ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 2007-2008 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДА ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 2007-2008 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДА ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Педагогика факультетінде, 2007/2008 оқу жылында оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстары негізінен қазіргі педагогика ғылымының өзекті мәселелеріне қатысты шешілуде. Атап айтқанда, факультетте жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың теориялық мазмұнын бойынша білімдерін арттыру, мұғалім құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жұмыстарын жетілдіру, жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерін меңгеру, мамандық салалары бойынша пән сабақтарын сапалы ұйымдастыру мен өткізудің тиімді әдістемелерін жетілдіру, озат педагогикалық тәжірибе алмасуды ұйымдастыру мәселелері тұрғысынан өз білімдері мен біліктіліктерін арттыру бағытында бір қатар іс-шаралар атқарылып келеді.

Факультет оқытушыларының арасында жаңа педагогикалық оқыту технологиялары туралы, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, 12 жылдық оқыту жүйесіне дайындық, құзырлы маман дайындаудың мүмкіндік-тері жөнінде білікті мамандар бар болғандықтан, оқу үрдісінде білімгерге сапалы білім беру мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінген деп айтуға болады. Факультеттегі 4 кафедра бойынша 2007/2008 оқу жылында 5 жас маман кандидаттық диссертациясын қорғады, ал 3 маман диссертациялық жұмыстарын қорғауға ұсынды. 1 маман аспирантураны аяқтап келсе (Оспаналиева А. - Абай атындағы ҚҰПУ), енді 1 маман магистуратураны (Нұрабаева Л. -ТарМПИ) бітірді. Аталған жас ғалымдар өз зерттеулері бойынша кафедраларда баяндама жасап, өз еңбектерін арнайы курс ретінде оқу үрдісіне енгізді. Факультет кафедраларының тәжірибелері оқытушы-профессорлары өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерін жас мамандарға беру мақсатында кафедралардағы ғылыми-әдістемелік семинарларда баяндамалар жасалынды.

Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру жұмыстарының нәтижесін оқыту үрдісіне енгізу шараларының бірі ғылыми семинар жұмыстарын дұрыс бағыттап, ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатта факультет кафедраларында 8 семинар жұмыс атқарады. Семинар жұмыстарында мамандық салалары бойынша оқыту әдістемелерін жетілдіру, жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері мен олардың тиімділіктері, жаңа тұрпатты мұғалымның құзырлық сипатын қалыптастыру механизмдері, озат тәжірибелерді талқылау, 12 жылдық мектеп жағдайына болашақ мамандарды даярлау мазмұны сияқты өзекті мәселелер қарастырылуда.

Нақты материалдарға сүйенетін болсақ, «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының доценті К. Ж. Бұзаубақова өзінің докторлық зерттеу жұмысының басты мәселесінің - білімді бағалаудың жаңа критерийлік өлшемдері, аға оқытушының З. Назаралиеваның кандидаттық диссертациясынан бейінді оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері, профессор Қ. Бөлеевтің жаңа тұрпатты оқытушының тәрбиелік құзырлылығы, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Н. М. Кушеров, Г. Мерщиева, М. Қасымовтардың «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде кәсіби-мәнді қасиеттерді анықтау мониторингісі мен оларды қалыптастыру әдістемесі», «Теориялық және қолданбалы психология » кафедрасының оқытушылары А. Мамбетованың этнопмсихологиядағы ұлттық тәрбие, А. Оразбаеваның кәсіби-бағдар беру психологиясының мазмұнын анықтау әдістемелері, «Дефектология және психология» кафедрасының оқытушылары Ж. Тасжүрекованың интерактивті жаттығуларды өткізу әдістемесі, Г. Қожабергенованың «Алалия және афазия түрлері», Ж. Жүнісованың тілі кеміс балалармен атқарылатын оқыту әдістерін жетілдіру, т. б. мәселелер оқу үрдісіне енгізіліп, білімгерлерді оқыту сапасын арттыруда табысты нәтижелер беруде.

Сонымен қатар, институт, факультет, кафедра деңгейлерінде ашық сабақтар өткізу арқылы оқытушылардың озық технологияларын оқу процесінде пайдалану тәжірибелерін жетілдіру мәселесіне де жеткілікті назар аударылуда. Биылғы оқу жылында факультет кафедраларында институт көлемінде-7, факультет көлемінде- 12, кафедра көлемінде - 24 ашық сабақ беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін институт көлемінде 5-і, факультет көлемінде 8, кафедра көлемінде 12 өткізілді. Ашық сабақтарда тек оқытушының қолданатын әдістемелік жүйесі мен әдіс-тәсілдері қарастырылып қоймай, жаңа көзқарастар мен әдістемелік жүйелердің мүмкіндіктері талқыланды.

Білімгерлердің дипломдық, магистранттардың диссертациялық жұмыстарына әдіснамалық және әдістемелік көмек беру мақсатында факультет ғалымдары педагогика ғылымдарының соңғы жаңалықтарымен таныстыру сабақтарын өткізуде. Атап айтқанда, профессор Қ. Бөлеев, аға оқытушы З. Назаралиева, доценттер Н. Кушеров, К. Бұзаубақовалар Ы. Алтынсарин атындағы КБА және РПКБЖИ бірлесе жаңа әдістемелік жүйелерді оқу үрдісінде пайдалану туралы мәселелерді ғылыми семинарда талқылауға жиі салады.

Осы сабақтардың барысында, оқу үрдісінде оқытудың үш өлшемдік әдістемелік жүйе технологиясы (Ж. Қараев, М. Жадрина, ЖүҚобдикова) әдістемелік жүйесін пайдаланудың тиімділігі көрсетіліп, оқытушылар тарапынан қолдау тапты. Әдістемелік жүйенің барлық компоненттері білімгерлердің өзіндік танымдық іс-әрекеттері арқылы таксономиялық оқыту мақсатының орындалуына себепші болатыны негізделді.

Кредиттік оқыту жүйесінде деңгейлеп берілген тапсырмалар білімгерлердің оқу нәтижелерін жинақы түрде көрсетілді. Онда «Тану» деңгейінде алдағы іс-әрекеттің орындалуы үшін білімдер жинақталатыны, білімгерлердің іс-әрекеттік деңгейді меңгеруде ойлаудың әдіс-тәсілдерін үйренетіні нақтыланды, яғни әрекеттік және жаңа білімді қабылдау деңгейлерінде оқу іс-әрекетінің тәсілдері мен білім мазмұнын меңгеру саналы түрде жүретіні көрсетілді.

Оқытуда үш өлшемдік әдіснамалық жүйені қолдану тапсырманы деңгейлі түрде (үйренуші деңгейден бастап) орындау, ойлау іс-әрекетін ұтымды етіп қалыптастыру керектігін көрсетеді. Төменгі деңгейден келесіге аяқ баса отырып, оқушылар білім мазмұнының құрылымын, мәнін және оларды ізденушілік іс-әрекеттерінде қолдануды көбірек танып біледі. Ойлау іс-әрекеттерінің тәсілдерін қолдану әртүрлі деңгейлерде мұғалімнің жаңа білімді қабылдау және шығармашылық деңгейінде оқушылар ойлау іс-әрекеттерінің тәсілдерін дұрыс және саналы түрде қабылдуға үйренеді

Факультетте оқытушылары институт жанындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың аймақтық орталығымен бірлесе отырып, облысымыздағы мектеп мұғалімдерінің, жоғары оқу орындарында жасалған оқытудың озық жаңа технологияларына талдау жасап, оның нәтижесін оқу процесіне енгізуді жолға қойды. Деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан ойлау, таксономиялық талдау, дамыта оқыту, комплексті сатылап бағалау, т. б. технологияларды қолданудың әдістемелері талқыланып, педагогикалық мамандықтарды дайындаудың оқыту үрдісіне енгізілуде. Мысалы, факультет оқытушылары Г. Құдайбергенова, С. Боранбаева, Ж. Жүнісова, Г. Спаналиева, К. Шонабаева, А. Оразбаева, Ф. Бизакова, З. Кенжебаева, т. б. өз сабақтарында жоғарыда аталған жаңа технологиялық әдістемелерді жиі қолдануда. Қазіргі уақытта факультет жанында техникалық оқу құралдарын жаңа талаптарға сай өзгерту мәселесі көтеріліп отыр. Бүгінгі күні факультеттегі әдістемелік кабинетте бір ғана теледидар, бір электронды проектор, бірнеше аудиомагнитофон, бір видеомагнитофон бар. Бұл шығармашылықпен жұмыс жасауға, біліктілікті арттыру нәтижелерін оқу үрдісіне енгізуде көп қиыншылықтар тудыруда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Педагогикалық практикаға есеп беру
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Педагогикалық практиканың жүргізілуі жөнінде оқытушылардың есебі
Оқу - тәрбие жұмыстары және педагогикалық жүктеме
Болашақ дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz