Месопотомиядағы мемлекеттер
Мазмұны
І Кіріспе.--------------------------- ---------------------------------
----------------------------------- ---------------------3
І тарау. Месопотомиядағы
мемлекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
1.1. Месопотомияның территориясы мен халқының шаруашылығы ... 4
1.2. Қоғамдық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ тарау. Қосөзен аралығындағы мемлекеттердің
мәдениеті ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Қосөзен мәдениетіндегі Шумерлердің, Аккадықтардың үлесі ... ...15
2.2 Месопотомия мәдениетіндегі жазу-сызу мен
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:
Өткен ғасырдың ортасына дейін тарихшылардың қолында Тигр мен Евфрат
өзендері бассейнің (Месопотамияны) ежелгі заманда мекендеген халықтар
жайында біріне-бірі қайшы келетін, көбінесе, бұрмаланған үзінділер ғана
болды.
Месопотамияны да (қазіргі Бағдаттың оңтүстігіне таман) Қосөзен деп
атайды, Месопотамияның сынамен жазылған түп деректерінде Шумер мен Аккад,
ал Библияда Сеннаар (бұл атауды казіргі ғалымдар ете сирек қолданады)
аталады.
Бұл жазулардың бірнешеуінің көшірмесі Европаға алып келінді, оны оқу
үшін әрекет жасалды. Ең әуелі бұл жазудың үш тілде жаэылғаны анықталды.
Жорамал кейіннен дәлелденді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты мүмкіндігінше жоғары
деңгейде зерттеп, жазып, тақырыпты барынша түсінікті әрі сапалы түрде аша
түсу. Түп деректер мен дерек көздерін пайдалануда ескі тәсілмен бірге
кейінгі жаңа техника жетістіктерін пайдалана отырып (веб сайт, электронды
кітапхана) тақырыпты өз деңгейінде ашу. Келтірілген материалдарды жан –
жақты талдай отырып қоырытнды жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
• Месопотомиядағы мемлекеттер туралы деректерді зерттеу.
• Месопотомияның территориясы мен халқының шаруашылығы,
Қоғамдық құрылысына сипаттама беру.
• Қосөзен аралығындағы мемлекеттердің мәдениетіні түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт
бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Месопотомиядағы мемлекеттер.
1.1. Месопотомияның территориясы мен халқының шаруашылығы.

Жорамал кейіннен дәлелденді. Астанасы Лерсополь (яғни астаналарының бірі)
болған ежелгі парсы патшалары өздерінің жазбаларын парсы, элам және вавилон
тілдерінде оюды бұйырған.
Табиғат жағдайы. Месопотамияның оңтүстік бөлігі (тар мағынада
алсақ—Қосөзен) Тигр мен Евфрат алып келген үйінділер Персия шығанағын
толтыруынан барып, бірте-бірте пайда болды. Теңіз суы онтүстікке қарай
ығысып, мұның орнын батпақты жазық басты.
Ежелгі тас ғасырында (палеолитте) бұл елдің жерін түгелдей батпақ
басыпты, маса мен шыбын-шіркей қара бұлттан қаптап жүріпті. Мұнда адам өмір
сүруі мүмкін емес еді. Археологтардың әлі күнге дейін бұл жерден палеолит
құралының бірде-бірін кездестірмегені кездейсоқ емес.
Тек қана жаңа тас ғасырында (неолитте), тіпті оның акырында ғана
Қосөзенге оның шет жағындағы қыраттардағы тұрғындары біртіндеп (шағын
адамдар ғана) қоныстана бастайды, бұларда амалсыздан еліндегі тіршілікке
табиғаты сонша қолайсыз жерге келуі ауыр жағдайдан (азық қоры бітуінен,
жаудың тықсыруынан) болуы керек.
Қосөзеннің негізгі байлығы, Персия шығанағын былай қойғанда, өзендер
мен көлдерде толып жүретін балық және қамыс бұталарына ұя салатын суда
жүзуші құстар болды. Көршілес далалардан тағы өгіз, қара құйрық, жабайы
есек (онагр), түйе-құс және ұсақ құстар келіп-кетіп жүрді. Мұндағы ең
қатерлі жыртқыш арыстан еді.
Ежелгі тұрғындардың негізгі кәсібі аңшылық, әсіресе балық аулау болды.
Шағын жерде тесе егіншілігі дамыды, оны ойлап тапқан (аңызда айтылғанға
қарағанда) әйелдер еді. Батпақты, жер мен өзен аралығындағы алақандай жерге
дәнді дақылдар - егілді (арпа, қосдән ' т. б.), овощтар отырғызылды,
(сарымсақ, пияз, қияр). Қосөзеннің жеміс беретін негізгі ағашы құрма
пагмасы тым ертеден-ақ өсірілді. Сонымен қатар мал шаруашылығы өркендетілді
(ұсақ және ірі мүйізді мал, шошқа, есек). Үй жануарларын ет пен сүт
үшін ғана есірмеді, әуелі есекті, кейіннен өгізді плугқа жекті, сондай-ақ,
астықты бастыруда пайдаланды. Теселі егіншіліктен плуг пайдаланған
егіншілікке көшу өндіргіш күштердің дамуындағы едәуір ілгері басқандық
болды. Егістік жерді көбірек игеруге мүмкіндік туды. Алайда бұл егетін
жерді табиғаттан жеңіп алу керек болды. Батпақты құрғатып, егістік
жерді Тигр мен Евфраттың тасқынынан қорғауға, жасанды су қоймаларында
су қорын жасауға (құрғақшылык кезінде) тура келді. Бұл үшін канал қазылып
бөгет жасалуы, күн күйдіретін тебешіктерде құдық қазылуы қажет болды.
Одан әрі, барған сайын егістікті суару тәсілі жетілдіріле түсті (өйткені
Қосөзенде жаңбыр, негізінен, қыс айларында ғана жауатын).
Тигр мен Евфрат аңғары көптеген ұрпақтардын еңбегі арқасында жері
құнарлы елге айналды, өнім мол алынды (тұқымна - 50 есе, одан да көп).
Құрылыс пен қоленері үшін қажетті шикізат жеткіліксіз бс-латын. Елде
елеулі орман массивтері болмайтын. Пальма меғ уиедкі сабақтарын пайдалануға
тура келді (онда да ете үнемде.-ұстады), ал бал карағай мен кипаристін
күшті бөренелепік алыстағы таулардан, үлкен киыншылықпен зорға жеткізіліп
тұрды.
Жергілікті орында балшық пен қамыс қана молшылық еді, сондықтан оны неше
түрлі тәсілдермен пайдаланды. Тұрғын жай қамыстан өріліп сырты балшықпен
сыланды, ке-йіннен түрғын жай күйдіріл-меген кірпіштен қаланды.
Көптеген ауыл шаруашылық құралдарын да (тіпті орақ пен дән үккішті де) саз
балшықтан жасады. Осы Қосөзенде ең тұңғыш саз балшықтан жасалган кітап әрі
белгілерін ойып түсірген сәз тақта пайда болды, саз балшықтан тіиті конверт
те жасалды.
Кептірілген қамыстан иеше түрлі бүйым істелді және ол отьш да болды. Ауыл
шаруа-шылығы мен қолөнердің да-муы тұрғын халықтардьтң тез өсуіне алып
келді. Селениелер көбейді, олардың кейбіреуі сырты дуалмен қоршалған қа-
лаға айналды.
Халқы. Қосөзеннің халқы этннқалық жағынан біркелкі емес
еді. Өйткені елді қоныстану екі жақтан бірдей болды. Шығыстан Тигр
мен Евфраттың жағалауына тіл топтарының ешқайсысына жатқызуға болмайтын
тілде сөйлейтін шумерлер келді.
Сыртқы бейнесі бойынша шумерлерді басқа халықтармен шатастыру қиын.
Олар аласа бойлы, мығым денелі, дөнгелек бетті, үлкен мұрынды, сақал, мұрты
жоқ болып келеді — бұның бәрі оларды көршілерінен айқын айырып тұрады.
Батыстан және солтүстік батыстан Қосөзенге семит тайпалары (бұлар
шумерлермен бір мезгілде келуі мүмкін) келіп енді. Олардың отаны барлық
деректерге қарағанда Аравия түбегі мен солтүстік Африка болған, олар
Палестина мен Сирия арқылы келген. Семит қоныс аударушыларының алғашқылары
кейіннен, аккадтықтар (Аккад қаласынын атымен) деп аталды, олардың ежелгі
еврей және араб тілдері тектес тілі, кейіннен аккад тілі деп аталды.
Сыртқы түрі бойынша аккадтар шумерлерден сымбатты бойлары, сопақша
беттері, қаба сақалдары мен бакенбардтары аркы-лы айрылды.
1.2. Қоғамдық құрылысы. Қосөзеннің ежелгі тұрғындары рулық кұрылыста
тұрды. Өндірісте көрнекті роль атқарған әйелдер (әсіресе теселі
егіншілікте) үлкен қүрметке ие болды. Олар ру мен тайпаиың жиналыстарына
қатысты. Бұл жайында мифтердегі аспан тонірі кеңесінде құдайлармен бірге
құдай эйелдердің де моселе шешуге қатысқандығы туралы айтылганынан білеміз.
Алайда матриархат сатысына тән бұл қүбылыс жаңа қатынастарға өте ерте-
ақ орын берді. Қоғамның негізгі үясы патриархаттық семья болды, әке балаға
да, әйелге де үстемдік жүргізіп, семья мүлкі-нің иесіне айналды. Б. э.
дейінгі III мын жылдықтағы халық жиналысына тек қана еркектер (жауынгерлер)
катысты. Суландыру жүйесінің өсіп, жер игеру техннкасының курделенуіне
байланысты кейбір үлкен семьялардың жерді игеру үшін ка-жетті күрделі
жұмыстарды жүргізу, өзен суларын бөгеу қолда-рынан келмеді. Туысқандық
байланысына карамастан семья-лар бірІге берді. Жер үлесті жерге бөлінді,
жалпыға міндетті жұмыстар бірігіп жүргізілді (бегеттер жасалып, каналдар ка-
зылды, кейІннен шлюз орнатып, топырақтың сорланып кетуіне қарсы шаралар
қолданылды).
Құлдықтың пайда болуы. Алғашқы (рулық) қауымнаң селолық (көршілес)
қауымға өтер кезеқде адамды адам қанауы шыға бастады, бұрын, өндіргіш
күштердің дәрежесі төмен кезде бұған жағдай тумағанды. Алғашкы аншылар
соғыс тұтқындарына зорлап еңбек еткізуден пайда таппады, өйткені оның
келтіретін пайдасы болмашы еді, ал жер өндеушілермен мал өсірушілер өзгенің
еңбегімен жасалған қосымша өнімді иемденуге мүмкіндік алды. Тайпалар
арасындағы қақтығыста қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылды. Бұлар
көбінесе балалар мен
әйелдер еді. Кейіннен күң әйелдер шамамен ұл мен қыздың са-
нын бірдей мөлшерде тапты да, құл мен күң еңбегі иеғұрлым ауыр жұмыстарға
пайдалачылды. Сандық ара квтынасы тенелді.Құлды канал қазуға, кірпіштен үй
салуға зорлап көндірді, ал күң қол диірменмен дән тартуға тиіс болды.
Құлдар туралы тым ежелгі шумер доқументтеріиде {б. э. де-йінгі үш мың
жылдық шамасындағы) кездеседі. Дегенмен олар-дық саны өте аз болған,
өндірушілердін негізгі бұқарасы ерікті адамдардан тұрған. Құл еңбегіне
көңілдің аз бөлінгенің оларды құдай жолына құрбәндыққа шалып отырғанынан да
байқаймыз. Кейін келе мұндай әдет жойылып, жұмыс күшін бұлайша ысы-рап
етуге болмайтын болды.
Қауымға немесе жеке кожаларға қызмет еткен қүлдар әуел кезден-ақ
правосыз болды. Шумерлер оларды көздерін көтермейтіндер, яғни қожаларының
алдында бас июшілер деп атады.
Бірақ селолық қауымның (бұрынғы рулық қауымға қарағанда) еріктік
мүшелерінің арасында да теңдік болмады. Ауыл шаруашылығы мен қолөнер
өнімдерінің өсуі артып қалу мүмкіндігін туғызды. Сөйтіп, айырбас дамиды,
әуелі натуралдық (мәселен, бағалау өлшемі дән), кейіннен ақшалай (III мың
жылдықта кейде белгілі бір салмақтағы күміс кесегі қолданылған) айырбас
басталды.
Селолық қауым ішінен таңдаулы үлес жерді қолдарына алған, құлдарды
иемденген, қозғалмалы мүлікті өз қолдарына жинақтаған ауқатты семьялар
іріктеліп шығады. Соғыс кезінде олар есек жеккен (жылқы шаруашылығы
кейінірек, б. э. дейінгі II мың жылдықта ғана дамыды) қос дөңгелекті
арбаларға отырып шығып, олжаның көпшілігін өздері алған.
Мемлекеттің пайда болуы. Сонымен билік пен байлықты қолына алған тайпа
шонжарлары ерекшеленіп шықты, ал қауымның қарапайым қауымдастары
кедейленіп, ауқаттылар билігі алдында бой сұнуына тура келді. Мүліктік
теңсіздіктің, құл еңбегін қанаудың (әлі саны аз болса да), содан соң
кедейленген еріктілерді қанаудың күшеюі жаңа туып келе жатқан құл иеленуші
таптың үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік өкіметтің пайда болуына
алып келді. Алғашқы мемлекеттік құрылым әлі де ру-тайпалық дәстүрді
сақтады. Патша әзірге бұрынғы тайпа көсеміне ұқсас еді. Маңызды мәселені
шешу үшін әуелі қариялар кеңесін, содан кейін қолына қару ұстауға
қабілеттілердің бәрі қатысқан халық жиналысын шақырды. Тайпалық немесе К.
Маркс пен Ф, Энгельстің қолданған терминің пайдаланғанда әскери
демократия дегеніміз міне осы еді.
Елді біріктіру бірден бола қоймайды. Б. э. дейінгі II мың жылдықтың
басында бұл арада бірнеше ондаған қала-мемлекеттердің болғанын білеміз. Ол
замандағы қала дегеніміз бірі мен бірі бірігіп кеткен бірнеше селолық қауым
болды, олар өзін-өзі басқаратын кварталдарды құрды. Әрбір кварталдың
орталығында жергілікті құдайдың храмы болды. Оның айналасындағы ұсақ
селениелер осы орталыққа бағынды да, оның билеушісі (патеси) әрі әскери
басшы, әрі бас абыз болып танылды.
Қандай да бір қала күшейіп, екінші қаланы бағындырғанда оның билеушісі
патша атағын (шумерше лугаль) алған. Бара-бара мемлекет билігі күшейді,
енді патшалар, шонжарлар мен жоғары дін басылары абыздарға сүйеніп, қол
астындағы қарапайым адамдармен санаспай қойды және оларға әр түрлі
міндеткерліктерді атқартты. Рудан патриархтық семьяға және селолық қауымға,
тайпадан (немесе тайпа одағынан) мемлекетке көшудің бүкіл процесі, шамамен
б. э, дейінгі V мың жылдықтың ортасынан III мың жылдықтың ортасына дейінгі
аралықты қамтитын ұзаққа созылған және біртіндеп өткен процесс болды, бұл
археологияда энеолит (мыс-тас ғасыры) деп аталады.
Қазба деректері екі мың жылдық ішінде болып өткен ілгерілеушілікке
жағдай жасаған өндіргіш күштердің үнемі есіп отырғандығын көз алдымызға
елестетуге мүмкіндік береді.
Ұзаққа созылған бұл дәуірдің негізгі кезеңдері шартты түрде былайша
аталады: Эль-Обейд, Урук және Джемдет-Наср (қазба жұмыстары жүргізілген
басты жерлер бойынша).
Эль-Обейд мәдениетіне тастан, кейде саз балшықтан жасалған (орақ,
ұршық) құралдар тән. Шындалған мыстан жасалған балта, осы металдан істелген
тағы басқа заттар өте сирек кездеседі. Аңшылык пен балық аулаудан қарапайым
егіншілік пен мал өсіруге көшу нышандары байқалады. Сыртына түрлі түсті ою-
өрнек, бейнелер салынған (кейде жоғары көркемдікпен салынған) керамика
ыдыстар көп кездеседі. Келесі (б. э. дейінгі IV мың жылдықтағы) Урук
кезеңінде дүние жүзілік тарихта тұңғыш рет дөңгелекті транспорт (есек
жегілген арба) пайда болған. Сол сияқты өзен кемелері де қолданылған.
Ыдыстар құмыра шеңберінде жасалынған, соған қарағанда, айырбас үшін көп
мөлшерде шығарылған болу керек.' Үлкен кірпіш үйлер, алғашкы баспалдак
мұнаралы храмдар (зикку-рат) пайда болды,
Қарапайым пиктограмм (суретпен жазу) жазу-сызуының шығуы да осы уақытқа
жатады.
Джемдет-наср кезеңінде (б. э. дейінгі III мың жылдықтың басында)
өндіріс пен мәдениетте үлкен жетістіктер байқалады.
Бұл кезеңнің ескерткіштеріне тән нәрсе мыстың кеңінен қолданылуы (тас
құралдары да әлі қолданыла берді), қалалардың салынуы, көрші елдермен
(Элам, Аравия, Сирия) байланысының күшеюі, жазу-сызудың, бейнелеу өнерінің
жетілдіріле түсуі болды.
Ур қаласындағы патша мазары (б. э. дейінгі XXVI ғасыр) неғұрлым кейінгі
уақытқа жатады, мұнда патша мен оның әйелінің сүйегінің қасына қойылған
тамаша зергерлік бұйымдар көп-ақ. Әсіресе эор ағаш арфасын сәндендіріп
тұрған көк сақалды (ла-зуриттен жасалған) өгіздің алтын басы өнердің
тамаша үлгісі болып табылады. Сәндік заттардын көп болуы мүліктік теңсіз-
діктің, патша өкімет билігінің өскендігін көрсетеді. Қосөзеннің негұрлым
күшті қалалары арасында бүкіл елге (немесе оның көпшілік бөлігіне) саяси
устемдік жургізу ушін әлденеше рет согыс болып тұрған.
6. Қала-мемлекеттер арасындағы күрес. Ерекше күшті бақталастық Ур
мен Урук қалалары (Қосөзеннің оңтустігіндегі),
бұлардан аздап солтүстікке қарай Лағаш, одан да солтүстікке
қарай орналасқан семит астаналары — Киш пен Мари қалалары арасында болды.
Ең әуелі бәрінен де қуаттысы Киш болды. Бірақ оған Уруктың билеушісі
Гильгамеш (кейіннен мифтік кейіпкерге айналған) қарсы тұрды (б. э. дейінгі
XXVII ғ.). Ол Киш қаласының армиясын тамаша жеңіп шығып, өзінің қаласын
азат етті және оның біраз уақытқа бүкіл елге үстемдік жүргізуіне мүмкіндік
берді. Кеиінірек аз уақытқа болса да Ур, ал б. э. дейінгі XXV ғ, Лағаш
күшейеді.
Бұл қаланы билеуші Эаннатум Қосөзеннің оңтүстік шетіндегі аймақтарды
(Ур, Урук т. б. қалаларды) бағындырып, Кишке жәрдемдескен көршілес Умма
қаласымен күресті бастайды.
Қалқан ұстағандармен қалқаланған найзалы, ауыр қару жарақты фалангамен
Эаннатум жауын жеңіп, сол жердегі құзғын жайлаған деп аталған ескерткіште
өз жеңісін бейнелеп қалдыруды, онда айқас даласында өлген жау денесін
жырымдап жатқан жыртқыш құстарды бейнелеуді бұйырды.
7. Лағаштағы әлеуметтік күрес. Қейінгі кезеңдерде Лағашта
әлеуметтік қайшылықтар шегіне жете шиеленісті. Қатардағы
қауымдастардың өңдеуіне берілген храм жерлерінің едәуір бөлігі патесидің
меншігіне көшті. Сонымен бір мезгілде бұл жерлерді өңдегені үшін
егіншілерге берілетін азық-түлік мөлшері де азайтылды. Қауымнан бөлініп,
тың жерді өндеушілерден (қолдан суғаруды қажет ететін төмпешік жерлер)
арнаулы алым жиналатын болды.
Халықтың қалың бұкарасы наразылығы төңкеріске әкеліп соқты, нәтижесінде
билікті Урукагин деген төре қолына алды, ол өзін билеуші деп, кейіннен
патша деп жариялады. Ол құлатылған династия жақтастарымен өкімет үшін
күресте қатардағы жауынгерлерден жеңіл қарулы жасақ құрып, оларды тірек
етуге тырысты. Ауыр қару-жарақпен қаруланған (халыктың ауқатты топтарынан
құралған) әскерлер үш есе азайтылды.
Неғұрлым ауыр алымдар мен міндеткерліктер жойылып, храм жерін өндейтін
егіншілерге берілетін азық-түлік молайтылды, Лағаштың толық праволы
азаматтарының саны 36 мың (бұрынғыдан 10 есе артық) адамға жеткізілді.
Бірақ бұл реформалар әлеуметтік құрылысты түбегейлі өзгертуді мақсат
етпеді, тек қана -байлар мен шонжарлардың зорлығынан тарыққан ұсақ
меншіктілерге көрсетілген шамалы жеңілдік болды. Құлдардың жағдайы
өзгермеді, олар бұрынғысынша правосыз болып қала берді. Шонжарлар аздап
кірісін кеміткенімен, негізгі байлықтарын сақтап қалды.
Урукагиннің өкіметі, дегенмен ұзаққа бармады. Патшалық құруының жетінші
жылында көршілес Умманың Лугальзагисен деген патшасынан женіліс тауып,
Гирсу қамалынан өзге иеліктерінің бәрінен дерлік айрылды.
Алайда, Лугальзагисидің салтанаты да ұзакқа созылмады. Ол төменгі
теңізден (Персия шығанағынан) Жоғары теңізге (Жерорта текізіне) дейін
келген (оның айтканына сенетін бол-сақ), бірақ ол құрған держава да өткінші
болды.
Семит тайпалары мекендеген Қосөзеннің солтүстік бөлегін қаратуға оның
күші жетпеді. Ол, бірақ Кишті талкандады. Киш патшасынын Саргон деген бір
бекзадасы (б. э. дейінгі XXIV ғ. аяғында) женілген әміршінің орнын басып,
шумер баскыншы-ларына карсы күресті баскарды. Ол Аккад деген жзка астана-ны
негіздеді осы қаланың атымен мемлекет аталды. Іріктелген садақшылардан
құралған Саргон армиясы Шумер армиясына карағанда жинақты да жедел
қимылдағыш болып шықты. Ре-форматор патша Урукагин жекіліске үшырағаннан
кейш шон-жарлар зорлығына қарсы бас көтерген Шумердің бұқара хал-кының
наразылығы да үлкен роль аткарды.
Соның салдарынан қол астындағы 50 елдің армиясын құрап басшылық еткен
Лугальзагисен күйреп, жеңіліс тапты. Шумер Аккад патшалығынын қол астына
көшті.
8. Солтүстік және Оңтустік Қосөзеннің—Аккад пен Шумердің бірігуі.
Солтүстік және Оңтүстік Қосөзеннің Саргон қол ас-тына бірігуі екі елдің де
құл иеленуші шонжарларьша тиімді болды. Едәуір әскери күшІ бар,
орталықтанған династияға халық бұкарасының наразылығын басу оңай болды.
Екінші жағынан, шағын мемлекет болып тұрғанда, мүмкін болмайтын өзгерістер
кең байтақ державаның экономикасын едәуір ілгерілетті. Ұлы өзендердің су
жайылуын реттеп тұратын суландыру жү-йесі бүкіл ел көлемінде жүргізіле
бастады, бүның өзі мол өнім алуға көмектесті. Өлшем мен салмактың мөлшері
бір жүйеге келтіріліп, соның нәтижесіиде мемлекет ішіндегі сауда байланысы
күшейді. Бір документтен біз Лағаштан Аккадқа мал мен сүт өнімі жеткізіліп,
ал бұдан оңтүстікке мата мен дән шығарылғанын білеміз.
Саргонмен оның мұрагерлері сырткы саясатты шебер жүр-гізді, неше түрлі
шикізатқа бай (металл, тас, құрылыс ағашта-ры) көршілес таулы елдерге
жорыққа шықты.
Саргон Орталык Евфраттағы Мари қаласын басып алып, одан әрі қарай
Сирияға Күміс тауларға (Кіші Азияның шығыс жағындағы Тавр жотасы) өтті.
Аккад державасы Нарамсин тұсында Эламға (Қосөзеннің шығысында), сондай-
ақ тау тайпасы Загрос луллубейлерге жорық жасап, Армян қыратына дейін
барып, дамуының шарықтау шегіне жетті.
Оңтүстікте Аккад патшалары Аравия түбегіндегі Мағаи мен Мелуххуға
жорыққа аттанды және Египетпен байланыс жасауы мұмкін (әйтеуір Маған
арқьілы Аккадка Египеттің але бастардан жасалған вазалары келіп жеткен).
Алыска жасалған жорықтар әскери істі кайта құруды талап етті. Бұрыңғы
жасақтар енді жеткіліксіз болды, енді 5400 маман жауынгері бар тұракты
армия құрылды. Бұларды тек сыртқы жауға ғана емес, халық көтерілісін басуға
да пайдалануға болды.
Аккад патшалығында әлеуметтік кайшылықтар барған са-йын шиеленісе
түсті. Селолык қауымдар тез ыдырай бастады. Аукатты семьяның басы кұнарлы
жерді немденіп, кейде бұл жерді сатып та отырды. Ке-птегеп қауымдастар
(әсіресе егінші-лер семьясының кіші балалары) үлестерінен айырылып қалды
да, батырақ болып жалданып нан табуға мәжбүр болды. Екінші жағынан, жаулап
алынған елдерден айдап әкелінген құлдар саны көбенді.
Сонымен зкономиқалық прогресс біреулердің баюыиен, екін-ші біреулердің
кедейленуімен бірге жүрді.
Аккад патшаларының жазбаларында егін шықпай қалған жылдары болған үлкен
ереуілдер туралы қысқаша да болса жа-зып кетуі бұған бұлтартпас дәлел
болатын хабар болып табы-лады.
Халық бұқарасының қозғалысы, бір уақыттарға дейін басып отыруға
шамалары келгенімен, құл иеленуші қоғамның ірге тасын шайқап, оны
әлсіретуге жағдай жасады.
9. Гутеейлердің шабуылы. Аккад мемлекеті 120 жылға жуық
өмір сүрді де б. э. дейінгі 2200 жылдар шамасында Шығыстан
келген жауынгер таулық гутеейлердің шабуылынан күйреді.
Шапқыншылардың саны аз және рулық-тайпалық ұйымды едәуір дәрежеде
сақтаған ел болды. Әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өзінен алда болған
елді қол астында ұстау үшін олар оның кейбір қалаларымен келісім жасауға
тырысты.
Гутеейлердің негізгі тірегі Шумердің Лағаш қаласы болды. Бұл қала
Урукагиннің қиратылуынан кейін қайта қалпына келіп, Қосөзеннің оңтүстігінде
басымдыққа ие болды.
10. Лағаштың екінші рет көтерілуі. Б. э. дейінгі XXII гасыр-
дық екінші жартысында Лағашты гутеейлердің бас басшылығы-
мен Гудеа есімді патеси биледі. Бұл құрылыс саясатын белсен-
ді түрде жүргізді.Орасаи зор храм салғызғанда шет жерлік құ-
рылыс материалдарын, әсіресе Маған мен Мелуххиден әкелінген
ағаштарды кеніңен пайдаланды. Гудеаның құдіреттілігін оған
216 мың тең праволы азаматтар бағынды деп жазылған хабардан білеміз
(көршілес бағынышты қалалардың тұрғындары қосылып алынған болуы керек).
Лағаш билеушілері гутеейлерге адал болып, олардан жәрдем әрі жеңілдік
алып отырған кезде, өзге бағынышты қалалар шапқыншыларға қарсылық көрсетіп
жатты. Б. э. дейінгі XXII ғ. аяғында Гутеейлерге қарсы бұрқ еткен
көтерілістің басында Ур мен Урук қалалары болды.
ІІ тарау. Қосөзен аралығындағы мемлекеттердің мәдениеті.
2.1. Қосөзен мәдениетіндегі Шумерлердің, Аккадықтардың үлесі.
1. Қосөзен мәдениетін жасаудағы әр түрлі халықтардың үлесі. Тигр мен
Евфрат бассейнінде жасалған мәдениет, әдебиет, ғылым, құрылыс және өнер
саласындағы бір-бірінің жетістіктерін өз ара толықтырып отырған бірсыпыра
халықтардың творчестволық кызметінің нәтижесі болды.
Кейбір жағдайларда артықшылық шумерлер жағында болды. Дегенмен
семит халықтары да — солтүстік тармағы ассириялықтар болған
аккадтықтар, сондай-ақ амориттер елеулі, үлес қосты.
Вавилон көтерілген уақытта бұл комплексті мәдениет Вавилон мәдениеті
деген жалпы атауға ие болды. Шумерлер, өздеріміз білетіндей, өзге
халықтармен араласып, тілдерін жойды, бірақ олардың мұраларының семит
халықтарына жасаған ықпалы соншалық, оны вавилон мәдениеті ғана деп емес,
шумер-вавилон мәдениеті деп те айтқан орынды.
Әскери қақтығыстар шумер мен аккадтықтардың (сондай-ақ басқа
халыктардың да) творчестволық байланысына кедергі келтіре алмады. Б. э.
дейінгі П мыңжылдықта семит орталығы саяси басым күшке айналып, өзге
халықтар бұлармен араласып кетті. Шумер тілі аккад тіліне орын берді.
Аланда шумер халқының семиттенуі оның енді қолданылмайтын тілінің әр
түрлі элементтерін сіңірумен бірге жүргендігін ескерген жөн (әсіресе
географиялық атаулар, діни жора терминдері т. б. сөздер). Сөйлесетін тіл
болудан қалғанмен, шумер тілін Вавилон мен Ассирияның көшірмешілері мұқият
зерттейді (орта ғасырларда латын тілі де осылайша зерттеледі). Шумер тілін
білмей тұрып, білімді болу мүмкін емес еді.
2.2 Мессопотомия мәдениетіндегі жазу-сызу мен әдебиет.
Аккад жазу жүйесі шумер жазу жүйесіне не-гізделгендіктен одан өзге
семит жазу-сызуына жат (мысалы, финикия-еврей тілінде жоқ) айтылу принципін
қабылдады. Бұл тілдерде жазылғанда дауыссыз дыбыстар ғана көрсетілетін де,
ал дауысты дыбыстарды (жергілікті диалектикаға қарай, кейде бұрмалап)
оқитын адам өзі қосып айтатын.
Жазуда негізгі дауысты дыбыстарды (а, с, и, у) анықтап көрсету,
сөйлегенде сөзді дәлме-дәл беруге мүмкіндік беретін үлкен жетістік болды.
Аккадтықтар бұл табысы үшін өздерінің ұстазы шумерлерге дән риза еді.
Тигр мен Евфрат бассейнінде қолданылған, кейін одан тыс жерлерге
жайылған жазу жүйесі сына жазу деп аталады. Бұл шартты атау ретсіз
орналасқан сыналар тәрізді жазу таңбаларының сипатына қарай алынған.
Дегенмен Египет пен Қытай иероглифтеріне мүлде ұқсамайтын (басқа жазу-
сызу түрлеріне де ұқсамайды) бұл графикалық жүйе бастапқы жазу емес еді.
Қосөзендегі ең ежелгі жазу барлық жерлердегідей, сурет арқылы жазу
болатын. Мұнда бір суреттің өзі (логограмма немесе бұрында айтылуына
карағанда идеограмма2 деп аталған) әр түрлі бірнеше мағына беретін.
Мәселен көздің суреті тек көзді ғана көрсетпеді, сол сияқты бірнеше
ұғымдық мәні болды (бет, алды, алдыңғы, бұрынғы). Судың шапшып ағуын
білдіретін екі тік сызық (кейіннен үш тік сызық, бірі үлкен, екеуі кішкене)
судың ғана емес, сонымен қатар ұл деген сөздің де мағынасын берді. Мәселе
мұнымен де аяқталған жоқ. Шумерше а деген таңба су дегенді, оның үстіне
сөз ііндегі дауысты дыбысты да білдіргендіктен, енді бұл суға ешбір қатысы
жоқ жай әріпке айналды.
Алайда бір текстің ішінде осы бір қарапайым таңба бірде а әрпі болып,
бірде су болып (аккадша— му), бірде ұл болып қолданылды. Бұл
таңбалардың ең жеңілінің бірі. Кейде бір таңбаның өзі он, одан да көп
мағына беретін жағдайлар да болады.
Осындай көп мағыналылық орасан зор қиындыққа ұшыратты. Текстіні оқу
кейде жұмбақ шешумен бірдей болды, оны тек өте тәжірибелі, көп жыл оқыған,
зерделі көшірмешілер ғана оқып, қатесіз жаза алды.
Таңбалардың сырт көрінісі барған сайын қарапайымданып, б. э. дейінгі
III мың жылдықтың ақырында бұрынғы суреттерді ажырату қиын болды. Жазу үшін
негізгі материал тақта, призма, шар т. б. формалы жұмсақ балшық
болғандықтан бұған көшірмешілер схемалы суреттерді сызғанда басып жазып
отырған саусақтары өзінен-өзі тайып, түзу сызық сынаға (тіке, көлденең не
көлбеу) айналады. Дөңгелек сызықтар өзінен өзі тез жазып отырғанда
жазылыңқырап кетеді, мысалы күнді білдіретін дөң-гелек, келе-келе ромбы
сияқты болды, одан да кейінірек үш сынаға (біреуі тік, ал екеуі оның
жанында көлденең тартылды) айналды.
Ежелгі Шығыстың басқа елдеріндегі сиякты Косөзенде де сауатты адамдар
санаулы болды. Қыз балалар мүлдем оқыған жоқ. Мұнда ұл балалар ғана оқыды.
Олар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz