Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Н. Дүкенбай
Г. Дүкенбай
Музыкалық психология,
музыкалық білім беру
психологиясы,
музыкалық іс-әрекет психологиясы
Мамандығы Музыкалық білім беру студенттері мен
оқытушыларына арналған оқу құралы
Павлодар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Н. Дүкенбай
Г. Дүкенбай
Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-
әрекет психологиясы

Кереку
2008
КДК 159.9:78 (075.8)
ББК 88. 4 я 73
Д 87
Баспаға С.Торайғыров атындағы ПМУ Филология, журналистика және өнер
факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі
ұсынды
Рецензия жазғанан:
Г.К. Қажыбаева – филология ғылымдарының кандидаты, доценті.
Н.Дүкенбай, Г.Дүкенбай
Д 87 Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы,
музыкалық іс-әрекет психологиясы: мамандығы Музыкалық білім беру
студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы ПМУ доценті Н.
Дүкенбай, ф.ғ.к., ПМУ доценті
Г. Дүкенбай. – Павлодар : Кереку, 2008. – 104 б.
ISBN
Оқу құралы келесі материалдарды қамтиды: Тұлға. Музыкалық қабылдау.
Музыкалық қаблеттер. Ойлау. Тұлға және қоғамның музыкалық санасы және
музыкаға оқыту: психологиялық-педагогикалық аспектісі ... музыкалық
психология және музыкалық білім беру психологиясы мен музыкалық іс-әрекет
психологиясының негізгі түсінігі, категориялары. Жалпы музыкалық
қабілетінің дамуы мен қалыптасуы (есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі,
кәсіби есте сақталуы), көркем-бейнелеушілік қалыптасу мәселесін,
шығармашылық қиялы мен елесін, оқу әдісінің жүйесі мен оқушы-музыканттың
шығармашылық потенциалын (деңгейін) қарастырады.
Оқу құралы Мемлекеттік стандартқа сәйкес 050106 (бакалавриат)
Музыкалық білім беру мамандығы және 6N0106 (магистратура) бойынша
жазылған. Оқу құралын оқытушыларға, магистранттарға, аспиранттарға, жоғары
және орта арнайы кәсіби оқу мекемелерінің студенттеріне, жалпы білім беру
мекемелерінің мамандарына ұсынамыз.
УДК 159.9:78 (075.8)
ББК 88. 4 я 73
ISBN
© Н. Дүкенбай, Г.
Дүкенбай, 2008
© С.Торайғыров атындағы
ПМУ, 2008
Кіріспе
Педагог, орындаушы, музыкант-ізденуші болам деген мамандарға кәсіби
музыкант болып қалыптасу үрдісінде психологиялық дайындық маңызды роль
атқарады. Музыкалық білім беру үрдісінде психология, оның ішінде музыкалық
білім беру психологиясы (іс-әрекет психологиясы) оқу-білім процесіне
қойылған мақсаттар мен міндеттерге ықпал тигізеді: жалпы және арнайы
қабілетінің қалыптасуына, көркем-бейнелі ойлауының дамуына, техникалық
дағды мен икемділігін түйсінуіне және т.б.
Берілген пән бойынша практикалық дәрістер оқушы-музыканттың
практикалық іс-әрекетіне байланысты (осы атауды музыкалық іс-әрекеті
психологиясы дәлелдейді). Оның атауын, мазмұнын, тақырыптарын оқу құралы
ашады дегенге сенеміз. Студенттің музыкалық-психологиялық мәселелерге
кіруін және де өз-өзін осы саладан хабардар етуін үйретеді. Ең негізі өзін-
өзі музыкалық психологияға бейімдейді және берілген материалдарды білім
жүйесінде, өз білімінде де қолданады.
Оқу құралында жалпы және арнайы психология саласындағы белгілі
өкілдердің пікірі, көзқарастары және ғылыми позициясы берілген. Бір
байқайтын нәрсе: психология саласына үлес қосқан, музыкаға әуес психологтар
және музыканттар психологиямен шұғылданатындардың да пікірлері аз емес.
Психология саласында шетел ғалымдары Г.Риман, Э.Курт т.б. үлкен
жетістікке жеткен және Ресей ғалымдарының да үлесі мол: Б.М.Теплов,
Л.С.Выготский, Г.М.Коган, Е.В.Низайкинский, В.В.Мендушевскийлердің
еңбектері де атаулы атаққа ие болды.
Сондықтан музыкалық-шығармашылық іс-әрекет психологиясын, оның
негізін және заңдылықтарын кәсіби музыкант білуі жөн. Сондықтан музыкалық
психологияны білмей жақсы оқытушы, мұғалім болмайсың, музыкалық
психологияны біле тұра сабақ үрдісінде, дәріс оқығанда, көрермен алдында
орындау барысында бір мәселені шешуге болады, ол-сахналық стресс. Музыкалық
- психология үрдісіне кіру керек нәрсе және ол қызықты да.
Қазіргі ғылым ой-пікірінде, адам іс-әрекет үрдісінде, шығармашылық
практиканы қосқанда, өзінің қабілетін, потенциалын, креативін бір ретте
төрт, не үш бөлігінің мүмкіншілігін пайдалана алады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері және оқу үрдісінде алатын орны
Қазіргі мектепте музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру баланың
шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының дамуына бағытталған. Болашақ
музыка мұғалімін дайындау барысында музыкалық көңіл-күйінің, ой сезімінің,
көзқарасының үлкен маңызы бар.
Музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы курсы
(пәні) музыкалық - педагогикалық факультет студенттерін ақпараттық
жолдармен дамыту емес, психологиялық-эмоциялық күй ерекшелігінің музыкалық
іс-әрекеті арқылы дамыту. Музыка сабағын нық, нақтылы да психологиялық,
физиологиялық негізінде құруға болады.
Пәннің мақсаты: арнайы музыкалық - психологиялық білімін сезіну,
музыка табиғатының ерекшеліктерін табу, білу, сана мен өз сана-сезімі,
музыкалық тәжірибе және музыка педагогикасындағы осы тәжірибенің
ерекшелігін меңгерту.
Пәннің міндеттері:
- музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру;
- музыкалық санасы, ойлауы және қарым-қатынасын
қалыптастыру;
- музыканы оқытудың психологиялық ерекшелігін білдіру;
- музыкалық іс-әркетіндегі психологиялық эмоция-жігерлік
тысқары ерекшелігін қарау;
- жасқа бөліну, топтардың музыкалық дамуының
психологиялық ерекшелігі.
Музыкалық психология және музыкалық білім беру
психологиясы курсын студенттер әр пәндерде алған білімдері мен дағдыларына
және өзіндік жұмысында пайдаланады.
Пәнді меңгеру қорытындысында дәлелдеуі, икемденуі қажет:
- адамның музыка туралы ерекше түсінігі, оны психологиялық
физиологиялық тұрғыда қарастыруы;
- музыкалық сапалылығы, ойлауы мен қарым-қатынасының
ерекшелігі;
- музыкалық іс-әрекетінің психикалық эмоция-жігерін тысқары
ерекшелігін сезу;
- балалардың жас ерекшеліктеріне қарай музыканы қабылдау дамуының
психологиялық ерекшеліктерін білу.
Музыкалық іс-әрекетінің психологиясы
Педагог үшін де, орындаушы үшін де, ізденуші үшін де, кәсіби
музыкант болу процесінде психологиялық дайындық маңызды роль
атқарады. Өз әрекетінде міндетті түрде психологиялық аспектісімен шұғылдану
қажет.
Қазіргі ғылым, адам өзінің әрекет процесінде үштен бір, не төрттен бір
қабілетін, мүмкіншілігін пайдаланады. Сондықтан, психологиялық механизмді
біле тұра – өзінің әрекет деңгейін көтере алады. Әрине, психология саласын
біле тұра, өз бетінше қабілетін дамыта алмайды, бірақ та потенциалын
қолдана алатыны сөзсіз.
1 Тұлға
1.1 Тұлға, даралық. Көркемдік - шығармашылық әрекет
Философтар, педагогтар, психологтар, социологтар тұлға категориясына
түрлі анықтама береді.
Даралық болып туады, тұлға ретінде болу деген афоризм бар. Мен -
тұлға мінезіне тұрақтылық қасиет, оның ішінде адамның сана-сезімі,
жақынға деген, алыстағы қоршауға қатынасы, әлемге және өзіне деген
ұғым. Осыны көркейтсе, адам өзі де көркейеді.
Өнерде басқаша: Моцарт Дон Жуанды, Свадьба Фигаро-ны жазбаса, ол
үшін ешкім де жазбаушы еді, дәл солай Абай болмаса, Абайдың қара сөздері
болмаушы еді. Италияда 1452 ж. Леонардо да Винча тумаса Моно Лиза
болмаушы еді.
Таптырмайтын адам болмайды деген сөз бар, бірақ ол өнерге қатысты
айтылмаған. Дәрігерді, жұмыскерді, мұғалімді ауыстыруға болады, ал
шығармашылық адамды ауыстыруға болмайды. Жоғары деңгейдегі көркем шығарма
ешқашанда қайталанбайды. Дәл солай оқушылармен, жастармен қатынасқанда,
педагог тұлғасын қайталауға болмайды, дәл солай музыкант тұлғасы (суретші
болсын, әртіс болсын, әдебиетші т.с.) өзінің кәсіби әрекетінде
қайталанбайды.
1.2 Музыка мұғалімінің кәсіби-маңыздылық сапалығы
Музыка сабағы өнер сабағы ретінде өте маңызды. Бұл тұрғыда музыкалық,
педагогикалық, және басқа да білім, дағды мен икемділік қажет, онсыз музыка
сабағы болмайды. Ең қажеті мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқушыларды
музыкамен қызықтыра алуы, музыканы ләззат ала орындауға, тыңдауға деген
сезімін оята білуі. Музыкант-мұғалімде интелегентный деген қасиет болады.
Интелегент - тұлғаның негізгі бөлігі болып табылады. Өйткені - ол
музыкант. Сондықтан музыка мұғалімінің қасиетіне жататыны:
- музыкалығы, өзін музыкант деп санауы;
- балаларға деген махаббаты, эмпатийлығы;
- кәсіби ойшылдығы мен өзіндік сезімі;
- музыкалық-педагогикалық сезгіштігі;
- мұғалімнің әртістігі;
- музыка мұғалімінің тұлғалық позициясы.
Ең негізі, музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру –
оның әдіснамалық мәдениеті. Әдіснама – ғылымның бір саласы, ізденіс жолының
әдісі ретінде қолданылады. Әдіснаманың оқу-ізденіс жұмысында алғаш рет
аннотация, рецензия, баяндама дайындау болса, келесі ізденістің шыңы –
шешім, гипотеза, нәтиже ретінде кәсіби әрекетінің жетілуі.
1.3 Музыка сабағындағы педагогикалық қатынас. Мақсаттары, функциясы,
қазіргі талап, қатынас әдісі
Мұғалімнің кәсіби сапалылығы мен қасиеті – музыка сабағында жалпы
сыныппен қарым-қатынасының икемділігі және әр оқушымен жеке қатынасы.
Музыкалық-педагогикалық қатынас педагог музыканттың кәсіби шығармашылығының
бір бөлігі ретінде қаралады да, ол функция жүйесі ретінде қалыптасады.
Музыкалық-педагогикалық функция қатынасына жататындары:
- коммуникативтік - ақпараттық – музыка сабағында
оқушыларға ақпаратты жеткізуі мен қабылдауы;
- функциялық реттеу – музыкамен көркем қатынас процесіндегі
басқару және оқушы мен мұғалімнің арасындағы реттеуі.
Сондықтан музыкалық-педагогикалық құрылысында келесі элементтер
көрінеді: мотивация, мазмұнды-мағыналы, коммуникативті-орындаушылық.
Мотивациялық элемент – музыкалық - педагогикалық қатынастың негізі
(көркем - эстетикалық табиғаты).
Мазмұнды-мағыналы – көркем - коммуникативтік мақсаты ретінде қаралады.
Ол – көркем - эстетикалық бағыт, мұғалім мен оқушының музыкалық қатынас
ерекшелігі, және де ең негізі – музыка сабағында коммуникативтік
эстетикалық ситуацияны жасау.
Музыкалық - педагогикалық қатынасқа музыкалық-орындаушылық элементі
жатады. Олар: музыка мұғалімінің елесі, функция, эмпатия, рефлексия,
зейіні, аффектілік есте сақтау, мимика, пантомимика, өз-өзін ұстау және
музыкант-педагогтың көркем-интеллектуалды саласындағы тұлғалығы.
1.4 Еріктілік – психологиялық категория. Еріктілік әрекетіне талдау
және жіктелісі
Еріктілік деген – адамның өз мақсатына жету жолындағы
кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерден өте білу, адамның ерекше
мінездемелік қасиеті. Еріктілік деп мақсат бағытындағы адамның өзінің
қиыншылықтарын жоя алатынын, өз мінез-құлқын ұстай білетінін, жүріс-тұрысын
бақылай білетінін айтамыз. Еріктілік әрекетінің психологиялық логикасы:
маған керек мен істеймін, ештеңеге қарамай міндетті түрде жасау керек. Ол
істегісі келе ме, жоқ па, оған қарамай қандай іс әрекет болмасын, ол істеу
керек.
Еріктілік импульс адамның сана сезімінен келеді, не іштей сезімінен
болады.
Еріктілік феноменді екіге бөлеміз: жай және күрделі. Жай еріктілік
күнделікті өмірде кездеседі – жұмыс істегім келмесе де, оны атқарам деу,
үйренген музыкалық шығарманың қиын кездерін меңгеру, оқушыдан берілген
тапсырманы сұрау түрінде болады. Музыкадағы кішкене де болсын мәнерін
қадағалау үшін ерікті түріндегі ынтасы керек.
Күрделі ерік (әрекетінің кешені) тұлғадан өмірлік қажеттілікті,
мақсатты, маңыздылықты талап етеді. Жас адам өзіне мақсат қояды: Мен
беделді жоғарғы оқу орнына түсемін, жауапты халықаралық конкурсқа
қатысамын, емтиханда күрделі шығарманы дайындап, алдарыңызда естіртемін -
деп. Бірақ қандай қиыншылықтар кездесетінін біле тұра, мұндай шешімге келу
қиын, қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік болуы мүмкін. (Істегім келеді, бірақ
қорқамын. Істегім келмейді, бірақ істеу керек).
Осы қорқынышпен, сенімсіздікпен ерік күресе білуі қажет, оның ең
маңызды функциясы, міндеті - осы.
Алған міндетті әрекет негізгі міндетіне айналады. Еріктік үрдіс
адамның сұранысына, қызығушылығына, құштарлығына, тұлғалық құндылығына
байланысты.
Мынандай пікір бар – арнайы өлшем бар, побужденияның (оянушылықтың)
динамикалық (әсерлеушілік) деңгейі бар, ол көрсеткіш нәтижесін көрсетеді,
ол деген күш баспалдығының тәуелдігі мен нәтиже алудың арасы. Л.Ауэр
сөзінде: Мен жиі байқаймын, оқушының атаққұмарлығына әрекеттеу, бір
нәтижені намысына тигізу, мен асқан нәтижені байқаймын.
1.5 Музыкалық әрекетінің кәсіби талабының ерік контекстілігі
Абсолюттік еріктің қандай да болсын көркем-шығармашылық әрекетінде,
музыка мұғалімі мамандығында, композитор, орындаушы шығармашылық
тәжірибесінің нәтижелі болуына керектігі. Сондықтан ерік адамның ерекше
қасиеті түрінде көркемдік-шығармашылық қабілеттігіне кіреді. Сондықтан ерік
ауыспалы, адамның болмысы мен әрекетіне, жағдайына байланысты. Ерік
мінездің арқасында ауыспалы, өзгермелі болса да, адамның мінез құлқысының
базасы, әрекетінің субъектісі ретінде болады.
1.6 Тұлға қасиетінің еріктілігі. Ерік пен қиқарлық. Музыкант-
оқушылардың еріктілік тәрбиесі
Адамның қайсарлық, қаттылық мінез-құлқы, шешімдерді қабылдау жеделдігі
мен белгіленуі еріктілікке белгілейді. Ал музыкалық-орындаушылық өнерінің
теоретигі Г.М.Коган, еріктілік әлсіз жігер, бұл адам әрекетінің жай көлемді
ырғағы. Адам өзін нақты бір іс-әрекетке арнаса, сол жұмысының минусы,
плюсы болса, оның психологиялық-тұлғалық, еріктің сапалылығы мен
ерекшелігіне байланысты. Сондықтан еріктіліктің формасы мен түрлері әр
түрлі болуы мүмкін.
Қалай да болсын адамның эмоциясы, есте сақтауы, елесі болмаса да,
психологтардың айтуынша, адам еріксіз болмайды.
Тағы бір кезең, мәселе: ерік - өжеттік – қиқарлық. Осы ұғымдар өз-
өзімен кездеседі, қиылысады. Бірақ айырмашылықтары да бар. Қиқарлық,
біріншіден, бала кезде кездеседі, жас ерекшілікке және дұрыс тәрбие
алмауына байланысты. Ал, еріктілік пен өжеттілік – мақсатқа жету, шешу
барысында көрінеді, кәсіби қиыншылықтарды жеңе білуде байқалады, осының
бәрі адамның интелектісінің дамуында. Ерік интелектіні ақиқаттауға қажет,
ал интелект ерікті бағыттайды және өнімдейді.
1.7 Мінез - психологиялық категория. Мінез типологиялары
Ертеден мамандардың байқағаны, тек бірыңғай музыканттар ғана
эмоционалды қарым-қатынас жағынан өздерін жарқын көрсете білген.
Басқаларында кәсіби жетістіктері анықталып, интелектуалдық бастау алады. Ал
келесіде өзіне міндеттелген іс-әрекеттер қасиеті еркінен сезіледі. Мінез
классификациясы жөнінде ғалымдардың көркемдік-шығармашылық әрекетіндегі
түрлері жайында айтады.
Француз ғалымы А.Фулье шығармашылық адамдарды үш түрге бөлген:
сезімтал, интелектуалды және еркін.
Лазурскийдың пікірінше, мінез түрлері адамның қызығушылығы кәсіби
әрекетінде, білім мен дағдыларының, көзқарасы мен әлемді сезіну кезіндегі
бағытында пайда болады. Осы кезде адамның психо-әлеуметтік кешені анық
байқалады.
Сондықтан, психологиялық үрдісі (сезімталдық, интелектуалдық, еріктік)
тұлғаның сапалы болуы, сапалығының сәулеленуі үрдісі мен жағдайының қалпы
бола тұрып, құбылмалы әрекет ету. Осының бәрі адам мінезінің негізі және
базалық категориясы.
Өнер адамдарының ойлау түрлерін көрсете отыра, Б.С.Мейлаха келесі
көрсеткіштерді анықтайды:
а) көркем - аналитикалық түрі (аналитикалық компонентіне сүйену);
ә) субъекті - экспрессивті түрі (сезімтал мен эмоционалды болуы
аналитикалық тенденцияға қарағанда анық бейнелейді).
б) рационалды түрі (еркіндік түрімен ұқсастығы)
2 Музыкалық қабылдау
2.1 Музыкалық қабылдау - әлеумет-мәдениеттік және психологиялық-
педагогикалық мәселесі
Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды:
1 - ншіден, композитордың, орындаушының музыка қабылдауының қорытынды
мақсаты;
2 - ншіден, композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен
жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік
қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы;
3 - ншіден музыкалық қабылдау – оқушының музыкада алғашқы қадамынан
композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да
музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.
Оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға қазіргі мәдениеттің шыңы көпқырлы
мәдениет өнімінен айырмашылығы бар. Көпқырлылығы әсіресе музыкада
байқалады, тыңдаушыны өзіне бәсекеге тарту үшін жай ғана музыка жанрлары
мен стилі, оның түрлері де жатады: классика, джаз, эстрада және рок-музыка.
Классикалық музыканың осындай бәсекеде жағдайы өте нашар. Бір
жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан классикалық музыка, атақты композитор-
тұлғалар, дарынды музыканттар – композитор, орындаушы, дирижер, хормейстер
т.б. халық компазиторлары. Бір жағынан бұл - мәдени мұра, жоғарғы рух,
тарих, музыкалық сұлулықтың деңгейі, орындаушылық мүмкіншілігі (мемлекеттің
қолдауы - концерттер, филармония, хор-оркестр, мекемеде симфониялық
оркестрдің бары, академиялық хордың барысы т.с.). Бірақ мынандай жағдайды
бәсеке деп айтуға болмайды, шамамен тыңдаушыны өзіне тарту, тыңдаушыны
әсемдікті сезіне білуге, тәрбиелеуі т.с.с.
Ал енді классикалық музыканың басқа музыкадан кейін қалуы – ол
өзімізге байланысты. Әліде де музыкаға демеушілік керек, тыңдаушыны, музыка
сүйер адамды бала жастан тәрбиелеу – бұл қоғамның міндеті. Сондықтан,
классикалық музыкаға кең мағынадағы аудитория керек. Жоғары музыка әлеміне
кіру үшін адамды музыкалық мәдениетке оқыту, тәрбиелеу. Ол деген:
оқушыларды музыканы қабылдауына үйретуден бас тартпай, үлкен кісіні де тыс
қалдырмай тыңдау мәдениетіне үйрету.
Дәл, парапар қабылдау (В.Мендушевский) деген ұғым пайда болды.
Парапар қабылдау – музыкалық тіл, жанр, стиль және рухани-құндылық мәдениет
принципі. Бұл – берілген шығарманы көркем мәдениеті тәжірибесінде қабылдау
өнегелігі, үлгісі.
2.2 Музыкалық қабылдаудың түрлері
Музыкалық қабылдау адамның алдына бір-бірімен байланыстылық мақсатты
қойып отыр:
- парапар қабылдауының шарты бойынша музыкалық тіл
жетіктігін меңгеру;
- түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту
қабілетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыру;
- музыканың тақырыптық дамуын байқауы, нұсқауы және
қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы;
- музыкадағы өзгерістерді білу - тақырыптық ұқсастығы,
айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасында тыңдалған музыканың
бейнесі.
Ағылшын психологы Вернон ЛИ: ... музыканы қабылдауда адамдардың екі
түрі болады: тыңдаушы және тыңдай алатындар.
Тыңдаушы, ол деген, адамның өзінде қабылдағаны бір нәрсе сияқты
жылжиды, өзгереді, қүрделі рухы мен интелектуалды әрекетінің процесі. Ал,
тыңдай алатындар керісінше, өңде елестету, зейіні музыкадан алыс кетуі.
Баланың музыка қабылдау зейіні екпініне, динамикасына, бояуына,
артикуляцияға, фразаларға ... қысқасы - орындаушылық құралдарға көп көңіл
бөлінеді. Ал, үлкен кісілер музыкалық дамуда ашық, көрнекті бейнеге,
музыкалық тақырыпқа, динамикалық және бояу кезеңдеріне көп көңіл бөледі.
Үлкен кісіге қарағанда балалардың музыканы қабылдауы келесі
ерекшеліктерде:
- есту сезімі музыка бейнесінде биіктік-ырғақтық қатынасынан ерекше
емес құралдардың басымдылығы;
- бейнелік сипатының синкреттік бөлінбегені, әуеннің барлық
аспектісі сана - сезімде тұрақтанып, бір нәрседе қалыптасады (мысалы:
музыканың бояуында; не екпін - ырғақтық жағы);
- үзінділік (бөлімділік) – музыка жүйелі бүтіндей қабылданады, бірақ
жеке үзінділердің (бөлімдердің) бірлестік ретінде;
- қысқа фразаларды қайталауға құштарлығы, ол музыкалық ойдың бастысы
және танымайтын шығармадан қорыққаны.
Бұның бәрі, баланың музыка қабылдау қабілеттігінің кейбір
психологиялық - педагогикалық мәселесінің қалыптасуы.
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуы:
әдістемелік аспектісі
Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты.
Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға
үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық
дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар
анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе)
қызықтырады, зейіні көз тартады.
Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін,
түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады,
жылатады, билейді, адымдайды, өмірден алынған көріністерді ойнайды ...
Мұғалім музыканың суреттеу-бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі
керек – бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау
қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі.
Бұл мақсаттар қалай шешіледі?
- оқушылардың қызығушылығын арттыру, қолдау, ұстап тұру деген мағына;
- мұғалімнің сөзі – музыкалық көрінісін дәл, жанды айта білу (бірақ
та - жүгіріп тұрған зайчик, сайрап тұрған птенчик, төмен ырылдап тұрған
мишка деген сөздер болмасын);
- музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, сабақ бөлімдерінің
кезектігін ауыстырып отырған жөн:
- репертуардың маңыздылығы.
Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып
отырған жөн.
Музыка тыңдауда:
- кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды
қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар
беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі
қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады);
- ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т.с. (хор, ансамбль, жеке,
әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т.с.);
- қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап – шулы-соқпалы
аспаптар, екінші топ – сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар,
металлафондар, сырнай, домбыры т.с.);
- аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші
қатарда тұр);
- теориялық негіздері (биіктігі, ұзақтылығы, бояуы, екпін, ырғақ,
музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар т.б.);
Ең негізі – көркем - бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға,
қызығуына, эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына
жағдай жасау.
2.4 Музыкант және музыкант емес: қабылдаудың түрлері және дамуының
айырмашылығы
Музыкалық қабылдаудың музыкалық қабілетінің негізгі даму жолдары,
нақты мақсатқа жету үшін педагог-музыканттың кәсіби деңгейлігі – ол:
бірінші рет естілген музыкалық шығарма болашақ музыканттың шығарманы
партитура ретінде (түрінде) елестетуі.
(Үлгі: Моцарт, эксперимент: №40 симф. 9 түрі ойналды, ауыстырды,
батыс түрі, т.с.). Табиғат берген есту сезімі әртүрлі деңгейде дамиды,
жағдайға байланысты.
2.5 Композитордың қабылдауы – музыкалық қабылдаудың
ерекше түрі
Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс - тәсілдерінің негізгі жолы
- өзі музыка жазуы.
Композитор – бұл музыкант, жоғарғы деңгейдегі музыка қабылдауының
эстетикалық сапалылығының көрсеткіші. Композитор – жоғарғы деңгейдегі
кәсіби-музыкант, композиторда музыканы қабылдауының сапалығының көпшілігі
жоғары түрде көрінуі (эстетикалық қабылдаудың бағыты музыкалық процесінің,
музыкалық ойының біртұтастылығы, қорытындысы ретінде). Моцарт былай депті:
... мен музыкалық шығарманы біртұтастай, бір көріністен байқаймын.
Шығарманың музыкалық идеясы болу керек, оның негізгі түйіні, ортасы, сол
ортада өзінің ойын, шығармашылығын әкелуі.
Музыканы қалай жазу керек? ... ол музыкаға айналғанша, мен өз
уайымымды ішімде сақтай жүрем және де уайымым бірнеше рет музыка
болады.... Тыңдалған, уайымдалған әлем композитордың ойында, сезімінде
жүреді, шығармашылық материал іздеуінде болады да табады.
Композитордың қабылдау сапалығы – эстетиканың ұлғайюы, музыкалық
тұтастылығының логикасы, ұйқастық сезімі, ерекше есту сезімділігі,
қабылдаудың шығармашылық белсенділігі. Осы айырмашылықтар мен ерекшеліктер
арқылы қабілеті мен дарындыны сезуге болады.
Музыка сабағында композициялық, шығармашылық кезеңдер ойынмен
ашылатыны дәлелденген. Ойнау арқылы балалар түрлі шығармаларды, әуендерді,
әндерді т.б. әуенді шығара (жаза) алады (музыканы олар ертегі, аңыз,
мультфильм, ойыншықтар, хайуанаттар арқылы тез қабылдайды). Ол үшін
балаларға музыкалық сауатының негізін үйрету, көрсету керек: қарапайым
норма, қатегория, өнердің заңдылықтары т.б. Әуен үнемі қозғалыста: дамуда,
жоғары, төмен, бір жерде, дыбыс биікте, төменде, бір жерде, қатты, ақырын,
ырғағы бар екен, екпіні, көңілді, мұңды, тез және баяу музыка болады.
2.6 Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс
биіктілігі) - әуенді есту сезімі және оның ролі
Музыканың алғаш шығуы – ол интонация, дәлірек айтса – интонациялық
әуенді есту қабілеті. Ал, әуен – құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және
музыкалық ойдың бейнелеушілігі.
Сондықтан, интонацияны-әуенді есту қабілеті – адамның музыканы
қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қауымдасқаны,
байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем образдардың түрлері.
Интонацияны - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы
кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және
музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал
жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ
интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі.
... интонацияны-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте
қалыптасады, дамиды. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация,
оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін ... оған музыкалық-орындаушылық
мазмұны жатады.
Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті
интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық
жүрісіндегі үрдіс, мықшыңдаудың дәрежесі (степень напряжения).
Қорытындыласақ, интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа
сапалылығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның
мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану
белсенділігі.
3 Музыкалық қабілеттілік
3.1 Музыкалық қабілеттілік түсінігі. Музыкалық әесқойлық музыкалық
қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі
Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық
қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка
жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі
бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз
алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту сандық аспект емес,
сапалық аспектінің сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық
байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, музыкалық әуесқойлық, ерекше
қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан музыкаға әуесқой адамдар басым.
Музыкалық әуесқойлықты дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды
және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық
әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
Амузия деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті
жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және
дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс
бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін
қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы
болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи
негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты
және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
3.2 Музыкалық қабілеттің құрылымы. Музыкалық қабілеттің деңгейі.
Музыкалық қабілет кешенін ауыстыру, өтемақысы
Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.
Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның
табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар
арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский-Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және
гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен
өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ
сезімі.
Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық
қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын
айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны
қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.
Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту
сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс
бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа
орындауы, шығармашылық қиялы.
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық
құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық
функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке
тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің
психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы,
әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде
(жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер,
сыбызғышы, не пианист пе?
Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері
байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты
сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде
(композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы,
музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана
музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы
болады.
Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар
(дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны
оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық
механизмді құрайды);
- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні
арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы,
бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);
- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының
жылдамдығынан зейінін реттеуі);
музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір
музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал басқа
музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).
3.3 Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның ұжырымдамасы
Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа
адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі.
Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның
музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.
3.4 Музыкалық ырғақты сезіну және оның әр кезеңдегі қалыптасуы
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте
қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене
қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық
қабылдауы. 2,5 – 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым
ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3
- 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден,
музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен
гармониясын нашар қабылдайды.
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі
дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр
және ырғақтық сурет – міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 – 7 жасар
балалар). Метр - 24, 44 және ¾ ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі –
дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам).
Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық
әрекетіндегі басты және тез алда дамуы – ол музыкамен музыкалық жүріс.
Музыкалық жүріс – бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің
дамуы, алда жүретіні – ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс – халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық
гимнастика мен аэробика т.б.
3.5 Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш
оқушыларында қалыптасуы
Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік
есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім
бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза
алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол
берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа
әуенді әндетеді.
Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін
таза алады.
Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен
қалыптасады.
Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза
орындайды.
3.6 Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі
Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды,
әуендерді жаңадан сезінуі.
Екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.
3.7 Есте сақтау қабілетінің дамуы және қалыптасуы
Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық
әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған
сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс-әрекетте қолдануы музыкалық
есте сақтауы болып табылады.
Мектепке дейін және бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау
элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.
Кәсіби-музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім
сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта
орындауы.
3.8 Түсінік арқылы есте сақтауы. Оқушы-музыканттың орындаушылық есте
сақтау тәсілінің жолдары және дамуы
Музыканы есте сақтау процесіндегі маңызды ерекшеліктері - мазмұны,
сипаты, осы әрекетті орындау тәсілдері.
Қысқаша – музыкант-оқушының музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай
деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі
музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта-қайта қайталау мен
орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.
Қайта-қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның
мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда
адамның миы жұмыс істеу керек.
Көркем-интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс
әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы
нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.
3.9 Баланың көркем-шығармашылық мүмкіншілігі
Адамның көркемділік дарындылығы неде? Бала дарынды болу үшін қалай
білім беру керек? Баланың көркем-шығармашылық бейнесін қалай көруге болады
және де қалай бағалауға болады? Өйткені ол (көркем-шығармашылық бейнесі)
өнермен ұштастыру деген мағынада.
3.10 Көркем-шығармашылық қабілеті: іс-әрекетте қалыптаса ма, әлде одан
пайда бола ма (шыға ма)?
Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық
потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы.
Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің таңбасы.
Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, аспаннан жерге, уақыт
талабына түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.
Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде
жеткізу, айтып беру болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен оқушының
арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.
Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны
құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі
балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде,
музыкант болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.
Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті,
оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-
әрекет процесінің меңгеруі – деген.
Шығармашылық қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі,
музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын
жазған кезінде: Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні
болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында жұмысы нәтижелі болды -
деген пікірді айтқан.
Ал, келесі бір дәстүрлі психологиялық қасиеттің бірі - адамның
қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері,
әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.
Негізгі, басты қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың бірлігі,
оның ішіндегі бөлімдерінің психика сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны
және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай
қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа музыкалық
мінездеме бергенде толық түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге
елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, оның көз елестетуі
музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық болды. Мынандай қорытындыға келді:
оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік
болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып
сезілген.
Осы кезде екі кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды кезең – не бір
белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды
кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның үстем болғаны,
адамның түрлі психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.
Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы
әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік
шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық,
көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі
болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай
тәсілмен онда эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға
болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.
Сондықтан, әлемдік қатынас дамуы мен оянуы және өзінше бір бөлшек
ретінде өнер педагогикасының бірінші мақсаты, әр-түрлі өнердегі мақсатты іс-
әрекетінде жүзеге асыру болып табылады.
Ізденушілердің дәлелдеуінше, әлем эстетикалық қатынасында әрбір
адамда, әрбір балада жүзеге асыру барысында өзіндік потенциалы бар.
Сондықтан бала кезеңінде осы мәселені қабылдай алады да, жалпы білім беру
кезінде жүзеге асыра алады.
4 Ойлау
4.1 Өмірде, жеке дамуындағы музыкалық ойлаудың тууы.
Баланың музыкаға бірінші реакциясы және алғашқы музыкалық
тілдің элементтерін меңгеруі
Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық сенсорно - интелектуалдық
білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де
не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген
сөз. Оны не интелектуалды қабылдауы, музыкаға адамның сәулесі,
музыканы меңгеру дейді т.с.
Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың музыкалық - қабылдау ойлауы
бірлік пен қарым - қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік
интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе
алған баланың жеке қабылдаушылығы.
Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан
жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы
жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.
Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық ақпаратты
жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – грамматикалық норма жүйесі,
қолдану ережесі, сөз-моделді қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс
құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық
әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.
4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қабілеті бастапқы жағдайда және
де музыкалық ойлауының өнімі ретінде қалыптасады. Бұл кезеңді байқау,
сынау дейміз.
5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы
мазмұнын қолдана алады. Бұл кезеңді ырғақтық кезең деуге болады.
7 жасар бала музыкалық импровизациясының бейнелеу мазмұны кеңейе
түседі: көңіл-күй сюжетінің кеңдігі байқалады. Сондықтан, мектепке дейін
және мектеп кезеңінде оқушыда көркем-бейне, музыкалық ойлау қалыптасады.
Бала шығармашылығында кең және аяқталған әуендер пайда болады (период
формасындағы - әуендік кезеңнің дамуы).
Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу
әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық
мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор
жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың
музыкада өз-өзінің әсерлігі.
4.2 Музыкалық ойлаудың негізгі параметрі
Музыкалық ойлау жүйесі (әлеумет мәдениет қатегориясы) әлеуметтік
қоршаған ортада қалыптасады, адамдардың өзара қарым қатынасы. Сондықтан,
ұлттық мәдениет өзінің ерекше музыкалық мәдениетінің болуы, музыкалық
бейненің түрлі тәсілдерінің айырмашылығы, музыкалық ойлаудың ерекшелігі.
Сондықтан, шығыс музыкасының сипатына музыкалық ойлаудың жалпағынан
(по горизонтали) дамуы саздың көптілігінен, бірақта ырғақтық құрылысының
көптілігі, дыбыс қатынасы.
Ұстаз-музыкант – музыкалық тілді меңгеру мен әрекетінің икемділігі
мен дағдысын қадағалайды.
Кәсіби музыкант – интонация жүйесін анықтайды, мәнерлеушілік
құралдары басымды.
Музыкант – орындаушы – тәжірибе әрекетінде.
Композитор - өмірлік сезімді жүзеге асыру.
4.3 Ойлау - әрекет білімі
Адамның қандай да болсын ойлау әрекеті - өзінің тамырын зат туралы
білімі, материал туралы түсінігі мен ойы.
К.Д.Ушинский: ... адамның миы білім әрекеті, шынайы ...
П.П.Блонский: ... қуыс бас пайымдамайды, тәжірибе білімділігі (осы
баста) көп болса, сол бас пайымдай алады ...
Музыкалық ойлаудың мән-мәңызы - өз табиғатында, құрылысында,
айырмашылық ерекшелігінде, эволюция принципінде және дамуында.
4.4 Интонация, формалары, бейне
Қазіргі психологиялық ғылымда жалпы ойлау концепциясы әлі де
белгісіз. Әсіресе музыкалық көркем-бейнелі ойлауда.
Музыкалық ойлауды генетикалық жоспарда қарастыру (интонацияны түйсіну
және уайымдау). Генетика – бұл алғашқы материя (жүрістің, өзгерістің).
Генетика – организмнің өзгеруі, музыкалық - эстетикалық реакцияның ең
алғашы.
Б.А.Асафьев Музыка – интонация ғылыми жұмысында былай дейді:
Интонация – (дыбыс биіктігінің дәолдігі) – ең негізгі жүргізуші –
музыкалық мазмұнда, музыкалық ойда, ол және көркем ақпаратының тасушысы,
эмоциялық қуаты, рухының жүрісі т.с.с.
Келесі ... дыбыс материалдың конструктивті - логикалық ұйымдастыруы.
... көркем ойлау құрылымында екі жақтың бір-бірімен байланысы: ерекше
және жалпылогикалық.
Ерекше – берілген өнердің мәнерлеушілік құралдардың заңдылық
байланысы (музыкада - әуен, гармония және ырғақ, поэзияда – ырғақ пен буын,
теорияда - әрекеттің барлық компоненттері).
Жалпылогикалық – уақыт көлемінде, кеңестікте (пронстранство)
құрастыруы (көркем мәтінінің кеңдігі, бейнесі). Осының барлығы
(конструктивті - логикалық заңдылықтар) адамның музыкалық сезімінде
сәулеленуі.
Біріншіден екінші қалыптасады, екіншіден (қайта байланыс принципі)
біріншіге қайта оралуы.
Сондықтан, ойлау – адамның сезімінде музыкалық бейненің сәулеленуі,
логикалық және эмоцияның диалектикалық бірлігі (диалектика – ғылым -
табиғат дамуының заңдылығы және ойлаудың қарама-қайшылық бірлігі.
Сондықтан, музыкалық ойлау музыкалық бейнеге сүйенеді.
Бейне – ол қиялдану, түсінік, идея, идеал, осыны адамдардың қатынас
құралы сияқты.
Ең негізі – музыкалық ойлау, ол шығармашылық ойлау.
4.5 Оқу - білімділік процесінің интилектуалдық бағыты.
Сөз және көрнекі-суреттеу әдісі музыкант-педагогтың тәжірибе
жұмысындағы негізгі құрал ретінде
Г.Г.Негауз: Қандай да музыкалық аспапта мұғалім ойнайтын болса, ең
бірінші мұғалім ретінде ол музыканы түсіндіруші және мағына беруші: томенгі
оқушы-музыканттардың дамуында кешенді түрде үйрету әдісі қолданады, жалғыз
музыканың мазмұнын жеткізу емес, оның поэтикалық мазмұнын, нақты формаға
талдау бере тұра, оның құрылымының бүтінде не жеке-жеке, гармониясын,
әуенін, полифониясын, фактурасын, ол (мұғалім) бір жағынан музыка
тарихшысы, теоретик ретінде, сольфеджио, гармония, контрапункт және
фортепиано үйрету мүғалім болу керек.
Ал, кешенді түрде музыкалық білім беру, ол мұғалім-педагогтың жан-
жақты болуы (шығармашылық жағынан).
... міндетті түрде Бахтың фугаларын талдау және сөз арқылы мағынасын
жеткізе білу ... дейді;
... е-е! бала музыканы түсінеді екен деген баға, ең жоғарғы баға
–жетістік деп есептейміз ...
... ең біріншіден Николаев қолды қою емес, студенттің басын.
Бір проблема ойда ... аспапта ойнау - үйретудің екі әдіс бар:
1) көрсету (көрнекі-иллюстративтік әдіс);
2) ауызша түсіндіру.
Сондықтан педагогтың сөзі не береді? Оқушыға қоршаған ортаның
шындығының ең негізгі ақпараты. Білімнің бір адам мен екінші адамға көшуі
(мұғалімнен оқушыға). Музыкалық ойлауының қалыптасуы – оқушыда көрінісі мен
түсінігі, теориялық дамыту, тереңдету, олардың арасында ішкі байланысы мен
қатынасын байқау, оны күрделі жүйеге келтіру. Оны оқушыға эмоциялық импульс
беру деп санаса, ал сөз арқылы – музыка құбылысын ойда сақтау, кәсіби
сезімі пайда болады және теориялық бекітуі деуге болады.
Музыкамен шұғылдану – оқушыға кешенді түрде әсер бере алатындығы.
(Д.Д.Блага). Сондықтан педагогтың сөзі музыкалық аспапта ойнау процесінде
маңызды роль атқарады.
Қалай орындау керек? деген сөз, нені орындау керектігін түсінуі.
Оқушыға ақпарат бере тұра педагог оны күрделі жағын ескеру керек,
көбірек болуымен кем болуынан. Қазіргі педагогикалық психология жағдайы –
оқушының миын тиелгендей емес, тиелгеннен сақтау. Егер оның көркемдік
елесіне тиетін болса, оқушыға айтылған сөз пайда бере алады, онда оның
қиялы күміс жібімен оранды деуге болады.
5 Қоғамның және тұлғаның музыкалық санасы
5.1 Көркем - эстетикалық тәрбиенің түрлері және типтері
Интонация – күшейту, күш салу, жігерлік, (ашық, жарқын қою).
Аксиология – бастапқы ғылым, дәлелдеусіз теория гуманитарлық білім беру
бағытында мамандар қазіргі кезде (фил. пед. псхол. социалог.) теориалық
негізінде білім берудің үш түрі бар:
1. Бірі - ішкі білім беру, ол деген - адамның ішкі әлемі, қоршаған
ортаның үстемі, кәсіби білімі.
2. Келесі – мазмүнды мен дегенді дамытады, табиғи дарындылығына
байланысты.
3. Үшінші – өз өзін құтқару, білім беру, адамның рухының
құңдылығының негізінде.
(1) Пушкин. Царскосельский лицей. Бәрі дарынды болды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz