ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ (1756-1791) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ


ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ
(1756-1791)
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
![]()
Моцарт небәрі 36 жыл өмір сүрді. Алты жасынан басталған үздіксіз концерттік қызметіне қарамастан, ол осы уақыт ішінде өте көп шығармалар жазды. Моцарцарт 50 шақты симфония, 19 опера, сонаталар, квартеттер, квинтеттер, Реквием жэне әр түрлі жанрлардағы басқа шығармалар жазды.
Вольфганг Амадей Моцарт әдемі Зальц өзендерінің жағасында орналасқан көне, өте әдемі таулы қала Зальцбургте туылды.
Моцарттың әкесі білімді және елеулі музыкант болды. Ол
Зальцбургтің басшысы, княздың сарайында қызмет етті. Леопольд Моцарт скрипкада, органда ойнады, оркестрді, шіркеу хорын басқарды, музыка жазды. Оның үстіне, Моцарттың әкесі тамаша педагог болды. Ұлының талантты екенін білген ол бірден онымен айналыса бастады. Осыдан бастап Моцарттың ғажайып, ертегіге ұқсас балалық шағы басталады.
Үш жасында Вольфганг клавесинадағы аралықтарды табатын және олардың жағымды үніне қуанатын. Төрт жасында Вольфганг клавесина үшін концерт шығаруға тырысады!
саусақтарының табиғи шапшаңдығы бола тұрып, ол оны үздіксіз дамытты, алты жасында кішкентай музыкант күрделі виртуоздық шығармаларды ойнады. Ұлының аспаппен айналысуы туралы ата- анасының сұрануының, қажеті болмай қалды. Керісінше, олар ол шаршап қалмас үшін, одан сабақтарын тоқтатуды сұранатын.
Леопольд Моцарт Вольфгангтың да өмірі өзінің өмірі сияқты ауыр әрі бір түрлі болғанын қаламады. Өйткені, оның көп жылдары аса ауыр жұмыс істеуіне қарамастан, Моцарттар отбасы қарапайым өмір сүрді, кейде қарыздарын төлеуге де ақша таба алмай қалатын. Әкесі баланы оның талантты әпкесімен бірге концерттік саяхатқа алып кетуді шешеді. Алты жасар музыкант әлемді таң қалдыру үшін саяхатқа шығады.
Моцарттар отбасы бірінші Мюнхенге, Венаға, сонан соң европаның ірі қалаларына - Парижге, Лондонға, ал қайтар жолдарында - Амстердам, Гаага, Женеваға барды. Үш жылға созылған сапар ақиқатында ғажайып салтанатты жүріске айналды.
Кішкентай Моцарттың өз әпкесі Анна-Мариямен қойған концерттері барлық кезде таң қаларлық және орасан зор шаттық әсерін шақырды.
Балаларға сыйлықтар жаудырды.
Осының бәрі өте шаршататын еді, оның үстіне концерттер ол кездері төрт, бес сағатқа созылатын. Осыған қарамастан, әкесі баласының білімін жалғастыруға тырысты. Ол ұлын сол уақьптың ең жақсы композиторларының шығармаларымен таныстырды, концерттерге Парижде Вольфганг скрипка мен фортепиано үшін өзінің алғашқы сонаталарын, Лондонда - симфониялар жазды. Бұларды орындау оның концерттеріне бұрынғыдан да зор атақә. Кішкентай виртуоз және композитор Еуропаның толық өзін жақсы көруін жеңіп алды. Атағы шыққан, бақытты, бірақ шаршаған Моцарттар отбасы туған қаласы Зальцбургке қайтып оралды. Бұл 1766 жылы еді.
Моцарт шетелдік тілдерді - француз, ағылшын, латын, италян тілдерін мұқият үйренуді жалғастырды. Сол кездерде барлық композиторлар үшін қажет италян тілін ол ақырында өте жетік меңгерді.
Үш жыл ішінде (1770-1773) әкесі мен баласы Италияның ең ірі
қалаларына - Римге, Миланға, Неапольға, Венецияға, Флоренцияға барды.
Вольфганг өз өмірінде екінші рет, енді он төрт жасында триумфты бастан кешірд. Жас өспірім Моцарттың концерттері өте тамаша таң қалдырарлық табыстармен өтті. Бұл концерттердің Күрделілігі мен әр алуандығы таң қалдырды.
Вольфгангтың фантастикалық сезімтал есіту қабілеті, оның тамаша жаттау қабілеті де италяндықтарды таң қалдырд. Болонский академиясының мүшелігіне Вольфгангты сайлау одан да керемет шындық болды. Белгілі италян теоретигі және композиторы падре Мартинимен өткізген азғантай сабақтар таң қаларлық нәтижелерге әкелді. Жарты сағат ішінде бала өте күрделі көп дауысты шығарма жазды. Академия тарихында алғаш рет оның мүшесі өте жас композитор болды. Моцарттың таланты тағы бір жарқын шегіне жетті.
Италияда болған кездерінде Моцарт өз білімін елеулі ұлғайтты және байытты. Ата жұрттың бәрінін аузында жүрген, жас музыканттың Италиядан жұмыс табудағы барлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырад. Бұрынғы керемет-баланы бағалай білмегендей, данышпан жасөспірімді маңызды және бәрін билеп-төстеуші ақсүйектердің ешқайсысы шын мәнінде бағалай алмады. Моцарттың дарындылығының өзінділігі, оның музыкасының маңыздылығы және ойшылдығы, қалыптасып кеткен мәнерден шегіністері италиялықтарды алаңдатты. Дағдылы көңілсіз жағдайға, үйге қайтып оралуға тура келді. Жаңа ғана бастан кешірілген даңқ қайтар жолды одан сайын қуанышсыз етті. Ермек аяқталды, құмарлық өтті. Моцартты тез арада ұмытып кетті. Италияда бұдан кейін ол ешқашан болмады. Қиын, бірақ бақытты балалық және жастық шақ аяқталды. Шығармашылық жұмыстарға және орындалмаған үміттерге толы өмір басталды.
Зальцбургтың жаңа бастығы граф Колоредо ол моцартты өзінің оркестрінің дирижері етіп тағайындаған жасөспірім музыканттан, бірден оның ойларының тәуелсіздігін, дөрекі қатынастарға төзе алмайтындығын байқады. Сондықтан ол жасөспірімді ренжіту үшін, кез-келген себептерді пайдаланды.
Қызметші-музыканттық кемсітушілік жағдайы Моцарттың Зальцбургтегі өмірін төзуге болмайтындай етті. Граф Колоредо өзінің рұқсатынсыз оған концертке де шығуға тиым салды. Дүние жүзіне әйгілі музыкантты одан да әрі кемсіту үшін, оны қызметшілер тұратын үйде солармен бірге тамақ ішуге мәжбүрледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz