Жаңа модульді білімге мектепалды дайындықты ұйымдастырудың мазмұны.


М. Әбенова атындағы қазақ орта мектебі.
Мектепалды даярлық тобы .
Пән мұғалімі:
Наурызбаева К.
Туған жылы:
22. 05. 1967ж.
Білімі:
орта арнаулы.
Бітірген оқу орны:
ТПУ.
Мамандыгы:
Бастауыш сыныпты оқыту
Еңбек стажы:
17 жыл
Іздену тақырыбы: «Жаңа модульді білімге мектепалды дайындықты ұйымдастырудың мазмұны. »
Ұстаздық еткен жалықпас ,
Үйретуден балаға.
(Абай)
Баланы мектепке дайындау - оны жалпы түсініктермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге саналы ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ең бастысы, баланың оқуға психикалық дайындығын қамтамасыз ету: қызығушылық және жаңаны танып есте сақтау, логикалық ойлау, жігер, тырысу қабілеттерін дамыту.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша маңызы бар. Себебі, мұғалім оқу-тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізсе де, кластағы оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, айталық мінез-құлықтарын жете білмесе, онда оның атқарған ісі сәтсіздікке ұшырап, алға қойған мақсатына жете алмауы ықтимал. Бұл тек сабақ және одан тыс мезгілде сан алуан әдістерді баланың дара ерекшеліктеріне сай қолданғанда ғана іс жүзіне асады. Осыған орай қазірде (анықтау барысында) әрбір жұмыстың (сұраққа жауап, сурет бойынша әңгіме, жаңылтпаш, жұмбақ т. б. ) сапасы оның мазмұн тереңдігімен бағаланып қоймай, алдымен одан балалардың өздеріне қабылдаған үлгілерімен бағалануы тиіс Балалар психикалық ерекшелігі жағынан алып қарағанда, әрбіреуінің өзінше азды-көпті өзгешелігі бар. Әр баланың өзіндік дара ерекшелігі бірдей болуы міндетті емес, керісінше, зейіні мен құлқын тексере отырып, оның өзіндік ерекшелігін ілгері қарай дамытуға жағдай туғызып, оны өсіріп жетілдіру қажет.
Болашақ оқушылардың әрқайсысына тән психикалық ерекшеліктерін бақылаған кезде, олардың тек кездейсоқ ісіне қарап, бірден қорытынды жасауға болмайды. Өйткені, бірен-саран кездейсоқ көрініс берген мінез-құлықтың белгілері баланың дара ерекшелігін терең түсінуге мүмкіндік бермейді.
Сондықтан әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану баланы арнайы тапсырмалар беріп, белгілі бір мерзім ішінде бақылап білу қажет болады. .
Осы айтылған негізгі ғылыми принциптер мектепке, гимназияға оқуға алынатын балалардың өздеріне тән қасиеттерін айқындауға мүмкіндік береді.
Оқыту мазмұны мен әдістерін іріктеуде алты жасар балалардың мүмкіндігі мен денсаулық күйі ескеріледі. Олардың шамадан тыс тырмысуына, қажып-шаршауына жол берілмейді.
Баланың мектепке дайындығын тексеруде мына бағдарламалық нұсқауды ескерген жөн.
1. Баланың түсініктер шеңберін, ойлау қабілетін, оқуға психологиясының дайындығын, жаңаны танып білуге қызығушылығы мен талабын, еңбек сүйгіштігін, ынталылығын, есте сақтау, логикалық ойлау, жігерлі тырысу қабілеттерін қалыптастыру. Оның қолын жазуға икемді ету (даярлау) .
- Баланың ойлау (нақтылық, бейнелік, көрнекілік, әсершілік) және тілінің даму ерекшеліктері. Баланың белсенді, логикалық ойлауына қалайша әсер етуге болады?
- Табиғат және қоршаған ортамен танысу. Бұл бақылағыштықты және логикалық ойлауды жетілдіру құралы. Құбылыстардың мәнін мектепке дейінгілердің ұғынуында бақылау мен тәрбиенің ролі.
- Олардың сұрағы және оған қалай жауап беру керек.
- Баланың іс-әрекетінің нәтижесін бағалау - жігерлі тырысу, зейінін бағыттауын көтермелеу.
- Болашақ шәкірт іс-әрекетінің мәдениеті.
- Мектепке / алты, жеті жастан бастап оқыту. \
Баланың психологиялық және дербес ерекшеліктерін ескеріп ұғынбай оны дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Бірақ барлық ата-аналардың педагогикалық білімі бұған жеткілікті емес. Тәрбиешінің міндеті - ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балалық шақтың әрбір даму сатысында олардың психикалық дамуының маңызды жақтарынан мағлұмат беру. Балалық шақтың әрбір кезеңіне тән балалардың танып білу және көре білу ерекшеліктері мен өз баласы бойынан нені бақылау қажеттігін ескере отырып, тәрбиенің тиісті әдістерін ұсыну.
Мектеп жасына дейінгі балаға еліктеуге бейімділік, албырттық (ырықсыздық) ақыл-парасаттан сенімнің басымдылығы, жігерлі тырысуы мен өзін-өзі бақылау қабілетінің жетіспеушілігі, өмір тәрбиесінің жоқтығы, жаңаны ашуға ұмтылу, өзімшілдікке салыну - сияқты ерекше қабілеттіліктер тән, бұның бәрі балалық шақтың табиғи серіктері.
Бұл кезеңде балалардың іс-әрекетінің мазмұны бай, әртүрлі бола бастайды. Әртүрлі ойындарынан балаларға ақыл кіре бастағанын, айналасына ойлы көзімен қарай бастағанын аңғаруға болады. Мазмұнды - тақырыптық ойындарда олар қоғам өміріндегі әртүрлі оқиғалар мен еңбекті, адамдардың қарым-қатынасын бейнелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz