Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мектептері

1.1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

1.2. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің діни-танымының қалыптасуына ықпал еткен
мектептері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларындағы діни таным.

2.1. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы діни сенім негіздерінің көрініс
табуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының қазақ халқының мәдини рухани болмысындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

ІІІ.
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мәшһүр Жүсіп Көпеев және оның шығармаларындағы діни таным

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі: Менің диплом жұмысым қазақтың дін ойшылы,
ақын, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің және оның шығармаларындағы діни таным
көзқарастары тақырыбында жазылды. Қазақстанда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өзге
тақырыптарда қамтылған көзқарастарында мақала мен ғылыми еңбектер көп
жазылып жүргенімен, діни көзқарасына қатысты еңбектер ауқымды жазылып
жүрген жоқ. Осы орайда халқымыздың біртуар азаматы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
және оның шығармаларындағы діни таным көзқарастарына диплом жұмысымның
тақырыбы етіп алдым.
Қазіргі таңда қазақ халқының діни дүнетанымына жат өзге ағымдар көптеп
кездесіп жатыр. Осындай діни жат ағымдарға қарсы қазақ халқының дәстүрлі
ислам дінінің негіздерімен қарсы тұра аламыз. Ол үшін терең тарихымызда
өзіндік орыны бар тұлғаларымызды үлгі етіп алуымыз керек. Қазақ халқының
діни дүниетанымы ислам дінінің негізімен біте қайнасқан. Осыған орай
ұлтымыздың дін ойшылдарының еңбектерін тереңінен зерттеп, кеңінен
насихаттауымыз керек. Қазақ халқының  осындай перзенттерінің қатарындағы,
ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт
білімпаздары мен зиялы топ өкілдерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
шығармаларындағы діни таным.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Диплом жұмысымның негізгі
мақсаты етіп Мәшһүр Жүсіп Көпеев және оның шығармаларындағы діни таным
мәселесін тереңінен зерттеп, талдап, ашып көрсету. Осы мақсаттарға жету
үшін мен өз алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы және діни-
танымының қалыптасуына ықпал еткен мектептері.

2. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы діни сенім негіздерінің көрініс табуы
және қазақ халқының мәдини рухани болмысындағы орны.

Диплом тақырыбының зерттелуі деңгейі:
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, негізгі
бөлімді қамтитын екі тараудан, қорытынды бөлімі мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған.

І. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мектептері

1.1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18
жасында, Баянауылдың Қызылтау деген жерде, қыс түнінде, қыстауда, 1858
жылында, қазақша жыл аты қой, арабша ай аты ережеп деген айда, жұма
күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып койылған
есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса - дастандарды айтып, ел көзіне
түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып,
тақиясына үкі таққызып: Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен, -
деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.
1858 жылы қыста Көпей Сермұхаммедұлы керуеншілікте жинаған табысына
мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861ж. Адам
Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, ақ сирақ болып
шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: Адамға мал жолдас болмас, ғылым
жолдас, - деп , ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде
Қамар (Хамариддин) хазыреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 ж.
Бұһарадағы Көкілташ медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай
тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835жж.) өз
ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы 1887, 1885, 1907 ж. үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд
қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.
Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі - сол
өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлының өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастаған. Ә.Х.
Марғұлан хаты бойынша, Ер Олжабай батыр жырын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 7
жасар бала кезінде 1865 ж. Сақау ақыннан айтыунан жазып алған. Бұған ұстазы
Қамар хазіреттен қисса - дастандары қағаз бетіне көшіріп түсіруі де әсер
еткен. 1887 ж. Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет
Йассауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен
Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы патша манифесінің арқасында үш бірдей кітабын (
Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамаша-мыз, Хал-ахуал,
Сарыарқаның кімдікі екендігі? ) 1907 жылы жарық бетке шығарып үлгерді.
Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен
қош айтысып, Қазақ түбі үлгілерін (шамамен XX ғ. 20 жылдары) құрастырып
жинақтай бастайды. Саяси күрестің шиеленіскен жағдайда, 1921 ж. ортаншы
баласы Әмен Ташкентте қаза болып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көтерілісші қазақ
жастарының тобына кездесіп, солардың ескертуінен соң, Ташкентке бармай орта
жолда қайтып оралуға мәжбүр болады.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де
айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа
түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ
халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. Қазақтың жері, Күн батысы –
Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені,
солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ,
ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп,
сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні
атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз,
сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...

10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр
Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б.
шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен ат
болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр
Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы,
шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де
біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.

Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағ ы атақты Қожа Ахмет
Йасауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да
бірсыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін
аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана
қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан
өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған
жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895
жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді,
шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да
жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-
мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан
тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”,
“Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян
сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”,
“Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы
Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ
Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал “Алтынбас-
Күмісаяқ”– 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов
екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл
үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың бәрін
қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра орналастырған.
Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан
тұрады деген де дерек бар.

Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр
ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде
бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер
Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір
ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас
мерген”, т.б.

Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп
Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына
қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ
уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі,
мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кездеспейді. Оларды айтушының не
ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу
арқылы қағазға түсіру керектігі аян.

Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де
жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен
Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен
Заман қожа айтысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Сақау ақыны мен Қаракесек
қызы Тоғжан айтысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шөже айтысы”, “Соқыр Шөже мен
Қаракесек ақыны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман Сабырбай
айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман-Түбек айтысы”, “Қаракесек
Қамбар Жанақ пен Орманшы- Сақау ақын айтысы”, “Қуандық-Алтай бір ақыны мен
Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен
Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны
мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен
жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп
қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.

Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыстың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”,
“Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай
қожа мен Арыстанбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен
Қалдыбай”, “Жанақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” айтысы – 106 ауыз өлең,
“Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы
– 50 ауыз өлең, “Тоғжан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген
түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген.

Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары,
дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері,
Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман
қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қамбар Жанақ, Найман
Сабырбай, Найман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-
Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға
түсірген.

Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов,
В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау
әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік,
айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау,
т.б.

Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін түгел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін
қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде
болмайтындығы, диалектілік ерекшеліктер болса оны да тастамай көрсетіп
отыру керектігі жөніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін
ортақ. Сол тәрізді шығарманы кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды
деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің
орындап отырғандығы бізге мәлім.

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер
жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі;
батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-
12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300
үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең
түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар
айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б.
орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен
нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т.б.
нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі
деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-
жақты жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген
ғалым-фольклоршылардың шарты.

Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған.
Мәселен, “Ғылым білімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде
12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әңгімесі 26
сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі,
“бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.

Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: “Хазірет
Юсуф пайғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сарыарқа
тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған сары бел”, “Қоқан хандары
тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Шанышқылы Бердіқожа батыр
тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”,
“Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр”
турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық,
Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгімелері”, күлдіргі сөздер,
“Қаракесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен
Өзкент, т.б. қалалары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет
Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман,
Қиғара, Қосдәулет билер хақында, жыл басы туралы, Орманшы ақсары Шотана
батыр жайындағы деректер орын алған.

Қолжазбадағы кейбір материалдардың жазылған жылдары да көрсетілген.
Мәселен, “Төбет ішіндегі Жанкелді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе,
“Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа
түсірілді деген белгілер бар.

Жалпы ауыз әдебиеті мен фольклорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі
ұстанған дәстүрдің бірі – экспедициялық әдіс екені белгілі. Бұл экспедиция
сапарларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалымдар көптеген
ауыз әдебиетін жинайтын тілшілер мен өз елінің мәдениеті мен фольклорына
жанашыр көзқараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп
отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл
фольклорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.

Жинаушылықтың осы формасын “экспедициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп
қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-
ғалымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйенбеген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ
тілін жете меңгергендігі, бір жағынан, оның жинаушылық қызметінің тілдік
қиындықтарға ұрынбауын негіздесе, оның жинау жұмыстарының тез қарқынды
жүруіне де, фольклорлық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.

В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фольклорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні
жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол
жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші
бір халықтың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі келсе, ең алдымен оның
фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыздарына зейін салатыны мәлім.
Сол арқылы бүкіл халықтың түсінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мәдениетін,
т.б. түсінеді. Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезеңде “не керек”
дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын,
халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет
боларын сезініп, неғұрлым ауқымды жұмыстар атқарған. Сонымен жинаушылықтың
негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізілгендіктен де
басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең
ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет
қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы
хандар заманы ма, әлде аты аңызға айналған Асан қайғы мен Жиренше шешен
тәрізді бабалар дәуірі ме, қайсысында кейінгілер тағылым аларлық қаншалық
мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қызықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп
жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұдан біз Мәшһүр Жүсіптің
фольклористік концепциясы оның демократиялық, ағартушылық көзқарасынан
туындағанын көреміз.

Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ
сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне
алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін,
қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете
игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ
даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз
замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу
жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды
шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай
ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады.

• Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын,
шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел
арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
• Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын
ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе,
сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін,
дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне
пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі
сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге
болады.
• Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай
жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи,
этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
• Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп
жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған.
Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес,
оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып
отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.

• Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай
мұрасын қабылдауы; *Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық
ғалымдар жетістіктерін игеруі;
• Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп
белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демократиялық
көзқарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі
Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Пәндер