КӨНЕ ЗАМАН ӘНДЕРІ– ОЛ ДА МӘДЕНИ МҰРА



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
КӨНЕ ЗАМАН ӘНДЕРІ– ОЛ ДА МӘДЕНИ МҰРА.

а)Ән-тарих.
Тарихымызды жазуда пәлен айтты, түген айтты деп, неше түрлі қазақ
жерлерінде жолшыбай болғандардың айтқан, жазғандарына нақты факты деп
сүйеніп жүреміз. Әрине оларды жоққа шығарудан аулақпыз. Ол да керек. Бірақ,
өз материалдарымызды толық, ізгілікті пайдаланып жүрміз бе ? Өкінішке орай,
бұл жағы бізде олқылық. Ойлап қарасақ біздің тарихымыз халқымыздың аңыз-
әдебиетінде, өлең-жырларында, әдет-ғұрыпында тілімен салтында екен. Олар
біздің тарихымыздың өте ертеден келе жатқанын байқатады. Қазақта Ұлы
Ұрымға, қызы Қырымға кетті деген, алысқа кетті деген мағынаны білдіретін
сөздер бар. Бұл сөзде қай заманды меңзеп тұр? Ол ерте замандардан хабар
беруде, егер Ұрым деген сөз Римді , Қырым- Қырымды бейнелесе, онда
бір замандарда біздің арғы бабаларымыз бүкіл Еуропа, басқа жерлерді
жайлағанын көрсетеді. Немесе, Барған жерің балқан тау, ол да біздің көрген
тау деген сөз тіркестері. Балқан тау дегені, кәдімгі Балқан тауларын айтып
тұрса, бұл д әлгі ойды айқындай түсетін сияқты.
Мұсылмандар да басқа діндердегі сияқты Ақыр заман бар. Ислам дінінде
ол Тажал болып суреттеледі. Сол діни аңызда аңызда ол былай бейнеленеді.
Тажал Қойқап тауы ар-жағында тұрады. Ол Ақыр заман боп келу үшін сол
тауды түнімен жалап шығады делінеді. Тау әбден тесілуге айналғанда әлемде
Азан шақырған дауыс шықса болды. Қойқап тауы қайтадан бүтіндей бітеліп
қалады мыс. Олай болса Тажал келмес үшін азан айту тоқталмауы керек. Бұл
идеологиялық діни аңыз. Сонда айтылған Қойқап тауы деген, ол Қарпат таулары
емес пе? Үйткені Қарпат таулары ар жағы христиан дінді ел. Олар Шығысқа
крест жорықтарын жасаған Перғауындар елі, Мысыр қаласы деген ұғымдар Мың
бір түнде де кездеседі. Шынында Перғауын ұғымы исламнан бұрында белгілі
болса керек. Сірә, одан да бұрын айтылып жүрген. Сондағы Перғауын
деген сөз Фараон ұғымы екені анық. Ертедегі түркі тілінде аталған жер
атауларында да көп, мәселен, Үлкен Ене-Лена, Халқын Гол-Халық көлі. Орал
таулары, оралып өт, әйтпесе тура жүре салмайсың деген сияқты түркі
сөздерден туындаған.
Осы айтылғандардың екі түрлі қортынды шығаруға болады. Бірі, әр жердің
атаулары, сол жерлерге жақын тұрған елдің тіліне туындайтыны. Батыс аймақта
тұратындар Батыс жерлеріне атқойған болса, Шығыста тұрғандар сол Шығыс
жерлеріне ат қоюы. Мәселен, Ене Сай, (Енисей), Бай көл, (Байкал) деген
атауларды өмірге әкелген скифтер емес, Балкан, Карпат деп ат қойған
алтайлықтар болмаса керек. Ал енді Балкан карпат тауларына жақын тұрып, ол
жердің тау-тасына, өзен-көліне қанық болғандар-көшпелі Скифтер. Олардың
мекендеген аймағы Қара теңіздің солтүстігі екені белгілі. Екінші, сол
замандарда батыста да, Шығыста да, Орталықта да тұрған көшпелілер тек бір
тілде ғана сөйлегендігі. Айталық Алтау ала болса!.., Аяз әліңді
біл...деген сияқты мақалдарды айтқан Майқы би екені белгілі. Осы сияқты
бүгін айтылған сияқты мақалдарды қолданған Майқы би біздің заманымыз
басында Сыр бойында өмір сүрген. Олай болса, сол замандарда Алтайдан
Қарпатқа дейінгі бүкіл континент, яғни кең аймақты жайлаған көшпелілер,
оның ішінді скифтер де түркі тілінде сөйлегендігін айқындатады. Бұл
айтылғандарды дәлелдейтін дәйектер өте көп,тек соларды зерттеп, талдау
қажет.
Қазақ халқы дүниеде әнге, күйге өте бай халықтар қатарына жатады. Ән
мен күй- ол да халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретінен, уаймы мен тілегінен,
сағынышы мен арманынан туындайтыны белгілі. Солардың қайсысын алсаң да,
адамдардың ішкі терең сезімі айқын байқалады.Мәселен, Еділ бойы, Әйкен-
ай, Япурай сияқты өлеңдерді алайық. Басқа қазақ әндері тәрізді, бұлар
неге тозбайды, ұмытылмайды? Өйткені мұнда терең шер, орындалмаған арман,
сағынып-сарғаю жатыр. Бұл өлеңдерде сезім табиғатқа, туған жерге арнау
арқылы айтылады. Ал туған жерге сағыныш әлемде бәрінен де күшті екенін
байқатады. Ол бір. Екіншіден, бір қызға, келіншекке ғашық болсаң, онда сол
арқылы оның туған жерін, қала-селосын, ауыл-аймағына, өзен-су, тауларын да
ыстық көретін. Олай болса, табиғи орта ғашықтықты күшейте түседі. Ол
ұмытылмақ емес. Сондықтан емес пе Япурай әнінде ақ моншақ жылт-жылт
етіпжерге тамар делінеді. Бұл сөздер алдымен табиғатқа одан соң аты
айтылмаса да жанын ойрандатқан ғашықтығына арналып тұр. Бұл екеуінің
қайсысы күшті? Әрине, екуі де өмірде туған-жер, оның ауа райы, суы, тұз-
дәмінен артық еш нерсе жоқ. Басқа жерде жүргенде елді аңсау, сағыну осыдан.
Мұндайда, туған жеді көре алмай, сағынып-сарғайып, зарығу бәрінен де терең,
бітпейтін жара емес пе? Ондай сарылып сағыну қай замандардан хабар беруде?
Немесе Еділ бойын алыңыз, кейде оны Толқыма деп те атайды. Біздің ата
бабаларымыздың Еділ бойын жайлауы Аттилла заманынан (б.з.Vғ) әлде ерте
кезеңдерден хабар береді. Өлеңде қайғы-мұң, қасірет, ғашықтық жүрек сыры
мен арман сезімі жатыр. Орыс халқының Волга-реченка өлеңін, немесе Волга-
матушка река сөздерін алып қарасаңыз, қайсысы қашан дүниеге кегені айтпай-
ақ түсінікті. Еділ бойы, Қырым жері, Дон, Днепр жағалаулары көшпелі скифтер
елі болған жоқ па? Қазргі Украйна, Түстік Россия жерлерінде не көп,
қорғандар көп, сол қорғандардан көшпелі скифтер киім-кешектері, ер-
тұрымдары және басқа да бұйымдар, оның ішінде екі жағы, яғни оң-солы
бірдей биік өкшелі етіктер, төбесі шошақ киіз қалпақтар,түрлі оқаланған
шапандар табылып жатқан жоқ па? Орыс тарихшылары ол бұйымдарды көшпелі
скифтер тарихына жатқызуда. Ол дұрыс. Ал енді сол скифтердің әдет-ғұрып,
тұрмыс тәртібі, тілі қазіргі қазақтарға айна-қатесі жоқ, ұқсастығын еске
алсақ, олар көшпелілер тарихына жататыны айтпасақ-та түсінікті. Мен мұны
неге айтып отырмын? Біріншіден, біздің тарихымыз мол,терең, ерте
замандардан басталатынын, бабаларымыз атпен жүріп әлемді аралап, басқа
елдерге әсері болғаны шындық екенін еске салу. Екіншіден, біздің ата-
бабаларымыз славяндар, оның ішінде орыстар мен қойын-қолтыұ аралас, тіпті
құдаласта болғандығын тарихи деректері қашаннан дәләлденіп келе жатқанын
тағы да айту. Атың бар да ел таны, желіп жүріп, Асық бар да ер таны, беріп
жүріп, деген мақал да әлігі келтірілген ойды толық толтыратыны сөзсіз.
Тарихымызды осы жағынан зерттеу жағы жеткіліксіз болып тұрғанын ескермеуге
болмайды. Археологиялық қазбалар демекші қазақ жерінен қанша құнды дерек
беретін заттар табылуда. Бірақ солардан ғылыми қорытынды шығару жағы өте
төмен, жоқтың қасы. Егемендік алған кезден Тарих және Этнология институты
директоры болған академик М.Қозыбаевтан бастап бүгінге дейін тарихымыз
жәйлы жаңаша тұжырым айтқан жан жоқ (Көп томдық Қазақстан Тарихы ескі жол
жобамен шығып жатты), ал жаңаша пікір айтылмады. Кейбіреулер ғылыми жаңа
ойды тарихшылардан ғана күтеді.Бұл үстіріт щала пікір. Тарихымызды
тарихшылар қатысуымен түрлі ғалымдар жазуы керек. Өйткені тарих бәрімізге
ортақ, бабаларымыздың өткен өмірі мен бүгінгіміз. Ол бүкіл қазаққа бірдей
жататын дүние. Бұл тұрғыда қарымды істер керек. Жаңаша ойлар айтып, әлемді
соған ұғындыратын, жеңіл-желпі емес, арғы заманнан алынған деректерді басын
қайырып, қорыта алатын, гуманистік көз-қарасы бар, сабырлы, данышпандай
ғалымдар керек. Ондайлар ел арасында бар. Ерен зиялыларды тудыратын қажырлы
еңбек. Қазақстан тарихына терең бойлап,жан-тәні,бүкіл ақыл парасатымен
кірісіп,маңдай терін талай орамалға малып, өмірін сарып ететін, оның ыстық
-суығына бірдей төтеп беретін, барлық ауыртпалықтарды нардай көтере
алатындарды тудыратын да Қазақстан тарихы оларды іріктеп, даралап көкке
көтеретін де сол тарихтың өзі. Менің айтып отырғаным, сол тарихты зерттеп,
түсінігімдегі, оған бір сала болып, оны толықтыратын халық әндері екенін
еске салу.

б) Көне заман әндері-халық мұңы,үні.
Қазіргі әндердің ішінде тартымды, бүкіл ел болып айтылатындары да, олай
айтылмайтындары да бар. Абай айтқандай әннің де естісі бар, есері бар,
тыңдаушының құлағын кесері бар. Оның үстіне әжеп тәуір әнді бұзып, ырғағын
келтіре алмай әлек болып, айтатындар да бар. Ол енді өз алдына әңгіме.
Ал, қазіргі заманда өмірге келген өлең-әндердің тәуірлерінің өзінің өмірі
қысқа болатыныны неліктен? Кейбір авторлар оның себебін рыноктан көреді.
Бірақ олай емес болса керек. Мәселен, “Мың бір түн”-орта ғасыр туындысы.
Оған себеп болған атақты Жібек жолы. Ол сауда жолы болатын, Жібек Жолы
Орта және Таяу шығыстың мәдениетін дамытып, қалалар, медреселер, ақын,
ғалымдарды дүниеге әкелді. Қазіргі жаһандану (глобализация) ол да саудадан
туындаған, соның бүгінгі көрінісі. Жаһандану өмірге, мәдениетке әсер етеді,
бірақ олқандай болмақ, оны өмір көрсетеді. Осы тұрғыдан қарасақ, алдымен
ол біз көне заман әндерін ойға аламыз. Олардың қайсысы қай кезде өмірге
келгенін арнайызерттемеге сап, кесіп айта алмаймыз.Сірә, ішінде өте ерте
заманға жататыны да бар. Мәселен, Американ үндістерінің кейбіреулерінде
Гренландия эскимостарында біздің қазіргі тілімізге тікелей ұқсас: “Ата”
“Ана” “Күн” “Төбе” “Жылан”, “Бақа”,’’Каяк’’ (қайық) сияқты сөздер
сақталған. Олар ол жерлерде Батыс Сібір жерлерінен 45-50 мың жылдар бұрын
барғанын еске алсақ, сол кездерде біздерде де сондай сөздер, тіл болған
екенін мойындайды. Осы айтылғандардан екі түрлі қорытынды туындайды. Бірі,
біздің тіліміз түркі тілі, кейбір мамандар айтқанындай, тарихы екі мың
жылдай емес, 40-50 мың жылдай, тіпті одан ілгері де болғаны байқатады.
Екіншіден, тіл болған жерде ән, сондайақ мақал-мәтелдер, ырым-тиымдар
болған. Әрине сол замандардан келе жатқан мақал-мәтелдер, әндер бар ма?
Әрине бар, болмауы мүмкін емес.Дұрысын ел ұмытпайды.
Қазірде біз сол ерте замандардан келе жатқан әндерді тыңдаймыз, өзімізде
орындаймыз, ой бесігіне бөленеміз,құдыретіне бас иеміз. Неге олай? Неге
олар атадан балаға, бірден бірге, ғасырдан ғасырға ұласып, тозбай, қайта
бүгінгідей әсер етіп келеді. Өміріміз түбірімен өзгеріп, мәдениетіміз
шарықтап дамыса да, сол көне заман әндері бойымызды билеп, жүрегімізді
қозғап, жан-дүниемізді шымырлатады. Геродот жазған болатын, скифтер ән
салғанда жастар жігерленіп, кәрі кісілер көзіне жас алады деп. Сол әндер
бүгінгі кездерде де бұрын өткен бабаларға сияқты, бізге де әсер етуде.
Тозбақ түгіл, рухани әсері күшеюде. Егер бүгін сол әндерден театрларда
арнайы кеш өткізілсе бүтіндей аншлаг болары сөзсіз. Жұбайыммен бірге,
Алматыдағы Абай атындағы Опера және Балет театрында атақты Қыз Жібек
операсының мыңыншы қойылымда болдым. Күляш Байсеитова болмаса, қойылымда
бұрынғы актерлар тобы түгелдей қатысты. Олар Қанабек Байсейтов, Құрманбек
Жандарбеков, Урия Тұрдықулова, Гарифолла Құрманғалиев т.б. Айтайын
дегендерім лық толған театрда отырғандардың басым көпшілігі көз жастарын
тия алмағандығы. Бұл ненің құдіретті күші? Әрине тарихи әндердің құдіреті,
одан соң, әрине, орындаушылар күші. Олар ерен, елден суырылып шыққан
таланттар еді. Ақырында мәдениетіміздің реыессансес болған, Күляш дәуіріне
байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық өнер
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Алтын жүлге
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Сыр бойының жыраулық мектебі
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Пәндер