Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сырдария университеті
Өнер факультеті
Ән және саз кафедрасы.
“Бекітемін” __________
Кафедра меңгерушісі
“____” ______ 200 ж.
Музыкалық білім берудің әдістемесі
пәнінен О Б С Ө Ж мәтіндері
Лектор: Сейілбекова Ү.К
Жетісай – 2007ж
№ 1 - Тақырып
“Музыкалық білім берудің әдістемесі” пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық
мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Оқушылардың музыкалық тәрбиесінде, оқыту және дамуында педагогикалық
жолдарының таңдап алынған негізінде музыка мұғалімін кәсіби хабар етіп
дайындау; жаңа идеялар мен қарама – қайшылықтарды табу, оларды жою.
2. Жаңартылған музыка педагогикалық іс - әрекет және ғылым тануды үйренуге
бағытталған іс - әрекет сферасы білім беру методологиясы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Әденбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А., 2004.
2.Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе. М., 1983
3.Меңдаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тәрбиесін беру
әдістемесі. А., 1997.
4.Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования. М., 2004.
5.Момынұлы П. Музыкалық эстетикалық тәрбие. А., 2000.
6.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. А., 1995.
7.Қазақ Совет энциклопедиясы. 8 том.
8. Детская музыкальная энциклопедия
9.Крюкова В.В. Музыкальная педагогика Ростов- на-Дону., 2002.
10.Музыка әлемінде журналы 2005-2006 ж.ж
11.Халабузарь П. Попов В. Добровольская Н. “Музыкалық білім беру
әдістемесі”
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескеру, Қазақстан Республикасындағы
жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау,
жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың
қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды
қажет етеді. Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың ісі
белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен, бұл салада лайықты оқулықтар, оқу
құралдары жоқ деуге болады. Музыкалық білім берудің әдістемесі
педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу
үстіндегі ғылым саласы. Аталған мәселелердің ойдағыдай дұрыс шешім табуы
ВУЗ-дық блім беру жүйесінде болашақ манан даярлауға арналған „Музыкалық
білім берудің тарихы мен теориясы“, „Музыкалық білім берудің әдіснамасы“,
“Музыкалық педагогика“ курстары бойынша арнайы оқулықтарды, оқу
құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, хрестоматияларды, бейне, жазба
материалдарын дайындауды жетілдіру ісімен тығыз байланысты. Мұғалімнің
кәсіби дайындығы оның қоғамдық саяси, арнаулы және педогогикалық-
психологиялық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады. Білімді үнемі
толықтырып отыру, өз пәнін жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын
басты да нақты талап.
Қазіргі таңда білім шарттары бойынша балаларға музыкалық білім берудің
мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ
берудің жаңарту үрдісінің тиімді критерийлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға
музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясы мен бағдарламалар
нұсқаларында ерекше өзекті мәселе больш отыр.
Коллоквиум
1. Әдістеме дегеніміз не?
2. Музыка қай тілден шыққан сөз?
3. “Музыкалық білім берудің әдістемесі ” пәнінің мақсаты мен міндеті
қандай?
4. “Музыкалық білім берудің әдістемесінде” қандай физиологиялық
құбылыстардағы зерттеулерге сүйенеді?
5. “Музыкалық білім берудің әдістемесі“ пәні басқа қандай пәндермен өзара
тығыз байланысты?
6. “Музыкалық білім берудің әдістемесі“ нені зерттейді?
№ 2 - Тақырып
Музыка сабағын – мектептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы, оны
ұйымдастыру, өнер сабағы ретіндегі спецификасы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Мектеп пәні, өнер сабағы музыка сабақтарының спецификалық
қиындықтары. Басқа пәндермен ұқсастықтары және айырмашылықтарының
ерекшеліктері.
2. Музыка сабақтарының түрлері (жалпы қорытындылау, концерт – сабақ және
т.б.)
Қазіргі жас буын педагог-музыканттар балалармен жұмыс жасау барысында
танымал отандық және шетел прогресшіл қайраткерлерінің ұсынған жаппай
музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға
тырысады. Бұрынғыдай өзекті мәселе болып қала беретін мәселелер: Музыка
сабағын өнер сабағы рстінде қалай өткізуге болады? Осы үрдісте музыка
сабағына, мүғалімге, оқушыларға қандай рөл жүктеледі?
Музыка өнердің ішіндегі ең күштісі және де жан-жақтысы, ол адам
санасына терең еніп, тұлғаға және көпшілікке әмоционалды-идеологиялық әсер
ететін толық құқықты бірден-бір құрал болып саналады. Дайындық үрдісінде
және бағдарламамен жұмыс жасау кезінде пән туралы дидактикалық түсінікті
білу болашақ музыка мұғаліміне өте қажет. Сонымен қатар, музыкалық
педагогиканың қазіргі жетістіктерін басқа да пәндердің теориясы мен
әдістемесін оқытудағы жетістіктерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жалпы
және жеке дидактиканың ережелерін пайдалана отырып, музыкалық педагогика
шығармашылық тәжірибелерімен оларды байытып отырады.
Сондықтан да осы мәселе теңірегінде әлі де ізденістің қажеттілігі және
өзектілігі байқалады.
Білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің
мазмұны қоғамның әкономикалық және ғылыми-техникалық даму қажеттіліктеріне
байланысты қарастырылады. Білім берудің, оқытудың мазмұны оқушылардың ақыл-
ойының, дене күш-қуаттарының жан-жақты дамытуымен, дүниеге ғылыми
кезқарастарының қалыпта-суымен және олардың өмірге, еңбекке деген
дайындығының қажетті негіз болатын білімдері, іскерліктері көлемімен
анықталады.
Қазіргі әлеуметтік-педагогикалык жағдайда "Музыка" пәні мұғалімдерінің
алдына қойылып отырған талаптардың ішінде төмендегілерді атасақ:
- музыкалық-педагогикалық тәжірибелік ғылыми теориямен қарулануы;
- тұгас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерін меңгеру;
- педагогикалық жаңаша ойлау қабілетін дамыту;
- педагогикалық ынтымақтастық идеясын білу;
- өздігінен білім алуды жетілдіру;
- өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру;
- заман талабына сай білімі терең, өнершіл, нағыз кәсіби маман болуға
тиісті.
Қай сыньш, қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде
музыканың мазмұнын (мазмүлдық образдарды) негізге алып, түсінуді, ынта-
ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек. Өлең, сурет, қимыл
(би) және т.б. құралдар көмекші қызмет атқармак.
Реферат тықырыптары
1. Мектептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы – музыка сабағы.
2. Музыка сабағын ұйымдастыруда мұғалімнің жаңаша ойлау қабілетін дамыту
жолдары.
3. Музыка сабағының құрылымы мен мазмұны.
4. Музыка сабағын жүргізудің бағыттары.
5. Мектеп пәні, өнер сабағы музыка сабақтарының спецификалық
қиындықтары.
6. Музыка сабақтарының түрлері (дәстүрлі сабақ)
7. Музыка сабақтарының түрлері (дәстүрлі емес сабақ)
3 - Тақырып
Музыкалық іс - әрекеттің әр түрлеріндегі
музыка сабағы құрылымының әдістемесі.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Музыка сабағының медикалық жеке зерттеуде музыка мұғалімінің
шығармашылық әдісі.
2. Музыкалық информацияның әртүрлі қайнар көздерінің репертуар
материалдарына Багаж жинау.
3. Көркемдік талапға музыка танымдық пен мүмкіндіктерді өмірлік тәжірибе
деңгейіне сәйкестендірілген музыка методикалық репертуарды іріктеу.
Музыка мұғалімі - өз пәнін, оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық
еңбек ететін, педагогикалық шегберлігін үнемі жетілдіретін маман.
Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы
емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің
қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс- әрекеттерінің
жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық салаларына да өте
қажет, ал "музыка" пәні мұғалімі үшін ол - үстаздың дарындылыққа жетудің
жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады.
Музыканы сауатты оқыту әдістемесі тұтас алғанда музыкалық оқытудың
міндеттеріне сай болу керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны
жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам
дайындау - мектептің міндеті. Сабақта қолданылатын музыкалык материалдық
таңдай білудің маңызы зор.
Өйткені сол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан-қилы оқиғаларынан
мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп,
толықтырылып отырады.
Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып балалар композитордың өмірі,
шыгармашыльтғымен танысады. Осылайша музыкаға деген кызығушылығы, әмоциялық
көзқарасы қалыптасады және шығарманың мәнерлік кұралдары болатынын ажырата
алатын болады.
Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертеден-ақ аңыз болып
тараған. Оған мысал ретінде Ақсақ құлан және т.б. көптеген күй аңыздарын
алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің
бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің
рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді
тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі - музыканы қабылдай білуде жатыр.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу
музыкалык тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының
музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есепетеледі.
Музыканы қабылдау - музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-
келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез келген
түрі деп отырғанымыз, музыка тыңцау, ән айту, музыкалық білімділігін
арттыру, нота сауаты және т.б.
Бағдарлама бойынша музыка дегеніміз - жалпы білім беретін мектептерде
балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс
қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы
тиіс.
Коллоквиум
1. Музыка сабағында балалар қандай іс-әрекетпен айналысады?
2.Музыка сабағының басқа пәндік сабақтарға тән ерекше айырмашылықтарын
атаңыз.
3.Музыка сабағында ән айту барысында кездесетін қиыншылықтарды қалай шешуге
болады?
4. Музыканы тыңдау әдістемесі.
5. Музыканы қабылдау әдістемесі.
4 - Тақырып
Оқушыларға музыкалық білім берудің негізгі міндеттерін оқытудың әдістерімен
тәсілдерінің байланысы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Әдістердің сапасын бағалау, олардың музыкалық білім берудегі негізгі
міндеттерінің байланысы.
2. Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты тәсілдері : жалпы қорытындылау, “алға
шығып кету және өткенге қайта оралу”.
(Д.Б.Кабалевский).
3. Музыка педагогикалық процестердің ішкі және сыртқы жақтарын білуде
мәселерді – іздеу әдісі, олардың заңдылықтары мен қозғаушы күштері (іздеу
әдісі).
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның әр компонентінің көркем
болуы талап етіледі. Бұл тек орындалатын ән мен тыңдалатын музыка ғана
емес, орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әрбір дыбысты өте әдемі
мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Музыка сабағындағы
қолданылатын әдіс –тәсілдерге тоқтала кетейік. “Алды шолу өткенге оралу”
әдісі. Аталған әдістің мәнін-ол жаңа тақырыптарды бұрынғы өтілген
сабақтардағы материалдарға сүйене отырып жүргізу мұғалім үшін бұл әдістің
өте үлкен маңызы бар, егер де сабақта мұғалім “алды шолу өткенге оралу ”
әдісіне жүгінер болса, онда ол сабақтың тиімділігін арттырып мына
жағдайларды шеше алады:
а) Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде жеңілірек игеріледі.
б) өткен сабақ пысықталады.
в) мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, нығыздай байланыстыра
түседі.
“Эмоциялық драматургия әдісі” сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін
қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына,
айырмашылығына тоқтала отырып, әр сабақтың өзінің бір–бірін қайталамайтын
өрнектермен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Бұл әрине, музыка сабағы
мұғалімнің шеберлігіне икемділігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.
Сыныптардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты мұғалім музыкалық
материалды іріктеуде жалпы талаптарды басшылыққа ала отырып, ауыстырып
жүргізу мүмкін.
Әдістер, нысандар (топтық, ұжымдық, жеке), құралдар (фонограмма, ОТҚ
(ТСО), альбомдар, суреттер, плакаттар, суреттер көрмесі, сигналды
карточкалар және т.б.) сабақ сайын жоспарда белгіленеді.
Тәрбиелеу және оқыту процесінің оптималдық принципін меңгеру
мүмкіндіктері:
- ғылыми негізде сабақты жоспарлау және жүргізу;
- сабақ нәтижелілігін болжау;
- оның мазмұнын үнемі жетілдіріп, өзгерту;
- минималды уақыт шығьшдарымен жоғары тиімділікке жету;
- сабақтың өзіне-өзі талдау жүргізу;
-оқушылар мен мұғалім және ата-аналар ұжымдарында жақсы микроклиматты
құру және қолдау;
-қателерді ескере отырып, оқушының, өзінің, мектептің нақты
мүмкіндіктеріне сай мақсатта оқи отырьш, педагогикалық тәжірибе жинауға
мүмкіндік беру.
Коллоквиум
1. Музыкалық білім берудегі әдістердің спицификасын анықтаңыз.
2. Музыкалық білім беруде әсерлендіру, таңдандыру әдісі дегеніміз не?
3. Музыкалық білім беруде мәнерлеп орындау, сөздік орындау дегенімізді
қалай түсінесіз?
4. Музыкалық білім беруде үйрету, ойын, салыстыру әдістерін анықтаңыз.
5. Музыка сабағында әсерлендіру әдісін қолданудың жолдары.
6. Музыка сабағында таңдандыру әдісін қолданудың жолдары.
7. Музыка сабағында мәнерлеп орындау әдісін қолданудың жолдары.
8. Музыка сабағында сөздік орындау әдісін қолданудың жолдары.
9. Музыка сабағында үйрету әдістерін қолданудың жолдары.
10. Музыка сабағында көрнекі құралдар қолдану әдістері.
11. Музыка сабағында ойын әдістері н қолданудың жолдары.
12. Музыка сабағында көрсету мен есіттіру әдістері
13. Музыка сабағында салыстыру әдістерін қолданудың жолдары.
14. Музыка сабағында проблемалық әдісңн қолданудың жолдары.
5 – Тақырып
Оқушылардың музыкалық тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстарының әртүрлі
формасын ұйымдастыру әдістері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Музыкалық тәрбиенің сыныптан және мектептен тыс формаларының
мазмұнына әртүрлі көзқарастар.
2. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру : тақырыптық мерекелер,
үйірмелік іс - әрекет, музыкалық клуб, фонотека және т.б.
Қазіргі мектепте музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы
қамтиды:
1. Мектепішілік іс – шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын
үйірмелік жұмыстар.
2. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын
оқулықтарын, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ
жүргізу.
Мектепішілік іс – шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік
жұмыстар - мектепте әр түрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асырылады. Атап
айтқанда мынадай үйірмелер болуы тиімді: хор, оркестр, жеке аспаптар,
әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры және т.б. Оқушылармен
өткізілетін музыкалық іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың
білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы
білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция - концерт, көпшілікпен
бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру,
жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады.
Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін
білікті маман ғана емес, музыкалық талғамдық жұмыстарды жүргізуші,
мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.
Мектепте ұйымдастырылатын музыкалық іс- шаралардың ішіндегі ең сүбелі
сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекция - концерттер ұйымдастыру.
Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер
шығармашылығымен жеке аспапта орындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен
жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай - ақ музыка сабағынан алған
мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай
жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар
жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы
бағыттағы өткізілетін лекция - концерттерге мектептегі өнер сүйгіш
балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала
жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын
тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай
тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте
дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты
талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут
қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Реферат тақырыптары
1. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (мерекелік іс-шаралар).
2. Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие.
3. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлері.
4. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (үйірмелік іс-әрекет).
5. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (музыкалық клуб).
6. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (фонотека).
6 - Тақырып

1. Мектептегі музыкалық сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған
формалары: ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды
ұйымдастыру.
2. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру мақсатында сценарийлер
дайындау.
Қоғамда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени
–шығармашылық мұратқа қарай ойысуы жолындағы саяси міндеті туралы дәстүрлі
түсінік қаралу үстінде.
Орта мектептің атқаратын міндеттеріне сәйкес өзіне қойылатын
әлеуметтік-эстетикалық талаптарға қол жеткізу және осы бағыттағы жұмыстарды
кеңінен енгізу керек екендігін көрсетеді. Мектепте тәрбие жұмысының әдіс-
тәсілдерін жетілдіру- оқушылардың мәдени (музыкалық) тынығу жұмыстарының
теориясы мен практикасын дұрыс пайдаланып, оны ұйымдастыра білуге
байланысты.
Оқушылар аудиториясындағы музыкалық мәдениеттің деңгейіне анықтама беру
үшін классикалық және қазіргі музыканың әртүрлі жанрлары бойынша үздік
туындыларын оқушылар өміріне және тұрмысына толық енгізу керек екендігін
қарастыру қажет.
Оқушыларды эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, музыкалық
өнердің әсерінен табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және
түсінуге тәрбиелеу. Ол үшін музыка мұғалімдері оқушылардың сыныптан тыс
музыкалық тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, уақыт талабына
сай жоспарлап жүргізуі қажет. Эстетикалық тәрбие орталықтары, өнер
мектептері, театр және кино театр барынша дамытылуға тиіс.
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда
қойылатын міндеттер:
- музыка өнерінің мазмұны мен мәнін айқындау;
- оқушылардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының
қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін
арттыру;
- театр, кино өнері арқылы қазіргі заман талабына сай оқушылардың
эстетикалық талғамын қалыптастыру;
- музыкалық спектакльдердің, музыкалық кино өнерінің теориясы және
практикасымен таныстыру;
- мектепте музыкалық қойылымдарды, кештерді ұйымдастыруға дайындау.
Адам баласының өмірінде өнердің оның ішінде музыканың алатын орны
ерекше. Ұлы ойшылдардың қайсысын алсақ та, олар өздерінің үлкен тарихи
міндеттерімен қатар үнемі музыканы сүйіп тыңдау мен, тіпті кейбіреулері
өздері орындаумен шұғылданған. Музыка олардың өмірінде тек қызық үшін емес,
өмірдің сырт сәнін келтеру үшін емес, алған бағыттарында сол жолдарында
үлкен демеуші, рух беруші күш болған. Олар өнердің, соның ішінде музыканың
адам санасына әсер етуде үлкен рухани құрал екенін түсінген және сол
пікірлерін кейінгіге мирас еткен.
Реферат тақырыптары:

формалары.
2. Ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды
ұйымдастырудың жолдары.
3.Ертеңгіліктер сценарийі
4. Мерекелік кештер сценарийі
5. Әдеби-музыкалық қойылымдар сценарийі.
7 - Тақырып
Оқушылардың жас ерекшелік кезеңдеріне сай музыкалық білім беру
әдістемесіндегі жүзеге асырылып жатқан музыка бағдарламаларының сипаты.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Мектептің бастауыш сыныптарындағы музыкалық білім берудің әдістемесі,
психофизиологиялық қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеру.
2. Орта сыныптардағы музыка сауықтарының бағыты. Көркем творчестволық
процестердің негізгі түрлерін іске асыру.
3. Оқушылардың жалпы және музыкалық дамуындағы жас ерекшеліктер.
Бастауыш сыныптар оқушыларына арнап іріктелген репертуарды талдау
барысындағы кез-келген халық әні оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде Ән мен
күй - халық қазынасы атты басты тақырыпты ашып, ашық дидактикалық
бағыттылықты көрсетеді.
Екінші сыныптың ән репертуарын таңдауда бірізділік принципін жүзеге
асырудың маңызды критерийі болып, және де келесі жағдайларды ескере отырып,
халық әндерінің мақсаттальш енгізілуі тиіс:
1. Музыкалық материал оқушылардың ән мәдениетін әрі қарай жетілдіруге,
олардың ішкі есту қабілетінің дамуына яғни ойша әуеннің үнділігін келтіру
біліктілігін дамытуға жағдай жасау қажет.
2. Халық әндері өнегелі және әстетикалық тәрбиелеуде тереңірек
мүмкіндіктерді, білімді нығайтуды, жаңа танымдық міндеттер үйлесімімен
өтілген материалды қайталау негізінде ой-өрісті кеңейтуді қамтамасыз ету
қажет. Музыкалық фольклордың ән репертуарын іріктеудегі негізгі міндет
олардың мазмұны мен сипаты тұрғысынан жан-жақты болу болып табылады: Ақ
сиса, Ортеке, Боз жорға және т.б.
Үшінші сыныпқа арналған ән фольклорының репертуарын іріктеу келесі
талаптарға сай болу керек:
- музыкалық мәнерлілік құралдарды талдаумен қамтамасыз ету;
- барлық диапазондағы тембрге туралап сазды, әдемі, дыбыстар дағдыларын
қалыптастыруға жағдай жасау;
- кейбір әндерде екі дауыспен айту элементтерін орындалу мүмкіндігі
ескертілуі қажет.
- тындау және орындау үшін көркемдік және педагогикалық мақсатқа сай
ұсынылатын шығармалар сипаты бойынша түрлі болу керек. Халық әндеріне Жар-
жар, Елім-ай, Гәкку және т.б. жатқызылады.
Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып балаларының музыка
сабақтарындағы музыкалық-әншілік тәрбиеге арналған педагогикалық
репертуарды іріктеу принципінің негізгі сипаты осындай көрініс алады.
Бастапқы үш сыныптың музыка сабақтарында репертуарды іріктеуде келесі екі
тәсілді ескеру қажет: әрі қарай қозғалуға қажет тез темпке көшу оңай
материал негізінде міндеттерді шешеді, ал төртінші сыныпта ұсынылған
қиынырақ материалдағы, 1—III сыныптарға арналған бағдарламада белгіленген,
балалар бойында жоқтың қасы түйінді білімдер және дағдылармен бірізділікпен
және біртіндеп жұмыс жасау. Бул принцип кез-келген бағдарламадағы жұмыс
бойынша өзінің маңыздылығын сактайды.
Орта сыныптардағы вокалдық-хор жұмысы өзіндік қиындық туғызатынын айта
кеткен жөн. Бастауыш сыныптарда қалыптастырылатын ән дағдыларының болмауы
оқушылардың қиынырақ репертуарды орындай алмауына, ал ол репертуардың
қызығушылықсыз орындауына әкеліп соқтырады. Осыған байланысты әншілік
репертуардың дұрыс іріктелуі: жаттығулар мен әндер - алғашқы міндет болып
табылады. Алтыншы сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктері тек ән айтуда ғана
емес, негізінен музыка сабақтарындағы оқушылардың тәртіптерінен де
байқалады: -әмоционалдық қозу әсерінде, қызығушылықтың тез жоғалуы,
есеюге ұмтылу, қалау және істей алу арасындағы алшақтау болатын
өмірлік тәжірибенің жоқтығында. Осы оқытудың өмірмен байланысы принципімен
тығыз байланыстағы әмоциялық пен саналылықтың бірлігі принципі оқушылардың
тәжірибесіне сүйенетіндігін ескереді.
Тест сұрақтары
1. Бастауыш мектееп жасындағы оқушыларға тән психологиялық -педагогикалық
ерекшеліктер.
А) ұқыптылық, шыдамдылық;
В) талдау жасап қорытындылауға бейімділік;
С) материалды терең ұғыну;
Д) қиялдау, ойынға әуестік, ұмытшақтық;
Е) дербестікке ұмтылу.
2. Орта сынып пен бастауыш сынып оқушыларының арасындағы айырмашылық неде?
А) жалпы дамуында, ойлау есте сақтау сияқты психологиялық ерекшеліктерінде;
В) музыкалық сабақтарға көңіл бөлуінде;
С) оқытудың құрылысының әртүрлі болуында;
Д) оқытудың дидиктикалық принциптерінде;
Е) сабақтың құрылысының әртүрлі болуында.
3. Сыныптан тыс музыкалық әрекеттерде жас өспірімдердің жеке басында қандай
ерекшеліктер қалыптасады.?
А) тәртіптілік;
В) музыка өнеріне қызығу және оны қажет ету;
С) ұжымдылық;
Д) ізденушілік әрекеттер;
Е) әртістік.
4. Музыка сабағында әнді бұзып айтатын балаларды отырғызу реті қалай
болады?
А) араластыра отырғызу;
В) соңғы парталарға отырғызу;
С) ортаңғы парталарға отырғызу;
Д) бүйірдегі парталарға отырғызу;
Е) бірінші парталарға отырғызу.
5. Музыка сабақтарында әнді үйрету әдістемесінің қай кезеңі аса маңызды?
А) сөзін үйрету;
В) фразамен, шумақтармен жұмыс жасау;
С) музыкалық шығарманы тыңдау;
Д) музыканың сипатын талдау;
Е) шығарманың мазмұнын талдау.
6. Балалар дауысының шаршауына не себепті?
А) шығарманың жай екпінде орындалуы;
В) демді дұрыс алмауы;
С) дыбыстың жоғарылығы;
Д) ән айту жолының дұрыс нұсқамағандығы;
Е) терең сезіммен орындауы.
7. Мутация кезеңі қандай жас аралығын қамтиды?
А) 16-19 жас;
В) 13-16 жас;
С) 7- 10 жас;
Д) 10-13 жас;
Е) 19 жастан әрі қарай.
8. Мутация кезеңіндегі дауыстың белгілері қандай?
А) дауысқа суық тию;
В) әнді таза айтпай, дауыстың қарлығуы және ондағы олқылық;
С) есту аппаратындағы мүкістер.
Д) ұзақ ән айту;
Е) ән айту диапазонының кеңеюі.
9. Музыка мұғалімінің сынып оқушыларымен жұмиыс жасау барысында кездесетін
қиындықтары қандай?
А) тәртіпті сақтауда;
В) зейінділікке баулуда;
С) музыканың мазмұнын, сипатын талдауда,
Д) вокалды - хор жұмысында;
Е) репертуар таңдауда.
10. Музыка сабағында көрнекі құралдары қолдануда қойылатын талаптар қандай?
А) бастауыш сыныптарда қолданған жөн;
В) оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру;
С) музыка сауатын меңгеру үшін қажет;
Д) педагогикалық мақсатқа сай саналы әрі сапалы етіп дайындау;
Е) эмоциялы көңіл-күйіне мүмкіндік туғызу.
11. Төменгі сынып оқушыларына ерекше қандай мінез-құлық дарыған.
А) Ұлттық пен тұрақтылық.
В) Исақ-қисақты зерттеуге.
С) Материалды терең ойлауға.
Д) Ашық ойлау қабілеті, ойынға дүниетанымы кең.
Е) Өздігімен кетуге.
12. Мектептегі оқушылардың музыка тәрбиесіндегі балаға тән спецификалық
принципін атаңыз.
А) Көріп білуге.
В) Жан – жақты ойлуа қабілетімен әсерленіп, техникасымен байланыстыру.
С) Тақырыптың темасына
Д) Тәрбиелі оқуға деген принцип
Е) Лад, ырғақты сезіну, формалық құрлымға сүйену
13. Музыка сабағындағы оқытушының оқушыға деген жеке көз қарасының мақсаты
неде ?
А) Оқушының музыкадағы өсуі.
В) Жаңа материалды қалай қабылдағандыға баға.
С) Экспереметтік түрде бақылау.
Д) Қатардан қалып кеткен баланы жекелеу.
Е) Оқушының сабақа деген көз қарасының мінегдеме бері.
14.Бірінші сынып оқушыларымен оқытушы қандай қиыншылықтарды
кездестіреді?
А)Тәртіп орнатуда.
В) Көңіл аударуда.
С) Әннің мазмұнымен характеріне анализ жасау.
Д) Вокалдық-хормен жұмыс.
Е) Репертуар таңдауда.
15. Алғашқы ән айту кезіндке қандай көркемдік құрал балалардың есту
қабілетінен негізгі болып саналады.
А) Қарапайым ән.
В) Музыка ойындары.
С) Қиындығы жоқ жай екпінді жаттығулар
Д) Дыбыс құрылымы.
Е) Халықтық шығармашылық.
16. 1 класс оқушыларының дауыс диапазоны:
А) Ми^-соль1, фа^-ля1;
В) До^-фа1, СОЛЕ-ЛЯ1;
С) Ре^-сиі;
Д) Ми^-до2;
Е) До^-до2.
17. 2 класс оқушыларының дауыс диапазоны:
А) Ми^-си1;
В) Ми^-до2;
С) Ре^-ми1;
Д) Ре^-ре2;
Е) Ми^-соль1.
18. 3 класс оқушыларының дауыс диапазоны:
А) До^-ми^фа1);
В) ДсЛре^ми2);
С) Ми^-ре^ми2);
Д) Фа^-ми^фа2);
Е) СолІЛля^си1).
19.11-12 жастағы оқушылардың дауыс диапаэоны:
А) До^-си^до2);
В) Ре1 -ля ^си ^);
С) Ля^-ми^фа2);
Д) СолІЛля^си1);
Е) До^-ми^фа2).
20. 1-ші класс оқушыларының әнді үйрену ерекшелігі:
А) Нота бойынша;
В) Есіте білу(слух) қабілеті бойынша;
С) Қайталау бойынша;
Д) Суреттер бойынша;
Е) Санау бойынша.
8 - Тақырып
Оқушылардың рухани мәдениетінің маңызы және оның барлық ажырамайтын бөлігі
ретінде музыкалық мәдениетін қалыптастыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Заңдылықтар негізінде музыканы қабылдауда даму жүйесі, оның өмірмен
байланысы.
2. Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты әдістері, дидактикалық принциптері
Музыкалық білім берудің әдістемесі педагогика ғылымы ретінде жалпы
педагогиканың заңдылықтарына және дидактикалық принциптеріне сүйенеді.
Музыкалық білім берудің әдістемесінің негізіне жататын принциптер:
тәрбиелеп оқыту, жүйелік пен бірізділік, көрнекілік, түсініктілік,
беріктік.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге
асады. Ережелер педагогикалық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану қүралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың
принциптеріне сай қальштасқан белігілі ережелерге сүйе-ніп мақсат-
міндеттерін іске асырады.
Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді,
теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен,
принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда
қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау үстаздың
қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді.
Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалык ережелерді типтік, стандарттық
жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық
принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сай берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактикалық
принциптер оқыту үрдісінде негізгі буын ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады.
Сонымен басты дидактикалық принциптер жүйесіне мыналарды жатқызамыз:
- ғылымилық;
- саналық пен белсенділік;
- көрнекілік;
- жүйелік пен бірізділік;
- беріктілік;
- сәйкестік;
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Принциптерді талдаудың алдында принциптер мен ережелер байланысына
тоқталайық. Педагогикалық ереже жалпы принциптерге негізделтен белгілі
жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогикалық қызметтің бейнеленуі.
Коллоквиум
1. Заңдылықтар негізінде музыканы қабылдауда даму жүйесінің өмірмен
байланысы неде?
2. Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты әдістерін атаңыз
3. Дидактикалық принциптердің түрлерін музыка сабағында қалай қолдануға
болады?
4. Музыка сабағында оқытудың ғылымилық принципі.
5. Музыка сабағында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz