Медициналық және ветеринариялық биотехнология пәнінен сарамандық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

050701 «Биотехнология»

мамандығына арналған ғылыми-оқу кешені

«Медициналық және ветеринариялық биотехнология»

пәнінен

сарамандық жұмыстарға арналған

әдістемелік нұсқау

050701 «Биотехнология»

мамандығына оқитын 3 курс

студенттеріне арналған

ПАВЛОДАР 2009 жыл

БЕКІТІЛДІ

Инженерлік Академия Директорі

Вет. гыл. докторы, профессор Е. Б. Никитин

“___” 2009ж.

Құрастырушы: зертх. менгер., оқытушы Х. Х. Рафикова

«Қолданбалы биотехнология» кафедрасы

«Медициналық және ветеринариялық биотехнология» пәні бойынша

050701 «Биотехнология»

мамандығының жалпы орташа білім негізінде күндізгі бөлімінің студенттеріне арналған САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру 3. 08. 327 - 2006 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. 050701 «Биотехнология» мамандығы» стандарттың негізінде жасалған және «Медициналық және ветеринариялық биотехнология» пәнінің қалыпты бағдарламасының (Алматы 2005) негізінде сәйкес жетілдірілген.

«Қолданбалы биотехнология» кафедрасының отырысында қарастырылды.

Хаттама № __ 2009 ж.

«Қолданбалы биотехнология» кафедра меңг. орынбасары

тех. ғыл. канд., профессорМ. С. Омаров

Инженерлік Академия ғылыми - әдістемелік кеңесінің отырысында бекітіліп, басылымға жіберілді

Хаттама № __ 2009 ж.

ИА ҒӘК төрағасы

тех. ғыл. канд., профессорЕ. К. Ордабаев

Келісілді:

АӘБ бастығы

пед. ғыл. канд., профессор Н. М. Ушакова

Өткізілді

МАЗМҰНЫ

бет
: КІРІСПЕ.
бет: 4
: № 1 Сарамандық жұмыс. .
бет: 5
: № 2 Сарамандық жұмыс. .
бет: 6
: № 3 Сарамандық жұмыс. .
бет: 7
: № 4 Сарамандық жұмыс. .
бет: 9
: № 5 Сарамандық жұмыс. .
бет: 10
: № 6 Сарамандық жұмыс. .
бет: 12
: № 7 Сарамандық жұмыс. .
бет: 13
: № 8 Сарамандық жұмыс . . .
бет: 14
: № 9 Сарамандық жұмыс. .
бет: 16
: № 10 Сарамандық жұмыс
бет: 17
: № 11 Сарамандық жұмыс
бет: 18
: № 12 Сарамандық жұмыс
бет: 19
: № 13 Зертханалық жұмыс
бет: 21
: № 14 Сарамандық жұмыс
бет: 23
: № 15 Сарамандық жұмыс
бет: 24
: ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ . . .
бет: 25

КІРІСПЕ

«Медициналық және ветеринариялық биотехнология» пәнінің мақсаты - студенттерде медициналық және ветеринариялық биотехнологияның мүмкіншіліктері, инфекция, иммунитет және иммунология, аллергия, вакциналарды, сарысуларды, антибиотиктерді, ферменттерді алу биотехнологиясы туралы білімдерді дамыту.

Қурстың тапсырмасы - болашақ мамандарға медициналық және ветеринариялық биотехнология облысында терең және жан жақты білім беру.

Курспен танысып студенттер тиісті:

Білуге: медициналық және ветеринариялық биотехнологиясының жалпы негіздерін, серологиялық реакциялардың тәжірибе жұмыстарын, инфекцияның жаратылысын және иммунитеттің қалыптасуын, вакциналардың, сарысулардың, антибиотиктердің ағзаға әсерін. Студенттер ветеринарияның және медицинаның тәжірибе және ғылыми жұмыстарында биотехнология әдістерін қолдану тұралы білу керек.

Тәжірибеде қолдану: теориялық білімдерді ғылымға және тәжірибеге еңгізілу үшін қолдану, медициналық және ветеринариялық биотехнологияның сынауларын сауатты жоспарлау.

Ие болу: РА, РП, РСК, ИФА реакцияларымен, негізгі объекттермен - жануарлармен (тышқан, үй қоян, қой) ; микроскоптық құралдармен (әр түрлі микроскоптар) ; зертханалық құралдармен (термостаттар, су моншалар, центрифугалар, анализаторлар және әдейленген аспаптар) тәжірибеде жұмыс істей алу.

Оқу үдірісінде кестелік материалдар, плакаттар және басқа өткізіліп жатқан сабақтың тақырыбына сәйкес келетін көрнекі құралдар және оқулық техникалық құралдар қолданылады.

Пререквизиттер: микробиология, вирусология, адам және жануарлардың физиологиясы, жасұшалы биотехнология, биохимия.

Постреквизиттер: гентикалық инженерия.

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫБЫ

ТАҚЫРЫП 1. Микробиологиялық зертханалардың номенклатурасы. Микроағзаларды биологиялық қауыптылығына байланысты сұрыптау

Сабақ мақсаты. Медициналық және ветеринариялық биотехнология жұмыстарына қатысты зертханалардың номенклатурасымен және түрлерімен танысу. Микроағзаларды сұрыптау ерекшеліктерімен таныстыру. .

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар . Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Медициналық және ветеринариялық зертханаларының номенклатурасы және түрлері. .
  2. Микроағзаларды биологиялық қауыптылығына байланысты сұрыптау.

Микроағзаларға қатысты жұмыстарды зертханаларда өткізеді. Алдарына қойылған талаптарына байланысты зертханаларды келесі топтарға бөледі:

  1. Ғылыми - зертханалық.
  2. Диагностикалық
  3. Өнеркәсіптік.

Ден саулық сақтау жүйеде келесі зертханалар бар:

  1. Жалпы немесе әдейленген түрлі клиника-диагностикалы зертханалар. Олар емдеу - алдын алу мекемелердің құрамында болады.
  2. Бактериялық зертханалар.
  3. Сантитариялы - бактериялық зертханалар.
  4. Санитариялы - химиялық зертханалар.
  5. Орталық, проблемалық, регионалдық, оқулық зертханалар.
  6. Әдейленген зертханалар (аса қауыпты инфекциялармен және т. б. әдейленген жұмыстармен айналысатын) .
  7. Бактериологиялық, микологиялық, протозоологиялық, иммунологиялық.

Микроағзаларды қауыптылығымен байланысты ВОЗ сұрыптауы бойынша төрт топқа бөледі:

  1. Аса қауыптылығы жоқ микроағзалар. Күнделік жағдайда адамдардың және жануарлардың ауруларын қоздырмайды (іш таяқша, стафиллококк) .
  2. Орташа қауыпты микроағзалар. Адамдардың және жануарлардың ауруларын қоздырады, бірақ күнделік жағдайда аса қауыпты емес (сальмонелла, туберкулез қоздырғыштары, гепатит, менингит вирустері) .
  3. Жоғары қауыпты микроағзалар. Осы микроағзалар ауру қоздырады, бірақ бір ағзадан екінші ағзаға берілмейді (бруцеллез қоздырғышы, қан аурулары) .
  4. Өте жоғары қауыпты микроағзалар. Эпидемия таратылуға, ағзада күрделі инфекциялар тұдыруға себеп болатын микроағзалар (оба, шешек, аусыл, сібір жарасының қоздырғыштары) .

Микроағзалар топтарға бөлінуімен байланысты зертханаларды келесі дәрежелерге бөледі:

  1. Негізгі базалық зертханалар- негізгі немесе жалпы түр. Жұмыстың ерекшелігіне байланысты қорғаныс құрылымдары болады.
  2. Тәртіп бойыншажұмыс істейтін жабық зертханалар.
  3. Ерекше тәртіп бойыншажұмыс істейтін жабық зертханалар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мақсатына байланысты зертханалар қандай түрлерге бөлінеді?
  2. Микроағзаларды қауыптылығына байланысты топтарға бөлу үшін, олардың қандай ерекшеліктерін есепке алады?
  3. Микроағзалардың топтарының сипаттамалары.
  4. Зертханалардың дәрежелері.

ТАҚЫРЫП 2. Әр түрлі ауруларды анықтауға қолданылатын серологиялық реакциялар - РА реакциясы

Сабақ мақсаты. Серологиялық реакциялардың негізінде жатқан үдірістермен таныстыру. Агглютинация реакциясы тұралы түсініктемемен және оның көп түрлерімен таныстыру. Агглютинация реакциясын қою тәртібімен және ерекшеліктерімен таныстыру.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар . Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар. Реакцияларға арнаулы қолданылатын Фюллеборн сынауықтары және штативтер.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. зерттеулер тұралы түсініктеме, олардың негізі, фазалары.

2. Агглютинация реакциясы тұралы түсініктеме.

3. Агглютинация реакциясының түрлері.

4. Агглютинация реакциясын қою кестесі.

Имуномикробиологиялық зерттеулер

Иммунологиялық әдістермен көп тапсырмаларды шешу үшін қолданады:
1. Иммундық жүйенің жасұшаларының және олардың өнімдерінің санды және функционалды мінездемелерін анықтап адамның және жануардың иммундық жүйесінің жағдайын анықтау.
2. Адамның ұлпаларының құрамын және мінездемелерін анықтау: қанның топтарын, резус себепкер шарттарды, трансплантациялық антигендерді.
3. Антиденелердің мөлшерлерін (титрлерін) (серологиялық диагностика) тауып және анықтап инфекциялық ауруларды және оларға резистенттікті табу, ағзада қоздырғыштардың антигендерін табу, осы антигендерге жасұшалы реакцияларды анықтау.
4. Адамның және жануардың ағзасынан бөлініп шығарылған вирустердің және бактериялардың дақылдарын серологиялық теңестіру.
5. Адамның ағзасында және қоршаған ортада антигенді қасиеттері бар (гормондар, ферменттер, улар, дәрілер, есіркілер және т. б. ) заттарды табу.
6. Иммунопатологиялық жағдайларды, аллергияларды, трансплантациялық және ісіктерге қарсы реакцияларды анықтау.

Иммунологиялық әдістердің негізінде серологиялық реакциялар және жасұшалы реакциялар жатыр. Серологиялық реакцияларды қойғанда антиденелері бар сарысулармен (serum) қолданады. Жасұшалы реакциялардың негізінде антигендердің (аллергендердің) Т-жасұшалармен қарым-қатынасуы жатыр. зерттеулер - өзгеше антиденелерді және антигендерді анықтауға арналған микробиологиялық экспресс-сараптаудың түрі.

Серологиялық реакцияларда антигеннің және антидененің қарым-қатынасу үдірісі екі фазада өтеді:
1) өзгеше - антиденелердің белсенді орталықтарының (паратоптар) және антигендердің эпитоптарының комплементарлы қосылып қатынасу фазасы. Осы фаза бір неше секунд немесе бір неше минут созылады;
2) өзгеше емес - көзге көрінетін иммунды кешендер жаратылатын фаза. Осы фаза бір неше минуттан бір неше сағатқа дейін созылады.

Антигеннің және антидененің қарым-қатынасу кестесі

In vitro жағдайында антигенмен антидененің қарым-қатынасуына байланысты реакцияларды бөледі:

  1. Тұнбалы.
  2. Еріту.
  3. Нейтрализдеу.

Агглютинация реакциясы

Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.

Реакцияны өткізу үшін келесі заттарды алу керек: 1) зерттелетін сары су, 2) бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген) и 3) сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні дайындау үшін физиологиялық ерітінді.

Сары суды адамдардың және жануарлардың ағзаларынан алады. Сол үшін олардан 8-10 мл қан алады. Реакция өткізу үшін сары судың көлемін физиологиялық ерітіндімен арттырады. Сары суларды биофабрикаларда дайындап зертханаларға жібереді. Антигендерді де биофабрикаларда дайындайды.

Агглютинация реакциясы тұңба немесе жапалақтар жаратылумен белгіленеді. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады.

Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т. б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды. Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.

Аурудан адамнан бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін беттеу агглютинация реакциясын қояды. Осы реакцияда диагностикалы антиденелермен қолданады, басқаша айтқанда қоздырғыштың серотипін анықтайды. Беттеу реакциясын шыны үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары судың 1:10 немесе 1:20 көлемі артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған қоздырғыштың таза дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны диагностикалы сары судың көлемін тағын да арттырып, әр бір мөлшерге қоздырғыш бар дақылдың 2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді. Жапалақты тұнба түскен реакцияның мөлшеріне қарап реакцияны бағалайды.

Гемагглютинация теріс реакцияның (РНГА) негізінде қабыршықтарында антиденелер немесе антигендер адсорбталған эритроциттермен қолдану жатыр. Осы жағдайда ауру адамның сары суының антигендері немесе антиденелері эритроциттердің антигендерімен немесе антиденелерімен сәйкес болса эритроциттер жабысып сынауықтың түбіне тұнба болып түседі. РНГАмен инфекциялық ауруларды зерттегенде, жүктілік жағдайды анықтағанда зәрде гонадотропты гормонды табу үшін, әр түрлі дәрілерге және гормондарға сезімталдықты анықтағанда қолданады.

Гемагглютинация тежеу реакцияның (РТГА) негізінде иммунды сары судың вирустерге әсері жатыр. Иммунды сары су вирустердің күшін төмендетіп, вирустерде эритроциттеді агглютининдеу қасиеті жоғалады. РТГАмен тумау, қызылша, энцефалит ауруларын зерттегенде қолданады. Осы ауралардың қоздырғыштарында ағзаның эритроциттерін агглютининдеу қасиеті бар.

Резус-факторды анықтауға арналған агглютинация реакциясы негізінде антирезусты сары суларды қолдану. Зерттелетін эритроциттердің қабыршықтарында резус-антиген болса осы жасұшалар агглютинацияға жатады. Бақылауға қанның әр түрлі топтарының стандартты резус-оң және резус-теріс эритроциттер алынады.

Коагглютинация реакциясы - алдын ала иммунды диагностикалық сары сумен әсер етілген стафиллококкалардың көмегімен қоздырғыштың жасұшаларын анықтау. Стафиллококкаларда иммунноглобулиндерге жақын А ақұызы бар. Сондықтан олар антимикробты антиденелерді адсорбтап, сәйкес келетін микробтардың белсенді орталарымен қарым қатынасқа кіреді. Коагглютинация қортындысында құрамында стафиллококкалар, диагностикалы сары сулардың антиденелері және анықталуға жатқан микроб бар жапалақтар жаратылады.

Зерттелетін (белгісіз) немесе дайын сары судың көлемін реакция қоярдың алдында арттырады.

Сары судың көлемін 1:10 арттыру үшін сары судың 1 мл және физиологиялық ерітіндінің 9 мл алады, 1:10 көлемі арттырылған сары судан 1 мл алып келесі 9 мл физиологиялық ерітіндіге қуйса 1:100 көлемі арттырылу болады.

Сары судың осы көлемінен келесі көлем арттырылу жұмыстарын өткізеді. Реакция сынауықтарда өткізіледі. Сынауықтардағы көлемі арттырылған сары суға микробы бар дақылды (антиген) қосады. Осы қоспаны 4 сағатқа термостатқа орналастырады, кейіннен бөлме температурасында 20 сағат ұстап қортындысын қарастырады. Жапалақты тұнба жаратылу мөлшері реакцияның оң немесе теріс болғанын көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Иммунологиялық реакциялардың негізінде не жатыр?
  2. Иммунологиялық реакцияларда қандай фазалар байқалады?
  3. Агглютинация реакциясымен қолдану мақсаты.
  4. Агглютинация реакциясының түрлері.
  5. Агглютинация реакциясын қою тәртібі.
  6. Агглютинация реакциясын бақылау және бағалау.

ТАҚЫРЫП 3. Әр түрлі ауруларды анықтауға қолданылатын серологиялық реакциялар - РП реакциясы

Сабақ мақсаты. Преципитация реакциясын қою бағыттарын анықтау. Преципитация реакциясы тұралы түсініктемемен және оның көп түрлерімен таныстыру. Преципитация реакциясын қою тәртібімен және ерекшеліктерімен таныстыру.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар . Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар. Реакцияларға арнаулы қолданылатын Уленгут сынауықтары және штативтер.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Преципитация реакциясы тұралы түсініктеме.
  2. Преципитация реакциясын қою бағыттарына сәйкес реакция түрлері.
  3. Преципитация реакциясын қою тәртібі.

Преципитация реакциясы

Преципитация реакциясы - ерекшелік антиденемен молекулярлы антигеннің кешені қалыптасып тұнбаға түсу реакциясы.

Антиген-антидене кешенінің тұнбасы преципитат деп аталады. Ерітіндідегі антигенді иммундық сары судың үстіне араластырмай жіберу реакциясын сынауықтарда өткізеді. Антиген және антидене қарым-қатынасуымен осы екі ерітінділердің шек араларында преципитат жүзігі жаратылады (жүзік преципитация реакциясы) .

Антиген ретінде осы реакцияда мүшелердің немесе ұлпалардың сулы экстракттарын қайнатып және сүзіп қолданғанда осы реакцияны термопреципитация реакциясы (Асколи реакциясы) деп атайды.

Преципитация реакциясынагардың жартылай суйық гелінде немесе агарозада өткізетін түрлерін Оухтерлони иммунодиффузиясы, радиалды диффузия, иммуноэлектрофарез деп атайды.

Оухтерлони иммунодиффузия реакциясын қою үшін ерітілген агарлық гельді шыны үстіне жұқа қабатты құйып, қатырып, 2-3 мл ұялар ойып қояды. Сол ұяларға бөлек антигендер және иммундық сары суларды салады. Олар агарға тартылып (диффузия) кездескен жерде ақ сызықты преципитат жаратады.

Радиалды иммунодиффузия реакциясын қойғанда иммундық сары суды агарлық гельге кіргізеді. Гель ұяларына антиген ерітінділерін салады, ол гельге тартылып (диффузия) ұялардың қасында жүзікті преципитация зоналарын жаратады. Преципитация жүзігінің диаметрі антигеннің көлеміне (санына) сәйкес. Қанда иммуноглобулиндерді зерттегенде осы реакциямен қолданады.

Иммуноэлектрофарез - электрофарез және иммунопреципитация әдістерінің қосылуы: антигендер қоспасы гельде электрофарез көмегімен бөлінеді, электрофарез зонасына қатар иммундық сары су кіргізеді, оның антиденелері гельге таратылып, «кездескен» жерде преципитация сызықтарын жаратады.

Флокуляция реакциясы (Рамон бойынша) - преципитацияның бір түрі - токсин-антитоксин және анатоксин-антитоксин реакциясында жапалақ түрінде тұнба жарату.

Преципитация реакциясы немесе тұнбаға түсіру реакциясы . Ветеринариялық тәжірибеде сібір жарасы қоздырғыштарына теріні зерттегенде қолданылатын реакция. Реакцияға келесі компоненттер кіреді: преципитиноген - теріден немесе мүшеден физиологиялық ерітіндінің көмегімен суйықтық алады; преципитациялық сары су - преципитиндері бар, биофабрикаларда дайындалатын суйықтық. Антигенді (экстрактты) преципитациялық сары судың үстіне араластырмай құйғанда екі ерітіндінің шек арасында мөлдір емес зат жаратылады. Осы заттың құрамында микробтық жасұшалардың ақұыздары, ерекшелік антидене-преципитинмен жаратылған. Осы реакцияны сынауықтарда өткізеді, антиген және антидене қарым-қатынасуымен жаратылған мөлдір емес зат сары су және антиген арасындағы көгілдір түсті жүзік ретінде болып көрінеді.

Сібір жарасының преципитация реакциясының антигендері - сібір жарасының қоздырғышының ыдырау өнімдері. Зерттелген үлгіде ыдыраған өнімдер көп болса, реакция анық көрінеді.

Зерттелген үлгіден экстрактті екі әдіспен алуға болады: ыстық және суық.

Ыстық әдісте зерттелетін үлгіні қайнатумен, суық әдісте физиологиялық ерітіндіге салумен алады.

Зеттеуге 1-2 гр салмағымен тері үлгілерін алады. Қанталаған жерлерді таңдап алады. Сондай жерлерде сібір жарасының қоздырғышының антигендері болу мүмкін. Реакция бастамай үлгілердің бәрін автоклавта зарарсыздандырады (сібір жарасының қоздырғыштарын өлтіру үшін) .

Сібір жарасының антигені жоғары температураға төзімді, үлгілер зарарсыздандырылғанда бұзылмайды. Зарарсыздандырылған үлгілерді ұсақтап, сынауықтарға салып, үстінен 10 мл физиологиялық ерітіндіні құяды. 100 градуста су моншасында ұстап, қайнатып, үлгілерді экстракциядан өткізеді (жарты сағат) .

Экстракциядан өткен суйықтықты асбест сүзгіш арқылы таза сынауықтарға өткізеді. Зерттелген үлгінің ерекшелік преципитациялық сары суын бақылау үшін нормалы сары суменде осындай реакцияны өткізеді.

Преципитациялық сары суды сібір жарасының бациллаларының ыдыраған өнімдерін немесе күші кеткен бациллаларын жылқының ағзасына еңгізіп алады. Нормалы сары су дені сау жылқылардан алынады. Нормалы және преципитациялық сары суларды көп уақытқа сақтағанда оларға 0, 5 пайызды карбол қышқылын салып консерваттайды.

Зерттелетін үлгілермен реакцияны Уленгут сынауықтарында өткізеді. Осы сынауықтарға 0, 5-1 мл сары су құяды, Пастер пипеткасының көмегімен сары су үстіне араластырмай зерттелетін экстрактты құяды. Жоғары жазылған белгілерге сәйкес реакцияны бақылайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Преципитация реакциясымен қолдану мақсаты.
  2. Преципитация реакциясының түрлері.
  3. Преципитация реакциясын қою тәртібі.
  4. Преципитация реакциясын бақылау және бағалау.

ТАҚЫРЫП 4. Әр түрлі ауруларды анықтауға қолданылатын серологиялық реакциялар - КБ реакциясы

Сабақ мақсаты. Комплемент байланыстыру реакциясының маңыздығын және қою бағыттарын анықтау. Комплемент байланыстыру реакциясының ерекшеліктерімен және тапсырмаларымен таныстыру. Комплемент байланыстыру реакциясын қою тәртібімен таныстыру.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар . Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар. Реакцияларға арнаулы қолданылатын Фюллеборн сынауықтары және штативтер.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Комплемент байланыстыру реакцияның тапсырмалары және кезеңдері.
  2. Реакцияға қатысты жүйелер тұралы және реакцияның компоненттері.
  3. Негізгі сынауды қою техникасы.

Комплемент байланыстыру реакциясы 1901 жылы Борде және Жангу ғалымдармен ашылған. Антиген және антидене қосылу белгісі тек қана комплемент болғанда белгіленетін реакция.

Антиген-антидене-комплемент кешені жаратылу реакция көзге көрінбейтін реакция. Реакция бөлшектерінің қарым-қатынасуын анықтау үшін, қосымша индикаторлық жүйемен қолданады. Осы жүйенің көмегімен алғашқы жүйеде өткен қарым-қатынасудың қортындысын көруге болады. Осымен КБ реакциясына бірінші жүйеде комплементтің байланысқанын көрсететін екі жүйе қатысады: 1) бактериолитикалық (диагностикалық) және 2) гемолитикалық (индикаторлық) .

Реакцияның негізінде комплементті антиген - антидене кешенімен белсендету жатыр. Антиген және антидене бір біріне сәйкес келгенде олар иммундық кешен жаратады. Сол кезде антиденелер бөлшектері арқылы иммундық кешенге комплемент қосылып антиген-антидене кешенімен комплемент байланыстырылады.

Реакция екі кезеңде өтеді:

1 - құрамында антиген-антидене-комплемент қоспаның инкубациясы. Бактериолитикалық жүйені дайындағанда сынауықтарда 0, 5 мл зерттелетін инактивирленген сары суды жане антигенді араластырады, бір белгіленген санда (титрде) комплемент қосады. Антиген-антидене (сары су) -комплемент (бактериолитикалық жүйе) қоспасын су моншасына (немесе термостатқа) 37-38 градуске 20-40 минутке орналастырады.

2 - индикаторлық кезең - қоспаға гемолитикалық жүйе салып, сондағы бос комплементті табу. Гемолитикалық жүйенің құрамы - қойдың эритроциттері және антиденелері бар гемолитикалық сары су. Сынауықтардың барлығына екінші гемолитикалық жүйенің компоненттерін салып қайтадан су моншасына 15-20 минутке қояды.

Реакцияның бірінші кезеңінде антиген-антидене кешен жаратылғанда ол комплементті байланыстырады. Осы жағдайда реакцияның екінші кезеңінде антиденелермен сенсибилизденген эритроциттердің гемолизі болмайды (оң реакция) .

Антиген және антидене бір біріне сәйкес келмесе (зерттелген үлгіде антиген немесе антидене болмаса) комплемент бос қалып екінші кезеңде эритроцит - антиэритроцитарлық дене кешеңіне қосылып, гемолиз жаратады (теріс реакция) .

Комплемент байланыстыру реакцияның көмегімен сифилис (RV), маңқа, бруцеллез ауруларын зерттейді.

Комплемент байланыстыру реакцияның негізінде екі көрініс жатыр - бактериолизис және гемолиз.

Комплемент байланыстыру реакциясын қою үшін болу керек:

  1. Зерттелетін сары су.
  2. Сараптауға жататын қоздырғыштан алынатын антиген (биофабрикада дайындалады) .
  3. Комплемент. Осы компонентті теңіз шошқа қанының сары суынан зертханада дайындайды немесе дайын түрінде биофабрикадан алады.
  4. Қойдың эритроциттері.
  5. Гемолитикалы сары су (гемолизин) . Компонент биофабрикада үй қояндарға қойдың эритроциттерімен әсер ету жұмыстары арқылы алынады.
  6. Зерттелетін қоздырғышқа оң реакция беретін биофабрикаларда дайындалатын сары су.
  7. Дені сау ағзалардан алынған сары су.
  8. Негізгі компоненттердің көлемін арттыруға арналған физиологиялық ерітінді.

Реакция сынауықтарда өткізіледі. Су моншасымен жұмыс істегенде жұмыс температурасы 37-38 градус болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту жолдары
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Жағынды дайындау
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz