Музыканың тылсым сырлары



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Музыканың тылсым сырлары.
Егер мен сендерден: Музыка неден басталады? деп сұрасам, сендер музыкалық
шығармадан, музыканы шығарушыдан, яғни композитордан басталады - деп
бірден жауап берер едіңдер. Әри не, бұл жауаптарың дұрыс – ақ: егер біреу
шығармаған музыка болмаса, онда қандай музыка жөнінде сөз болуы мүмкін. Ал,
енді ойлап қараңдаршы, егер талантты деген композитор өзінің ең тамаша
шығармасын азды дейік, бірақ шығарма оның столының тартпасында немесе
портфелінде жатып қалса, онда ол музыканың шынайы өнер болып шыққаны ма?
Әрине, шықпағаны.Сонда композиторға кім көмектеседі? Кім онымен бір қатарға
тұра алар еді? Ешбір толқусыз: Орындаушы, - деп жауап беретіндеріңе күмән
келтіре алмаймын.Әрине орындаушы: әнші немесе пионинода ойнаушы, скрипкашы
немесе баянда ойнаушы, тіпті хор коллективі немесе ол бір үлкен симфониялық
оркестр де болуы мүмкін. Сонымен, музыкалық шығарма жазылып, бітіп,
орындалды да делік. Тіпті ол өте шебер орындалды деп саналық. Ал енді бұл
нағыз шынайы өнер болып шықты ма? Кейбіреулер солай деп ойлап та отыр:
солай ма?
Кәнекей, көз алдымызға мынадай көріністерді елестетіп көрейікші: Концерт
эстрадасына шыққан пионино ойнаушы, бір музыкалық шығарманы орындап жатыр.
Залда бір – ақ адам отыр. Ол эстрада ойналып жатқан шығарманың авторы, яғни
композитор. Пионист ойнап болды. Ол жалғыздан жалғыз даурыға қол соғып
Авторды!, Авторды! - деп айқайласын. Автор орнынан тұрып эстрадаға
шығады. Екеуі бір – бірінің қолдарын қысысып, ортақ жетістікке қуанады, бір
– біріне творчествалық табыстыр тілейді. Ал айнала жым – жырт – бос залдың
тылсым тыныштығы ғана. Қандай сұмдық көрініс болып шықты, рас емес пе,
ә?Күлкісі былай тұрсын, шындығында жан түршігерлік көрініс қой бұл. Неге
екені бізге әбден түсінікті. Музыка тек оны шығарушылар мен орындаушылар
үшін ғана жазылмайды ғой. Әлбетте, оларға да қажет екнін жасыруға
болмайды.Егер композитор да, орындаушы да музыкамен өздері үшін ғана
айналысса, онда ол дәрігердің өмір бойы өз бойындағы дертін өзі емдеп,ал
суретшінің тек өз бөлмесі үшін сурет салып, оны өмір бойы бір қабырғадан
екінші қабырғаға ауыстырып ілгенмен бірдей болып шықпай ма?Музыканың нағыз
шынай өнерге айналуы үшін композитор да, орындаушы да аздық етеді, олармен
бір қатарда тыңдаушының да тұрғаны жөн.Иә. тыңдаушының да музыкадан алатын
орны сендер ойлап жүргендегіден әлдеқайда орасан зор.
Нағыз талантты композитор музыка шығарғанда бойындағы жна қуатын, жүрек
жалынын, ақыл – ойын түгел жұмсайды. Нағыз шебер орындаушы да өнерге бар
болмысымен беріліп кетеді. Бетховен музыкасын орындаушы нағыз талантты
музыкант сол сәтте Бетховеннің өзіне айналып кетуі де ғажап емес.
Мамасы кішкентай бөбегіне бесік жырын айтады. Сол сәтте музыкамен
айналысып жатқандығы есіне кіріп те шықпауы мүмкін. Жоқ, ол тек қана
әлдилеп қана отыр. Шомылдырады, бөлейді, емізеді, сонан кейін ғана тербетіп
ұйқтатады. Сіз не істеп жатырсыз? - деген сұраққа, не істеп жатқаны
қалай? Музыкамен айналысып ән айтып отырмын - деп жауап беретінін
ойлаудың өзі ерсі. Тіпті, мұндайды көз алдыңа елестетудің өзі күлкілі, рас
қой? Сөйтіп, музыка бала өміріне бірінші күннен бастап – ақ бесік жырымен
ешқандай да өнер түрінде ғана емес, осы өмірдің ажырамас өз бөлігіндей
қалыптасып ене бастайды. Енді бірде бас қосқанкездеріңде көңілді өткізу
үшін музыка ырғағында билейсіңдер. Сонда қайсыбіріңе би, музыка өнерімен
айналысып жатқан сияқты болуларың мүмкін бе? Әрине, орталарыңнан ондай
аңқау табыла қоймас деп ойлаймын. Сендер онда жай ғана ойын – сауық құрып,
көңіл көтеріп демалдыңдар. Бірақ бұның бәрі музыкасыз ойдағыдай болып,
ешқашанда шықпайды. Міне, тағы да би де ән сияқты бұл жерде өнер болудан
қалып, сендердің рухани өмірлеріңнің бір бөлігіне айналады. 1 – май
демонстрациясына шыққанда жақсы көретін көңілді әндеріңді айтып келе
жаттыңдар делік, сонда се,ндер музыка мен айналысып келеміз деп ойлар ма
едіңдер? Қайдам – себебі, өзгелер сияқты сендер де салтанатты мереке
кезінде қуанышты келе жатасыңдар, ішкі жан дүниелеріңнің толқуынан ән
айтқыларың келеді, айттыңдар да. Шадман күлкі, шат көңіл, бір – біріңмен
дабырласып сөйлесу де, тап осындай ішкі қажеттіліктен туады. Неге десең,
бұл мереке ғой. Мінекей, сендер ән шырқап келесіңдер. Енді бұл әндер тағы
да музыка болудан қалып әншейін рухани өмірлеріңнің ажырамас бір бөлігіне
айналады. Сонымен әнде, би де, маршта тіршілігімізге терең бойлп, онымен
ғана емес біздің руханй өміріміздің ажырамас бір бөлігіндей жалпы өміріміз
неден құрылса, сондайлық табиғи жарасым тауып отырады. Адам баласының
өмірінде өнер үлкен орын алатынын жоғарыжда айтсақ та жас сәби жарық
дүниеге келген күннен бастап, ол өнердің ортасында өседі. Өнер түрлері
архитектура, скульптура, бейнелеу өнері және графика, көркем әдебиет, би
(хореография), театр, кино және музыка болып бірнеше салаға бөлінеді.
Өнердің осы аталған салалары әр кезеңде біртіндеп пайда болды. Табиғат
құбылыстары мен адамзат қоғамының дамуына байланысты, өнердің түрлері
өзгеріп, дамып отырады. Әсіресе музыка өнері күшті өзгеріске түсті. Біз
күнделікті өмірде музыка, концерт, ән – күй кеші, ария, контата, симфония,
опера деген сөздерді жиі естиміз де, олардың үнінен тамылжыған әр алуан
музыкалық шығармаларды сүйсіне тыңдаймыз. Ерекше бір рахатқа бөленіп,
шаттанып қаламыз. Тіпті жұмыс кезінде де жүрек тебірентерлік жақсы ән мен
тәтті күйлер беріліп жатса, оны ынтамен тыңдай отырып, істеген ісіміздің
қалай тез бітіп қалғанын сезбейтін де кездер болады. Өнердің басқа
түрлеріне қарағанда, музыканың соншалық әсері молдығының себебі не деген
орынды сұрақ тууы да осыған байланысты.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Суфизмнің діни философиясы
Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Қазақ халқының күй өнері
Классикалық музыканың адамға әсері
Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту
Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы және өркендеуі
Пәндер