МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Арықбаева Ж. КЯ 29-1 с тобы

Тақырыбы «МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1 Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту әдістемесінің бастау көздері . . . 6

1. 2 Жоғары оқу орнында морфологияны оқыту арқылы оқушылар тілін дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері . . . 22

2 МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ . . . 34

2. 1 Жоғары оқу орнында морфологияны оқыту арқылы оқушылар тілін дамыту үшін жүргізілетін кешенді жұмыстар . . . 34

2. 2 Мектепте морфологияны оқыту арқылы оқушылар тілін дамыту әдістері . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі - қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары - «дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру», шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау [1] .

Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Сондықтан мектепте оқытылатын қазіргі қазақ тілінің салалары арқылы оқушыларды өз ойларын жүйелі, түсінікті етіп, шебер сөйлеу үрдісіне дағдыландыру маңызды мәселе болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, өз кезегінде болашақ қазақ тілі маманы да терең кәсіби білімімен бірге, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, пікірін жүйелі түрде жеткізе алатын, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан тұлға болуы тиіс [2] . Бұл - тақырыпқа тікелей қатысты мәселе.

Қазіргі қазақ тілінің салаларын оқыту барысында тіл дамыту мәселесін де басты назарда ұстауды қажет етеді. Сөздердің грамматикалық сыр-сипатын, сөз тұлғаларының модельдерін дұрыс танып, талдай алатын, яғни меңгерген білімін іс жүзінде орынды пайдаланатын оқушы тыңдаушыға өз ойын айқын, анық етіп жеткізе алады. Бұл оқушының қазақ тілінің күрделі морфологиялық құрылымын тіл дамыту жұмыстары негізінде меңгеруі арқылы жүзеге асады. Сондықтан қазіргі қазақ тілінің морфология саласын оқыту арқылы оқушы тілін дамытуды бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраныммен сәйкестендірудің басты шарты ретінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерделеу қажеттігі туындап отыр.

Оқушы тілін дамыту тілдік қатысымдық іс-әрекет арқылы нәтижелі жүргізіледі, өйткені «тілдік қатынас - сөйлеу тілі арқылы түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге жеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді» [3, 211-б. ] . Тіл дамытудағы мақсат - қоғамда қазақ тілі арқылы еркін қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету. Сондықтан тілді қарым-қатынас құралы ретінде оқытуда, үйретуде грамматика қарым-қатысты жүзеге асыратын тетік қызметін атқарады. Олай болса, оқушының ғылым саласынан игерген білімін тілдік қатынаста тиімді, орынды пайдалана білуге дағдыландыру - қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселе.

Халық тілінің қайнар бұлағы - шешендік сөздер, бейнелі сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асады. Ғасырлар бойы жинақталған тіліміздің байлығы оқушының ана тілін қастерлеп, тілдегі ұлттық рухты терең тануына мүмкіндік береді. Қазіргі қазақ тілінің морфология саласынан теориялық білім берумен қатар тіл дамытуды басты назарда ұстап, оны оқытуды тұтас әдістемелік жүйе ретінде зерделеу - қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі маңызды мәселелердің қатарына жатады.

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесі институт қабырғасында алған білім, білік пен дағды-машықтың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке қол жеткізу мақсатын көздейді. Бұл мақсаттың түпкі шешімі болашақ маманның игерген базалық білімін мазмұнды да дәлелді етіп, әсерлі сөз орамдарымен жеткізе білуіне келіп тіреледі. Сондықтан бұл алдағы уақытта мектепте оқушының қазақ тілінің салалары бойынша меңгеретін білімдері ауызша да, жазбаша да әдемі сөйлеуге дағдыландыратын тіл дамыту жұмыстарымен ұштасқанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, оқушының тілін дамытуды кәсіби біліктіліктің негізгі көрсеткіші ретінде дәйектеу зерттеудің өзектілігін нақтылай түседі.

Жоғары мектепте өндіріс пен нарықтың жылдам өзгеріп жатқан жағдайына бейімделген жаңа үлгідегі мамандар даярлауда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдермен жүргізілуі басты меже болуы тиіс. Сондықтан оқытуды ұйымдастыруда оқушының сөйлеу белсенділігін арттыратын, өз ойын ашық айтуға, пікір алысуға жетелейтін әдіс түрлерін қолдану тіл дамыту мәселесінің дұрыс шешілуіне жағдай жасайды. Бұл оқушының қазақ тілінің морфология саласынан меңгеретін теориялық білімі мен сөйлеу шеберлігінің тығыз бірлікте жүзеге асуының қажеттілігін айқындай түседі. Алайда, ғылым салалары мен тіл дамыту арасында тұрақты әрі табиғи байланыс болуға тиіс. Бұл өскелең жаңа өмір мұқтаждығы деген тұжырым күні бүгінге дейін өз дәрежесінде шешімін таппай келеді [4, 77-б. ] . Оқушылар арасында тілдік нормаға сәйкес сөйлей алмайтындары кездеседі. Оның басты себептері - қазақ тілі пәнінен морфология саласын оқытуда тіл дамыту жұмыстарына өз мәнінде көңіл бөлінбеген, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдарында да тіл дамыту мәселесі нақтыланбаған. Бұл мектепте тіл дамытуды ғылым салаларын оқытумен байланыстыра зерттеудің әдістемедегі өзекті мәселе екендігін анықтай түседі.

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы тұжырымдар болашақта мектептің белді тұлғасы болатын бүгінгі студент пен оқушының ғылыми білімді сапалы меңгеруі мен сөйлеу шеберлігінің тығыз бірлікте қалыптасуының әдістемелік негіздерін анықтаудың өзекті екенін дәлелдей түседі.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектепте қазақ тілінің морфология саласы арқылы оқушылар тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негізін тұжырымдау, жаңа технологияға сай тіл дамытудың әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәйектеу.

Зерттеу жұмысының нысаны - қазақ тілінің морфология саласы арқылы оқушылар тілін дамыту үдерісі.

Зерттеу жұмысының пәні - қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- қазақ тілінің салаларын оқытуда оқушылар тілін дамытудың әдіснамасын айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін дәлелдеу;

- оқушылар тілін дамыту мәселесінің ұстанымдарын белгілеу;

- қазіргі қазақ тілінің морфология саласын жаңа технология негізінде оқыту барысында оқушылар тілін дамытудың ғылыми әдіс-тәсілдерін анықтау;

- морфология саласы арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдарын анықтау;

-оқушы тілін дамытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесін пайдаланып, оқушы белсенділігін арттыратын іскерлік ойындар, ойбөліс, ойталқы әдістеріне бағытталған тапсырмалар жүйесін жасау;

-оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі . Ғылыми еңбекте педагогика, психология, лингвистика және қазақ тілін оқыту, орыс тілін оқыту, шет тілін оқыту әдістемесінің жаңалықтары, оқытудың жаңа технологиялары туралы ғылыми- әдістемелік еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары негіз болды.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, жинақтау, талдау, тұжырымдау, талқылау, қорыту, эксперименттік әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының маңызы. Зерттеу жұмысы жалпы тілді оқыту әдістемесін толықтырады, осы мәселеде оны байытуға жаңа үлес болып қосылады. Зерттеу жұмысын4ы жоғары оқу орындарында арнайы курс оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады.

Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы негізге алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануы арқылы танылады. Қазақ тілі салаларын, оның ішінде, морфологияны оқыту арқылы оқушы тілін дамытудың әдістемелік жүйесі эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденді.

Зерттеудің мақсат-міндеттері мен оның жүйесіне сәйкес алынған зерттеу әдістері, көрсетілген нәтижелері қазақ тілі пәнін оқытуда тиімді қолданылуына негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бүгінгі таңдағы қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Олай болса, осы өзгерістердің жүзеге асуы, ең алдымен ғылым мсн білімнің тоғысуындағы өзекті мәселелерді өзінің зерттеу нысанасы етіп алатын жеке пәндерді оқыту әдістемесіндегі сан-салалы ізденістердің дұрыс бағыт-бағдар алуымен байланысты екені сөзсіз. Сондыққтан пәнді оқыту әдістемесімен айналысуды мұрат ететін болашақ ғалымдарға бұл ғылымның әдіснамалық ғылыми-теориялық және қолданбалық сипаттағы негізгі арналары мен зерттеу көздері туралы мағлұмат беру, зерттеу әдістерінің өзіне тән ерекшеліктерін, ғылыми теориялық мәселелер мен практиканың бірлігінен құралатын біртұтастық болмысын танытудың мәні зор.

Білім беру саласындағы демократиялық, ізгілендіру, гуманитарландыру үрдісінің кең өріс алуы, білімнің автономиялануы, жаңа педагогикалық парадигманың өмірге дендей енуі, дербес мемлекеттің әлемдік білім кеңістігінде өзіндік орнын иеленуіне мол мүмкіншіліктердің ашылуы әдістеме ғылымының алдына да биік міндеттер қойып отыр. Әсіресе, әрі бүкіл саналы білімнің негізгі құралы, әрі ұлттық менталитетті қалыптастырудың іргетасы, әрі қазақ тілінің ғылыми негіздері туралы білім беретін арнайы пән - ана тілінің, бүгінде мемлекттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің оқытылуын жаңаша қөзқарас, тың бағыт-бағдар тұрғысынан зерделеу магистрлердің қазіргі білім философиясы, жас және жеке тұлға психологиясы, жалпы педагогика, этнопедагогика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, т. б. ғылымдарының жетістіктерінен хабардар, болуын, сондай-ақ осы ғылым салаларындағы тың тұжырымдардың пәндерді оқыту әдістемесімен ұштасу заңдылықтарын, тұжырнамалық қағидаларды білім беру жүйесінің жаңа бағыттарымен сәйкестендірудің жолдарын таба білуін керек етіп отыр.

1. 1 Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту әдістемесінің бастау көздері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған мәселе - мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, қазақ тілін жаңа инновациялық жолмен меңгерту. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш. Х. Сарыбаев, И. В. Маманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Т. Аяпова, Ш. Бектуров, К. Сариева, А. Жүнісбеков, Ф. Р. Ахметжанова, М. Жанпейісова, Ф. Оразбаева, Қ. Бітібаева т. б.

Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - оқушыларды қазақ тілі сүйуге баулу ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп - өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:

- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;

- Қазақстан халқының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру [5] .

Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі осылар. Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?
Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзімнің педагогикалық тәжірибе кезіндегі жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е. И. Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алдым. Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдалауға болатынын білдім. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф. Оразбаева қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:

1. Тіке байланыс;

2. Адамның жеке қабілетін ескеру;

3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;

4. Сатылап даму;

5. Динамикалық өзгеру;

6. Өзектілік.

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы - оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен - адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.

Мұнда тіл дамыту мәселесінің зерттелуі мен оның бастау көздері ретінде Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Т. Шонанұлы еңбектерін атаған жөн. Тақырып тұрғысынан жасалған сараптама аталған еңбектерде оқушылар тілін дамытудың мазмұны және ұстанымдары жайында баяндалатынын анықтады.

Ы. Алтынсариннің еңбектерінде тіл дамытуға ерекше көңіл бөлінген [6] . Ағартушы әр сөз табына қатысты сөздерді меңгерту оқушылардың грамматикалық ережелерді дұрыс түсінуге септігі тиетіндігін, әрі сөздік қорлары толығып, тілі дамитындығын, сөздік қорды байытуда қызықты әңгіме айту, сөйлесудің маңыздылығына назар аударған. Жаттығу мәтіндерінің теориялық тақырыптарға сай болуымен қатар, тәрбиелік жағына да көңіл бөлінуі тиіс. Ы. Алтынсарин оқулықтарынан басталған мәтінге қойылатын талап жоғары мектеп оқулықтарына да негіз болады.

А. Байтұрсынов та бұл мәселеге көңіл бөлді, яғни ғалым оқулықтарында тілдің теориялық жағын меңгертумен қатар, тіл дамыту жұмыстары да қамтылған. Мысалы, «Тіл-құралдың» бірінші бөлімінде «Зат есім» тақырыбына қатысты жаттығуларда мақал-мәтел сөйлемдерінен зат есімдерді табу, астын сызу деген тапсырмалар көрсетілген [7] . Мұндай тапсырмаларды беруде әдіскердің оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруін ғана емес, тіліміздің асыл қазынасы мақал-мәтелдерді оқып, есте сақтаулары арқылы сөздік қорларын толықтыруын көздегені анық байқалады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазған әдіскер ғалымдардың бірі - Т. Шонанұлы. Ол оқулық түзуде де, әдістемелік мақалаларында да тіл дамытуға ерекше мән берді. Ғалым 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналының № 9 санында жарияланған «Білім кеңесінің програмы және 1-ші басқышта ана тілі» атты мақаласында сауаттандыру жұмысының маңызына, сауат ашу әдістеріне, тіл ширату жұмыстарының түрлеріне тоқталған [8] .

Т. Шонанұлы тіл ширатудағы бала әңгімесі, оқытушының әңгімесі, әңгімелесу, класс пен мектеп жиылысына араласу, өлең мен тақпақ, сахна ойыны, оқушының баяндамасы секілді әдістердің әрқайсысының ерекшелігін қысқаша сипаттай келіп, мұғалімдерге нақты әдістемелік кеңестер берген. Ғалымның осылайша бастауыш мектепте тіл ширату жұмысының жүйелі жүргізілуі қажеттігі жайындағы пікірлері оның «Тіл дамыту» оқулықтарын жазуына басты себеп болды.

1920-1940 жылдар аралығында мектеп оқулықтары шығарылып, жаппай сауатсыздықты жою мақсатында жұмыстар жүргізілгені анық. Бұл кезеңнің көшбасшысы болған С. Аманжолов, Қ. Жұбанов еңбектерінде грамматикалық тақырыпты меңгертумен бірге алған білімді күнделікті өмірде дұрыс қолдануға дағдыландыруға да көңіл бөлінді. Ш. Х. Сарыбаев та қазақ тілінің сабақтары арқылы тіл дамыту жұмыстарын ескерген. Мысалы, әдіскер еңбектеріндегі «сұрау-жауап арқылы пысықтау» - оқушыны сөйлеуге мәжбүр ететін, оны ойландыратын, белсенділігін арттыратын тәсіл [9, 23-б. ] .

С. Жиенбаев тіл дамыту жұмысын: 1) сөз қорын молайту, 2) сөйлем құрау, 3) кітап оқуға байланысты жұмыстар [10, 17-б. ] деп үшке бөліп қарастырып, олардың әрқайсысы бойынша істелетін жұмыс түрлерін нақты көрсеткен. Сонда, ғалым айтып отырған оқушының сөздік қорын молайтудың оқу, мазмұндау үрдісінде жаңа сөздермен, терминдермен танысу, сөздікпен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асатындығы оқушы тілін дамытуға да қатысы бар. Өйткені оқушылардың қазақ тілінің қай саласынан болсын тақырып ыңғайына қарай жаңа сөздер үйренулері, тілдік терминдерді меңгерулері олардың тіл байлығының толығуының, кәсіби тілде шебер, жүйелі сөйлеуге дағдылануының негізгі шарты деуге болады. Алайда тіл дамыту жұмысы сөздік қорды толықтырумен аяқталмайды. С. Жиенбаев пікірінше, сол естіген, ұғынған жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемді дұрыс құрап дағдылану, өз ойын жүйелеп, дәлелдеп айта білумен, онда да тек қана айта білу емес, эпитет, теңеулермен көркемдеп сөйлей білгенде ғана жүзеге асады. Оқушы тілін дамытуда бұл пікірдің де орны ерекше, өйткені тәжірибе барысында оқушыларды сөздерді дұрыс, орынды қолданып, сөйлеу шеберлігіне дағдыландыруда шешендік сөз үлгілерін, бейнелі сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану басты назарда болды. Олай болса, әдіскер ғалым пікірінің бүгінгі оқыту үдерісінде, әсіресе оқушылар тілін дамыту ісінде өміршеңдігін байқауға болады.

Ғ. Бегалиев қазақ тілі әдістемесінде бірінші болып сөздік мәселесін көтеріп, сөздікпен байланысты жұмыстың сегіз түрін көрсеткен [11, 21-б. ] .

Бұл айтылғандардан бастауыш сыныптарда тіл дамыту мәселесінің ғылыми негізі қаланғаны анықталды. Оны дамытуды кейінгі буын ғалымдар жалғастырды, ол - заңды құбылыс.

С. Рахметова «Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми- әдістемелік негіздері» атты зерттеуінде тіл дамыту бойынша ауызша, жазбаша тіл дамыту әдістемесі, сөз және сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдары, байланыстырып сөйлеу әдістемесі мәселелерін зерделеген. Ғалым бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету күнделікті өтілетін сауат ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы біршама жүйелі өткізіледі деп тұжырымдайды [12, 65-б. ] .

Т. Әбдікәрімова «Бастауыш класта текспен жұмыс істеу арқылы тіл дамыту» атты зерттеуінде мәтінмен жасалатын жұмыстың барлық түрін талдай отырып, тіл дамыту мәселесімен байланыста қарастырған. Ғалымның «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында «мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері» мәселесі бойынша докторлық зерттеуінде мәтін арқылы тіл дамытудың әдіснамалық негіздерін - 1) оқылым әрекеті арқылы оқушы тілін дамыту, 2) мәтіннің оқушы сөздік қорын байытуы, 3) айтылым және тыңдалым әрекеті арқылы оқушының тілін дамыту, 4) суретпен жұмыс арқылы шығармашылықты дамыту [13, 38-33-б. ], -деп талдай келіп, бастауыш сынып оқушыларының тілін мәтін арқылы дамыту мәселесін оқытудың жаңа технологиясы бойынша зерделеген.

Бастауыш мектептегі тіл дамыту мәселесі Г. Уәйісова, Ә. Жұмабаева, М. Ермекбаев т. б. ғалымдар еңбектерінде де қарастырылған.

Қазақ орта мектебінде ана тілін оқыту әдістемесінің болмауы оқушыларға білім беруде көп қиындық келтірді. Мұғалімдерге Педагогика ғылымдарының Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері шығарып тұрған әдістемелік нұсқаулары, мақалалары жәрдемші болды. Рас, Ш. Х. Сарыбаев, С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев кезінде де олардың әдістемелік еңбектері негізінен бастауыш сыныптарға арналғанымен, орта мектепте қазақ тілін оқыту туралы мақалалары жарияланып тұрды. Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі 1965 жылы Д. Әлімжанов пен И. Мамановтың авторлығымен жарық көрді. Б. Құлмағамбетова, И. Ұйықбаев, Х. Арғынов, А. Ошкаров, А. Ысқақов, М. Нұрғалиева, А. Исабаев секілді ғалымдар да орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты. Орта мектептегі тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөлген ғалым-әдіскердің бірі - Б. Кәтембаева. Оның «Тіл ұстарту жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар» атты еңбегінде оқушылардың тілін ширатудың амал-тәсілдері мен жүргізілетін жұмыс түрлері қарастырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.
Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz