МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТНУЫ


МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТНУЫ
Білім әлеуметтік институт ретінде.
Адам қоғамы, әсіресе, қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді. Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштеп қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуына зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және белсенділігін әлқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 29 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100% (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан да төмен. Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.
Кітапханалардағы оқырмандардың сандары да өте аз. Осының нәтижесінде көптеген кітаптар бірнеше жылдар бойы орнынан қозғалмай, шаң басып тұрады.
Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды. (бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация), технологияны жаңарту, т. б. ) ; Ал, жапондықтар капиталды «адамға жұмсау» жолын таңдады. (Бұл адм тұлғасының шығармашылық және кәсіби қабілетін дамытып жетілдіру ) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығын көрсетті. Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.
Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы -ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобыгың өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым - әрбір қоғамның мақтынышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.
Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.
Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа, апатқа, жиі ұшырап отырғанын тарихтан білеміз. 1971-ші жылы Қазан революциясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар, инженерлер, әдебиетшілер, т. б. өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік реприссияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындалықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін, әдісін, тәсілін (стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымынқажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажеттіалғышарты және өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.
Сондықтан жаңа 21 ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болуы керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған. Үздіксіз білім алуды мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен өлшеу деп жансақ түсінуге болмайды. Әрбір мектептің алдындағы міндет-ол әрбір адамды әр түрлі зұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігімен білім алуға үйрету.
Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқартын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар. Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның асты міндеті - адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, қалыптастыру.
Қоғаның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл -ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т. с. с. жүргізілді. ) Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі-бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz