МОИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МОИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ

Моизм б. д. д. V-ІІІ ғғ. қалыптасқан философиялық ағым. Оның негізін қалаушы - ойшыл да, саяси кайраткер Мо-цзы немесе Мо Ди (б. д. д. 480/420 - 438/381) . Замандастары моизмді конфуциямен қатар, "өте атақты ілімдер" деп бағалаған сияқты. Моизм конфуцияға қарсы идеологиялық ағым болса да, "Мо Ди сөздері Аспан астын кернеп кетті", "жер-жерде оның сансыз ізбасарлары мен шәкірттері болды" деген ескертпелер кейінгі ұрпаққа жеткен. Ілімнің осынша әйгілі болуының бастауы мен себебі неде?

Мо-цзы Лу патшалығы кезінде К унд Фу-цзы елінде өмірге келгенге ұқсайды. Жас кезіңде конфуция ілімін оқыған, "Шан шу", "Ши-цзин" текстерін жақсьі білген. К унд Фу-цзының өзін сыйлап, құрметтегенімен, кейін оның ілімінен біртіндеп бөліне бастайды. Көп ел кезеді. Өз идеясын билеушілер арасында жиі-жиі уағыздайды. Оларды көптеген шапқьшшылықтан сақтап қалады. Өзінің төндрегіне көптеген талантты шәкірттерді жинайды. Сол ізбасарлары "Мо ұстаздың трактаты" жинағын құрастырды, моизмді екі ғасыр көлеміңде жалғастырды, толықтырды. Сунь Ижанның "Философ Мо ди трактатына түсіндірмелер жинағын" осы уақытқа дейін құңды еңбектердің қатарына жатқызады.

Мо-цзы философиясы ерте қытайдағы басқа ілімдерді қайталамаған, өзінің идеялық бағдарымен ойды үйіреді. "Хань династиясының тарихы" деген алғашқы еңбекте "Мо цзы" кітабы 71 тараудан тұрған делінеді. Қолжазба өте сирек көшірілгендіктен, оның тарауы кейін жоғалып кеткенге ұқсайды.

Моистер мектебін қатаң тәртіпке негіздеп құрған. Басшы екі айтпаған, екі рет ескертпеген. Бәрі де бұлжытпай орындалған.

Мектептің тыңдаушьіларының басым көпшілігі, шамасы, тентіреп жүрген жауынгерлер тобы болуы ықтимал. Мо-цзының көзі жұмылғасын, оның мектебі үш топқа - Синфу-ши, Сянли-ши, Дэнлин-шиге бөлінеді. Әрбір ағым қалған екі топтың Мо-цзыға қатысын жоққа шығаруға тырысқан. Мо-цзы мектебі екі кезеңнен - алғашқы, діни бағдардағы және кейінгі, дін ықпалынан босанған кезден тұрады.

Мо-цзы конфуция іліміне мынандай қағидаларын қарсы қойды: "даналықты құрметтеу", "бірлікті құрметтеу", "бәріне де сүйіспен-шілік", "шабуылға қарсы", "шығындағы үнемдік үшін", "жерлеудегі сыпайылық", "аспан еркі", "рухты елестету", "тағдырға қарсы", "музыкаға және ойын-сауыққа қарсы", "даналықты қолдау" принципі - ақсүйектерден шыққан "талантты қолдау емес". Мо-цзы билікке туысқандық рәсімді қолдануға, таныс-тамыр арқылы ұсынуға қарсы. Ол Қытай тарихында бірінші болып, адамдардың жалпы келісімі бойынша мемлекет пен биліктің шығу теориясын ұсыңды. Бұл көзқараста билікті адамдардың шығу тегіне қарап бөлмей, керісінше, олардың "ең ақылды данасына" тапсыру тәртібін ұсынды. Мемлекет туралы осы түсінік Платонның, Эпикурдың, Лукрецияның идеяларына үндес.

"Бәріне де сүйіспеншілік" - адамдардың теңдігі туралы және еркін төменгілердің қытай саяси өміріне қатысу құқығы туралы идеяның этикалық негізі. "Егер Аспан астындағы адамдардың арасында өзара сыйласу мен сүйіспеншілік болмаса, онда міндетті түрде күштілер әлсіздерге күш көрсетеді, байлар кедейлерге тіл тигізеді, байлар қалың жұрт алдында байлығына мастанып балпаңдайды, екіұшты жылтақбас қарапайым жанды алдап сорақылық жасайды". "Бәріне де сүйіспенішлік" принципі - әділеттіліктің жоғарғы өлшемі, оны дүниенің жалпы тәртібіне айналдыруға болады. Бәріне де сүйіспеншілік" Аспанның ғарыштық еркін білдірсе, жоғары деңгейге көтерітсе, онда бұл принципке адамдар тегіс бағынатын болады. Аспан еркін орындамай бұзғандарды, рухтар күші /'жазалайды". Сонымен Мо-цзының аспан идеясы мен "рухты елестету" идеясы жазмыштың жазылғаны, тағдырдың тәлкегі деген тезисімен қайшылыққа ұшырады. Мо-цзының кейінгі шәкірттері "бәріне де сүйіспеншілік" идеясын діни біржақты талқылаудан арылтты және оны адамдар арасындағы қатынастың жоғарғы тәртібіне айналдырудың қажеттігін логикалық тұрғыдан дәлелдеп берді. Осы принцип кейінгі моистік қағидалардың бәріне

мағыналық ықпал етті. Моистер елді рәсім-салт пен дәстүр арқылы басқарудың орнына әділеттілік принципін ұсынды . Пайдакүнемдік пен жаман ойда әділдіктің де, "бәріне де сүйіспеншіліктің де" болмайтыны ескертілді.

"Бірлікті құрметтеу" идеясы - әлеуметгік қиял мен саяси ойдың жемісі. Бұл идеяда мемлекеттік биліктің сақталуы адамдардың қоғамдық келісіміне қатысты, соның жемісі екенін көрсетті. "Ертеде адамдар жаңадан пайда болғанда, ешқандай жаза болған жоқ бірақ әрқайсысы әділеттілікті өзінше түсіңді" - дейді Мо-цзы. Бірақ әділеттіліктің бірдей өлшемі болмаған кезде, адамдар арасыңда өшпенділік күшейді, бірін-бірі өлтіре бастады. Осы заманда аспан астындағы тәртіпсіздік жабайы хайуандар арасындағы жыртқыштыққа ұшыратты. Жүгенсіздік басшылық пен зиялының жоқтығынан екенін ұққанда, адамдар Аспан астындағы ең қайырымды және дана адамды таңдады, оны аспанның перзенті етті".

Моист Гао-цзының пікірінше, адамның табиғатын өзінше алсақ, ол тұрақты емес, өзгермелі, қайырымды да, қайырымсыз да болуы ықтимал. Жағдай адамды не рақымдылыққа, не зұлымдыққа тартады.

Қытай философиясының тарихында моистер алғаш таным мәселесін көтереді. Олар, біріншіден, таным процесін, білімнің өлшемі мен қайнар көзін, адамның дүниені және өзін тану жолдарын арнайы талдады, екіншіден, білімнің практикалық мақсаты мен мағынасы, шындықтың өлшемі туралы мәселелерге жауап іздестіреді.

Мо-цзы туа біткен білім (шэн-чжи) туралы және ол адам қызметінен тәуелсіз деген конфуция іліміне қарсы шықты, білімнің практикалық мағынасын күшейтуді іздестірді. Оның айтуынша, өткен ұрпақтардың тарихи тәжірибесі - "өте ебедейлі вандардың ісі", "калың жүрттың пікірі мен пайымдауы", "қарапайым адамдардың есіткені мен көргені", елді басқару принциптері, адамдар арасыңдағы қарым-катынас, ойды жеткізе білу кабілеті (бэнь), -мұның бәрі де танымның пәнін құрайды.

Таным процесі туралы конфуция мен моистер арасында ұксастық та, айырмашылық та бар. Мысалға, Кунд Фу-цзы да, Мо-цзы да таным процесіндегі адам қабілетін дамытуды қоштайды, бірақ бірінші Мо-цзымен салыстырғаңда, қалың жұрт мемлекеттік істерді білмеуі керек дейді.

Екеуі де көне кітаптардың -"Ши цзин", "Шу цзин", "Чжоу лидің" беделін мойындаған, бірақ таным мен тәрбиені ескі мұралармен шектемеген. Мо-цзы өз замандастарының тікелей пайымдауын танымның бастауына балаған. "Аспан астындағы нәрсенің бар-жоғы туралы білімді тексергенде, қалың жұрттың көргені мен есіткенін негізге алуды ережеге айналдыру абзал". Бұл көзқарас_Күңд_Фу -цзыньң мы на пікіріне қарсы айтылғандай: "Мен туа біткен дана емеспін, мен көнелікке қызыға қарап, соны ықыласпен іздеушілердің бірімін". Күнд Фу-цзы "билеушілер адамдарды сыйлау және елді дұрыс басқару арқылы білімді сақтауға үйренуі керек" дейді, ал Мо-цзы адам өмірін білім арқылы жақсарта алады деген үмітте болды. Оның өсиеті: адамды тамақпен қамтамасыз ету үшін , жерді жөнді өңдеуді үйрен;

  • еңбек құралың болсын десең, қол өнерімен шұғылдан;
  • дұрыс затты сатып алу үшін, сауда-саттықты меңгер;
  • киім болсын десең, тоқи біл.

Конфуцышылцар халыққа күнделікті тірлікке қажетті білімді ғана мәлімдеп, оларға "билеушінің ниетін түсіндіру керек емес" деді. Мо-цзы қолөнершілердің тәсілі мен тәжірибесін танымның дәлдігіне үлгі ретінде алады, оны әскери басшылар мен кеңесшілерге өнеге ретінде тартады. Елді басқаратын саясат ж асау үшін , жағдайды жақсы білу керек, тәртіп орнату үшін нақты жайдың бас міндетін анықтау шарт. "Бір мемлекетке бара қалсаң, әрқашан не істейтін міндетіңді анықта және соған орай қимылда". Әркім өз бақылауына, сезіміне сүйене болмыс белесіне енеді. Мо-цзы былай дейді: "Аспан астындағы қарастыру және тану болмыс пен болмыс еместі айыратын принциптер. Егерде адамдар бір нәрсе туралы шынымен есітсе немесе оны көрсе, ол нәрсе расында өмір сүреді. Егер нәрсені адамдардың ешқайсысы көрмесе, ол туралы есітпесе, онда ол нәрсе нақты өмір сүрмейді". Сонымен Мо-цзы үшін , сезімдік тәжірибеден тыс білім жоқ.

Адам білімді өзінің байқауын, өзгелердің, тіпті өткен ұрпақтардың пікірі мен тәжірибесін салыстыру, зерттеу арқылы алатынына Мо-цзы күмәнданбайды. Соңдықтан ол "туа біткен білім" идеясын, оның болу мүмкіндігін қабылдамайды. Адамдардың танымға деген туа біткен қабілеттері ұқсас. Бірақ әртүрлі адамның қабілеті біртекті емес. Кімнің тәжірибесі мен білімі мол болса, дейді Мо-цзы, ол "жетілген дарынды". Адам білімге не үшін ұмтылады? Сұраққа Мо-цзы былайша жауап табады:

  • білім кәдеге жаратылса, карапайым адамға пайда әкеледі;
  • білім сезім мен пайымдылықтың, бұрынғы және кейінгі тәжірибенің арасында байланыс табады немесе байланыстың мағынасын ашады. Осылайша моистер реальдылық тәжірибе мен ұғымның, сөздің арасындағы байланыстың мәнін ашуға тырысты. Олар ұғым(мин) мен объективті шындықтың(ши) бір-біріне қатысын материалистік тұрғыдан түсіңдіруге талпынды. Егерде, дейді олар, ұғым (атау) арқылы шындықтан сол атауға ұқсас заттар мен құбылыстарды таңдай алмасақ, ондай ұғым жалған, бос(сюй) .

Мо-цзы қытай философиясында алғаш_таным процесін -құбылыстардың себебін ашатын (гу), олардың ұқсастығы мен айырмашылығын және заттарды топқа жіктейтін (лэй) процесс ретінде қарастырды. Заттардың тобын немесе себебін анықтау үшін, дейді олар, ұзақ уақыт бойы білімнің фактілерін жинақтау, салыстыру және тұжырымдау керек.

Шындық фактілерінің себебі, негізі оларды шектеу туралы ілім және сол құбылыстардың ұғымы туралы қытай философиясы өзіндік мәнді үлес қосты.

Мо-цзы таным процесінде «бұл не?» деп қоймай, "бұл неге басқаша емес, осылай?" деген сұракқа да жауап іздеді. Ол білімнің дұрыстығын тексеретін үш ереже туралы ілімді ұсынды. "Әрбір ой-пікір үш ережеге сәйкес келуі шарт. Үш ереже дегеніміз не? Ережелер: білімнің негізі, қайнар көзі, қолдануы болуға тиіс дегенге телінеді. Негіз дегеніміз не? Бұрынғы вандардың жетілген дарындылығы жоғарғы негізге жатады. Қайнар көзі дегеніміз не? Қарапайым жұрт көрген немесе есіткен фактілер білімнің бас қайнар көзіне жатады. Қолдану дегеніміз не? Ой-пікірді аспан астындағы қалың жұрттың мұң-мұқтажын ескеру барысында елді басқаруға жұмылдыру".

Мо-цзы бұрынғылардың білімін танымды әрмен жетілдірудің бастауына жатқызады. "Егерде бұрынғыдан жақсы нәрсе қалса, оған елікте деймін. Қазірде жағымды нәрсені жасау керек. Мен жақсының көп болуын қалаймын".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Конфуций мектебі
Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері
Ежелгі қытай елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары
Мәдени мұралары
Негізгі философиялық доктриналар Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері
Қытай тарихы туралы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz