МӘДЕНИ САЯСАТ ПРИНЦИПТЕРІ
МӘДЕНИ САЯСАТ ПРИНЦИПТЕРІ
Мемлекеттік мәдени саясат және мәдени процестер ағымының нақты
практикасы арасындағы өткір қайшылықтар, егер қоғамның мәдени өмірі
тұрақталса, ол анықтаушы өлшемі моральдық, рухани немесе эстетикалық
пайымдаулар емес, коммерциялық тиімділік пен практикалық пайда болып
табылатын тек коммерциялық өзіндік реттеу негізінде ғана тұрақталады.
Қазақстанның мәдени саясатының әлсіз жағы бар инфрақұрылымды сақтауға
бағытталуы мен мәдениет саласының инновациялық өзгеруіне қолдаудың жоқтығы
және мәдениетке деген қарым-қатынастың қалдықты принциппен жүргізілуінде.
Қазақстандағы мәдени саясаттың маңызды басым мақсаттары және осы
саладағы мүмкін болатын ұсыныстары елдегі және әлемдегі жалпы әлеуметтік-
экономикалық және социомәдени процестерді, ғылым мен техниканың дамуын,
тұтастай алғанда бүкіл қазақстандық қоғамның білім беру және жалпысаяси
бағдарларын міндетті түрде ескеруді талап етеді. Сөйтіп, олар тамыры терең
мәдени дәстүрлермен және нақты жағдайлардың күрделі жиынтығына сай
трансформацияланады.
Сонымен, Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясаты, ең алдымен,
көпғасырлық мәдени мұраны сақтаудағы және елдің мәдени потенциалын ұдайы
өндіру мен үдемелі дамыту үшін жағдайлар жасаудағы мемлекеттің
жауапкершілігі принциптеріне негізделуі тиіс.
Мәдениеттің ядросы – мәдени мұра бағдарламасы болып саналады. Бұл
атадан балаға мұра болып келе жатқан баға жетпес байлық. Сондықтан мәдени
мұраға байланысты мемлекеттің мәдени саясаты оны қорғауға бағытталуы тиіс.
Революциялар мен реформалардың қысқа кезеңіне сараптама жасайтын болсақ,
билік мәдени мұраға көңіл аудармаған жағдайда оның тамырының солқылдақ
болатыны дәлелденген.
Мәдени мұра - 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі және сыртқы саясатты 2004 жылға
арналған негізгі бағыттары Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен
бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған
Бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 6.5.2-тармағына
сәйкес әзірленді.
Осы Бағдарламаны әзірлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға
неғұрлым белсенді де сындарлы ықпал ету қажеттігінен туындады.
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді
сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше
қамтамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен,
кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру
жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени
мұражай-қорықтардың құрылуымен сипатталады.
Мәдени мұра бағдарламасының аясында Республика мұражайларының қорында
сақталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштері тұрақты түрде
қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыны негізге ала отырып,
ұлттық тарих үшін айрықша мәні бар мұражай қорларын қалпына келтіру мен
түзу жөнінде орталықты құру мүмкіндігін қарау қажет.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен Электрондық құжат
айналымының бірыңғай жүйесін енгізу үшін Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының
жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдаланылуы өзекті міндеттерге айналып
отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты
жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына
келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге
асырылды.
Мәдени мұра ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мәдениет
және бұқаралық коммуникация саласындағы мемлекеттік саясат мәдениетті
сақтауға және дамытуға, әлеуметтік тұрақтылықты, экономикалық өсімді және
мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Мәдени мұра бағдарламасын жетілдіру үшін мына қағидаларды ескеру
керек:
Ұлт мәдениетінің көрер жарығы болса, мәдени мұраны жалғастыра отырып,
дәл сондай қажырмен, қаражатты аямай мәдени даму бағдарламасын іске асыру
қажеттілігі туып тұр. Оның негізгі принциптері еркін пікірді сыйлайтын,
ашық, плюралистік қоғам қалыптастыру, мемлекеттің мәдени саладағы қаржылық
саясатында ағаш қол (яғни ағаш қол бюджеттен ақша бергенімен, басыңнан
цензуралық дубинкамен ұрмайды, тәуелсіз пікірің үшін мойныңнан
қылқындырмайды).
Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан
лайықты орын алуы үшін өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да,
яғни мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін – тоқ етерін айтқанда,
рухани әлеуетін күллі адамзатқа жарқырата көрсетіп, елімізді айдай әлемге
паш ете білуі керек.
Ең алдымен, осы ұлттық мұраларды жарыққа шығаруда Бағдарламаның негізгі
концепциясын сақтау қажет. Ол – мұраларды жалпы оқырманның, ғалымдардың,
студенттердің қажетіне жарату. Cол арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарын одан
әрі жалғастыруды қамтамасыз ету деген сөз. Ал бүгінгі ғалымдардың,
жазушылардың еңбектерін “Мәдени мұра” бағдарламасына тықпалаудың қажеті
жоқ.
Бағдарлама бойынша шығарылып жатқан кітаптардың тиражын да қарастыру
керек. 2-3 мың дана аз. Олар тіпті кітапханаларды да толық қамтамасыз
етпей отырғаны белгілі. Шығарылған аз таралымның өзі дұрыс бөлінбейді
деген сын орынды. Білім және ғылым министрлігі өзінің саласына бөлінетін
кітаптардың санын қайта қарап, сала бойынша оңтайлы орналастыруы жөн.
Қорыта айтқанда, “Мәдени мұра” бағдарламасы ел тарихында, ұлттық
тағдырымызда айрықша орын алатын әлеуметтік жоба болып қалары сөзсіз. Бұл
бастаманың ел рухының көтеріліп, ұлт жадының жаңғыруына септігін тигізетін
мемлекеттің тиімді саясаты деп қабылдау орынды.
Мәдени саясаттың мазмұндық мәні, бағыты, мақсаттары
және міндеттері ең алдымен, мәдениеттің объективтік мағынасымен,
оның қоғамдық өмірдегі жаңа рөлі мен орны туралы көзқараспен
айқындалады. Сондықтан да мәдениет саласындағы басқару
стратегиясы мен тактикасындағы, мәдени саясаттың мақсаттары мен
міндеттерін анықтаудағы ерекше қиындық мәдениеттің
екіжақтылығын және көпқырлы қызметін түсінумен, оның мәні мен мазмұнының
көп қырлылығымен, көп деңгейлілігімен және осыларға сәйкес
социомәдени процестерді реттеуде көп өлшемді тәсілдің қажеттілігімен
сипатталады.
Мәдени саясат оқшау түзілім ретінде берілген қоғам дамуының
стратегиялық жолдарын көру мен ұғынудың рухани-құндылықтық және
адамгершілікті-нормативтік бағдарларын бейнелейтін мемлекеттің тұтас
саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол елдің Конституциясында,
сондай-ақ мәдени институттарды мемлекеттік басқарудың заңгерлік-нормативтік
базасында өзінің негізгі көріністерін табатын мемлекеттің белгілі бір
стратегиялық мақсаттарының және негізгі міндеттерінің тікелей ықпалымен
құрылады.
Талдау нәтижесі бойынша, мәдени саясат қазақстандық қоғамның саяси
трансформациясы жағдайында өзгеше құбылысты білдіреді. Қалыптасқан
құндылықтар жүйесі бұзылып, өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, қайта
пайымдалып жатқан тұста мәдени саясат қоғамды жан-жақты социомәдени
модернизациялауға бағытталған, ғылыми негізделген көзқарастар мен
шаралардың жиынтығы түрінде көрінеді. Дәл осы саяси трансформация
жағдайында объекті бүкіл қоғам және әсіресе, жастар болып табылатын мәдени
саясат негізінен бұқаралық санаға жаңа мәдени мағыналарды енгізуге,
қоғамның жаңа социомәдени санасын қалыптастыруға, оның ментальдылығын,
аксиологиясын, өзіндік бірегейлік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының
сипаты мен әлеуметтік танымалдылық формаларын өзгертуге бағытталады.
Мәдени саясатты жүргізудің нақты процестерін зерттеу, әсіресе ол
әлеуметтік-экономикалық және саяси трансформация жағдайында жүргізілсе,
қоғам дамуының нақты бір сатысында шешімі кезек күттірмейтін, неғұрлым
өзекті деп мойындалатын социомәдени басымдылықтар мен міндеттер туралы
мәселе мемлекет алдында өткір қойылатынын көрсетеді. Бұл тұрғыдан алғанда
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап, мәдени саясат
саласында мемлекеттің қызметі ең алдымен, халықтың рухани дамуын
өркендетуге, қазақ ұлтының мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға, оның ұлттық
мәдениетінің егеменді дамуының тарихи сабақтастығын қамтамасыз етуге
бағытталды. Оның ішінде, тәуелсіздіктің алғашқы күндерін бастап, Қазақстан
Республикасының ұлттық мәдени саясат саласындағы басты міндеттерінің бірі -
қазақ тілін қайта түлету, оның әлеуметтік маңызын көтеру, қазақ тілін
саяси, мемлекеттік, ғылыми, мәдени және өмірдің өзге де маңызды салаларында
лайықты қолданылуы үшін мемлекеттік-қоғамдық сипаттағы кешенді шараларын
жүйелі түрде өмірге енгізуі болды.
Осыған байланысты мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге
байланысты біз мынадай ұсыныстар жасауды жөн көрдік:
Біріншіден, Қазақстан үкіметі елдің кедей азаматтары үшін мәдени
мақсаттарға жұмсалатын шығынын өтеуге қажетті қаржының әртүрлі деңгейдегі
бюджеттердің құрамдарынан өтемақының белгілі бір жүйесін тез арада құруы
қажет. Бұл шара ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік мүддесінде қажет, өйткені
мемлекет бүгін білім беру мен мәдениет саласына неғұрлым аз қаражат бөлген
сайын, ертең құқық қорғау жүйесіне соғұрлым көп құятын болады.
Екіншіден, мұның бәрі қазіргі кезде қазақстандық қоғамға ықпал ететін,
қазіргі шындыққа толығымен жауап беретін мемлекеттік мәдениет саясатының
келешектерін ғылыми тұрғыда негіздеп, айқын жарияланған бағдарламалық-
концептуалдық тандау мен социомәдени дамудың тұтастай жаңа концепциясын
жасауды қажет ететіндігін аңғартады.
Бұл тұрғыдан алғанда, динамикалық түрде қалыптасып келе жатқан
қазақстандық қоғамның социомәдени құндылықтық бағдарлары сатысының
параметрлерін, әлеуметтік болмыстың басымдылықтары жүйесін, негізгі
мемлекеттік, қоғамдық институттар мен жекелеген индивидтер арасындағы
социомәдени нормаларды даярлауға баса назар аударуы тиіс.
Қоғамдық дамудағы мәдениеттің өсіп келе жатқан ролін санаға терең
сіңіре және осы негіз құраушы принциптен шыға отырып, социомәдени негіздер
мен мәдени институттардың өздерінің қызметінің нақты мақсаттарын
қалыптастыру қажет, тұрғылықты халықтың негізгі әлеуметтік және кәсіби
топтарының социомәдени сұраныстарын қолдаудың стратегиясын ой елегінен
өткізу керек.
Тұтас мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарының ажырамас бөлігі ретінде
күшті және терең пайымдалған мәдени саясат қана қазақстандық қоғамның
социомәдени дамудың сапалы жаңа сатысына көтерілуіне және XXI ғасырда
тәуелсіз және гүлденген мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуына
мүмкіндік береді.
Үшіншіден, мемлекеттік мәдениет саласындағы саясатты жүзеге асыру
барысында мемлекеттік органдардың Қазақстанда енді қалыптасып келе жатқан
азаматтық қоғаммен байланысын күшейтуі қажет. Қазіргі кезенде бұл байланыс
деңгейі төмен. Сондықтан да мәдени даму бағыттарын жұмыла отырып жобалап,
оның жүзеге асуына бірлесіп қатысу керек.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы саясаты
ұлттық қауіпсіздіктің бір саласы ретінде қаралуы керек. Сондықтан да
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көңіл бөлінуі қажет және қазақ
халқының тарихын, тәуелсіздік жолындағы күресін насихаттайтын және қазіргі
қазақ қоғамының қыр-сырын көрсететін кино өнерін дамытуға жағдай жасалуы
қажет.
Бесіншіден, жас ұрпақтың мәдени өмірге араласуына жағдай жасалмауына
байланысты қоғамда жасөспірімдер арасында қылмыс көбейіп отыр. Сондықтан да
балаларға арналған музыка және өнер мектептері жүйесін қалыптастыру керек,
әсіресе, ауылдық жерлерде балалардың мәдени өмірге қатысуына жағдай жасау
керек.
ҚР Мәдениет туралы Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау,
дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi
және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық,
әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесiнде жасалған мәдениет және
өнер туындылары;
көтермелеудiң салалық жүйесi - саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн мәдениет
және өнер қызметкерлерiн моральдық ынталандыру нысаны;
Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттiк маңызы бар және
өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесiлi
мәдени құндылықтар жиынтығы;
мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды
дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және
эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;
мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен,
дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен
байланысты болатын жеке адам;
мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық деңгейде
және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн,
фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар
және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру;
мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың
және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту,
тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi
қызметi;
мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат - мәдени және рухани құндылықтарды
жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға
арналған, мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар кешенi;
мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) -
мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық атқарушы
орган;
мәдениет ұйымдары - қызметiнiң негiзгi нысанасы мәдениет саласындағы
қызметтi жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау - мәдениет ұйымдары
қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн
айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;
мәдени құндылықтар - зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары,
сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар
құндылықтар;
мәдени қызмет субъектiлерi - мәдениет саласындағы қызметке қатысушы
мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;
ұлттық мәдени игiлiк - Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзiлген, ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар мәдени
құндылықтар;
ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi - тарихи-мәдени мұра
объектiлерiн сақтау, ұстау, қалпына келтiру, қорғау және пайдалану жөнiнде
мемлекет қабылдайтын шаралар;
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi -
Мемлекеттiк тiзiлiм) - ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар ұлттық
- мәдени игiлiктiң тiзбесi;
шығармашыл қызметкер - кәсiби немесе әуесқой шығармашылық қызметi көркем
құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе
түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған жеке адам;
шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсiлмен көркем
құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендiруге
(тәржiмалауға) бағытталған қызмет;
шығармашылық одақ - мәдениеттiң бiр немесе бiрнеше жанры кәсiби шығармашыл
қызметкерлерiнiң өздерiнiң жеке мүшелiгi негiзiнде құрылатын қоғамдық
бiрлестiгi.
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатының
негiзгi принциптерi:
мәдениеттi мемлекеттiк қолдау, Қазақстан Республикасы азаматтарының
мәдениет саласындағы қызметiн жүзеге асыру және мәдени өмiрге қатысу
құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;
азаматтардың өз мүдделерi мен қабiлеттерiне сәйкес кәсiби де, кәсiби емес
те (әуесқойлық) негiздегi шығармашылық қызметiнiң еркiндiгi;
азаматтардың мәдени құндылықтарды жасаудағы, қайта түлетудегi, сақтаудағы,
дамытудағы, таратудағы және пайдаланудағы құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң
теңдiгi;
тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты
қамтамасыз ету;
қазақтың ұлттық мәдениетiнiң тұтастығын сақтау және өзара байыту
факторларының бiрi ретiнде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени
байланыстарды дамыту;
қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның
шығармашылық әлеуетiн дамыту және молайту үшiн құқықтық кепiлдiктер жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен
шығармашылық одақтарға, өзге де қоғамдық бiрлестiктерге бiрiгу еркiндiгi;
балаларды, оқушы жастарды ұлттық және әлемдiк мәдени құндылықтарға баулуға,
эстетикалық және отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететiн тәрбие жүйесiн
дамыту;
нарық жағдайларында жұмыс iстеуi үшiн қолайлы орта қалыптастыруда мәдениет
ұйымдарына жәрдемдесу болып табылады.
4-бап. Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi
Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi:
мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Қазақстан Республикасы халқының мәдениетiн қайта түлетуге, сақтауға,
дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
мәдени құндылықтарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
халыққа мәдени қызмет етудiң мемлекеттiк ең төменгi стандарттарын белгiлеу;
мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету
және материалдық-техникалық базасын нығайту;
дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
мәдениет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz