Москва мектебінің лингвистикалық ұстанымдары
Москва лингвистикалық мектебі
1.Негізін салушылар
2. Москва мектебінің лингвистикалық ұстанымдары
Бұл мектептің негізін салушылар- Москва университетінің ғалымдары. Оны
басқарған академик Фортунатов Филипп Федорович (1848-1914). Ескі Россияда
керемет үш лингвист-теоретик болды. Олар өз Отанында лингвистикалық ақыл-
ойдың көсемдері болған, бірақ сыртқы себептермен тіл туралы әлемдік
ғылымның көсемдері бола алмай қалған А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртэне
және Ф.Ф Фортунатов,- деп жазды Л.В.Щерба.
Мектеп құрамында Шахматов Алексей Александрович(1864-1920), Пешковский
Александр Матвеевич(1878-1933), Покровский Михаил Михайлович(1868-1942)
сияқты көрнекті лингвистер болды.
Москва лингвистикалық мектебі жас грамматистердің Россиядағы
пікірлестері болды. Олар:
1. Индивидуалдық психологизмді методологиялық принцип ретінде
ұстанғанмен, практикалық істе тілдің әлеуметтік мәніне де көңіл
аударды.
2. Сөйлеу тілі фактілерімен қатар жалпыхалықтық әдеби тілдің
қалыптасуымен де айналысты.
3. Тілдің фонетикалық заңдарымен қатар сөз формасы, сөз табы, сөз
тіркесі, сөйлем мәселелері туралы құнды пікірлер қалдырды.
Басты кемшілігі: Лингвистикалық психологизм принципін ұстануы болып
табылады.
Ф.Ф Фортунатов:
Москва университетінде гот, литва, көне славян, санскрит тілдері,
жалпы тіл білімі, үндіевропа тілдерінің салыстырмалы фонетикасы,
морфологиясы жөнінде дәрістер оқыған. Ірілі-ұсақты 34 ғылыми еңбек жазған.
Негізгілері: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі(1898), Салыстырмалы
морфология(1901), Үндіевропа тілдерінің салыстырмалы фонетикасы(1902).
Этимология терминін морфология деп атап, грамматиканың негізгі бір
саласы ретінде қарастыруды алғаш ұсынушы да - Ф.Ф Фортунатов.
Ф.Ф.Фортунатов тілдерді морфологиялық принцип бойынша
классификациялауды 5 түрге (түбір, флективті, агглютинативті, флективті-
агглютинативті, полисинтетикалық) бөлді.
Келесі бір жаңалығы- славян және балтық тілдеріндегі акцентология
мәселесі – екпіннің басқы буыннан соңғы буынға жылжуы, екпін түскен буыннан
кейінгі буынның созылыңқы дауысты болатынын ашты.
Сонымен бірге Фортунатов грамматикалық формализмге де ұрынды, яғни
грамматикалық формаларды грамматикалық мағына мен мазмұннан жоғары қойды.
А.А.Шахматовтың тарихқа, тіл тарихына деген қызығушылығы бала кезінен
байқалып, гимназист кезінде Фортунатовпен танысуы тіл ғылымына өмірін
арнауға негіз болды. 1881 жылы 17жасында К критике древнерусских текстов
атты алғашқы ғылыми мақаласы Европаның беделді славянтану журналында жарық
көреді, 1894жылы 30 жасында докторлық диссертация қорғайды. 1899 жылы 35
жасында орыс филологиясындағы ең жас академик болып тарихта қалды.
Шахматов орыс тілінің тарихын орыс халқының тарихымен байланыстырып,
орыс тілі мен наречиелерінің пайда болуын шығыс славян халықтарының шығу
тегімен қоса зерттейді. Бұл мәселелерге оның Орыс тілі тарихының көне
дәуірінің очеркі(1915), Орыс тайпаларының көне тағдыры(1919) деген
еңбектері арналды.
Шахматовтың орыс тілінің тарихшысы ретіндегі басты еңбектерінің бірі-
орыс тілінің тарихи фонетикасы туралы. Оның Орыс тілінің фонетикасы
жөніндегі зерттеулер, Орыс тілі дыбыстарының тарихына, деген
еңбектеріндегі Фортунатовтан ерекшелігі:
1. Фортунатов зерттеулері үндіевропа тілдерінің тарихи дамуының
славян тілдерінің диалектілерге бөлінуімен шектелсе, Шахматов
келесі дәуірлерді тарихи әдіс арқылы қарастырады;
2. Шахматов тек тілдік фактілермен ғана шектелмей, фольклор,
палеография, этнология және тарих ғылымдарының мәліметтерімен
толықтырып, тілді тұтастай зерттеу әдісін (комплексный метод
изучения языка) алғаш қолданды.
Шахматов Фортунатовтың тілдер мен диалектілердегі дифференциация,
интеграция процестері, олардың әлеуметтік негіздері жөніндегі ілімін одан
әрі дамытты. Бұл тұрғыда Шахматов тек лингвист қана емес, социолог ретінде
де танылды. Шахматовтың жас грамматистердің индивидуалдық және психологизм
идеяларынан арасын алшақ салуы осы кезеңнен басталды. Тілге социолог
ретінде қарау Шахматовтың Орыс тілінің синтаксисі атты еңбегінде де
көрініс тапты. Бұл еңбегінде А.А.Потебняның тілдің алғашқы өмір сүру
формасы – сөйлем, ал сөз тіркестері мен сөздерге бөлінуі кейіннен болған
құбылыс деген ойын қолдайды. Жас грамматистердің психологиялық бастауыш,
психологиялық баяндауыш деген ілімдеріне қарсы болды. Зерттеушілердің
ойынша, Шахматовтың орыс тілінің синтаксисі жөніндегі еңбегінде жай
сөйлемді ғана қарастыруы схематизм сияқты көрінгенмен, жай сөйлемді
түбегейлі зерттеуі жалпы синтаксис теориясының негізі болғанына сөз жоқ.
Қорыта айтқанда, А.А.Шахматов – орыс лингвистикасында ғана емес, әлем
лингвистикасында өзінің 150-ден астам кітап, мақалалары арқылы қыруар еңбек
сіңірген ғалым.
А.М.Пешковский – Фортунатов, Шахматовтардың орыс әдеби тілінің
грамматикасы, орыс тілін мектепте оқыту әдістерін, орыс тілінің синтаксисі
және интонациясы мәселелерін жалғастырып, өзіндік соны үлес қосқан көрнекті
лингвист.
А.М.Пешковскийдің негізгі жаңалықтары:
1. Орыс тілінің ғылыми синтаксисі(1914), Ғылыми және мектеп
грамматикасы(1914) деген еңбектерінде сөз формасы және сөз тіркесі
формасын қарастырып, сөз тіркесі формасын синтаксистің негізгі ұғымы
ретінде алып, сөйлемді кейінгі, сөз тіркестерінен құралатын, қосалқы ұғым
санады;
2. Фортунатовтың сөзді сөз таптарына жіктеуде сөздердің морфологиялық
көрсеткіштеріне ғана сүйеніп бөлінуіне сөздердің басқа сөздермен тіркесу
қабілеті деген белгіні қосады;
3. Интонацияның грамматикалық қызметін айқындады.
М.М.Покровский де Фортунатовтың шәкірті болғанымен, зерттеулерінде,
әрине, өзіндік ерекшеліктері болды. Олар:
1. Салыстырмалы-тарихи әдісті классикалық филологияға, яғни латын
тілінің тарихи грамматикасы, сөзжасам жүйесі, этимологиясы, лексикологиясын
зерттеуге арнады;
2. Алғашқылардың бірі болып салыстырмалы-тарихи семасиологияның негізін
салды;
3. Грек, латын, француз және орыс тілдерінің қыруар материалдарының
негізінде сөз мағыналарының өзгеру заңдылықтарын ғылыми проблема етіп
қойып, тілдің жүйелі құбылыс екендігін мазмұндық, мағыналық аспектіде
дәлелдеді;
4. Лексикалық-семантикалық жүйелілік идеясымен, яғни белгілі бір
құбылысты сипаттайтын сөздер тобы (адамның мінезі: қисық, қыңыр, ақжарқын,
қатал, биязы) арқылы қазіргі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz