Мінез-құлық ауытқуларына бейім балалармен жүргізілетін психологиялық түзеу жұмыстарының ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мінез-құлық ауытқуларына бейім балалармен жүргізілетін психологиялық түзеу жұмыстарының ерекшеліктері

Қазіргі нарықтық қоғамда оқушылар арасындағы ұлғайып кеткен тәртіп бұзушылық пен бұзақылықтың алдын қалай алуға болады деген мың сан сұрақтар, проблемалар туындап отыр.

Бұлардың бәріне шешім табу, оқушылардың әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін анықтау, белгілеу және дер кезінде көмек көрсету мектеп психологының ең негізгі міндеттерінің бірі.

Сондықтан, мектеп психологтары психологиялық анықтау жұмыстарын дер кезінде және білікті түрде жүргізуі қажет.

Психологиялық анықтау нәтижесі бойынша жүргізілетін түзеу жұмыстары мақсатты түрде және ұзақ мерзім бойында, әртүрлі адекватты әдістемелерді қолдану арқылы орындалады.

Эмоционалды ерік аясы бұзылған балалардың мінез құлқындағы ауытқуларды түзеу жұмыстары барысында шағын бағдарламалар қолданылады. Бұл бағдарламалар балалардың бойында қоршаған ортаға деген сенімділікті қалыптастыруға, өздігімен басындағы мәселені шеше білуге, эмоционалдық реакцияларын дұрыстауға, мінез-құлық стереотиптерін жоюға, «мен» бейнесінің үйлесімді болуына үйретеді.
Түзету жұмыстары барысында келесі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады:
1. Мінез-құлық бұзылуы және тұлға аралық қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер

-гештальттренинг, арттерапия, психодрамалық әдістер: әсіресе «айна» техникасы мен рольдерді ауыстыру әдісі.

-рольдерді ауыстыру арқылы агрессивтікті азайтуға арналған тренингтер.
-кеңестер беру, әңгімелесу. Мінез- құлық түрлері және олардың акцентуациясы туралы әңгімелесу.

-кәсіптік бағдарлау- бағыттау бойынша жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.

2. Коммуникативтік аясының бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер

-өзін -өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер

-қарым-қатынас тобын ұйымдастыру арқылы тілдің коммуникативтік жағын дамыту
-күнделікті мәдениеттану сабақтарын өткізу

-жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер, лекциялар өткізу

-жеке кеңестер өткізу.

3. Оқыту процесінің бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер

-мектептік тақырыпта ойын тренингтерін жүргізу, осы тақырыптар бойынша рольдер ауыстыру арқылы психодрама ұйымдастыру

-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері

-өзін-өзі бағалауды көтеруге және үрей, қобалжу күйлерін азайтуға бағытталған тренингтер

-топтық басқару, кәсіптік таңдау туралы әңгімелесу, кеңес беру.

4. Қаңғырып кетіп қалуға бейімділікті түзеуге бағытталған әдістер

-өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер

-рольдерді ауыстыру психодрамасы

-жанұялық тақырыптағы «айна» техникасы

-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері

-қобалжу және өзін-өзі кінәләу сезімін жоюға арналған жеке жұмыстар
-оқыту тренингтері

-жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер, лекциялар өткізу

5. Ата-анамен қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер

-өзін -өзі бағалауын көтеруге бағытталған тренингтер

-ертегілер материалында жүргізілетін «психологиялық театр» әдісі

-қарым-қатынасты жақсарту тренингтері

-жанұядағы қарым-қатынас түрлері туралы әңгімелесу, пікір таластыру

-жеке түрде дараланған кеңестер беру

-бала мен ата-ана бірлескен топтық тренингтер

6. Эмоционалдық аясының бұзылуы

-қобалжуды азайтуға, жоюға бағытталған тренингтер

-релаксация және өзін-өзі басқару дағдыларына үйрету

-арттерапия
-агрессивті күйді шешуге бағытталған белсенді ойындар мен жаттығулар

-қорқыныш сезімін жоюға бағытталған ойын терапиясы

-психогимнастика
Психологиялық түзеу жұмыстары барысында тренингтердің алатын орны ерекше. Тренинг барысында талданатын мәселелер күнделікті өмірде кездесетін қарапайым мәселе болуы керек. Мысалы: мектепте сені не толғандырады? Ата-аналармен қарым-қатынаста қиындық неліктен туындайды? Неге біз көп ашуланамыз? Өз бойымызда қандай жағымды қасиеттерді дамытқымыз келеді? т. с. с.

Сонымен қатар тренингтер барысында қатты әсер, сезім туғызатын және кері байланыс туғызатын жаттығулар қолданылады. Тренинг кезінде психолог әр баланы толығымен тануға мүмкіндік алады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде топтық ұйымшылдық артады, балалар арасындағы кикілжіңдер азаяды, өз құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынасы жақсарады. Жалпы айтқанда тренинг жұмыстарынан кейін көптеген жағымды нәтижелер көрініс береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz