Милет, Эллин мектебі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Милет, Эллин мектебі
Б.д.д. VI - V ғасырларда Грецияның оңтүстік Италиядағы отары Элея
қаласында философия тарихында элеаттар деген атаумен белгілі болған
Ксенофан, Парменид және Зенондардың мектебі қалыптасты. Оның негізін
қалаушы туған қаласы Колофоннан қуылған Ксенофан еді. Ол политиетік дінге
қарсы болды, құдайлар .- адамдардың өздері ойлап тапқан нәрсе деп
түсіндіреді. Егер де, жылқылар, өгіздер мен арыстандар ойлау мүмкіндігі
болғанда, онда олар да өздерінің құдайларын өздеріне ұқсатып ойдан шығарар
еді, деген екен, Ксенофан. Элеаттар тек философ қана болып қоймаған екен,
сонымен қатар, көрнекті саяси қайраткерлер ретінде де атақтары шыққан
көрінеді. Мысалы, Парменид (б.д.д. 540 - 470 жылдары өмір сүрген)
Плутархтың айтуы бойынша Элея қаласының саяси басшыларының бірі болған
екен. Ал, Зенон (б.д.д. 490 - 430 жылдары өмір сүрген) болатын болса,
Диоген Лаэртский айтуынша, Парменидтің жақсы көретін шәкірті, әрі халыққа
сыйлы мемлекеттік қайраткер болған.
Парменид Ксенофанның шәкірті бола тұра, пифагоршіл Аминийге қосылып
кеткен екен. Философиялық шығармаларын өлең түрінде жазыпты. Негізінен
алғанда, Парменид философиясы Гераклиттің диалектикасына қарсы бағытталған.
Алайда, оның кеңістік, уақыт және қозғалыс туралы айтқан пікірлері болашақ
математикалық, физикалық, психологиялық жаңа тұжырымдардың шығуына ой
түрткі болған.
Өзінің Табиғат туралы деген поэмасында Парменид болмыс туралы ілімін
дамытты. Гераклиттің логосымен салыстырғанда Парменидтің болмыс туралы
ілім метафизикалық материализм тұрғысында қалыптасқан. Себебі, болмыс -
мәңгі өзгермейтін біртұтас мән. Оны ешкім жаратқан жоқ. Болмыс кеңістікте
шектеулі. Олар шар тәрізді. Ал, қозғалыс, өзгерістер тек бейболмысқа тән
қасиет. Олар тек біздің пікірімізде ғана көрініс табуы мүмкін, ал шын
мәнінде, олар ақиқат емес. Акиқат тек болмысқа тән. Жан мен рух бірдей
нәрселер, олардың табиғаты болмыстан келіп шығады. Ақиқатқа тек ақыл - ой
ғана танып біле алады, ал сезімдік таным тек бейболмыстық өзгерістерді,
қозғалысты бейнелей алады, бірақ сезімдік танымның ақпараты болмысты танып
- білуге ұмтылған ақыл - ой үшін ешқандай да пайда келтірмейді дейді,
Парменид.
Сезімдік таным мен ақыл - ойды бір - бірінен ажыратып, алшақтатуға
тырысу, қозғалыстың шынайылығына күмән келтіріп, болмысты мәңгі өзгермейтін
мән ретінде пайымдау келешекте идеалистік бағытқа ауытқу мүмкіндіктерін
туғызды.
Парменидтің шәкірті Зенон ұстазының ілімін ілгері жалғастыруды алдына
мақсат етіп қойды.Болмысты ол материалдық нәрсе деп түсінеді, бірақ бос
кеңістіктің бар екендігіне күмән келтіреді. Ойлауды сезімдік танымнан бөліп
алу жағынан Зеноно ұстазынан да асып түсті. Сезім мүшелері арқылы жететін
әлемнің әр алуандығы туралы ақпарат, Зенонның пікірінше алдамшы нәрсе.
Өзінің бұл тұжырымына Зенон мұндай дәлел келтіреді: егер жерге бір ғана
дән құлап түссе, біз оның дыбысын есітпейміз, ал бір қап дән күлап түссе,
оның гүрс еткен дыбысын керең де естиді. Демек, бір дәннің дыбыс шығара
алуы мүмкіндігін біз тек ақыл - ой арқылы ғана айқындай аламыз. Зенон -
Арестотелъдің ойынша диалектиканың ұстазы. Бірақ оның диалектикасы теріс
сипатта болды. Себебі, табиғатқа тән қозғалыс пен қарама -қайшылыктарды
Зенон олардың санадағы бейнесінен көрді және олардың ақиқаттығына күмән
келтіреді. Алайда, осы тұрғыдан Зенон қозғалысты ұғымдар жүйесінде
бейнелеудің міндетті түрде қарама - қайшылыққа жолығатынын мәселе етіп
қойды. Атап айтқанда, шектеулі заттардың шексіз бөліну мәселесі, жалқы мен
көптік мәселесі күн тәртібіне қойылғанымен, дұрыс шешімін тапқан жоқ.
Себебі, Зенон қарама - қарсылықтардың арасындағы қайшылықты мойындағанымен,
олардың- өзара бірлікте болатындығын көрмеді.
Зеноныың атағын шығарған нәрсе, оның қозғалыс туралы пікірлері
болды. Оның белгілі апорийлері (шешілмейтін
қайшылықтар) дихотомия, Ахиллес және тасбақа, Жебе деп аталады.
Дихотомия апорийінде қозғалыстың мүмкін еместігін дәлелдеуге талпыныс
бар. Ал, Ахиллес және тасбақа апорийінде осы ойын әрі жалғастырады.
Желаяқ Ахиллес тасбақаны қуып жете алмайды. Себебі, тасбақаға дейінгі
аралықты жүгіріп өту үшін, алдымен оның жартысын жүгіріп өту керек, ал
жартысын жүгіріп өту үшін, алдымен оның жартысын жүгіріп өту керек, ал
жартысын жүгіріп өту үшін, жолдың ширегін...т.с.с. шексіздікке дейін.
Демек, Ахиллес жүгіруді бастаймын және тасбақаға дейінгі арақашыктықты
жүгіріп өтемін дегенше, тасбақа сәл де болса алға жылжиды. Сонымен, сайып
келгенде, желаяқ Ахиллес шабан тасбақаға ешуақытта жете алмақ емес.
Зенон табиғаттағы қозғалысты. көрмей қалған жоқ, сезім мүшелері ол
қозғалыстың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Бірақ қозғалысты акыл - ой
арқылы бейнелеу қайшылықты сипатта болғандықтан, Зенон қозғалыс туралы
сезім мүшелері жеткізген ақпараттың шынайылығына күмән келтіреді.
Жалпы алғанда, элеаттар диалектиканы дамытуға өзіндік үлестерін қоса
алды. Алайда, олардың әр алуан, үнемі өзгерісте қозғалыста болатын
табиғатты танып - білудің маңызын жоққа шығарғысы келген әрекеті, кейіннен
идеалистік ағымдар үшін таптырмас талғажау болды...
Б.ж.с.д. V ғасырда орын алған герк - парсы соғыстарының салдарынан
эллиндердің экономикалық, мәдени өмір орталығы Афинаға, Спартаға және
Оңтүстік Италияға ауысқан еді.
Сицилияның Агригент қаласында туып - өскен атақты грек материалисті
Эмпедокл (б.д.д. 483 - 423 жылдар) философ, ақын, шешен және дәрігер
ретінде әйгілі болды. Эмпедоклге Парменид пен Пифагордың ықпалы күшті
болды. Ол да Парменид сияқты Табиғат туралы және Арылу деп аталатын
поэмалар жазды. Оның дүниетанымында мифалогиялық түсініктердің біршама көп
болғандығына қарамастан негізгі бағыты болмыстың түп негізін философиялық
тұрғыдан топшылау болды. Шынайы болмыс Эмпедоклдың түсінігінде төрт мәңгі
өзгермейтін түпнегіздерден құралады. Олар - топырақ, су, ауа, және от.
Жұрттың өзгеріс, қозғалыс деп жүргендері сол мәңгі өзгермейтін
түпнегіздердің жаңа түзелістер, жаңа қосындылары.
Милет мектебі.
Жеті данышпанның бірі атанған, Еуропалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір мәдениеті. Ежелгі Грекия мәдениеті
Ежелгі дәуір мәдениеті
Грек мәдениеті
Милет мектебі
Милет мектебі-ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп
Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Ежелгі Грекиядағы философия мен саяси ойлар
Антикалық философия. Милет мектебі
Сана және бейсаналық: философиялық концепциялардың салыстырмалы талдауы туралы
Александр Македонский
Пәндер