Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін
дамыту

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік
өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді,
ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында
тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді
азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру
жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін
кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз
тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни
біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық
үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие
бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар,
әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар
беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының
бірі – модульдік оқыту.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге
деген қызығушылығын, таным-белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
- модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;
- қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды химиялық таным-
түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету, химиялық тілді дамыту;
- оқыту барысында қоршаған орта, тірі табиғат туралы қызығушылық
тудыру;
- химиялық білім-біліктерді және химия ғылымының жетістіктерін
күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау.
Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
- Ғылым негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен
теориялар және химиялық символиканы зерделеу;
- Химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;
- Заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік
ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелерді жасау білігін
қалыптастыру;
- Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы ауқымды
мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету;
- Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Диагностикалық құралдар: бақылау; тест; жобалар жасау; реферат жасау;
талдау; сауалнама; болжам жасау; тәжірибе жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
- келешекте оқушылардың кесіби білім алуына алдын ала даярлықтан
өтеді;
- қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік алады;
- адам, қоршаған орта туралы дүниетанымдық көзқарастары дами түседі.
Болжамы: Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда
оқушылардың білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі,
түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде
қалыптастырылады.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше
жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді. Ал модуль дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты
бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін
сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі
мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу
ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша
айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы модуль сөзі оқытудың
мазмұны мен технологиясын білдіреді. Модуль мазмұны өзіндік мағына
беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты
функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі
және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат
санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің
неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу
бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің
барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде)
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік
пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу
бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға
бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар
қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды
қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы
тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу
көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану
оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта
оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің
барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі
ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы
өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің
көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар,
бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік
есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде
беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға,
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыратын бірден-бір технология. Модульдік оқыту технологиясын 9 г
сыныбында екінші жыл пайдаланып келемін. Металдар тарауын мынадай
модульге бөлдім.
3 тарау. Металдар 1 модуль (7 сағат)
Бөлімі СағаСабақтың мазмұны Уақыты
т
саны
Кіріспе 1 1) § 28 Металдардың адам өміріндегі маңызы; 45мин
2) § 29 Металдардың периодтық жүйедегі орны;
3) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма
2 1) § 30 Металдардың физикалық қасиеттері; 45 мин
2) § 31 Металдардың химиялық қасиеттері;
3) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма
3 1) § 32 Металдардың жемірілуі, күресу 45 мин
шаралары;
2) § 33 Табиғаттағы металдар; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульдік технологияның гипотезасы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Модульдік оқыту технологиянысын математика сабағында қолдану
Оқыту үрдісінде модульдік оқыту технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктері
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Оқыту технологиясы мен әдістері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Модульдік оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Пәндер