Міржақып Дулатов. ( 1885-1935) Өмірі мен қоғамдық қызметі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Міржақып Дулатов.

( 1885-1935)

Өмірі мен қоғамдық қызметі

XX ғасырдың басындағы әдебиеттің дамуына үлкен үлес косқан қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының, Жангелдин ауданындағы Кызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, колы шебер адам болған. Үлкен баласы Аскарды әуелі мұсылманша, кейін орысша окытып, заң қызметіне бейімдейді. Кіші баласы Міржақыпты да ауыл молдасына оқуға береді. Екі жылдан кейін ол ауылдык мектепте Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен орысша сабак алады. «Менін алғаш білімге кезімді ашқан осы кісі», - депті кейінірек Міржақып. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім калған Міржакыпқа бұдан былай камқорлық істеген ағасы Аскар болады. М. Дулатов өзі жазған өмірбаянында: «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-казак училищесіне түстім (Торғайдағы), оны бітіргеннен кейін окытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандык алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталады. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік кызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімімді жетілдіруге жұмсадым»- деп жазады.

Торғай топырағына білімнің ұрығын сеуіп кеткен Ы. Алтынсарин мектебі жас ұрпаққа бұл кезде игі ықпалын тигізді. Мұкан мұғалім де, А. Байтұрсыновта, ағасы Асқар да Ы. Алтынсарин мектебінің түлектері еді. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді. Орыс жазушылары шығармаларымен танысады. Ауыл мектептерінде бала оқыта жүріп Міржакып жәбір көрген, тендігі жоқ қазақ халқының жағдайымен жете танысады. Оған жаны ашиды. Мұғалім болған 6-7 жыл ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары таныта бастайды.

Бұл кезенде патша үкіметінің қазак даласында отаршылдықты күшейтіп, отысуы мол, шұрайлы жерлерді тартып алып, орыс шаруаларын коныстандыруы ұлт қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салған еді. Міржақып та сол азаматтардың қатарында болды. Жасы жиырмаға тола қоймаған Міржақып өмірден көргені мен түйгенін, айтқысы келгенін әлең шумақтарымен жеткізуге талап-танады.

Т904 жылы Міржакып Омбыдағы қазақ оқығандарының бас косуына қатысады., Бұл кезең - Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық бірінші төңкеріс қарсаңында қоғамның дүрлігіп түрған шағы еді. Онда А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаевтармен кездесу, ел тағдыры жайында пікірлесу Міржакыптың ой-санасын, үлтжандылығын оята түсті. Бұлар ниеттес, мұраттас болып шықты. Кешікпей Міржақып Ахмет ағасына еріп Каркаралыға келеді.

«1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазак халкының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген, - деп жазады М. Әуезов. - Ол петициядағы аталған үлкен сөздер:

бірінші - жер мәселесі, қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған.

Екінші - қазақ жеріне земство беруді сұраған.

Үшіншісі - отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін казақ жұртын муфтиге каратуды сұраған . . . қазак баласының дертті мәселелері осылар болғандықған Ахандар бастаған іске қыр қазағынын ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған». Солардың қатарында жалынды сөзімен, жастық жігерімен жүртты елен еткізген Міржақып та бар еді. 1905 жылғы дүмпулер тұсында Міржақып Карқаралыда шеруге катынасқандар қатарында болған.

Осындай қызу кимылмен көзге түскен Міржакып 1905 жылы Орал каласында бес облыс өкілдерінің съезіне катынасады. Бұл съезде «Қазак конституциялык-демократиялык партиясы» құрылады. Осы съезд делегаттарының бірі болып, 1906 жылы Петербургке барады. Петербургте Міржақып оқыған қазақ интеллигенттерімен танысады. С. Лапин, Д. Сұлтангазин, X. Досмұханбетов, М. Шоқаев және баска окығандармен қазақ халқының бостандығы туралы, патша үкіметінің кысымы жайлы пікір алысады.

Петербургте «Серке» деген атпен қазак газетін ашу ұйғарылады. «Серкенің» бірінші саны Петербургте 1907 жылы 28 маурызда шыққан. Онда Міржақыптың «Жастарға» деген олеңі жарияланады. Газеттің екінші саныңда Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» деген бас макаласы басылады. Бірак кешікпей полиция сақшылары татарлардың апталык «Ульфат» және «Серке» газетін тәркілеп, жауып тастайды. Полицияның айыптау хаттамасында «Серке» және «Ульфат» газеттерінде 6 шілде (1907) күні жарияланған «Біздің максатымыз» макаласы барлык қазақ халқын патша үкіметіне карсы күреске шақырған үндеу сияқты делінген.

Петербургтен еліне оралған Міржакып ойына түйгенін, ел-жұртына айтар сөзін елеңге айналдыра бастайды. Ол өлендері жеке жинақ болып Уфа қаласында 1909 жылы «Оян, казақ!» деген атпен басылады. Бұл жинак Міржақыптың атын бүкіл казак еліне жайып, халык арасындағы абырой-беделін көтереді. Бірақ патша әкімшілігі тарапынан куғынға түсіп, еліне тұрақтай алмай Омбы жаққа, Қызылжар қаласына кетуге мәжбүр болады. Кешікпей «Оян, казақ!» та тәркіленеді.

Ол жақта да бакылауда жүрген Міржакыптың тұрақты жұмыс істеуге, қоғамдық істерге қатысуына мүмкіндік болмайды. Аз уақыт жеке адамдарға жалданып, мұғалімдік қызмет атқарады. Кдзак балаларына орыс тілінен сабақ береді. Қызылжарда одан Мағжан Жұмабаев та дәріс алған. Ол көп уақытын шығармашылык жұмысқа арнайды, өлендермен қатар «Бакытсыз Жамал» деген роман жазады. Роман 1910 жылы Казан қаласыңда басылады.

1911 жылы Міржақып қазақ ауылдарын аралап, Кызылжардан Семейге жол тартады. Бірақ Семей қаласына келген бойдаак полициянын колына түседі де, Семей түрмесінде бір жарым жыл отырады. Патша цензурасы «Оян, казақ!» кітабының революциялық рухына төзе алмаған еді. Міржақыптың қамауға алынғаны жайында хабар бергені үшін «Айқап» журналы және «Уакыт» газетіне патша әкімшілігі айып салады.

Түрмеден босаған соң Міржақып Орынборға келеді. Ондагы қазак оқығандарымен тығыз байланыс жасайды. «Казак» газетін шығаруға араласады. Газет редакторының орынбасары болып ұзақ жылдар А. Байтұрсыновпен бірге кызмет атқарады. Бұл жылдары онын публицистік журналистік дарыны айрықша танылады.

Олар газет бетінде патша үкіметінің отарлау саясатын әшкерелеп, казақ халқының бостандығы мәселесін батыл көтерген. Сол үшін куғын да көрген.

Міржакыптың «Оян, казағы!» 1911 жылы Орынборда екінші рет басылады. Патша әкімшілігі кітаптың екінші басы-лымын жою жөнінде тағы да шешім қабылдайды. Патша үкіметінін осынша қаһарына қарамастан, ел азаматтары бұл кітапты көзінін қарашығындай сақтаған. «Казақ» газетінде 1917 жылы жазылған хабарда фельдшер Жұмағали Тілеулиннің ұйінен «Оян, казактың!» мың данасының табылғаны айтылған. 1916 жылғы патшаның маусым жарлығына байланысты жазалаудан қашып боскан, жоқтықка, аштыкқа ұрынған казак халқына Міржақып жанын сала көмектеседі. Қызылжар каласында боскындарға комектесу үшін бірінші рет казақ тарихында жәрдем қорын ұйымдастырады.

Орынборда Міржақыптың «Азамат»(1913), «Терме» (1915) атты өлеңдер жинағы басылады.

Ұлттык ояну, Алаш козғалысын ұйымдастыру, Алаш партиясы мен Алаш-Орда үкіметін кұру, Алаш әскерін жасактау сияқты істердің бәріне де М. Дулатов бел буып, білек сыбанып катыскан, сондықтан ол Казан жеңісін кабылдамаған. Бірақ Алаштын А. Байтұрсынов сияқты қайраткерлері кенес үкіметі жағына шығып жаткан кезде, М. Дулатов та, өзге көп кайраткерлер сияқты, жаңа кұрылыска кызмет етуден жалғарған жок.

Міржақып 1920 жылы Ташкентке келеді. Сол кездегі Түркістан республикасының газеті -«Ак жолға» кызметке орналасады. Бірак көп тұрактай алмай 1921 жылы Семейге келіп , сонда облыстық сотта жұмыс істейді. 1922 жылы камауға алынады. Ә. Бекейханов екеуі Орынборға женелтіледі. Онда барғаннан кейін екеуі де босатылады.

Бұдан кейін Міржакып Орынбордағы казактың Халық ағарту институтында, Казақ баспасында, «Енбекші казак» газет редакциясында әр килы жұмыстар атқарады. «Қирағат», «Есеп кұралы» атты окулыктар, «Балкия» атты пьеса жазады.

Республикадағы мәдениет ісіне белсене ат салысып жүрген шағында М. Дулатов Сталин, Голощекин озбырлығының кармағына ілінеді. Баяғы өткен окиғалардың жаңғырығы қоздырылып, 1928 жылдың желтоқсанында бір топ қазак окығандары катарында тұткынға алынады. Кейін Ак теңіз-Балтык ічлиллынын бойындағы Соловки тұтқындар лагеріне жер аударылады. Сол жерде 1935 жылы қазанның 5-і күні ауыр науқастан қайтыс болады. Арада 58 жыл өткен соң 1993 жылы *а н. іксыз кеткен есіл ердің сүйегі туған жеріне әкелініп, жуып, арулап койылды.

«Оян, казақ!»

Міржакыптың акындыкдаңкын казақ арасына кенінен таратқан - «Оян, казақ!» жинағы. Бұл кітап татар, башкұрт окығандарының да назарын аударды. Акыннын өлеңін кімгс арналғаны, не айтпак болғаны, көңілін толкыткан кандай жайлар екені кітаптың сыртына жазылған:

Козіңді аш, оян. казак, көтер басты,

Өткізбей караңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты, -

деген беташар бір шумак өлеңінен танылады. «Оян!» сөзі - оның биік идеялык максаты, басты рухани нысанасы.

Акын қазақты оятамын деп маса болып шаккан А. Байтұрсыновқа косылып, ұйыктаған жұрттың зердесіне ой салады. Осы жинағынын кара сөзбен жазған «Сөз басында»: «Осыдан 15 жыл бұрынғымен салыстырғанда нашарлап кеттік, енді азғана жылда неміз қалады», - деп кынжылады. «Қой, бүйтпелік, әр халыктын күші - әнер болса, ол өнерге біз - казактар да ортак болсак керек. Сол үшін мұсылманша ғылымдар оқып. дінімізді танып, надандардың көзін, көңілін ашып, мұнымен әрекеттік пайдамызды табайык! Екінші дүниемізде кажетті ақымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, орысша оқып, өнерлі болайык», -деп жазады.

Жинактағы «Казак халкынын бұрынғы һәм бүгінгі халі» деген алғашқы өленде ол қазак халқының әлеуметтік ахуалына талдау жасайды. Казак неліктен жеке ел болудан калды деген сұракка жауап іздейді. Ақын алдымен халык тағдырын ойлау, оның мүддесіне кызмет ету - әрбір саналы азаматтың басты парызы екеніне назар аударады. Оның:

Міржакып, пеге отыроың калам тартпай,

Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай.

Шаманды қадари-хал корсетсенші,

Байғұс-ау, оянсаңшы карап жатпай, -

деуі - тек өз атына ғана айтылған сөз емес, жиырмасыншы ғасырдың кезі ашык жастарына арналған сөз. Одан әрі ақын туған халқының өз алдына ел болып, өзін-өзі билеген, төрт түлігі мынғырған, көшпелі әмірін есіне алады. Бірақ ол әткеннің бәрі жаксы еді деп жоктамайды. Қайта өткен заманның көленкелі жақтарын сыншыл кәзбен, сарапшыл оймсн таразыға салып, бүгінгі мүшкіл халіміздің бір себебін сол кездегі бейкамдықпен берекесіздіктен іздейді.

Сол кезде біздің казак ала болған,

Колденен дұшпандары және болған.

Күштісі нашарларын шауып алып,

Бұрынғыдай болмаған пәле болған.

Өзге жұрт Отанын, елін қорғағанды «батыр» атандырса, қазақ бұл түсінікке казан бұзар ауыл тентегін де коскан.

Ақынды толғандырар мәселе - әлеуметтік топтың, белгілі таптын мүддесі емес, тұтас халық тағдыры, ұлт мұңы, ел зары. «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат» өлеңінде:

Ұйкыда жатыр казак көзін ашпай,

Кеттік кой отка күйіп, өрттен кашпай.

Әр халык алға кетіп жатса дағы,

Біздің жүрт шегінеді кадам баспай . . .

деп халық басындағы касіретке күйзеліс танытады.

Халқының басындағы ауыр қасиетті айқын көре білген ақын енді содан айыктыру жолдарын іздейді. Халқын өнер-білімді игеруге, надандык-мешеуліктен кұтылып, мәдениетті өресі биік ел болуға шакырады. Бұл жарқын идея оның көптеген өлендерінің арқауы болды. «Өнермен хасыл болған нәрселер», «Тәртіпті медресе жоқ бұл казакта», «Қазак халқына діни бір уағыз», «Насихат гумумия», . т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша цензурасы Оян, қазақ
Дулатов Міржақып
Қазақ халқының ежелгі досы
Зерттеудің жетекші идеясы
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында. Дулатовтың өмірбаяны
Қазақтың шығу тегі
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
М. Дулатовтың өмірі
Оян, қазақ
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz