МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӨНЕ ЖЕКЕ АДАМ


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 159 бет
Таңдаулыға:   

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӨНЕ ЖЕКЕ АДАМ

Мінез-құлық мәдениеті дегеніміз адамзат қоғамы мәдениетінің ажырамас құрамдас бәлігі. Оның негізінде қоғамда үстем болып отырған, адамның мінез-құлық нормаларын айқындайтын мораль жатыр. Мораль қоғамдық сана формаларының бірі болып табылады. Адамгершіліктің «мәңгілік» нормаларының болмайтыны белгілі, Таптарға бәлінген қоғамда мораль тап күресін бейнелеп, таптық сипатта болады. Үстем таптың моралы үстемдік ететін мораль болып саналады. Бұрынғы қоғамдық формацияларда әрбір таптың мораль туралы өз ұғымы және соған сәйкес мінез-кұлық мәдениеті болды. Халықтың пұрсатты топтарының мінез-кұлық мәдениеті қанаушылар табының моралына сүйеніп, оны қолдау және қорғау үшін екінің бірінде діннің көмегін де қолданып отырды.

А. Таммсааре өзінің «Тамұктан шыққан тағы бір сай-тан» деген шығармасында буржуазиялық моральды Айлакер Антстың аузына мынадай сөздер салып сипат-тайды: «Бұл дүниеде кішкеитай адам үлкен адам үшін, әлсіз - күшті үшін, акымақ - ақылды үшін азап шегуге тиісті. Қүдайдың өзі осылай жаратқан. Сондықтан оған қарсы шыққан адамның кұдайға қарсы шыққаны, ал құдайға қарсы шыққан адамды ажал күтіп тұрады»'. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында нақ осы автор «Соғыс және бейбітшілік» деген мақаласында: «Біз тістілер мен тырнақтылар дүниесінде өмір сүріп отырмыз, мұнда право емес, күш қана үстем, мұнда өктемдік пен капитал билеп-төстейді», - деп жазған болатын.

Ал қанаушы таптардың моральдық принциптерінің негізіне не алынады? Мұны халық өзінің мақал-мәтелдерінде барынша айқын тұжырымдаған: «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін», «Байдың мысығы да қоян алады», «Ақшада иіс болмас» және «Адам адамға қас-қыр». Жоғарғы қауым өзі ұғынып, өз мәдениетін дамытуға септігін тигізетіндерді ғана айтып келді.

Маркстік-Лениндік ілім бұрынғы қоғамдық формациялар мәдениетінің мұрагері пролетариат болып табылады және социалистік қоғам міндеттерінің бірі - оның ең бағалы бөлігін меңгеру деп санайды. Әлбетте, мұның мінез-құлық мәдениетіне де қатысы бар.

Сословиелер мен таптар жоқ, тең праволылық үстемдік ететін социалистік қоғамда қоғамның барлық мүшелері үшін ортақ, бір ғана мінез-құлық мәдениеті бар, ол жоғары мораль - коммунистік моральға бағынады.

КПСС Программасының жаңа редакциясында былай делінген: «Қоммунизмге қарай бірте-бірте алға басу жағдайында революциялық күрес мақсаттарына, коммунизм мұраттарына адалдыққа негізделген нағыз адамгершіл, әділ, ізгілікті мораль - коммунистік моральдың творчестволық потенциалы барған сайын толық ашылады. Біздің мораль өз бойына жалпы адамзаттың адамгершілік байлығын да, сондай-ақ адамдардың мінез-құлқы мен олардың арасындағы қатынастардың халық бұқарасының қанаутылыққа қарсы, бостандық пен әлеуметтік теңдік, бақыт пен бейбітшілік жолындағы сан ғасырлық күресінде туған нормаларын да сіңірген».

Коммунистік мораль дегеніміз, біріншіден, қоллективистік мораль; оның іргелі принципі -«біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Ол өзімшілдікпен, менмендікпен және пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалық тық, қоллективтік және жеке мүдделерді үйлесімді ұштастырады. Екіншіден, коммунистік мораль дегеніміз гуманистік мораль. Ол енбек адамының мәртебесін көтереді, оған деген терең кұрметтеу сөзіміне толы және оның абырой-атағына нұқсан келтіруге төзбестікпен қарайды. Ол адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынастарды - жолдастық ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын, жеке адам өмірі мен қоғамдық өмірдегі ізгілікті, адалдықты, қарапайымдылық пен кіші-пейілділікті орнықтырады. Үшіншіден, коммунистік мораль - белсенді, қаракетшіл мораль. Ол адамды еңбектегі және творчестволық жаңа жеңістерге, қоллективтің және бүкіл елдің өміріне ынта-ықыласпен араласуға, социалистік өмір салтына қайшы келетін нәрсенің бәрінен белсенді түрде бөзінуге, коммунистік мұраттар жолындағы табанды күреске құлшындырады. Қоғамның әрбір мүшесі бізде қолданылып жүрген мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс, ал ол нормалар: қоғаммен және отандастарыңмен санас, оларды құрметте, басқалар өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, нақ солай ұста деген принципке негізделгену.

Мұны ең алдымен жастардың тек сырт көрінісінің тартымды болуына ғана ұмтылатын бөлігі ұғып алуға тиіс.

«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс . . . Мен көркі мен киіміне карасам, көз суйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек - құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы кабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың».

Адамның ішкі жангдүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сөзімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Ішкі жан-дүниесі бай болс:а, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді.

Кешегі және бүгінгі мінез-құлық ережелері

Мінез-кұлық ережелерінің өзіне ғана емес, сонымен қатар оны сақтайтындарға да мысқылдап қарап, бұл адамдарды буржуазиялық соқыр сенімдердің құрбаны деп санайтын адамдардың әлі де жеткілікті екені құпия емес. Олар саясатты, әдебиетті, музыка мен өнерді түсінетін білімді адамға, адамдарды бағалай білетін жақсы маманға адам үйге қалпағын шешіп кіре ме әлде шешпей кіре ме, ол бірінші болып қол ұсына ма немесе өзіне қол беруді күте ме, онымен санасып жатуы мүлдем міндетті емес деп пайымдайды.

Дегенмен де адамзат дамуының сан ғасырлық тарихы бойында қалыптасқан мінез-құлық ережелерінің іс жүзінде негізі бар. Оның дұрыстығы gui bene, guі рrо-bеst? - кімге пайдалы, кімге тиімді?- деген сұраққа байланысты болып келді (қазір де соған байланысты) . Адамзаттың ұзақ дамуы көзінде көптеген ережелер өзгеріп, толықты, көпшілігі мүлде жоғалып кетті, ал бір бөлігі дәстүр бойынша, міне, ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келеді.

Антик дәуірінің әдебиетінен де біз сол кездің әдет-ғұрыптары мен мінез-құлық ережелерінің баяндалғанын кездестіреміз. Мысалы, Сқандинавияның «Эддесінде» дастархан басында сакталатын әдеттер туралы барынша нақты айтылады, оның үстіне тостар көтеру женінде тіпті егжей-тегжейлі ережелер де келтірілген.

Мінез-құлық жәніндегі бірінші жетекші қүрал 1204 жылы испандық Петрус Альфонс жазған «Клерикалис тәртібі» болды. Оның ізінше сарай маңындағыларға арналған, ал кейінірек те неғұрлым қалық кепшілікке арналған мінез-құлық ережелері туралы кітаптар шықты. Мәселен, 1716 жылы Гамбургта «Сыпайы да әдепті әңгімелесу мен өмір сүруге, жоғары ақсүйек адамдармен, өзі сияқтылармен және әйелдермен араласуға арналған, сондай-ақ әйелдерді дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін әдет-ғұрыптар» деген толымды атпен кітап шығарылды.

Әр түрлі қоғамдық формацияларға адамдар арасындағы қарым-қатынастың әр түрлі формалары сай келіп отырды, ал адамдарды қоғамдық тәртіптерді, дүниетаным мен сословиелік алшақтықты өзінше бейнелейтін мінез-құлық ережелерінің жиынтығы біріктірді. Сыпайылық әдеттері мен ережелері немесе, басқаша айтқанда, жақсы мәнер мен жақсы сыңай ережелері билеп-төстеуші тапқа - құл иеленушілерге, феодалдарға және кейініректе буржуазияға арналды, ешқашанда «халықтың төменгі топтарына», «қарапайым халыққа» арнап жасалған емес. Қарапайым халық өзіне қолында билігі барлар бұйырған бір-ақ ережені: маңдай теріңді төгіп тапқан наның үшін сен өз мырзаңа бағынып, алғыс айтуға тиістісің деген ережені ғана білуге тиіс болды. Жоғары сословиеге жататын адамдар тек өзі сияктылармен қарым-қатынас жасағанда ғана сыпайы және әдепті болды. «Төменгі топтың» адамдарымен, яғни жұмысшы адамдармен жанасып кетсе-ақ сыпайылық жайында қалатын. Алайда адам әркашанда әдемілік пен тәртіпке ұмтылып келді, сондықтан да қарапайым халық арасында халықтың тамаша дәстүрлерін бейнелейтін, еш жерде жазылмаған, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан әдет-ғұрыптары мен мінез-құлық ережелері қалыптасқан. Адамға жақсылық, әдемілік атаулыға ұмтылу тән, сондықтан қарапайым халықтың жақсы сарын дейтінге бой ұруында тұрған қайран қаларлық ештеңе де жоқ. Дүние жүзілік тарихта бірінші рет біздің елімізде ғана жұмысшы адам басым бола бастады.

Мінез-құлық ережелері әрқашанда гигиена талаптарын бейнелеп келді және бейнелеп отыр. «Мінез-құлықты билейтін әдет-ғұрыптардың басым көпшілігі психогигиена-мен тікелей байланысты. Олар адамдардың әдет-ғұрпына уақыт өте келе, жинақталған тәжірибенің негізінде еріксіз енген. Қазіргі адам француздардың, қытайлардың немесе баска да шетелдіктердің мінез-құлық кодекстеріне бостан-босқа еліктей бермей, өзінің айналасындағылармен қарым-қатынасын бірінші кезекте психогигиена талаптарына сүйеніп, саналы түрде реттеп отыруға тиіс». Стол басындағы мінез-кұлық ережелерінің едәуір бөлігі және жалпы мінез-құлық ережелерінің де көпшілігі гигиена талаптарына бағынады. Мысалы, біреудің тусіп кеткен қол орамалын көтеріп алып бермей-ақ несіне ескерте салса жетеді: басқа біреудің қол орамалын қолға ұстаған жағдайда қайсыбір ауруды жұқтырып алуың немесе өз қолық аркылы ондай ауруды орамалға жұқтыруың мүмкін. (Бірақ қартайған немесе ауру адамға жас және неғұрлым дені сау адам, әрине, орамалын жерден алып береді. ) Сыпайылық ережесі біздің шу көтеруімізге айналадағылардың мазасын алып, шамына тиюімізге тыйым салады. Сыпайылық сөйлегенде және іс-әрекет жасағанда ұстамды болуды талап етеді.

Академик И. П. Павлов 1883 жылдың өзінде-ақ организмнің бүкіл қызметін жоғары нерв жүйесі басқарады деп жазған болатын. Медициналық зерттеулер ми қабығындағы қозу мен тежелу әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін екенін көрсетті. Дәрігерлер тіпті біздің өзіміз де байқай бермейтін кез-келген шу миымыз бен бүкіл денемізде қозу толқынын туғызады дейді. Уақыт өте келе бұл тітіркенулер организмде ізін қалдырып, жүйке, қан тамырларының ауруы, асқазан ауруы, қан қысымының артуы және т. б. сияқты аурулардың асқынуына себепші болады.

«Сынықтың бейнеті нерв жүйесінің жарақаттануынан әсте ауыр емес», - деп жазады медицина ғылымының қандидаты X. Янес, сөйтіп дөрекілікті, қатаң, жәбірлі сөзді және адамға теріс көзқарастың басқа да формаларын оның нерв жүйесін жегідей жеуге теңейді.

Біздің қоғамымыздың моралында адамдар арасындағы шынайы адамшылық қатынастар: тең праволылық, жолдастық өзара сыйластық және жақын адамдарға қамқорлық жасау қатынастары көзделеді. Мінез-құлық ережелерінің негізіне нақ осы талаптар алынған.

Жасы кішілер үлкендерге орын беріп те, қол алысу үшін жасы үлкен адамның өзі қол ұсынуын күтіп те және т. т. - үлкендерге барлық жағынан құрмет көрсетеді. Қоғамымыздың моралына сәйкес бізде әйелді ана, ұрпақты жалғастырушы деп сыйлайды. Сондықтан мінез-кұлықтың көптеген ережелерінде ер адамның дене күші басым болғандықтан әйелге көмектесуі, оған қамқорлық жасауы көзделеді. Еркек әйелге алдымен амандасады, түрегеліп орын береді, жасы үлкен адамның алдындағы сияқты, сәлемдесіп, өзін таныстырғаннан кейін, ол өзі қол ұсынғанша күтіп тұрады.

Ақырында, жалпы жұрт қабылдаған мінез-құлық ережелерінің бәрі әсемдік ұғымымен белгілі бір дәрежеде байланысты.

Қазіргі уақытта бұл ережелердің көпшілігі таза дәстүрлі сипат алып отырғанын және олардың практикалық жағынан құндылығы күмәнды екенін айта кеткен жөн. Мысалы, баспалдақпен көтеріліп келе жатқанда еркек әйелдің алдында жүреді де, төмен түсіп келе жатқанда артында жүреді. Бұл талап әйелдер ұзын көйлек киетін және балауыз шам жағатын дәуірде пайда болған: еркек қолына шырағдан алып, жолға жарық түсіріп жүрген, оның үстіне ұзын кейлектің етегін оп-оңай басып кетуге болатын еді.

Европа халықтарында сәлемдескенде бір-бірінің қолын қысатын болған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр кұрметтеу белгісі деп түсініледі. Ал бұл ғұрыптың тууына басқа себеп: татулық бейбіт ниетті дәлелдеу себеп болған еді. Алақанын жазып, ілгері созылған оң қол онда тас, пышақ және басқа қару жоқ екенін дәлелдеуге тиіс болатын. Егер екінші жақ та бейбіт ниетте болса, шын пейілімен қол қысып, сәлемдесетін болған. Нақ сол ойды Шығыста арабтар кеудесіне қолын қусырып, турікмендер қолдарын ұзын жеңіне тығып білдірген, қытайларда бас игенде қолдары екі жағында салбырап тұратын болған және т. т. Бас киімін алу да бейбіт сөзімнен, құрмет білдіруден туған. Бұл ғұрып шайқас алаңында дулығаны шешуден басталған еді.

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Европаны тұмау сүзек індеті жайлаған кезде, дәрігерлердің инициативасымен, Сәлемдесуді оңайлату одағы пайда болды. Көптеген калалардың көшелерінде кеудесіне ерекше белгі таққан, қол алыспай және калпағын көтермей амандасатын адамдарды кездестіруге болатын еді.

Әр халықтың әдет-ғұрпы да әр түрлі. Бұл айырмашылықтар тарихи және жергілікті жағдайларға, халықтың мінөзіне және басқа факторларға байланысты. Сондықтан біз бір халықтың әдет-ғұрпын екіншісіне телімеуге тиістіміз. Халықты құрметтегенде оның дәстүрлерін де кұрметтеуіміз керек.

Дәстүрлер ешқашанда мәдениетпен қатар дамып көрген емес, сондықтан мәдениеті жоғары халықтарда кейбір ескірген ғұрыптардың болуы мүмкін.

Әдептілік ережелерінің әрқашан бірыңғай бола бермейтініне, кейде шартты және салыстырмалы болатынына қарамастан, оларды ұстану қажет, әйткені мұның өзі адамдар арасындағы түсініспеушілікті болдырмайды және қарым-қатынасты неғұрлым ұнамды етеді; Біздің қоғамымызда қолданылып жүрген сыпайылық ережелерінің арасында қоғамдық мүдделер үшін сақталатын міндеттілері де, шын мәніне келгенде заманы өткен, бірақ зиян келтірмейтін міндетті еместері де бар. Соңғыларына сәлемдескенде, қоштасқанда және танысқанда қолды сүю, бас киімін көтеру және басқалар жатады, мұндай жағдайда әркімнің өз қалауы бойынша, өзінің әдептілік сөзіміне және талғамына сәйкес істеуіне болады.

Біз жаңа заманның басталар көзінде, ескілікті сын көзбен қайта бағалау кезеңінде өмір сүріп отырмыз және өз бойымыз болашақ үшін - коммунизм үшін творчестволық құлшынысқа толы. Өткендегі формациялардың мәдени мұрасын сын көзбен қабылдай отырып, біз сол сияқты бұрынғы кездің мінез-құлық ережелерін де қалай болса солай емес, қайта сын көзбен және саналы түрде қабылдауға тиіспіз. Социалистік мемлекетте адамдар арасында жаңа мінез-құлық ережелері түрінде тиісінше бейнелеу формаларын талап ететін жаңа қатынастар орнады.

Өткендегі алпауыттардың салтанатты рәсімі мен мещандардың «жоғары қоғамды» бейнелейтін жалған сыпайылығы бізге жат және өткен ғасырлардағы корсет киіп тыртиған тұлғалар сияқты күлкілі. Сыпайылық ережелерін догмаға айналдырып, өзіңнің ізгі сөзімдеріңді, жақсы талғамыңды, табиғи қолайлы және ешкімге кедергі жасамайтын парасатты жағдайыңды кұрбан етуден өткен мағынасыз ештеңе жок. Біздің қоғамымызға шын жүректен және тілектестіктен туатын сыпайылық тән болуға тиіс. И. В. Гётенің айтқанындай, «шын жүректен шығатын, сүйіспеншілікке пара-пар сыпайылық болады. Айналамен қарым-катынастағы қолайлы сыпайылық содан қалыптасады» (И. В. Гёте, «Максималар мен рефлексиялар») . Этикет болып қала беретін және жақсы мәнермен (оларды солай болып көрінуге тырысу деп атаған дұрыс болады) ғана шектелетін сыпайылық пен мінез-құлық ережелері бізге аздық етеді. Мінез-кұлық ережелерін жағдайға, орын мен уақытқа қарай ақылға сала отырып сақтау қажет. Мысалы, әдетте көшеде қатты айқайлап, қол сермеуге болмайды, ейткені бұл жұрттың мазасын алады.

Ал егер әлдебіреуді машина басып кету каупі төне қалса, тіпті барынша қатты айқайлап, шапшаң қимыл-ишара жасау да орынды болады.

Біз мінез-кұлық ережелерін бойымызға сіңіріп алуға тиіспіз, ал мұның өзі неғұрлым ертерек қалыптасса, біз оларды со ғұрлым табиғи түрде, емін-еркін орындайтын боламыз.

Сондықтан баланы ең жас көзінен бастап-ақ сыпайылыққа үйрету керек. Қейбір ата-аналардың ойлайтынындай, сыпайылық ережелерін түсінуге ешбір баланың жастығы кедергі келтірмейді.

Негізінен алғанда сыпайылық пен өзін ұстай білу адамның жалпы дамуына байланысты болады.

Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғиі емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.

Мінездің кейбір белгілері жөнінде

Мінез-құлық мәдениеті туралы айтқанда, адамның мінез-құлқына байланысты болатын кейбір мінез ерекшеліктерін орағытып өтуге болмайды. Жалпы ереже бұл орайда тек тәртіпке келтіріп отыратын фактор ретінде ғана әрекет етеді.

Мінездің унамды белплері

ӘДЕПТІЛІК СӨЗІМІ дегеніміз өзіңді әр түрлі жағдайда жалпылама мінез-құлық ережелеріне сәйкес қана емес, сонымен қатар эстетикалық және этикалық талаптарды да қанағаттандыратындай етіп ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сөзімі адамның өзге біреудің жанына бататынның немесе қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуін және басқа біреудің қажеттері мен уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Егер сыпайылық ережелерін өзінен-өзі жаттап алып, олар жақсы дағдыға айнала алатын болса, әдеп-тілік үшін көп нәрсе қажет. Өзіңнің әдептілік сөзіміңді жетілдіру үшін өзіңді көбінесе ойша басқа адамның орнына қою керек.

Әдептілік адамның қоғамға, оның өзіне немесе қайсыбір басқа адамға қауіп төнбейтін жерде өзгенің істеріне араласудан бой тартуын талап етеді.

Сондай-ақ адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз дамуы керек.

СЫННЫҢ МАҚСАТЫ - қоғамда орын алып отырған кемшіліктерді жою. Осыған ұмтылған жағдайда сын объективті болуға тиіс - мақсатқа осылайша ғана жетуге болады. Адамдар және олардың мікез-құлқы жөнінде пікір түйместен бұрын өзіңе сын көзбен қарай білу қажет. Сынаушы өзі айыптап отырған кейбір кемшіліктер оның өзіне де тән екенін көбінесе аңғара бермейді. Екінің бірінде адамдар, іс-қылықтар немесе жағдайлар белгілі бір құбылыс туғызған себептер ескерілмей, тым жеңіл оймен айыпталады. Мұндай сын кемшіліктерді тек тереңдете түсуі мүмкін.

Сын объективті болып, коммунистік мораль принциптеріне сай келуге тиіс. Кейде біз баланы, жас өспірімді немесе тіпті ересек адамды да тәртіпке шақыруға мәжбүр боламыз. Мұны дөрекі түрде, намысқа тие немесе мысқылдай істеу дұрыс болмас еді, мұның өзі көбінесе керісінше әсер етеді. Әділ жазаның өзі адам қасиетіне міндетті түрде кұрметпен қарауды талап етеді. Жазалағаннан кейін адамға оның кінәсін еске салу әдептілік емес.

Айналадағы адамдармен қарым-катынастағы әдепсіздік кейде белгілі бір жөн-жобаның бұзылуынан көрінеді, ал оның шегі адамдардың арасындағы қатынастар, жас шамасы, қоғамдық жағдай және нақты жағдайлар (төңірек, жағдай және уақыт) арқылы анықталады. Дерекілік пен менмендік - нақ сол әдепсіздіктің үшқары көріністері.

Сөзім мен парасат билейтін әдептілік іс-әрекеттен де, сөзден де көрінеді. Әдепті адам ешкімнің мазасын алмай, ешкімді ренжітпей, қарапайым жүріп, өзін қарапайым ұстайды. Ол өзінің артықшылығын немесе қоғамдық жағдайын баса көрсетпейді. Ол шікіреймейді әрі тым еркінсіп кетпейді, қандай жағдайға болса да бейімделе береді, айналасындағылармен және жағдаймен әрқа-шанда санасып отырады.

Әдепті адам өзінін белгілі бір адамды жек керетінін байқатпайды және шамадан тыс ұнатқандық сөзім білдірмейді, мұның өзі айналадағыларды ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Жұрттың көзінше құшақтасуға, сүйісуге және өз сөзімдерін әдейі көрсетуге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайында ынтымақтастық педагогика
Салауатты өмір салты ұғымы
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтық сана
Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Менеджменттің ғылыми салушылардың негізгі бағыттары
Әлемдік социологияның дамуындагы классикалык, кезең. ХХғасырдағы батыс социолһгия мектептерінің негізгі бағыттары: эмпирикшіык, және теориялык, социология
Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мәселелері
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Шартты рефлекстер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz