Мәнерлеп оқу практикумы тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ТЕОРИЯСЫ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ пәнінен
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Түркістан - 2013
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
1-лекция. Тақырыбы: Мәнерлеп оқу практикумы тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі
Жоспары:
1. 1 Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсілі. .
1. 2. Көркем сөз өнерінің мәні.
Лекция мәтіні:
1. Мәнерлеп оқу-дауысты жай ғана құбылту емес, мәтіннің идеялық-мазмұнын сапалы меңгеруден туған дыбыс үйлесімі мен мағыналық екпін, дауыстың әсері, мәнді ырғағы.
Мәнерлеп оқу дегеніміз-қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында тәрбиеші әңгімелеу үлесінің бірнеше түрлерін магнитафон таспасына жазып алып тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та бала дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлігінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Сондықтан тәрбиеші балаларға оқылатын әрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып мәнерлі оқып береді. Сонда ғана бала әрбір көркем туындыдан эстетикалық ләззат алады. Онсыз оқудың құны болмайды
Мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: 1) балалардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) балаларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай, дағдылар, біліктер қалыптастыру; 3) балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми табысы негізінде балалардың жазу тілін дамытуға септігі тиетінін шығарма жұмыстарының (картинаға қарап сөз құрау) оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну; 5) шығарма мен мазмұндама мәтіндері арқылы балаларды өз Отанына берілген шын патриот, бір-біріне достық, туысқандық рухта, бауырластық сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.
Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың ең негізгісі - баланың тілін дамыту, ана тілінде дұрыс сөйлей білуге үйрету. Сондықтан баланы ана тілінде анық, таза, жүйелі сөйлей білуге үйрету тәрбиешілерге үлкен міндет жүктейді. Ана тілі - баланың ақыл-ойын, адамгершілік және басқа жақсы спаларын қалыптастырудың қайнар бұлағы, әрі көркем сөз өнеріне, мәнерлі сөйлеу үлгілеріне, көркем әдебиет шығармаларын түсінуге, мазмұнын байланыстырып баяндап айта білуге үйретудің негізі.
Қоршаған ортамен таныстыру барысында баланың сезіміне әсер етіп, олардың тілін дамытуға жағдай туады. Сезіу арқылы қабылдаған ұғым баланың қоршаған орта туралы білімін қалдыптастырып қана қоймай, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесінің нгізін қалайды.
Психологтардың қай-қайсысының пікірін тыңдасақ та, тіл дамытудағы, ой қорытудағы қоршаған ортаның маңызына тоқталмай өтпейді. Себебі, бала көзі көрген, қолмен ұстаған, сезіну арқылы қабылдаған заттары мен көріністері туралы айтады. Мәселен, А. А. Люблинская балалардың сезімдік қабылдауына ерекше көңіл бөледі. Балаға табиғат құбылыстарын тікелей бақылата отырып көрсету, сезіндіру арқылы берілген жүйелі білім бала есінде ұзақ сақталатынын және дәлдірек болатынын көрсетті.
Кез келген адамның түсінігі берілген заттың не құбылыстың табиғаттағы қызметі мен маңызын түсіну негізінде қалыптасады.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасында балаларға табиғат құбылыстары мен объектілерін оқыту қарастырылған, осы процесс кезінде үлкендердің бейнелі сөздерінен әсер ала отырып, оны балалар қабылдайды және түсіне бастайды, - деп көрсетеді. Балалардың бақылуы мен түсінуіндегі ең маңыздымәселелердң бірі өлі табиғаттағы құбылыс (жаңбыр, қар, бұршақ, жел, аяз, тұман, бұлт, кемпірқосақ, найзағай, дауыл, бұрқасын т. б. ) . Бұл құбылыстармен балалар төменгі топтан бастап танысады. Олар ертегі, әңгіме, өлең, жұмбақтарды тыңдағанда, осы құбылыстар туралы естиді, алғашқы ұғым алады. Бірақ осы табиғи құбылыстардың ерекшелігін, қасиетінің неден пайда болатынын балалар біле бермейді. Мысалы: «Ақша қар», «Жау жаңбыр» деген өлеңдерді алайық:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жер жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар -
Жауса, жаусын ақша қар!
(А. Тоқмағамбетов) .
Осы өлеңді оқыту барысында оның мазмұнын табиғат құбылыстарымен байланыстыра түсіну қажеттігі туады. Сондықтан балаларды туған жердің табиғатын бақылатуға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. Табиғатқа жргізілген бақылаулар негізінде қардың, жабырдың түсімін, олардың шаруашылыққа тигізетін пайдасы мен зиянын ұғынады. Мысалы, тәрбиеші жаңбырдың болмауы астықтың шығымына, қарлы бұрқасын, боран, дауыл, тұман түсуі сияқты құбылыстардың бүкіл тіршілікке тигізетін әсерін айтып, т. б. түсіндіреді. Осы тұста балаларға берілетін біліммен қоса тәрбие мақсаты дажүзеге асып, олардың қалыптастыру мақсаты да орындалады. Ол үшін қосымша түсініктер беріледі. Мәселен, тұманды, көктайғақ күндері көше тәртібін бұзбау және шаңғы тебу ережелерін сақтау, қарлы боран, бұрқасында жылы киіну, алысқа шықпау сияқты түсініктер беріледі. Ол үшін балалармен әңгімелесе отырып, олардың өмір тәжірибелерін пайдаланады. Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы - бұл бір жағынан, оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға жеткізу әдісі болса, екінші жағынан - балалардың сезімдерін жетілдіру мен дамыту әдісі. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы - яғни ол балалар мәтінді дұрыс қабылдауын жеңілдететін әдістерді іздестіреді.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуда өзін тәрбиелеуі бірінші дауыс ырғағын дұрыс келтіруіне, кейіпкерлерді оқығанда соларға ыңғайлы мимикаға бет пішінін кетіре оқуға, логикалық, психологиялық грамматикалық кідірісті дұрыс келтіруге өзін дағдыландыруы керек. Мәнерлеп оқуда тәрбиеші дикция екпін қоя білу дауыс ырғағын дұрыс келтіруі керек.
Мәнерлеп оқу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиеші шығарма кейіпкерлеріне еліктейтіндей, ішкі - сезіміне әсер ететіндей етіп оқуға өзін жаттықтыру қажет. Мәнерлеп оқу сабағының басты міндеті - мектепке дейінгі балаларды кітаппен жұмыс істеуге кітаптағы суреттерді көріп сол кітаптағы шығарманы оқығанда соны тыңдай білуге тәрбиелеуде тәрбиеші алдында үлкен міндеттер бар ол үшін тәрбиеші мәнерлеп оқудың қырын, әр түрлі әдіс - тәсілдерін жақсы меңгеріп мәнерлеп оқу арқылы бала бойына көркем шығарма, ертегі, т. б. сіңіре білу керек.
Балалар бақшасында балаларды оқып үйрету өте күрделі. Балалар ойынан әлі қол үзбеген, өте аңқау да аңғал, өте сезімтал да зерек болып келеді. Балалар айтқан нәрсені, үйреткен білімдерін тез қағып алады және еш ұмытпайды. Үйге берілген тапсырмасында орындап болмай басқа жұмыспен айналыспайтында қабілеті болады. «Маған бүгін мынандай үй тапсырмасын берді» - деп бала бақшадан келісімен үлкендерге бір мәртебесін және бір мақтанышпен, жігерлі түрде ата-анасына айтады және киімін ауыстырар - ауыстырмастан үй тапсырмасын орындауға кіріседі. Бала үшін ең қымбат тәрбиешінің үйге тапсырған тапсырмасы мен оның ынталандырылған сөзі. Бала сол тапсырманы орындамай көңілі орнына түспейді.
Баланы жастайынан дейді халқымыз демек, балаға тәлім - тәрбиеб еру бала бақшадан басталады. Ана сүтімен кірген тәрбие - тәлім, халқымыздың салт-дәстүрі бала бойына, санасына біртіндеп сіңе береді. Сөйтіп, мектеп табалдырығынан ұлт жанды азамат бұлдіршін адымдап аттайды. Баланы көпшілікке үйрету, ұжымдық тәрбиеб еру, адамгершілікке баулу, оның санасына «Менің елім Қазақстан!» атты Гимнді үйретіп, әнге қосып айтуды үйретеді. Бұл бала санасына отанға деген махаббатын, сүйіспеншілігін ояту. Балабақшада бала өте қысқа, мазмұны ықшам, ойы өткір, жаттауға оңай қарапайым сөздерден құралған мазмұны аяқталған өлең-тақпақтарды, сөзі жеңіл жаңылмай айтатын өлеңдерді үйретеді. Тіл үйрету мақсатында жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар үйретіледі.
Мысалы:
Қарамайлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қақықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?
Ай, ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!
Ақшамда жаққаның
Көк шам ба, ақ шам ба?
Мейлің қайсысын жақсаң да.
Мұндағы мақсат балалардың тіл байлығын, сөз қорын жетілдіру, ойын ұшқырлау, білімге деген, тілге деген қызығушылығын арттыру, оларды өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр
Қалтасында кампитті
Баршамызға беріп тұр
Деп балалардан бұл қай мезгілде айтылатын өлең деп оқушыларға тәрбиеші қарсы сұрақ қояды. Зерек балалар «Жаңа жылда аяз ата болады» бұл өлеңді сол кезде айтамыз деп балалар шуылдасады. Бұл мұғалімнің балаларға жылдың төрт мезгілін өткенде естерінде қалғандары.
Тәрбиеші мұғалім бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікті мойнына алады. Үйде айтылмайтын Елбасы, Отан, Елтаңба, Ән ұран, Жалау деген сөздердің тереңінен түсіндіріп, олардың ойлы сезімін, саяси тәрбиесін ашады. Жас сәби оқуға, білімге берілген тапсырманы орындауға деген жауапкершілігі оянады. Мұғалім балаларға оңай түсіндіру үшін көрнекі құралдарды көптен қолданады. Көрнекі құралдармен ойын арқылы өтілген сабақ балал ойында ұзақ уақыт сақталадаы. Сабақта тек түсіндіріп қана қоймай, балалармен біргелікті өтілсе онда ол сабақ мазмұнды да маңызы болмақ.
Мұғалім балаларға бейнелеу сабағында сыныпта өтілетін тапсыоманы:
Қызыға кеп қолға аларым -
Қызыл қызғылт бояуларым
Қызыл қызғылт бояулармен
Қып - қызылғып мен саламын:
Қызыл гүлді
Қызыл күнді
Алмаларды
Анарларды
Асуларды
Жалауларды
Қызыл шие қызанақты
Қызыл шілік қызғалдақты
Қызғылтым құндызды
Қып-қызыл жұлдызды, - деп әр заттың атын айтқанда әр қайсысының суретін көрсетіп, ол нені білдіретінін түсіндіріп оқушыларды өзімен бірге жұмыс істеуге қызықтырып, суреттерін салғанда балаларда олардың сана сезімінде көптеген ойлар сансыз сұрақтар пайда болады және сол сұрақтарды дұрыс қоя білген оқушылардың санасезімі де өзгелерге қарағанда анағұрлым ерекшеленіп тұратын оқушыларда бар. Бала көре біле, келе өседі. Ой тоқиды, ой тұжырымдайды. Сансыз сұрақтар санасында топталады. Бала тіліні жетілдіріп, ойын ұшқырландыра түсу әрбір мұғалімнің міндеті. Білімді ұстаздың оқушысыда білікті болмақ. Оқушыға іздену жолын үйрету, оны қадағалау, ойын ұшқырлана түсуіне көмектесу.
Баланың айналамен, қоршаған ортамен танысуы, табиғат әлеміне етенен танысып, жақын болуы, құстарды сақтау, табиғатты, гүлдерді жақсы көру, үй жануарларына қамқорлық жасау, оларды мейірімділікке тәрбиелейді. Ана табиғат адам организмімен тамырлас екендігін түсіндіру Ыбырай Алтынсариннің, Крыловтың мысалдарын оқытып, олардың түпкі мағынасын түсіндіріп беру балалардың ойын бұрынғыдан да аша түспек.
Тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін үйрету, сабақпен сабақтастыра алып бару ой қызметін дамытады.
Әрбір баланың сөйлеуі мектепке дейінгі қарым-қатынас ролін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің құрамы қызметін атқарады.
Балалардың сөйлей бастаған кезден бастап олардың дұрыс, анық дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу (Бұл балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі) ата-аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі.
Мұғалім балалрды орфографияға үйретуде осы ерекшеліктерді мұқият ескеріп отырмаса болмайды. Жазбаша сөйлеудің дамуы үлкен емле ережелерін білу жеткіліксіз. Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіру әсіресе балабақшалардың жағдайында қолға алу үшін өте ұқыптылықты білдіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой өрісін, білім дағдысы деңгейін кеңейту санасезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет.
Осыған орай жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын айрықша қабілетін, даму ерекшелігін, ақыл-ой, дене, эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту қажеттілігіне көз жеткізеді.
Балалар бақшасында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар кім-кімді де қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану - баланы жан-жақты терең ашуға оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге зейінін көтеруге белсенділігін арттыруға көп септігін тигізеді.
Оргами тәсілі арқылы баланың тілін дамытуға ой-өрісін қалыптастыруда қарапайым ойыншықтарды жасап, оны ертегі желісі бойынша театрландыруда - бала ойлауға, қиындықты жеңуге талпынып өз жетістігіне қуанады. Оргами жолдарымен жасалған ойыншықтар - баланың қолынан келетін еңбек жамаға шақ және қуанышты еңбек.
Осындай жаңа технологиялар арқылы яғни театрмен ұштастырылған қол еңбегі барысында бала тілі дамып шығармаларды кейіптендірілуде, өз еркімен әңгімелеуде батылдыққа, жігерлікке талпынып, ой-қиялды дамытып отырады. «Құстар» тақырыбы бойынша табиғи материалдардан жасалған балалар жұмыстарын «Кімнің мекені жақсы» атты ертегісімен театрландырылса, қызықты, тартымды болад.
Адамның бүкіл ғұмыры тәлім тәрбиеден тұрады. Ата-ана өз баласынан көз жазбай бақылап, дұрыс бағытта жөн сілтеп отырған бағытта ғана өнеге нәтижесіне жеткізеді. Бала бақшада бала өзіне бейтаныс жаңа сөздермен әлеуметтік жағдайға байланысты болып жатқан жаңалықтармен өзінің жас ерекшелігіне ыңғайла түрде танысады. Балалар бақшасында оқыту баланың санасезімін ой тұжырымын дамытып болашаққа жол сілтейді. Білім ордасы мектеп қабырғасына жетелейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәнерлеп оқу практикумының теориялық негіздеріне сипаттама беріңіз.
2. Мәнерлеп оқу практикумы пәні дегініміз не?
3. Мәнерлеп оқу практикумы міндеттері мен мазмұны атаңыз.
4. Мектепке дейінгі тәрбие маамандарын даярлаудың жалпы жүйесіндегі мәнерлеп оқу және әңгімелеуге үйретудің маңызы неде?
2-лекция. Тақырыбы: Көркем сөз оқумен актер өнерінің айырмашылығы.
Жоспары:
2. 1. Көркем сөз оқу мен әңгімелесу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы.
2. 2. Көркем сөз өнері үш бағытта дамуы: халық ауыз әдебиеті, жазушылардың өз шығармаларн артистердің орындауы.
Лекция мәтіні:
1. Көркемсөзбен шұғылдану дұрыс техникалық дағдының қалыптасуына барынша көмектеседі. К. С. Станиславскийдің «Мақам ақауы тілде емес, қиялда түзетіледі», - деген сөзі осы бағытта жұмыс істеудің нақтылы бағыт-бағдары болса керек.
Актер шеберлігі мен көремсөз өнерін салыстырғанда бірқатар өзгешіліктерді байқауға болады. Мысалы, көркемсөз оқушы өзінің серігімен емес, көрерменімен байланысады. Көрермен алдында өтіп жатқан оқиға барысы жайында емес, өткен оқиғаны әңгімелейді, образды жаңа түрге енгізе отырып емес, кейіпкер мен оқиғаға байланысты белгілі бір қатынасты «өз атынан» әңгімелейді, көркемсөз оқушыда дене қозғалысы, қимыл-әрекет болмайды.
К. С. Станиславкий «Дауыстап оқушының актерден айрмашылығы, ол - ойнамайды, кейіпкерді бейнелемейді, оның дикциясы мен дауыс ырғағын қайталамайды», - дейді. Дауыстап оқушының міндеті - бәрімен байланыса отырып, мәтінде не туралы айтылады, өзінің кейіпкері жайында, оны бүгінгі жағдайда, қазір тыңдаушыға не үшін жеткізетінін әңгімелеу. Дауыст ап оқушы мен актердің негзгі айрмашылығы - тыңдаушыға шығарманың формасы мен әдісін жеткізе білуде.
Дауыстап оқушының негізгі міндеті - адамдарды, олардың мінез-құлықтарын, істеген қылықтарын өткен оқиғалар ретінде ойнамай, жаңа түрде енгізе әңгімелеу. Тыңдаушыға кейпкердің ішкі жан-дүниесі, олардың ойлары мен сезімдері жеткізіледі. Дауыстап оқушы өз кейіпкерлерінің қайғысымен қайғырып, қуанышымен қуанып, онымен болған және оған қатысты барлық жайға, оқиғаларға араласады.
Тәрбиеші көркемсөз оқушы- бұл актер, бірақ, ол ешқандай әріптессіз, көстюмсіз, гримсіз, жарықпен және музыкамен бейнелеусіз-ақ сахнаға жалғыз өзі шыға алады. Ол тыңдаушысын толғандырып, балаларды өзмен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт. Мұның бәрін тәрбиеші өзінің орындаушылық, көркемсөз оқу құралдарымен жүзеге асырады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға «жан бітіп», тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер етені болады.
Сөйтіп, ол кейіпкерлер өзіндік қасиеттерімен, өзіндік сапасымен қайта жанданады.
Көркем шығармаларды әңгімелеп берудің оқып беруден айырмасы әңгімеші мәтінді сөзбе-сөз емес, еркін айтып береді.
Әңгімелеп берудің ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеші байыпты таңдау жасайды. Эпизодтар санын азайтады, баяндауды жеңілдетеді, образ жасау құралдарын қолдануды нақтылайды, кейде сюжетін де өзгертеді. Әңгімеші оқиғаларды байланыстыра отырып, барлық уақытта кейіпкер мінезіндегі өзгерісті картинкалардың алмасуын ойша қарап отыруы керек. Еркін баяндау түрінде ол жүйелеп ең бастысын айтып береді.
Тәрбиеші әңгімелеп беруді көбіне балалар сөзін дамыту міндетімен байланыстырып отырады, сондықтан да алғашқы оқығанда түпнұсқаның синтаксистік формасын естерінде сақтаған балалар енді оның синтаксистік синоним үлгілерін де ұғып алулары үшін, сөйлемнің синтаксистік құрылымын әдейі өзгертіп алуына болады. Ол үшін драмалық шығармаларды тәрбиеші диалог формасында емес, төлеу сөздердің көмегіменде жеткізе алады.
Әңгімелеп беруші - тәрбиеші өз әңгімесін көркемдігіне, мәнерлілігіне көңіл бөліп отыру керек. Әңгімелеп беруші - дауыстап, тақпақтап оқып беруші емес, оқиғаны кішкене тыңдаушыларғы көзімен көрген, соған құртар болған адамның әңгімесіндей етіп жеткізуі керек. Тәрбиеші өзі беріле әңгімелесе балалар да үн шығармастан тыңдайды. Еркін әңгімелегенде тұрақты эпитеттерді, жақсы қайырмаларды, тамаша фразаларды жатқа айтып беруге де болады: Мысалы, «Ерте ерте ертеде, ешкі құйрығы бөртеді», «Одан бері көп те емес, аз да емес уақыттар өтіпті: ретегі тез айтылғанымен іс тез істеле қоймайды . . . ». Бұл шығарманың колоритін қалпына келтіруге көмектеседі, балаларды стилитикалық сезгіштікке тәрбиелейді, кішкене тыңдаушыларды белгілі бір эмоциялық сезімге жетелейді.
Әңгімелеп берушінің тілі - шығарманың мазмұнына және әсіресе балалардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отыруға тиіс. Кішірек балаларға қарапайым тіл, қысқа фразалар қолданады. Алайда тәрбиеші фразаларының құрылымы балалардың осы жасқа дейін үйренген сөздерінен аз-кем күрделірек болуға тиіс. Мысалы, орта топтағы балаларға төлеу сөздерді, жекелеген сөздерді қолданбауға болмайды: балалармен өз тілдерінің төңірегінде қалып қоймай, дұрыс әдеби тілде сөйлесу керек.
Әңгімелеп беру үстінде жаңа сөздер еңгізіп, сол бойда оған түсінік беріп отырған жөн. Мысалы, трап - «кемеге көтерілетін баспалдақ»; көпір - «көшеде машиналар өтетін жер» және т. б.
Әңгімелеп бергенде сахналық элементтер де еңгізіледі: тәрбиеші әңгімеге өзінің интонациясы, мимикасы, қимылы, тіптен киімі де сәйкес келуін қадағалайды.
Әңгімелеп беруге мынадай дайындықтар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz