Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы мақсаты мазмұны



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы
мақсаты мазмұны.

Біздің жаңарған дәуірімізде, жаңарған социалды қоғамына қарай алға
басып келе жатқан мезгілде, мектеп жастарын адамгершілік рухта тәрбиелеу
жолында мектеп өмірінің,мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде музыка
сабағын өткізудің ерекше мазмұны болып отыр.Мектептің барлық сабағы секілді
музыка сабағына да оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің негізгі
мақсаттарын жан – жақты қамтып , оларды білімді жоғары идеялы, табанды
қажырлы етіп,алдарында қандай қиындықтар болмасын оны жеңіп шығатын жігерлі
етіп тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.
Халыққа білім беру Заңы қазақ мектебінің алдында жасөспірім балаларды
жан-жақты етіп тәрбиелеп , олардың мәдени көзқарастарын байытып , зор
мұратты, талапты , шат көңілді, сергек етіп өсіру міндеттерін
қоюда.Жасөспірімдердің музыка туалы және өнердің барлық салалары мен
әсемдік,әдемілік туралы тусініктерін байқау және олардың шығармашылық
қабілеттерін онан әрі дамыту мәселелері көбінесе музыка өнер сабақтарында
іске асырылып отырады .
Педагогика ғылымы мектептегі өнердің тәрбиелік орны мен негізін
былай айқындайды : Баланы өнер арқылы ашық ойлауға, терең сезінуге үйрету
керек, сөйтіп өзін түсінуін өзгені түінудің құралы етуге көмектесу керек.
Жалпы білім беретін мектептердегі музыкалық, кеңірек айтқанда эстетикалық
тәрбиенің мәнін педагогика ғылымы осылай шешеді. Бұл музыканы оқып-
үйренудің маңызын, яғни музыканың теориясы мен тарихын үйреніп, музыкалық
орындаушылық қабілетін іс жүзінде көтеруді жоққа шығару деген сөз бе?
Мұндай пікір еш негізсіз болар. Түрлі аспаптарда ойнайтын, хорларға,
оркестрлерге, түрлі ансамбльдерге қатысатын балалардың, жасөспірімдер мен
жастардың саны үздіксіз өсуде. Оқушылардың музыкаға деген ұмтылысы,
музыкалық білімге қызығушылығы үздікіз артуда, деп тұжырымдайды ресейлік
академик композитор Д.М.Кабалевский.
Мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең.
Бірінші класта отырған оқушылардың қаншасы балалар бақшасынан келгендігін
мұғалім тексере келіп, өз жұмысын балалар бақшасында балаларға берілген
музыкалық тәрбиенің жалғасы етіп жоспарлап, сабақтың мақсатын күн санап,
сабақ сайын жоғарылата береді.
Музыка сабағының алдындағы негізгі мақсат- шәкіртке музыканың
құдіретті күшін таныту. Сөйтіп оқушылардың санасына, еркіне, әсіресе
олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар бұл
өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен табыстарымен оның
қолынан туған көркемөнер мұраларын тануға, шындығын сезінуге, елін, жерін,
Отанды сүю сезіміне баулиды.
Қазір мектепте тәрбиеленіп жатқан жасөспірім балаларды адамгершілік
тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүклхалықтық іс болып отырғаны баршаға мәлім.
Соның күрделі салаларының бірі – жастарға музыкалық – эстетикалық тәрбие
беру негізінен музыка сабағының үстінде іске асырылады. Қазіргі жас
ұрпақтар, мектеп оқушылары мектеп қабырғасының өзінде – ақ музыка сабағының
үстінде, сабақтан тыс көркемөнер үйірмелерінің көмегімен заман талабына
сай, мәдени талғамы зор, музыкалы – эстетикалық білім саласынан едәуір
мағлұмат алуы арнаулы оқу бағдарламаларында көзделген.
Музыкалы – эстетикалық түсінік сәбидің жас кезінен – ақ пайда болады.
Сөйтіп, баланың есту қабілетіне байланысты үздіксіз дами түседі. Жас
сәбилер алғаш өзінің сүйікті анасының әуенін тыңдап өседі, соның қарапайым
да қоңыр сазын құлағына сіңіреді. Есейген сайын ән айтуға, әуен тыңдауға
құмартады. Өстіп музыка баланың қанына, санасына сіңеді.
Әдетте жас өспірімдердің музыкалы – эстетикалық талғамы бірдей бола
бермейді. Тіпті олардың бірі музыканы тез қабылдап, екіншісі орташа,
үшіншісі баяу қабылдайды. Бұл табиғи жағдайда байланысты болады да,
кейіннен баланың өскен ортасына, музыкалы – эстетикалық талғамының
жетілуіне, қабылдау қабілетіне және табиғи дарындылығына байланысты дамиды.
Осыларға орай шәкірттердің музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,
музыка өнеріне жөн сілтеу ең әуелі обасы болса, одан соң музыка тәрбиесі
мен сабағының міндеті деп білеміз.
Музыка сабағында мектеп оқушыларын мәдени рухта, елді құрметтеу,
халықтар достығына, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді іске асырушы
негізгі тұлға музака мұғалімі. Республиканың жалпы білім беретін
мектептерінде 1972 жылы 2535 музыка мұғалімі жұмыс істесе, ал 1989\90 оқу
жылында 5352 – ге жетті. Сонымен қатар музыкалық тәрбиені қазіргі заман
талабына сай көтеремі деп жүргенде, техника қаншама қарыштай дамыса – дағы,
баланың аты бала екенін ұмытпауымыз керек. Олардың сезім тазалығы,
шыншылдығы, табиғатты шынайы қабылдауы секілді негізгі қасиеттері
ескерілгені ләзім. Оның үстіне, ең үлкен мәселенің бірі адам өмірінің әсем
әрлі көктемі – балалық дәуренді күннен күнге етек алып дамып бара жатқан
машина мен автомат үстемдігінен, әр кісінің роботқа айналып кету қатерінен
көлегейлеп, сақтай білуде болып отыр, - деп жазды румын ғалымы.
Қазақ мектебінің музыка сабағының оқу бағдарламасында, осы сабақтың
мақсаттарын мына төмендегіше етіп көреткен:
Оқушылардың көркемөнерге сүйіспеншілігін арттыру, оның ішінде
музыкалық тәрбие беру, адамгершілік тәрбиенің ажыратылмайтын бір бөлімі
болып табылады. Музыка өнердің басқа түрлері сияқты алуан, түрлі
құбылыстардың шындығын ашуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің мақсаты
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және міндеттері
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
Пәндер