Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері

Ф-ОБ-001/033

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: І БӨЛІМ. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР ЖЕТКІНШЕК ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1. Мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда талдау . . .
3: 17
КІРІСПЕ . . .: 1. 3. Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар . . .
3: 20
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ІІ БӨЛІМ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУДІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖОЛДАРЫ
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1. Жеткіншек жастағы мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды анықтау жолдары . . .
3: 23
КІРІСПЕ . . .: 2. 2. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері . . .
3: 28
КІРІСПЕ . . .: 2. 3. Мінез-құлқында ауытқуы бар қиын балаларды қайта тәрбиелеу және коррекциялау жолдары . . .
3: 39
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 50
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 52
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 54-57

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы ағарту мазмұны күннен-күнге жетіліп келеді. Оны өнегелік түрде түсініп, ұғыну - мұғалім алдында тұрған маңызды мәселе. Сондықтан мұғалім оқу пәндеріндегі тәрбие мүмкіндіктерін барынша жақсы білуі тиіс. Бұл орайда гуманитарлық саладағы пәндердің орны ерекше. Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу - білім беру мекемелерінің, мұғалімнің және ата-аналардың қоғам алдындағы борышы. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» [1] арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [2] . Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, психологиялық мәселелері күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жан-жақты дамыған, мәдениетті, тәрбиелі жеке тұлға болып қалыптасуы оқу-тәрбие процесінің шешуші фактор болуы заңдылық. Тәрбие процесін басқарудың маңызды педагогикалық міндеттері жастардың белсенді өміршілік позициясын қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөзбен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол жастардың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызы.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бап екінші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, Қазақстан - 2030 бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы көрсетілген. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы Отаннының сүйікті де кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балалар тәрбиелеудің нәзік жақтарын білуі шарт. Өкінішке орай, оқушылар арасында тілден, діннен безген, алдау мен арбау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайрымсыздық, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп қалады.

Осы мәселе туралы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеген психологтар Л. С. Выготский, Л. И. Бажович, А. В. Запорожец, т. б. [3, 4, 5] еңбектерінен бұл мәселенің күрделі екендігін байқауға болады. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылар сабақта өздерін ұстай алмайды. Соның салдарынан оқушыларда үлгермеушілік пайда болуы мүмкін. Осы кезеңде оқушылардың бойында еріктік психикалық процестерінің қасиеттерінің қалыптасуына және олардың өз мінез-құлықтарын басқара алуына, яғни, мінез-құлық қағидаларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек екендігі туралы А. И. Леонтьев, А. В. Запорожец, Л. С. Выготский [6, 7, 8] еңбектерінде айтылған. Сонымен қатар оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдарын М. И. Чистякова, Дж. Миши, оның пайда болу себептерін А. И. Захаров, А. А. Рояк [9] зерттеді.

Зерттеуші ғалымдар Р. Г. Файнберг, Нижегородцова негізінен оқушылардың психикалық даму ерекшеліктеріне көп көңіл бөледі, олардың пайымдауынша, оқушылардың өмірлік тәжірибесінің жетіспеуінен, үлкендердің оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмағандықтарынан (А. И. Захаров, Л. В. Островская, М. И. Буянов), елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз даму деңгейінен (Е. Е. Кравцова, А. А. Нурауханова, В. В. Степанова) мінез-құлқы қалыптасуында көптеген қиындықтар кездеседі. Сонымен қатар жеке тұлғаның мінез-құлқындағы қиындықтар олардың жас ерекшеліктерімен де байланысты болып отырады.

Жалпы педагогика, психология мәселелерімен арнайы отбасы тәрбиесі мәселелерімен шұғылданып жүрген қазақстандық ғалымдар: Г. А. Уманов, [10], Ж. Қоянбаев [11], В. В. Трифонов, Л. Керимов [12], Л. Лысенко, Ә. Омарова, Б. Айтмамбетова, К. Божанова, В. Г. Баженов, М. Жұмабаев [13], және т. б. авторлар оқушы мінез-құлқының қалыптасуында отбасының алатын орнын анықтай отырып, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер оқушының дұрыс тәрбие алуына нұқсан келтіретінін анықтаған.

Мәселен, профессор Г. А. Уманов «қиын» балалар проблемасын зерттегенде, оның себептерінің бірі әке-шешесінің маскүнемдігі, әкесіздік, бақылаусыздық, орынсыз қаталдық, ұрып-соғу деп көрсетеді. А. И. Шүжебаева өзінің зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесіндегі балалардың ересектермен өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздерін, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымын зерттеп, бала мінезіндегі қиындықтарды түзету жолдарын ұсына отырып, бала мен ересектердің қарым-қатынасының дербес бағытталған моделін жасап, соған сәйкес жұмыстарды жүргізудің әдістері мен тәсілдерін анықтаған.

Дефектологтар мен дәрігерлердің зерттеу пәні мінез-құлқында ауытқуы бар «аномалдық балалар», яғни қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуға байланысты девианттық (ауытқушылық) мінез-құлқы бар балалар болып отыр.

Зерттеулер олардың жалпы психикасының дамуында ауытқуы бар екендігін көрсете келіп, дамудың тежелуіне, қоғамға бейімделудегі қиындықтарға себеп жағымсыз әлеуметтік факторлар екендігі төмендегі ғалымдардың зерттеулерінде М. И. Буянов, М. С. Вроно, В. Я. Хиндикин, В. А. Турьева, Х. Т. Шерьязданова [14] Р. Г. Илишева [15], Г. М. Кудиярова [16], К. С. Лебединская, А. Е. Личко, Ж. И. Намазбаева [17], Ж. Қаирова [18] және т. б айтады Д. И. Абдуллаева, Е. И. Баланова, А. С. Белкина, Е. В. Бондаревская, Ю. Р. Гербева, Р. П. Ким, Кадырова, И. Н. Мынбаева және т. б педагог-психолог ғалымдардың зерттеулері балалардың тәртіп бұзушылығының профилактикасы мәселелерінде кешенді әрекет ету қажет екенін көрсетеді.

Көптеген авторлардың А. П. Крачковский, А. Е. Личко, В. Г. Степанова, В. В. Трифонов пікірлері бойынша қиындық 6-8 оқушыларында, яғни жеткіншек кезеңге өткенде, әсіресе, ұл балаларда байқалады.

Әсіресе, қазіргі экономикалық-әлеуметтік жағдайлардың шиеленіскен кезеңінде оқушыға жан-жақтан әсер ететін ақпараттар ағынының көбейе түсуі және тағы сол сияқты факторлар бала психикасына кері әсерін тигізеді.

Сол себептен, біз тақырыбымызды «Қиын балалар мінез-құлық психологиясы және оларды түзету әдістері» деп алып отырмыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты - қиын балалар мінез-құлқындағы қиындықтарды анықтау және оларды түзету жолдарын көрсету.

Зерттеу объектісі - ретінде жеткіншек жасындағы оқушылар таңдап алынған.

Зерттеу пәні - қиын балалар мінез-құлқындағы қиындықтарды анықтау және оларды түзету жолдары мәселелерін айқындау мүмкіндіктері.

Зерттеу болжамы - қиын балалар мінез-құлқындағы қиындықтарын және оларды түзету жолдары мәселелерін айқындау, психологиялық даму дағдарысының мазмұны, қиын балалар мінез-құлқындағы қиындықтарды дамытушы факторларды анықтай отырып, оларды түзету әдістері мен жолдарын қамтамасыз етуі.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың теориялық негіздерін қарастыру;
  2. Мінез-құлқындағы қиындығы бар оқушыларды анықтап, оларды белгілі бір топтарға жіктеу;
  3. Қиын оқушылардың мінез-құлқын түзету жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі: М. Әбенова атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары болып табылады. Зерттелінушілер саны - 8.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау. Озық тәжірибелерді зерттеп қорыту. Жеткіншек жастағы «қиын» оқушыларға арналған психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданып, талдау жасау. Психологиялық-педагогикалық эксперимент ата-аналармен, оқушылармен әңгімелесу: «Сіздің балаңыздың көзқарасынша отбасы мәселелері» (отбасы суреті) : өзіндік бағалауға арналған әдістер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы «қиындықтарды» анықтау жеткіншек жастағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерін қарастыратын теориялық көзқарастарға өзіндік үлестерін қосады.

Практикалық маңыздылығы:

Эксперименттік жұмыс нәтижесінде мінез-құлқын анықтау әдістемесі ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерін талдау барысында мынадай тұжырымға келдік:

- жеткіншектер арасында кәсіби тұрғыдан дайындалған ақпараттық әдебиеттерді кеңінен тарату.

- жастар мен жасөспірімдердің мамандық таңдауына ықпал ететін үйірмелер (клуб, секциялар) ашу.

- жергілікті баспасөз қызметінде жасөспірімдерге арнап газет-журналдардың шығуын жолға қою.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан республикасының «Жоғары білім туралы» Заңы, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, философтардың әлеуметтанушылардың педагогтар мен психологтердің еңбектері және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, озат педагогтардың тәжірибесі, газет-журналдар.

Диплом құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І БӨЛІМ. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР ЖЕТКІНШЕК ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П. П. Бельский (1917 ж., 1924 ж. ) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды зерттеді. П. П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жеткіншектер мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л. И. Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З. Фрейд пен К. Левиннен бірталай мағлұматтар алды.

Қазiргi кезеңдегi әсiресе жеткiншектердiң мiнез-құлқында ауытқуы жайлы мәселе кең шеңберде зерттеушiлердiң, яғни психолог, педагог, социолог және дәрiгерлердiң назарын аудартуда. Сонымен қатар, мұғалiмдердiң, тәрбиешiлердiң және ата-аналардың негiзгi өзекті мәселесiнiң бiрi болып саналады. Өйткенi, қандай болмасын ата-ана, өзiнiң баласының парасатты, бiлiктi, мәдениеттi, бiлiмдi және дүниетанымы жоғары болып елiмiздiң мәртебелi азаматы болуын қалайды. Өкiнiшке орай, бүгiнгi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерiне байланысты бұл мәселе, яғни кейбір жеткiншектердiң мiнез-құлықтары қалыпты дамып, iзгi жолда жүруi күмәндатады. Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың терiс жолға түспеуiн, адамгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, жеткiншектердiң тұлғасының дұрыс қалыптасуы үлкен ықпалын беретiнi жүйелi тұрғыда қарастырылады. Алайда, бiрiншi кезекте мiнез-құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәнiне зер салайық. Жеткiншектердiң мiнез-құлықтарының ауытқығаны жөнiндегi мәселе, психология-педагогикалық, әлеуметтiк, дәрiгерлiк және заң тұрғысында әртүрлi терминологиялармен қарастырылады. Жалпы әдебиеттердi талдау негiзiнде, бұл мәселенiң өзегiнiң ашылуы келесi реттегi терминдерге, яғни “эмоционалды-ерiктiк сфераның ауытқуы”, “аффективтi сфераның ауытқуы”, “дисгармониялық тұрғыда психиканың дамуы”, “девиантты мiнез-құлық”, “делинквенттi мiнез-құлық”, “тұлғалары патологиялық тұрғыда қалыптасқан балалар”, “тәрбие тұрғысына көнбейтiн қиын балалар” және т. б. түсiнiктерге түйiнделетiнi көрсетiлдi. Мiнез-құлық - адамның күнделiктi өмiрiндегi тұлғалық қасиеттерiнiң көрiнiс беру формаларының бiрi болып саналады.

Белгiлi психолог, ғалым С. Л. Рубинштейн [18, 55-87 бб. ] өз еңбегiнде, мiнез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған iс-әрекеттi белгiлi түрде айыруға болады, - деп дәріптеген. К. К. Платонов [20, 50-86 бб. ] “мiнез-құлық” терминiне кең танылған тарихи жинақталған мағынаны бекiтуiн ұсынған, яғни мiнез-құлық - бұл оның субъективтi құрамдарын ескермей-ақ, iс-әрекеттiң сыртқы көрiнiсi болып табылады, деп белгiлейдi.

Кеңес психологиясында девиантты, яғни мiнез-құлықтың ауытқығанын қоғамдағы құқыққа немесе адамгершiлiк-өнегелi қалпына қарсылық бiлдiретiн жеке қылықтар және қылықтардың жүйесi деп түсiндiредi. Девиантты мiнез-құлықтың алғашқы пайда болуы, балалық жаста, әсiресе жеткiншек жаста жиi байқалады. Бұл ақыл-ой даму деңгейiнiң бiршама төмендiгiн, тұлғаның толық қалыптаспаған үрдiсiн, қоршаған ортаның және отбасының терiс әсерiн, сонымен қатар, топтардың талаптарынан және осындағы қабылданған құндылы бағдарлардан жеткiншектердiң тәуелдiгiн сипаттайды. Жеткiншектердiң девиантты мiнез-құлықтары өз iсiнiң дұрыстығын дәлелдеп беру тәсiлiмен жиi қызмет етiп, үлкендердiң шындықтарына немесе әдiлсiз болып көрiнуiне қарсылық көрсетедi. Кейбiр жағдайларда, девиантты мiнез-құлық адамгершiлiк-өнегелiк қалыптарын жеткiлiктi бiлiмдермен үйлесуi мүмкiн, яғни бұл ерте жастан бастап адамгершiлiктi-өнегелiк дағдыларын қалыптастыруының қажеттiлiгiн көрсетедi.

Л. И. Божович [7, 126-140 бб. ], В. А. Крутецкий [27, 35-65 бб. ], Т. В. Драгуновты [92; 93] зерттеулерiнде, жалпыға бiрдей мектеп оқушыларының көбi өз жасына сай адамгершiлiк-өнегелi ұғымдар дұрыс талқылауы көрсетiле отырып, барлық жастағы оқушыларда мiнез-құлықтың адамгершiлiк нормалары жөнiнде бiлiмi дұрыс бола бермейтiнi де анықталған. Мұндай бұрмалы бiлiмнiң себебi: тәрбие үрдiсiнiң дұрыс басқармағанында, дұрыс түсiнбеген деректерге зейiндi көбiрек бөлгендiкте, ересектердiң әрекетiн өз беттерiнше талдауға талаптануында, - деп түсiндiрiледi.

Л. И. Рувинский [94] өз зерттеулерiнде мiнез-құлықтың адамгершiлiктiк бағалау қызметi мен психологиялық механизмдер, бiлiмдер және қасiрет аралық байланыс орнату шарты ретiнде қарастырған. Нәтижесiнде автор, адамгершiлiктiк-өнегелiктiң құнды саналы-эмоционалды меңгеру концеп-циясын ұсынды.

Кеңес психологы А. Н. Леонтьев [6, 32-47 бб. ] мiнез-құлықтың мотивiн теориялық тұрғыда түсiнуiне көп үлесiн қосып, осы мәселеге бағытталған бiрқатар зерттеулердi кең тұрғыда жүргiзген.

Ол зерттеу барысында, қажеттiлiк өз бетiнше мiнез-құлықтың мотивi бола алмайтынын көрсеттi, өйткенi мұқтаждық күй ретiнде ол ағзаның тек бағытталмаған белсендiлiгiн ғана тудыруға және мұқтаждықтан пайда болған күштiң толық жойылуына дейiн оны белгiлi деңгейде қүшейтiп немесе әлсiретiп тұруға қабiлеттi болады. Сондай-ақ, толық мотив үшiн, яғни мiнез-құлықты белгiлi бiр жүйеге бағыттау үшiн, кемiнде екi мотивациялық фактор қажет деген шешiмге ол келдi, яғни қажеттiлiк және мотив. Сонымен “мотив” дегенiмiз - iс-әрекетке, белгiлi бiр қылықтарға итермелеушi күш. Бұл баланың қажеттiлiктерi, қызығушылықтары, құмарлықтары және эмоциялары болуы мүмкiн. А. Н. Леонтьев қажеттiлiк пен мотив арасындағы айырмашылықты, тек мiнез-құлық мотивациясындағы үрдiс ретiндегi әртүрлi рөлiнде ғана емес, басқада деп ұйғарды.

Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде осы тұрғыдағы мәселе көбінесе педагогтардың және психологтардың, яғни Шалгимбаев Т. М. [117], Айдарбеков Қ. А. [118], Трифонов В. В. [119], Ескендірова А. Ұ. [120], және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Мәселен, В. В. Трифоновтың еңбегінде болашақ мұғалімдерді қиын балалармен жұмыс істеуге даяр болу жүйесін жан-жақты сараптап, ұсыныстар көрсетілген. Сонымен қатар, Қ. А. Айдарбековтың ғылыми зерттеуінде жеткіншектердің өзіндік сана-сезіміндегі диологиялық дамудың құрылымы олардың отбасының ұйымдастырылу жүйесінің ерекшелігінен тәуелді болуы қарастырылады. Жеткіншек жас кезіндегі тұлға дамуының ауытқуларының себептеріде дәріптеледі. А. Ұ. Ескендірованың «Түрлі факторларға байланысты жасөспірімдерде агрессивтіліктің пайда болуының психологиялық ерекшеліктері» атты жұмысында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында агрессивтіліктің пайда болуы әр түрлі факторлармен байланысты болуы дәлелденген. Аталған зерттеулердің ішінен Т. М. Шалғымбаевты «Мінез-құлық дезадаптивтік жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастар ерекшеліктері және оларды келтіру жұмысында есепке алу» атты ғылыми зерттеуінде мінез-құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылған. Сондай-ақ, жасөспірімдердің агрессивтілік мінез-құлықтарының түрлерінің ерекшеліктері көрсетіліп, түзету жұмыстарының бағдарламалары ұсынылған. Алайда, бұл зерттеулерде өзіндік сана-сезімнің құрылымы, оның тұлғалық қасиеттке әсер етуі жәйлі мәселелер қарастырылмаған. Сондықтан, аталған зерттеулерді сараптай отырып, біздің ғылыми зерттеуімізде казіргі кезеңдегі мiнез-құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің өзiн-өзi бағалауы мен оның эмоционалды-когнитивтік компонентері, сонымен қатар, талаптану деңгейiнiң ерекшелiктерiн эксперименттік тұрғыдан зерттеуін көздедік.

Қандай да болмасын қажеттiлiктiң, қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесi субъективтi тұрғыда ғана көрiнедi, демек санасыз түрде эмоцияда ғана көрiнiс бередi. Ал мотив адам санасында мiнез-құлық бағытталған объект немесе мақсат ретiнде көрiнедi. Қандай болмасын мiнез-құлықты бағалау, оны бiр нормалармен, ережелермен салыстыруды ұйғарды.

Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет, сондықтан оның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды /38/. Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі - қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т. б. ) . Олар өз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен - грек тілінде күшті деген мағнаны білдіреді) эмоция деп аталады, ал адамды күшінен айырылтып, барлық іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения - әлсіз) деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Құқықтық сананың қалыптасуы. Криминалдық психология
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Жеткіншекке психологиялық көмек көрсету
Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі
Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс мәселелері
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz