Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі. Мінез бір-бірімен белгілі қатынас
байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылым болып табылады.
И.П.Павлов гештальт-психологтарды қатты сынға ала отырып, мінездің тұтас
құрылым екендігіне ешкім күмән келтірмейді, ал бұл жүйені бөлшектеуге ешкім
де кедергі жасамайды деген еді. Ол, тұтас жүйедегі жекеленген бөліктердің
әр түрлі мағынасы бар, біреулері алға шықшыкрдІНцтас күрІерінің түса,
екіншілері бүркемеленеді, үшіншілері кейінге шегіншектеп тұрады деп
көрсетті. Еrep сіз жекеленген бітістерді түгелдей оқшау деп түсінсеңіз,
онда сіз адам мніезін тани алмайсыз, сондықтан бітістердің жүйесін алып,
осы жүйені талдап көру қажет, бұлардың қайсысы ең алдымен көзге түседі,
қайсысы еміс-еміс көрінеді, таптырмай қояды т, б..
Адамның мінезін, оның құрылысын немесе құрылымын анықтау дегеніміз
мінездің негізгі компоненттерін, не қасиеттерін ажырату және күрделі
қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз.
Жеке адамның емір жағдайымен өзара әрекеті тарихын сәулелендіретін
психикалық тұрпат, қасиеттердің тұтас.жүйесі ретінде мінезде сыртқы ықпал
әсерімен нығайып, адамның нақтылы жағдайдағы мінез-кұлқын сипаттайтын
жүйенің негізгі буындарын немесе динамикалық стереотиптерді әр кезде
анықтауға болады.
Мінез динамнкасы сыртқы шындық динамикасына тәуелді болады, оның түрліше
бітістері тек бұрынғы тәжірибеге ғана тәуелді болмай, адамның қазіргі
кездегі жағдайларына, оған қойылатын талап-тілектерге тәуелді болып
отырады. Сондықтан мінездің құрылысын жан-жақты зерттеп және жалпыламай
өмірдің сан саласындағы мінез-құлық көріністерін жекелеп талдап оларды
тәрбие мен қалыпқа түскен өмір жағдайларына орай үнемі даму тұрғысынан
қарастырып отыру қажет.
Біз қалыптасқан мінез құрылымынан, ең алдымен; оның екі жағын — мазмұны
мен түрін ерекшелеуіміз керек. Бұл екеуі бір-бірінен бөлектенбейтін,
органикалық бірліктегі құбылыс болып табылады.
Жеке адамның мінез құрылымын талдағанда оның объективтік шындыққа жетекші
жағы ретінде алға қойылуы тиіс. Қоғамдық әсерлер мен ықпалды
сәулелендіретін мінез мазмұны жеке адамның өмір бағытын, яғнн оның
материалдық және рухани қажеттерін, мүддесін, мұраттары мен әлеуметтік
бағдарын құрайды. Жеке адамның бағыты, мақсатты, адамның емірлік жоспарын
оның белсенділік деңгейін анықтайды. Мінез мазмұны белгілі бір өзіндік дара
қатыстардан байқалады, ол адамның талғампаздық белсенділігін көрсетеді.
Сыртқы ортаның талабына сәйкес, тәрбие әсерлеріне, өмір жағдайларына
байланысты мінез мазмұнында бірінші не екінші компоненттің алға
шығатындығын есте тұту қажет. Мәселен бір адам материалдық кажеттілікті өз
жеке басының бақуат боуын қамтамасыз етуге ұмтылуды алға қойып, қалған
мотйвтерді кейінге ысырады, енді біреу, керісінше, эстетикалық қажеттілікті
алға шығарып, өз тірлігін өнерге бағыштайды, үшінші біреуді ғылыми
ізденістер қызықтырады да соған беріледі,
Жеке адамның әр түрлі бағыты оның жеке ұмтылыс, талаптарын .ғана емес,
бүкіл қатынастарының жүйесін белгілегендіктен сол адамның барлық
мінез~кұлқына сәуле түсіреді. Бірақ аталмыш жүйеде әркез қандай болмасын
бір бітіс үстемдік етеді де, осы адамның мінезіне езіндік реңк береді.
Мінездің әр түрінде темперамент пен мінез-құлықтың эмоциялық-еріктік
өзгешеліктері бекіп - нығайған қатынастары көрініп отырады. Адамдар бір-
бірінен мінез-кұлық, әдет өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың мінезін қалыптастыру жолдарын
қарастыру.
Зерттеудің міндеттері – балалардың мінезін тәрбиелеуде оқыту жүйесінің
маңызын ашу.
Зерттеу обьектісі – балалардың мінезін қалыптастыру, тәрбиелеу жолдары.
Зерттеу пәні – психология пәні.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері – психологиялық құбылыстарды бақылау,
әдебиеттерді зерттеу, психологиялық тәжірибе, салыстыру, саралау,
қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бөлім. Оқушылардың мінезін қалыптастыру мен тәрбиелеу үшін
ұйымдастыратын жұмыстардың теориялық негіздері.
1. Балалардың мінезін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше
жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша
қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе сол адамның
үйреншікті әдетіне, мінез-кұлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр
түрлі мінез бітістерінің болуы онық сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас
жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатынастарының
жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның
сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де
болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды
менсінбеу, такаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай,
оның темперамептінің нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты
калыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айрықшалығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі,
түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан
көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның
қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып
саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының
өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының
тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып
жатады. Мінездің моральдың жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы,
толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып
есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да,
оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Қоллективизм,
гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен
санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық —
мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі — оның
бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні
ылғида сөзбен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі
бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі
ешқашан ажырамайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси
моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір
сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның
өзінің белгілі көзқарасы, принципі, мінез-құлқы болады, қауіп-қатерден бой
тасаламайды, керек жерінде батылдық керсете біледі. Инициатива мен
белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді
адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған
кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады.
Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. Бойда қайрат, ойда көз,
болмаған соң айтпа сөз деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән
сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы
мен сеніміне байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған сапалар қоры
молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат коя алады.
Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз
адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы
болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай
түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді.
Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ түрлі
жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі
тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл,
жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез
үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам
тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез
бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет,
темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір
тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша
сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің
қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса,
мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездщ ықпалымен
темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады.
И. П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума типтері
мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік
құйындысы деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: ...адамның
мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана
байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру
барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында
айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады.
Адам мінездінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен
(мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т.
б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль
атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады.
Мәселен, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз
болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан
алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалынен қалыптасып отырады.
Адамның сыртқы орта мен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас.
Сөз жүзінде емес, мінез-құлықтың іс – жүзінде жүзеге асуға болады.
Сондықтан да оны қоршаған ортасы ғана өзгертпей, өзі де шама-шарқынша сол
ортасына тиісті езгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез
бітістерінің қалыптасуына шешуші роль атқарып отырады.
Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның
мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік кептеп
кездесіп отырады. Сонымен коса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де
болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара
және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер —
белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі.
Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес
өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап
қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық
езгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің
таптық мүдделері де, дүние танымдары да бөлек болады. Мәселен, завод,
фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегін
қанау арқылы баюға тырысса, жұмысшылар оларға қарсы көтеріліп, өздерінің
тұрмыс жағдайы мен правосын жақсартуды кездейді. Осы айтылғандар адамдардың
мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды. Марксизм-
ленинизм классиктері қоғамдағы таптардың өмір сүру жағдайлары таптық
мінездің, қалыптасуына әкеліп соғады дейді. Үстем тап өкілдеріне тән
эгоистік, озбырлық, өктемдік, әділетсіздік, қанағатсыздық мінез бітістері
де, еңбекші халықтың бойынан табылатын ұйымшылдық, төзімділік, жігерлілік,
намыстылық сияқты тамаша мінез бітістері де — қоғамдық жағдай тудырған
психологиялық қасиеттер. Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын
болса, демек, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек1— деп
жазды Маркс пен Энгельс. Бұл пікір типтік мінездің қалыптасуына адамдардың
қоғамдағы әлеуметтік жағдайы әсер ететіндігін, жағдайлардың өзгеруіне қарай
адамның психологиясы да өзгеріп отыратындығын жақсы көрсетеді. Адамның
сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар
мына тәмендегідей:
Жеке адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан
байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның
біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері
кіреді. Бұларға: коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық
және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т.
б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның ез ісіне, еңбегіне
қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік,
құнттылық, инициативалық жинақылық және осыларға қарама-қарсы жалқаулық,
салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары дa осы топтық
негізгі бір жағы. Бұларға кіші пейілділік, карапайымдылық, өзін-өзі сынай
алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік,
мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне
орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары
немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты
мен дүние танымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс
қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет
мүлкін тонаушы ұрының жылпос пысықтығын мінездің еріктік сапаларына
кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып
екіге бөлінедІ. Күшті мінезге максатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға
келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т. б. жатса,
әлсіз мінезге негативизм1, иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік,
тентектік т. б. кіреді.

1.2. Оқушылардың мінезін қалыптастырудың жолдары.
Адам мінезінің түрліше кұрылымда болуына орай мінез-құлықтың түрліше
сипаты көрініс береді. Мінездің осындай сипаттары көп-ақ. Бірақ мінездің
негізгі топтары, немесе түрлерін анықтауға болады. Бұларға мыналар жатады:
а) моральдык, (кайырымдылық, ілтииаттылық, сыпайылык), ә) еріктік
(тоқтамдылық, табандылық, беріктік), б) эмоциялық (қызбалық, құмарлық,
мейірімділік).
Ұнамды мінездің негізгі жинақты қасиеттерін (жинақты деп аталу себебі мұнда
жеке адамның көптеген сапалары сөз болады) бұдан да гөрі дәлірек көрсетуге
болады. Бұлардың арасынан төмендегілерді ажыратады:
Mінездегі моральдық тәрбиелілік. Бүл адамды мінез-кұлық нормалары мен
бағыты жағынан сипаттайды. Мәселен, ұнамды ұнамды мінезі бар совет адамы
мархабатты келеді, ол іскер, қайырымды ғана емес, қарым-қатыста сыпайы,
ізетті, ол тек коллектившіл, коллективті сүйе білетін ғана адам емес, онда
өмір сүріп, жұмыс істей алатын кісі.
Мінездің толысуы. Бұл адамның талпынысы мен әуестігінің жан-жақтылығын,
іс-әрекетінің кеңдігін дәлелдейді. Мұндай адамдар жан дүинесінің байлығы
және белсенділігімен ерекшеленіп тұрады.
Кесек мінезділік. Бұл — адамның психикалық тұрпатының тұтастығы, оның
шындыққа қарым-қатысының үйлесімділіг!, талабы мен мүддесінде қайшылық
болмауы, сөз бен істің бірлігі. Кесек мінезділік,—дейді Эрнс Тельман,—
прогресшіл адам бойыыан ажырамас қасиет болып табылады.
Айқындалған мінез. Бұл, мінез-кұлықтың тұрақтылығынан, барлық жағдайда да
қалыптаскан сенімге сәйкес әрекет етуден, жеке адамның өмірі мен іс-
әрекетінің мән-мағынасын кұрайтын, моральдық-саяси түсінік пен ұғымнан,
негізгі бағыттан көрінеді. Мұндай адамдардың өмірдің алуан жағдайларында
өздерін қалай ұстайтындығы жайлы алдын ала айтуға болады.
Мінездің күштілігі. Бұл — адамның көздеген мақсатына жетуге жұмсайтын
энергиясы, бұл — жан-тәнімен кұмартуға және қиындықтар мен кедергілерге
кездескенде қажырлылық көрсетуге қабілеттілік, бұл — соларды жеңе білу.
Мінездің беріктігі. Бұл — адамның іс-әрекеттегі табандылығынан,
қайсарлығынан, көзқарас пен тоқтамға келген шешімді саналылықпен батыл
қорғай алудан көрінеді.
Мінездің байсалдылығы. Бұл — іс-әрекетте және адамдармен қарым-қатыста
ұстамдылық пен белсенділіктің мейлінше үйлесімді болуы. И. П. Павловтың
тілімен айтқанда индивидке өзін қиын жағдайларда ұстай алуға, амал-
тәсілдерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік беретін мінез-құлықтағы бір
қалыптылық.
Мінездің осы айтылған негізгі сапалары күрделі, кейде біріне-бірі қарама-
қайшы қатынастарда болады. Мәселен, мінездің күштілігімен үйлес келетін
мінездің сыңар жақты тар өрістілігінің немесе адамның өмірдегі негізгі
мүддесі мүшеленіп ажыратылмаған жағдайда мінездің толысқандығы жеткіліксіз
айқындалатындығы байқалады. Мұның соңғысында жанжақтылық, үстірттілік,
шашыраңдылықпен үйлесіп жатады.
Мінездің толысқандығы, кесектігі, айқындығы, күштілігі мінездің басқа да
қасиеттері сияқты туыстан пайда болған табиғат тартуы емес, тәрбие мен өмір
әсерлерінің нәтижесі.
Өскен орта мен тәрбиенің мінез ерекшеліктеріне өтетін әсері. Мінездің
құрылымы, жеке адамның қылығы тек қазіргі жағдайларға, тіршілік пен іс-
әрекеттің ықпалына тәуелді болып қана қоймай, сондай-ақ оның мінезін
айқындауға себепші болған барлық өткен өмір жолына, бұрынғы алған әсерлерге
де тәуелді болып келеді. Сондықтан да мінезді зерттеуде жеке адамның тек
қазіргі өмір жағдайларын ғана қарастырмай, оның қалыптасуына зсер еткен
барлық күрделі және сан алуан әсерлерді білуіміз қажет.
Түрлі ситуацияларда адамға өткенде және не қазірде қойылатын талап-
тілектерге орай, ол бірде табанды, екінші жағдайда табансыздық көрсетуі
мүмкін. Мәселен, мектеп оқушыларының мінез-құлқына байқау жүргізілгенде
олардың кейбірінің жақсы оқитындығы сабақтағы табыстарын мақтаныш
ететіндігі, бірақ коллективтегі қоғамдық жұмысқа селсоқ қарайтындығы
байқалған. Оқушылардың енді біреулердің қоғам жұмысына қызу қатысатындығы,
алғап тансырмаларын бар ықыласымен орындап, үлкен инициатива
көрсететіндігі, бірақ сабақ оқуға салқын қарайтыны аңғарылған. Сабақты
жақсы окитын, қоғам жұмыстарына да белсене қатысатын, коллективте өздерін
жақсы ұстайтын кейбір оқушылар үйде ата-аналарына жәрдемдеспей, туыстарына
дерекі мінез көрсетіп, олардың акыл-кеңестеріне кұлақ аспайтын болып
шыққан. Осыған ұксас мінез-кұлық көрінicтepiн ересек адамдардан да
кездестіруге болады.
Қейбір адамдардың мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың болуы, бір
қалыптылықтың жоқтығы олардың мінез бітістеріндегі жеке қасиеттердің
кемеліне келмеуінен болады. Мектепте баланың өміріне қажетті, мәнді
талаптар үнемі қойылып отырады, бұлар біртіндеп онын әзіне-өзі қоятын
талабына айнала бастайды, соның нәтижесінде оқушының өз қылықтарына белгілі
көзқарасы қалыптасады. Екінші бір жағдайда осындай талаптар тыңғылықты
қойылып отырмайды, осыған орай оқушыда өз қылықтарына, бүкіл тіршілігіне
белгілі көзқарас қалыптаспайды.
Әрине, қажетті жағдайларда осы айтылған талаптар менгеріліп, белгілі
қарым-қатынастар жүйесіне айналады. Жекелен көрінген, бірақ әлі беки
қоймаған мінез бітістерінін сапасын көтере отырып, мікездін толыса және
кесектене қалыптасуына әкетуге болады. Мінездің осындай құрылымы оның
алғашқы формасынан сапа жағынан ерекшеленіп тұрады.
Сөйтіп, мінездін толысуы мен кесектігі оның айқындыры, сөз бен істін
бірлігі — табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуацияларында адамға қойылатып
талап бірлігінің нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез құрылымы
Педагогикалық - психологиялық ғылыми әдебиеттерде тұлғаның қалыптастуындағы адамгершілік мәселесінің зерттелуі
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде
Тәрбие мен оқыту процестері арасындағы үйлесімділіктің психологиялық - педагогикалық негіздері
Темперамент және мінез
Жеке тұлға туралы ақпарат
Пәндер