Модернизм мен постмодернизм: теориясы, ерекшеліктері және қазақ әдебиетіндегі көріністері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Модернизм (итал. modernismo , лат. modernus - жаңа, қазіргі) - XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы. Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.

Модернизмнің негізгі бастауы ретінде

  • А. Бергсонның - интуитивизмі,
  • Э. Гуссерльдің - феноменологиясы,
  • З. Фрейдтің психоталдауы
  • С. Кьеркегор, М. Хайдеггер, К. Ясперс, Н. Бердяев, т. б. - экзистенциализмі танылды.

Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты.

Мысалы, Г. Марсель мен Ж. П. Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э. Хемингуэй, У. Фолкнер, Г. Грин, Ф. Мориак, А. Миллерге модернизм әсер етсе, М. Пруст, Д. Джойс, Ф. Кафка, Р. Музиль, А. Белый, П. Валери, Ж. Жироду, Ж. Кокто, Ж. Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептері айқындалмады.

Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П. Валери, Т. С. Элиот, В. Иванов, В. Хлебников, У. Б. Йитс, А. Белый, т. б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларында мистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлері нақты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялық уақытта өмір сүрді. Оқиға шартты түрде бірнеше сағаттарда немесе бір күнде өтті.

Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М. Әуезов әңгімелерінде, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 - 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә. Кекілбаевтың “ Шыңырау ”, “ Аңыздың ақыры ”, Д. Исабековтың “ Сүйекші ”, “ Тіршілік ”, О. Бөкейдің “ Мұзтау ”, “ Жетім ботасы ”, т. б. шығармалар.

Модернизм (фр. Moderne - жаңа, қазіргі заманғы) - ХХ ғасырдың 20-жылдары пайда болған адамдардың рухани дағдарысын бейнелеуге негізделген көркемдік-эстетикалық жүйе. Модернизмнің төменгі шегі реалистік мәдениет болса, жоғарғы шегі 1950 жылдары пайда болған постмодернизм болып саналады. Модернистік өнерді авангардтық өнермен шатастыруға болмайды, бірақ олардың ара-жігін ашып, ажыратып берудің өзі қиын. Модернистік өнердің түрлеріне символизм, экспрессионизм, акмеизм жатса, авангардтық өнер түрлеріне футуризм, сюрреализм, дадаизм кіреді. Модернизм мен авангардизмнің өнерде жаңа бір нәрсені жасауды басты мақсат етіп ұстағанымен, модернизм сол жаңаны көркемдік пішін арқылы жасауды мұрат тұтады.
Кейбір кеңестік зерттеушілер модернизм мен позитивизмді бір дүниетаным ретінде қарастырады және коммунистік идеологияға сәйкес келе бермегендіктен, модернизмнің тек ұнамсыз жақтарын ғана қазбалап көрсетуге тырысқан. Сондықтан да олар модернизмді буржуазиялық қоғамдағы рухани дағдарыстың көрінісі, буржуазиялық жекелік және бұқаралық сананың қайшылықтарының жемісі деп бағалады. Бірақ сол модернистік пайымдаулардың социалистік қоғамда да өркен жайып, көрініс бере бастағанын өздері де бірден тап басып тани алмады. Кеңес зерттеушілері Н. Пастернак, М. Булгаков шығармаларының модернистік сипатын ХХ ғасырдың жетпіс, сексенінші жылдары ғана мойындай бастаса, ондай дәстүр біздің М. Әуезов, Ж. Аймауытов шығармаларының желісінде де бар екенін кезінде ғалым Б. Майтанов жазып қалдырған болатын.

15. Әдебиеттанудың жаңа бағытында постмодернизм ағымы қай кезде пайда болды, ұстанған мақсаты, маңызы. М. Эйпштейн пікірі қандай?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен бағыттардың зерттелу тарихы: модернизм мен постмодернизм
Социалистік реализм және қазақ прозасындағы бағыттар: романтизм, модернизм, постмодернизм
Модернизм эстетикасы және қазақ әдебиетіндегі негізгі авангардтық ағымдар
Әдебиеттанудағы нарратор құбылысы: автор мен баяншының ерекшеліктері және қазақ әдебиетіндегі көріністері
Көркем прозадағы психологиялық талдау: теориясы, түрлері және қазақ әдебиетіндегі көріністері
Постмодернизм: фотореализмнің дамуы және әдебиет пен кескін өнеріндегі көріністері
Антика әдебиеті желілерінің қазақ әдебиетіндегі көріністері
Қазіргі қазақ поэзиясы мен постмодернизм: стильдік өзгерістер және архетиптер
1960 жылдан кейінгі қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасының көріністері
ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көріністері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz