Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Кәсіптік білім және өнер” факультеті

“Музыкалық білім” кафедрасы

“Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі” пәні бойынша

5B010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы

мен әдістемесі» мамандығы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(силлабус)

Курс: 3

Оқу түрі: сыртқы

Кредит саны : 2

Лекция: 15

Практика: 12 сағат

СӨЖ: 63 сағат

Барлық сағат саны: 90 сағат.

Аралық бақылаулар саны : (АБ) 2

Қорытынды бақылау : емтихан

Жетісай 2010

Силлабусты дайындаған: оқытушы Барболова Г. Ж.

Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі: Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі: жылғы 3. 08. 256 - 2006 №___ бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ 20. 06. 2007 _ жылғы №4 хаттамасымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі:

Силлабус кафедраның мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ « » 201_ж.

Кафедра меңгерушісі профессор Бөрі Иса

қолы

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « » 201_ж.

Әдістемелік бюро төрайымы доцент Алимова А. Ш.

Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « » 201_ж.

Ғылыми Кеңес хатшысы доцент Мұсабекова Г. Т.

Мазмұны

  1. Алғы сөз …. . . . 4
  2. Жалпы мәліметтер. ……… . . . 4
  3. Курстың мақсаты мен міндеті . . . 5
  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері. . . . 5
  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме. …… . . . 5
  6. Оқу сабақтарының құрылымы . . . 6
  7. Студентке арналған ережелер . . . 6
  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну

кестесі . . . 7

  1. Лекция сабақтары . . . 8-41
  2. Практика сабақтары . . . 42
  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі . . . 43-45
  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі . . . 45
  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау

сұрақтары т. б) . . . 46-71

  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау

жүйесі . . . 72

  1. АЛҒЫ СӨЗ

Оқу-әдістемелік кешені “Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі” пәні бойынша 5B010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттеріне, осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредитттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ЛС - лекциялық сабақтар

ПС - практикалық сабақтар

СӨЖ - студенттердің өзіндік жұмысы

Оқыту бағдарламасы (Syllabus) семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдері енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Пысықтау сұрақтары мен тестік тапсырмалар студентке кредиттердің тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және тейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ-емтиханды алуға арналған.

2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

№:
Аты-жөні: Аты-жөні
Курсты өткізу уақыты, орны: Курсты өткізу уақыты, орны
Байланыстырушы мәлімет: Байланыстырушы мәлімет
№: Практикалық сабақтар
Аты-жөні: СӨЖ
Курсты өткізу уақыты, орны: Телефон
№: 1
Аты-жөні: Барболова Гүлнұр Жакудақызы
Курсты өткізу уақыты, орны:

Практика

Уақыты

Ауд

Байланыстырушы мәлімет:

Уақыты

Ауд

Тел:

Каб:

Корпус:

3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ

Курстың мақсаты:

студенттердің бойында музыка-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.

Бұл пәнге оқу барысында қойылатын міндеттер:

  1. Болашақ бастауыш мұғалімдердің музыкаға және мектептегі музыка-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау.
  2. Студенттерге музыканың мәні мен ерекшеліктерін, оның адам өмірінде әлеуметтік ролін ашып көрсету және олардың музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыру, музыканы дұрыс қаьылдау дағдыларын, музыкадағы өмір мазмұнын білу қабілетттерін қалыптастыру вжолдарын үйрету.

Курстың міндеті:

  1. Бастауыш білімінің мемлекеттік стандартқа сәйкесті бағдарламасының мазмұны және онымен өткізілетін жұмыстың негізгі принциптері мен әдістерін толық игерту.
  2. Сыныптан тыс музыкалық жиындарды өткізудегі өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын тәрбиелеу.

Курс лекция, практика сабақтарында жүргізіледі. Бірқатар тақырыптар студенттің өзіндік жұмысына кіргізілген. Лекция процесінде балаларды музыкаға үйрету мен тәрбиелеудің негізгі теориялық мәселелері, сонымен қатар музыкатану, музыкалық-эстетикалық проблемалар қарастырылады.

Бастауыш сыныпта әрбір сыныпта өткізілетін музыкаға үйрету мен тәрбиелеу жұмысының мазмұны терең талданады. Оқытудың әдіс-тәсілдеріне ерекше мән беріледі, сонымен қатар, студенттерге қазақтың композиторлары, оның мектептегі бағдарламалары туралы мәлімет беріледі.

Практикалық сабақтарда музыка теориясының негіздері түсіндіріледі. Сонда тек қана теориялық білім мен іскерліктерін қалыптастыруға ғана емес, сол сияқты теориялық білімдерді музыкалық аспаптармен орындау процесінде қолдана білу әдістемесіне ерекше мән берген жөн. Оқытушы студенттердің материалды игеру деңгейін практикалық сабақтарда бақылап отырады. Бақылау түрлері: тест сұрақтары, жеке және топпен ауызша сұрау, конспектіні тексеру.

4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ

№:
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер): Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер): Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
Кафедра: Кафедра
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні: Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні
№: 1
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер):
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер):
Кафедра: Гуманитарлық білім
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні:
№: 2
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер):
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер):
Кафедра: Гуманитарлық білім
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні:

5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

№:
Курс: Курс
Жалпы сағ.саны:

Жалпы сағ.

саны

Аудиториялық сабақтар: Аудиториялық сабақтар
Аудиториядан тыс сабақтар: Аудиториядан тыс сабақтар
Қорытынды бақылау: Қорытынды бақылау
№: лек
Курс: практика
Жалпы сағ.саны: Лаб.
Аудиториялық сабақтар: СӨЖ
Аудиториядан тыс сабақтар:
№: 1
Курс: 2
Жалпы сағ.саны: 3
Аудиториялық сабақтар: 4
Аудиториядан тыс сабақтар: 5
Қорытынды бақылау: 6
7
8
№:
Курс: 3
Жалпы сағ.саны: 90
Аудиториялық сабақтар: 15
Аудиториядан тыс сабақтар: 22
Қорытынды бақылау: -
63
емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: практика, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) .

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Лекция сабақтарында-студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.

Практика сабақтарында-студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ойлауға әрекет ететін әдіс-тәсілдерді меңгеру керек.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ

№:
Тараулар атауы, реті: Тараулар атауы, реті
Аудиториялық сабақтар: Аудиториялық сабақтар
Аудитория-дан тыс сабақтар: Аудитория-дан тыс сабақтар
№: Лекция
Тараулар атауы, реті: Практика
Аудиториялық сабақтар: СӨЖ
№: 1
Тараулар атауы, реті: «Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі» пәнінің міндеттері.
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 2
Тараулар атауы, реті: Пәннің педагогикамен, психологиямен, музыкалық аспап пәнімен байланысы.
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 3
Тараулар атауы, реті: Хор және ән айту тәрбиесі, бастауыш сыныптағы пәндерді оқытудың теориясымен байланысы.
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 4
Тараулар атауы, реті: Бастауыш мектепте музыканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 5
Тараулар атауы, реті: Бастауыш сыныптарда музыканы оқытуды ұйымдастырудың формалары
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 6
Тараулар атауы, реті: Музыканы оқытудағы перспективтік, сабақтастық және пәнаралық байланыстар.
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 7
Тараулар атауы, реті: Музыкалық сауаттылықты меңгеру
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 8
Тараулар атауы, реті: Халықтық және классикалық жанр жүйесін оқыту.
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 9
Тараулар атауы, реті: Музыканы тыңдауды ұйымдастыру
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 10
Тараулар атауы, реті: Хормен ән орындауға үйрету
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 11
Тараулар атауы, реті: Музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 12
Тараулар атауы, реті: Музыкалық-ырғақтық дағдыларды қалыптастыру
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар: 1
4
№: 13
Тараулар атауы, реті: Оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар:
4
№: 14
Тараулар атауы, реті: Қазіргі заманғы музыка сабағына қойылатын талаптар
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар:
5
№: 15
Тараулар атауы, реті: Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері
Аудиториялық сабақтар: 1
Аудитория-дан тыс сабақтар:
6
№:
Тараулар атауы, реті: Барлығы:
Аудиториялық сабақтар: 15
Аудитория-дан тыс сабақтар: 12
63

9. Л Е К Ц И Я С А Б А Қ Т А Р Ы Н Ы Ң Ж О С П А Р Ы

№ 1 Лекция

1. Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі» пәнінің міндеттері

2. Сабақтың жоспары:

  1. «Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» пәніне кіріспе
  2. Пәннің мақсат-міндеттері
  3. Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері.
  4. Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдер

3. Сабақтың мақсаты:

Пәннің мақсат-міндеттерін айқындау

4. Теориялық мәліметтер:

Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде ой-өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор. Мектептегі музыка сабағы оқушылардың әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал, жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәні мұғалімі „сегіз қырлы, бір сырлы“ болуы қажет. Ол-әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы, қысқасы, ғылымның әр саласынан хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады. Міне, осындай ұстаз дайындау мақсатында музыка пәнінің маңызы зор. Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие берудің маңызды саласы болып табылады. Музыка пәнінің мақсаты-қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық (ұлттық) музыкаға баулу.

Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті- оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік эстетикалық мүмкіндіктерді туғызу. Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әсемділігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін, тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет. Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыста ұстау, оқу тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халық ауыз әдебиеті, ойын-сауық, салт-дәстүр, тағы басқа музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.

Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері:

  1. Оқушылардыңы музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.
  2. Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру, оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге, музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық, тембрлік ерекшеліктері туралы және оларды музыка пәнінін бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру.
  3. Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерді игеруде қалыптастыру. Ән айту дағдысы, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Көркем бейнелерді қабылыдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр алуан түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл-оқушылардан түрлі іс-әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
  4. Музыка сабақтарында оқушылардың музыка шығармашылық дағдыларын даму. Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін(әншілік, күйшілік, ақындық, суырып салма, бейнелеу өнері, актерлық, жазушылық т. б. ) қалыптастыру болып табылады.

Музыка пәні мұғалімі осы ұсынып отырған мақсат-міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабақтарында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтырып отыруы қажет.

«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» пәні психология, педагогика және музыка теория негіздері пәндеріне негізделіп құрылған.

1. Музыкалық тәрбие әдістемесі, музыка теориясы пәндерімен тығыз байланысты. Себебі музыкалық теория музыка құралдары арқылы оның заңдылықтарын үйретеді, музыканың қарапайым білім дағадыларымен қаруланырады.

2. Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнімен тығыз байланысты. Музыкаға оқытуда біз психологиялық зерттеулерге сүйенеміз. Себебі, оқушылардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерінің дамуын олардың мінез-құлқын жасына қарай ой-өрісінің даму деңгейін, сезім-түйсіктерінің жетілуін біз психология пәні арқылы білеміз.

3. Музыкалық тәрбие әдістемесі балалар физиологиясымен де тығыз байланысты. Себебі музыка оқытушысы оқушылардың әншілік қабілетін дамыту үшін балалар дауыс аппараты және тыныс алу аппаратарының құрылысымен функциясымен жетік білу керек. Егер оқытушы балалар физиологиясын жетік білмесе, ән үйрету барысында бала организіміне зақым келтіруі мүмкін.

4. «Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» (педагогикалық ғылым ретінде) жалпы педагогиканың заңдылықтарына бағынады. Кез-келген пәнді оқыту педагогиканың әдіс-тәсілдерін білуді талап еткені сияқты, музыка оқытуда педагогиканың әдіс тәсілдерімен дидактикалық принциптеріне сүйенеміз.

Әр сыныпта музыка тыңдау, ән айту, музыка сауатын меңгеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары бойынша музыкалық материалдарды игеру барысында әр бөлімге сәйкес әндер жинағын, сазгерлер туралы мағлұматтар, тыңдалатын музыкалық шығармаға сәйкес иллюстрациялық көрнекіліктер, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар түрлерін, ребустар, сөзжұмбақтар, дидактикалық көрнекіліктер, халық педагогикасының әдістері-мақал-мәтел, жұмбақ, музыкалық ойындар тағы басқа құнды да көптеген қажетті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты өз дәрежесінде өткізуде керекті қорларын молайтады.

5. Бақылау сұрақтары:

  1. «Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсат-міндеттер қандай?
  2. Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері дегеніміз не?
  3. Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдермен ұштастыруға болады ма?
  4. Пәннің қызықты, мазмұнды өтуіне қандай іс-шаралар қолдануға болады?
  5. Пәннің маңызды өтуіне музыка пәні мұғалімінің атқаратын қызметі қандай?

№ 2 Лекция

1. Сабақтың тақырыбы: Пәннің педагогикамен, психологиямен, музыкалық аспап пәнімен байланысы

2. Сабақтың жоспары:

  1. Пәннің педагогикамен, психологиямен, байланысы.
  2. Пәннің негізгі бағыттарын айқындау.
  3. Музыкалық білім берудің ерекшелігін, табиғатын айқындау.

3. Сабақтың мақсаты:

Пәннің негізгі бағыттарын айқындау

4. Теориялық мәліметтер:

Орыс ғалымы Б. Яворскийдің айтуынша шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асады, ал мұғалім болса оқушының музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік алады. Б. Асафьев: «шығармашылық балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды» -деп жазды. Музыка психологиясын зерттеуші Б. Теплов болса, «шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді. » - деп көрсетті.

Кейінгі кездерде бүкіл әлемде адам “жанын” яғни, психикасын зерттейтін ғылымның өркендегені байқалады. Өнердің қай түрі болмасын адамға немқұрайлы әсер етуі мүмкін емес. Соның ішінде музыканың әсері ерекше. Музыка-адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сзімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Әл-Фараби: “Музыка адам миының көзбен кқөргенде әсер етпейтін ең бір тереңде жатқан бұрыштағы ми талшықтарын қозғайды”. Тірі организмдердің психикасына музыканың әсер етуі турады фактілердің көбею салдарынан XX ғасырдың соңына жаңа ғылым “музыкалық психология” пайда болды. “Музыкалық психология” жаңа ғылым делінгенімен, оның қайнар көзі ежелден қалыптасады.

Ғасырлар бойы ғалымдар музыка үндестігінің маңызын атап келген 20 ғ. бүкіл әлемді жаңа ырғақпен өмір сүруіне мәжбүр етті. Сондықтан музыка әлемінде көбінесе жастар, жасөспірімдер тыіңдайтын рок, ауыр рок, металл, поп т. б жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар көпшіліктің (широкой публики) музыкалық талғамын, тұрмыс қалпын және психологиясын анықтай бастады. 70 жылдардан бастап, музыканың ықпал ету ерекшеліктерін бастапқыда жалпы психология, одан кейін балалар психологиясы, ақыры балалар музыкалық психологиясы зерттеді. Жасөспірімдер психикасына музыканың ықпалын оқып білу үшін, алдымен музыкалық психологияның негізгі ұғымын анықтау қажет және болашақ музыка мұғалімдерін арнайы психологиялық білімдер мен музыканың ерекше табиғаты туралы түсініктермен қамтылуы керек тұжырымдады.

Студенттер оқу барысында пән тараулары мен бағыттарының мазмұны туралы, музыкалық ой ерекшеліктері мен оқытудың психологиялық негіздері туралы, қазіргі заманғы психология және де музыка-психологиялық тұжырымдамалар туралы білуге тиісті.

Музыкалық өнердің тарихи-даму процесінде музыкалық әрекеттің үш негізгі түрі пайда болды. Ең алдымен, шығармашылық музыка мәдениетінде жаңалық негізінде пайда болды. Құрылған жаңалық орындалуын талап етеді, демек, жаңа әрекеттің түрі орындаушылық пайда болды, оның өзі вокалдық және аспаптық болып бөлінеді. Музыкалық әрекеттің үшінші түрі-қабылдау; ол пайда болғанды меңгеру үшін және бұрынғы өткен тәжірибе негізінде жаңадан жаңалық ашу үшін адамға өте қажет. 20-жылдар кезеңіндегі арнайы музыкалық педагогикалық әдебиеттерінде балалардың әлеуметтік-музыкалық тәжірибені меңгерудің жалпы әдіс-тәсілдері байқалды (көрінді) . А. А. Шеншин «жалпы музыкалық білім берудің жалпы принциптері мен әдістері » статьясында баланың музыка өнерін меңгеруінің негізгі үш тәсілін атап өтті: көрнекілік, өнерпаздылық (самодеятельный), өмірге орайлық (жизненный) .

Көрнекілікті тұжырымдай отырып автор балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызын ерекше атап өтті: эстетикалық қабылдаудың мәні өнер туындыларын меңзеу (созерцание) (пайымдау, аңдау) . Эстетикалық сезімге көрнекіліксіз әсер ету мүмкін емес.

Екінші-өнерпаздылықтың (самодеятель. ) принципті жағдайы музыкалық шығарманы меңгеру процесінде өнер туындыларының эстетикалық әсерленушілікке бағытталуы (музыканы қабылдау мен эстетикалық әсерленушілікпен жұмыс), ішкі дүниемен әсерленушілігін, өнерде сыртқы көрініс (шығарылған (созданный) музыкалық шығарманы творчестволық еңбекпен қайта өңдеу және өзінше жаңа творчество құру) бағытымен қосақталу керек. Бұл екі бағыт бір-бірінсіз музыкалық жұмыс процесінде көрінбей қалады, олар бір-біріне паралель жүріп, өзара байланысы болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Жалпы білім беру пәндер циклы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz