндіріс және өткізу салаларының бірқатар бұйымға мамандырылған жағдайында тиімді болады. Бұл құрылымда нақтылы бұйымды өндіру мен өткізудегі өкілеттілік пен жауапкершілік толықтай бір басшыға беріліп, басқа функционалдық бөлімдер сол өнім бойынша басшылыққа толықтай жауап болады. Өнімнің маңыздылығы мен дара басшылық оны өндіру мен өткізудегі қатаң бақылауды орнатып, үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Бәсеке жағдайы, технологиямен тұтынушылар талабына тез арада бейімделуге мүмкіндік туындайды. Дегенмен, оның да кемшілігі: әртүрлі өнімді өндірудегі қызметтердің қайталануына байланысты шығындар санының өсуіне және құрал- жабдықтар мен шикізатты барынша пайдалануға мұршаның болмауы болып табылады. Жаңалықтар тасқыны өп және үнемі болып жататын ұйымдарды жаңалықтар енгізу қызметі құрылады. Мұнда ағымдағы өндіріс сызықтың және фунционалдық қызметтердің қарауына қалады да, бастамаларды, жетістіктерді іздестіру барысы арнайы құрылған жаңалықтар енгізу бөліміне беріледі.

Ұйымдастырудағы мақсаттың басқару мен мамандырылған бөлімшелерді басқарудың үйлесімін беретін бірден бір құрал болып матрицалық құрылым (схема 5) Бұл құрылым екі құрылымды сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-мақсаттық құрылымдарды ұштастыруды, яғни ұйымдағы жекелеген қызмет салаларымен қатар, нақтылы мақсатты орындайтын бағдарламалық бөлімдер мен олардың басшылары орын алады. Мұның өзі бағдарлама басшыларының міндеттерді жүзеге асыруда орындалу мерзімін және мүмкіндіктерді тура бағалап, іздестіру, жаңалықтар енгізу мен еркін әрекет етуіне жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Басқарудың ұйымдық құқықтық формалары
Басқарудағы ұйымдастырудың маңызы мен қажеттілігі
Кәсіпорынның басқару жүйесінің жағдайы
Ұйымдастырушылық құрылымдар
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Персоналды басқару және жұмысқа тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz