Метаморфизм процестері
Метаморфизм процестері
Сабақтың жоспары:
• Метаморфизм туралы түсінік
• Метаморфтық ату жыныстары
• Метаморфизм түрлері:
• Динамометаморфизм
• Регионалдық метаморфизм
• Контактілк метамофизм
Сабақтың мақсаты: Тау жыныстарының қалыптасуында магмалық, шөгінді
жыныстармен қатар метаморфты жыныстарда қалыптасуын.Бұл тау жынысының басты
ерекшелігі алдыңғы екі тау жынысының қайта өңделуі негізінде пайда
болатынын көрсету. Метаморфизмнің динамикалық, контактілік және
регионалдық түрлерінің жаратылысын, түрлерін және айырмашылықтарын
түсіндіру.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Алғаш рет метаморфизм (грекше метаморфоз — өзгеріске ұшырау)
геологиялық термин ретінде ағылшын ғалымы Ч. Лайелдің (1825 ж.) ұсынысы
бойынша ғылыми әдебиеттерге еніп, сонан бері осы уақытқа дейін қолданылып
келеді.
Тау жыныстары жер қойнауында эндогендік әрекеттерге байланысты әр түрлі
термодинамикалық жағдайда азды-көпті өзгерістерге (минералдық құрамы,
құрылымдық және текстуралық құрылысы жағынан ал-ғанда) үшырап, қайта
кристалданады, басқаша аитқаи да алғашқы түр-сипатын жоғалтады.
Кейде тау жынысының минералдық құрамы аздап өзгергенімен, оның жалпы
химиялық құрамы бұрынғыша сақталуы мүмкін. Ал басқа бір жағдайда кейбір
элементтер (оның алғашқы құрамын құрайтын) сыртқы ортадан ауысқан басқа бір
элементтермен орын алмастырып, тау жынысының қүрамы едәуір өзгереді.
Олардың текстуралық және құрылымдық өзгерістері қанта кристалдану
әрекеттеріне байланысты байкалады. Бұл әрекеттердің барысында тау
жыныстары әдетте қатты күйінде сақталады. Өте сирек жағдайда (тек терең
қабаттарда ғана) метаморфизм әрекеттері олардың жартылай немесе толық
балқуымен сипатталады.
Метаморфизм әрекеттерінің дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар —
жоғары температура (Т), жоғары қысым (р) және химиялық активті заттар
(флюидтер) болып саналады. Флюидтер деп, құрамы ңатрий, калий, кальций,
фтор, бор, күкірт иондарынан және көмір қышқылынан тұратын ыстық сулы
ерітінділерді айтады. Метаморфизм әрекеттеріне тау жыныстарының барлық
түрлері де ұшырауы мүмкін.
Температураның жоғарылауына байланысты химиялық реакция жылдамдығының тез
артуы байқалады. Мысалы, температура 10°С-қа көтерілсе, химиялық реакция
жылдамдығы екі есе артады; ал 100°С-қа көтерілген жағдайда мың есе артады.
Температураның жоғарылауы екі жағдайға байланысты: 1) тау жыныстарының
терең қабаттарға қарай шөгіп, алғашқы орындарынан ауысып орналасу
жағдайында, геотермиялық градиент (33 м сайын ГС-қа) бойынша жоғарылайды;
2) жоғары қабаттарға қарай көтерілген ыстық магманың қызу әсеріне
байланысты. Сонымен қатар терең қабаттық ыстық ерітінділер (флюидтердің) де
әсерін тигізеді.
Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, метаморфизм әрекеттері 250—800°С
аралығында жүріп жатады.
Қысым күштері — петростатикалық (жан-жақты), бүйірлік (белгілі бір
бағытта) немесе стрестік қысым болып ажыратылады.
Петростатикалық қысым күштерінің ұлғаюы тау жыныстарының жалпы массасына
және олардың терең қабаттарға қарай шөгумен тікелей байланысты. Тереңдік
пен қысымның арасындағы қарым-қатынас төмендегі цифрлар арқылы анықталады:
әрбір 3 км-ге тереңдеген сайын қысым 100 МПа-ға артып отырады. Егер
метаморфизм әрекеттері 10 км-ден 500 км-ге дейінгі аралықта күшті дамиды
деп санасақ, бұл жағдайда петростатикалық қысым 400—1500 МПа шамасында
болуға тиісті. Петростатикалық қысымның артуы тау жыныстарының жалпы
көлемінің өзгеруіне және тығыздығы өте жоғары (меншікті көлемі аз)
минералдардың құралуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, петростатикалық қысым
минералдардың балқу температурасын да жоғарылатады. Соның нәтижесінде,
минералдардың қатты күйде қайта түзілу мүмкіндігінің температуралық
шекарасы кеңейеді. Мұндай жағдай текстурасы біркелкі болып келетін тау
жыныстарының түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Бүйірлік қысым (стресс) белгілі бір бағытта байқалатын дислокациялық
қозғалыстардың қарқынды түрде дамуы нәтижесінде пайда болады. Мұндай
қозғалыстар тау жыныстарын құрайтын минералдардың кеңістікте белгілі
бір бағытта созыла орналасуына (белгілі бір заңдылық бойынша),
басқаша айтқанда минералдардың деформациялық өзгерістеріне әкеліп соғады.
Осын дай жағдайда тау жыныстарын кұрайтын минералдар тақталанып (мысалы,
тақта тастар) қат-қабат текстура түзіледі. Кейбір жағдайларда тау жынысгары
бөлшектеніп, соның нәтижесінде олардың сүзгіштік (фильтрациялық) қасиеті
артады. Соған байланысты терең қабаттық флюидтер (ыстық су ерітінділері
мен ұшпалы компоненттер) циркуляциялнқ айналымға емін- еркін
араласады. Бағытталған қысм күштері (стресс) жер қыртысының
жоғарғы қабаттарында қарқынды түрде дамиды. Жер қыртысына тереңдеген
сайын (петростатикалық қысым күштеріғің арта түсуіне байланысты)
стрестік қысым күшінің әсері біртіндеп азая береді.
Химиялық активті заттар (ыстьіқ газдар, ыстық су буы және көмір қышқыл
газы, құрамында натрий, кальций, фтор, бор, күкірт, хлор және т. б.
элементтердің иондары бар ыстық су ерітінділері) құрамы күрделі ыстық су
ерітінділері түрінде жаңа минералдардың түзілуінде катализатордың ролін
атқарып, кристалдар арасындағы реакцияларды тездетеді; кейде оскі
минералдарды жаңа минералдармен алмастырады.
Д. С. Коржинскіш, В. А. Жариков, А. А. Маракушев және т. б. ғалымдардың
пікірлері бойынша мұндай флюридтердің жаратылысы мантиялық деп саналады.
Олар жердің терең қабаттарынан жоғары қарай көтерілу барысында жол-жөнекей
кездескен тау жыныстарын басып өтіп, әр түрлі минерализаторлармен қанығып,
метаморфизмнің активті агенттерінің біріне айналады. Бұлардаи басқа,
магманың қүрамынан бөлініп шығуын ыстық ерітінділердің де мантиялық
флюидтер құрамында циркуляциялық үлкен айналымға қатысатындығын айтуға
болады.
Геологиялық уақыт өлшемі метаморфтық әрекеттердің дамуында өзіндік роль
атқарады. Өйткені олар белгілі бір геологиялық мерзім аралығында байқалып,
ұзақ уақыт бойы жүріп жатады.
Метаморфизм түрлері локалдық (жергілікті) және регионалдық (аймақтық)
болып екіге ажыратылады.
Метаморфизм әрекеттерінің дамуына әсерін тигізетін негізгі знергия көзі —
магмалық және тектоникалық процестермен тығыз байланысты. Олар көбінесе жер
қыртысының қозғалмалы аймақтарында (геосинклиналдық аймақтарда) жиі, ал
тыныштық күйдегі платформалық аймақтарда сирек байқалады.
Метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған тау жыныстарының өзгерістері әр түрлі
болып кездеседі: бір жағдайда (жабық жүйеде) тау жыныстарының алғашқы
құрамы бұрынғыша сақталып (мысалы, ізбесті тас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz